Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет152/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
221
«Қызылорда колхозшысы» танкі колоннасының құрылысына Сырдария ауданы
«Қарауылтөбе» ауылшаруашылық артелінің 65 жасар колхозшысы Өмірбаев Керуенбай жолдас 
200 мың рубль салды. Өмірбаев жолдас та Сталинге телеграмма жолдап, онда өзінің терең 
патриоттық сезімін, Отанға деген және И.В. Сталинге деген сүйіспеншілігін білдірді [4]. 
Еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитеті жанындағы Халыққа білім 
беру бөлімінің есебінде облыс мектептерінен Қызыл Армияға 529 987 рубль, 984 дана жылы 
бұйымдар, 7 жәшік сәлемдеме, оның үстіне оқушылардың өздері дайындаған 4323 дана қол 
орамалдары мен дорбалар, 472 кг күріш, 103 200 кг металл қалдықтары, 7592 кг дәрілік өсімдіктер, 
1348 дана әртүрлі заттар, 2972 дана шетел әдебиеттері жиналып, жіберілгені баяндалған. 700 
шамасындағы әскер жанұяларына көмек көрсететін 50 тимур командасы ұйымдастырылды. 
Көктемгі егіс науқаны уақытында 8000-нан астам мұғалімдер мен оқушылар сабақтан 
бос уақыттарында колхоз егістіктерінде жұмыс істеп, 54 487 еңбек күн өндірді. 140 мәдени 
бригадалар мен 742 насихатшылар 592 баяндама мен лекциялар, 4254 әңгімелесулер мен оқулар 
өткізіп, 483 концерт берді және 100 000-нан астам колхозшыларға қызмет көрсетті. Олар 654 
қабырға газеттері мен 1983 әскери үнпарақтар шығарды [5]. 
1941 жылы «Қазақстан» комсомолы атындағы танкі колоннасы құрылысына жол қызметінің 
бірінші бөлімшесі жұмысшылары мен олардың жанұялары 1084 рубль нақтылай және 52 600 
облигациялар жинады. 
Сыр елі еңбекшілері облыс шаруашылығының қай саласында болмасын фашист 
басқыншыларын талқандап, жеңісті жақындатуға ат салысып, аянбай еңбек етті. Олардың 
ішінде «Қазақстан колхозшы» – танк колоннасына 200 мың сом берген Қазалының «Қызыл Ту» 
колхозының бұрынғы төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Қашақбай Пірімов, 150 мың 
сом берген Сырдария ауданындағы «Казрис» колхозының төрғасы Досан Елеусінов, 145 мың 
сом берген Сырдария ауданының «Қызылдиқан» колхозының звено жетекшісі Д.Керейтбаев, 
Шиелінің «Гигант» колхозының төрағасы Хан Леонтий, т.б. бар. [6] 
Ұлы Отан соғысы тұсында майданда қар жамылып, мұз төсенген жауынгерлеріміздің 
жеңіске жетуі үшін рухани демеу, жеңісті жақындатуда тылдағы ең сенімді-серіктес болған әйел-
аналардың еңбегі туралы да архив құжаттарында деректер көп кездеседі. Соғыс жылдарында 
Қызылорда облысының әйелдері күштері мен денсаулығын аямай, жанкештілікпен еңбек етті. 
Олар соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ шаруашылықтың барлық салаларында майданға 
кеткен азаматтардың орнын басты. Облыстық партия комитеті 1941 жылғы 3 шілдеде «Өнеркәсіп 
орындарында, мекемелер мен ұйымдарда маман жұмысшы әйелдер даярлау шаралары 
туралы» қаулы қабылдады. Ұйымдар мен мекемелерде тез арада өндірістен қол үзбей, қысқа 
мерзімді курстарда маман жұмысшылар даярлау міндеті қойылды. 1941 жылдың маусымынан 
желтоқсанға дейін курс бітірген 2357 қыз-келіншектер токарь, слесарь, тракторист, шофер, 
комбайнер мамандығына ие болып, жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, вагон, паровоз 
жөндеу деполарының жанынан ашылған курсты бітірген 33 әйел жол дистанцияларында жол 
күзетшісі, аға жол жөндеуші болып жұмыс атқарған. 
Әйелдер жаңа мамандықтарды тез меңгерді. Облыста қыздар мен келіншектер трактор, 
комбайн, автокөліктің руліне отырды. Қызылорда қаласы қыздарының бастамасымен 
ұйымдастырылған ең алғашқы шоферлар курсында 37 қыз оқыды. 
Көп ұзамай бұл бастаманы қуаттаған облыстың 700 қызы комбайндар мен тракторларды 
тізгіндеуге аттанды. 1942 жылы 1 тамызда әйелдерден 4336 маман еңбеккерлер дайындалды, 
олардың 3241-і қазақ әйелдері болды. Соғыс жылдарында жұмысшылар мен колхозшылар 
құрамында әйелдер саны күрт өсті. Облыс колхоздарының егіс даласында 14 мыңнан аса 
әйелдер еңбек етті. 
Соғысқа дейін 8 әйел колхоз басқармасының төрағасы болса, 1943 жылы олардың саны 
17-ге жетті. Басқарма төрағасының орынбасарлары болып 34 әйел жұмыс істеді. Соғысқа дейін 
86 әйел далалық бригадалардың бригадирлері болса, 1943 жылы 198 әйел бригадир, 1344 әйел 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
222
звено жетекшілері болып еңбек етті. Әйелдер басқарған көптеген колхоздар, бригадалар мен 
звенолар жоғары көрсеткіштерге жетті. 
Сырдария ауданының «Кооператив» колхозының звено жетекшісі Алтынкүл Дәуітбаева 
20 гектардан орта есеппен 40 центнерден күріш алды. Қызылорда облысы әйелдері тек тылда 
майданға аттанған әкелері мен аға-інілерінің, ерлерінің орнына шаруашылықтың барлық 
саласында еңбек етіп қана қойған жоқ, Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлікпен шайқасты. 
Отты жылдарда ұрыс даласында шайқасқан Сыр өңірінде туған қыздардың ішінде партизан 
отрядында ерлік көрсеткен қазақ қыздары да болды. Жалағаш станциясында 1922 жылы туған 
Тұрмаш Жұмабаева Белоруссия жерінде «Большевик» партизан отрядында радиохабаршы 
болып ерлік көрсетті. Тұрмаш Жұмабаева мен оның ері офицер Қаражігітов соғысқа Минск 
облысындағы Лугойск селосында душар болды. Олар соғыс басталған кезде көшуге мұршасы 
келмей, Тұрмаш жаудың тылында қалуына тура келді. Тұрмаш Жұмабаева 1943 жылдың 
желтоқсанында Минск облысында қимыл жасаған «Большевик» партизан отрядына кірді. Оның 
наградалық қағазында Тұрмаш Жұмабаеваның 7 рет соғысқа қатысқаны, олардың бәрінде де 
табандылықпен ерлік көрсеткені жазылған. Ол І дәрежелі «Отан соғысы партизаны» медалімен 
наградталған. [7] 
Облысымыздың «Ленин жолы» басылымы соғыс кезіндегі облыс еңбекшілерінің тылдағы 
тынымсыз еңбектерін үздіксіз жариялап тұрды. 
1943 жылы майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазылған: «Қазақстанның ардақты ұлдары! 
Құрметті балаларымыз, ерлеріміз бен туысқандарымыз! Өздеріңнің туған үйлеріңнен алған 
хатты қалай оқысандар, бұл хатты да сондай сезіммен оқындар...» -деп басталатын хатта 
Жалағаш ауылдық кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты А. Ізтілеуова, 
Қармақшы механика зауытының стахановшысы Қ. Жүзжасарованың да өзіндік қолтаңбасы бар. 
«Қазақстан колхозшысы» танктер колоннасын жасауға арнап өз қаржыларын беру колхозшы 
әйелдер арасында кең өріс алды. Соғыс майданын азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз 
етуде олар өз міндеттерін артығымен орындады. «Авангард» колхозы әйелдері 1380 пұт 
астықты жоспардан артық тапсырса, «Қасқақұлан» балық колхозының бригадирі Нұржанова 
балық аулау жоспарын 129 пайызға артық орындаған. 
Әйел-аналарымыздың еңбектегі жетістіктері еленіп, үкімет тарапынан жоғары наградаларға, 
ие болды. 1943 жылы 22 ақпанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президумы Жарлығымен қоғамдық 
мал шаруашылығын өркендету мен нығайтуда үздік табысқа жеткені үшін грамота және бағалы 
сыйлықпен Арал ауданы Куйбышев атындағы колхоздың комсомол ұйымының секретары Қ. 
Дәріғұлова, Шиелі ауданы «Қызылту» колхозының сауыншысы Н.Қаржауова марапатталды. 
1941 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне Жалағаш ауданы «Жас-Қайрат» 
колхозынан З. Төретаева, Сырдария ауданы «Бірлестік» колхозынан Ұ. Ембергенова т.б. 
қатысты.
Соғыс жылдарында облысымызда 611 әйел жергілікті Кеңестің депутаттығына, үш әйел 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қаншама аналарымыздың кеудесінде 
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалі жарқырады. 
Тыл мен майданның мызғымас бірлігі майданға көмек көрсету жөніндегі бүкіл халықтық 
патриоттық қозғалыстан айқын көрінеді. Майданға ерікті түрде көмек көрсету майдан мен 
тылдың арасын жақындата түсті. Майданға жылы киім жинау, майдан қорын жасау, майданға 
арнайы сыйлықтар, сәлемдемелер жіберу, ақшалай жәрдем беру секілді әр түрлі көмектер 
көрсетілді. [8]
Жоғарыда келтірілген архивтік деректер сұрапыл соғыс жылдарында халықтың Ұлы 
жеңіске деген талпынысы, тылдағы ерен ерліктері, сол қиын заманда адамдарға, кемтарлар мен 
мүгедектерге деген ілтипат сезімдері мен мейірбандығы туралы тарих бетінен алынған үзінді 
деректер ғана. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
223
Ата-бабаларымыздың, апа-аналарымыздың, ағаларымыздың ерліктерін еске түсіру үлкен 
бір міндет. Мейрімділік пен ізеттілік, еңбекқорлық пен адалдық белгілерін ұштай түсу, бүгінгі 
таңдағы замандастарымызды осы ұлы қасиеттерге баулып, адамгершілік туын жоғары ұстау сол 
соғыс ардагерлерінің арманының орындалуы деп білеміз. «Барлығы да майдан үшін, барлығы 
да жеңіс үшін» деген ұранмен жатпай-тұрмай еңбек еткен тылдағы еңбеккерлердің тынымсыз 
тірліктері мен ерен еңбегі келер ұрпаққа ұлағат алар баға жетпес байлық болары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет