«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
224
болған. Ленинградты қоршауға, оны қоршаудан босатуға, Берлинді алуға, одан әрі 70 шақырым
жерде американдықтардың армиясымен кездесу сәтіне дейін барған Шиелі ауданының
«30 жылдық Қазақстан» колхозының түлегі Жұмахмет Аяпұлының ерліктері жастарға үлгі
боларлық іс. Ол армияда 500 мм гаубицаның атқыштар қатарында болған жауынгер. Ордендер
мен көптеген медальдардың иегері.
Шиелі топырағынан майданға аттанған аяулы ағаларымыз бен апаларымыздың, оның ішінде
майданда апат болған мыңға жуық қыршындарымыздың, жеңіс куәгері болып елге оралған соң
дүниеден өткен 500-ге жуық жерлеріміздің бүгінгі көзі тірі 300-ден астам соғыс ардагерінің
ерлігі тарихта алтын әріппен жазылады.
Қарттар-біздің еліміздегі ең құрметті жандар. Олардың
қажырлы еңбегінің нәтижесін
қоғамымыздың әр саласында, ауыл мен қалада, завод пен фабрикада,
ғылым мен өндірісте,
өнер мен әдебиет әлемінде жиі көреміз.
Қазақ халқының қариялар жайлы, оларға құрмет жөнінде өзіндік қалыптасқан салт-дәстүр
бар. Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, қастерлеп өткен халық. Қариялар өз отбасында
немерелерін тәрбиелеуге қатысуы – маңызы зор қоғамдық іс. Атасы мен әжесінің қолында
өскен баланың эстетикалық, этикалық дүниетанымы мол болады. Мұндай балалар өз халқының
ауыз әдебиетінің мол қазынасынан нәр алып, ана тілінің қайнарынан сусындап өседі. Ұлы Отан
соғысының қаһармандарының, тың мен тыңайған жерлерді игеруші ардагерлеріміздің кейінгі
ұрпаққа қалдыратын жауынгерлік еңбек дәстүрлері мол-ақ. Біз қадірлі ардагерлеріміздің
тәжірбиесін
алтын қорымыз ретінде танып, оны толығынан пайдалануымыз керек. Сонда
ғана өткені мен қазіргінің сабақтастығын табамыз. Сонда ғана атадан қалған игі дәстүр балаға
сарқылмас мұраға айналады.
Біз соғысты көрмеген бақытты ұрпақпыз. Тек кинолардан ғана бұл сұрапыл сұмдықтың
қыр-сырына қанықпыз.Сондықтан болашағымыз бен елдің ертеңі үшін соғысқа қатысып, қан
майданда от кешкен ағаларымыздың ерлігін ұмытпауға тиіспіз.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда сол соғыстан аман қалған жауынгерлер қатары күн санап
сиреп барады. Сыр елінде Ұлы Отан соғысы жылдарында «Бәрі де майдан үші, бәрі де Жеңіс
үшін» деген ұранмен жұмыс істеген. Соғысқа Шиелі ауданынан 5042-ге жуық адам майданға
аттанған. Олардың 2000-ға жуығы майдан даласында қаза тапқан.
Тарих парағын бір айналдырып көрейік.1945 жылдың мамыр айы. Кеңес әскері бүкіл
Европаны қанды шылауына шырмағын, дүние жүзіне ойран салған фашизмді өзінің ордасында
тас-талқан
етіп жеңе отырып, сөзсіз тізе бүгуге бірте-бірте мәжбүр етті.
Жеңістің алқызыл жалауы желбіреді. Ағаларымыз Сталинград, Курск, Воронеж, Мәскеу,
Вильнюс, Беларусь және тағы басқа көптеген қалалар үшін шайқаста болып, Шығыс Европа
елдерін неміс фашистерінен азат етіп шексіз ерлік көрсеткен. Сондай азаматтарымыздың
бірі Шиелінің ғана емес,қазақ халқының мақтанышына айналған Жақантай Қойбағаров
ақсақалымыз.Өмірінің әр кезеңі тарихқа толы бұл ақсақалдың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі-
өнеге ету [1, 110-114].
Мен
Сіздің өлеңіңізді оқыдым, Өлеңіз маған күш берді. Қанды қол майданға ұмтылды.
Фашистің оғы Жүсіпов деген қазақты жазым етті соғыста. Ол елу немісті оққа ұшырған еді.
Оның қабірінің басында командир винтовскасын маған беріп тұрып «кегін қайтар» – деген бір
ауыз сөз айтты. Мен серт бердім, әрі сол сертімде тұра білудемін. «Өлтір немісті» деген өлең
жазыңызшы, Жамбыл ата... Дүйсенбай Шыныбеков деген балаңыз (1942 жылғы 21 қараша,
Ленинград қаласы).
Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі жігерлендірген Дүйсенбай
Шыныбеков содан бері жауды жусатып салумен болды. Қазіргі есеп 160- тан асып бара жатты.
Бүгінде оғаш , артық қимыл жасамай, елеусіздеу жерде жаудың қылт етіп көрінуін күтіп отыр.
Кенет неміс офицерінің ақырын басып, бүкшендеген бойы көрінді. Қолын бізге қарап
сілтеп, қасындағы жендеттеріне бұйрық беріп жатқанда Дүйсенбай оны дереу мылтық қарауына
алды. «Я сәт!» Тынысын тиып, жүрегін басты. Жау дегенде діріл, қалтырау дегенді ұмытқан ол