«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
226
туралы баяндамада, – ілгері қарай тез жылжып, дұшпанының сымтемір қоршауларынан бірінші
болып жол салды да, дзотты қоршап алды. Қойбағаров жолдас «Неміс оккупанттарына өлім
келсін, Ленин қаласы үшін!-» деп айқай салып, взводтың басқа жауынгерлерін соңынан ертіп,
неміс траншеяларына бірінші болып басып кірді.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ораниенбаум
алғы шебінде 48 атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты.
314-дивизиясының мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан
облысындағы Степан Разин
атындағы ауыл шаруашылық артелінің бұрыңғы қолбасшысы қатарындағы жауынгер Г.П.Зубков
бастады. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артиллериялық бақылау аэростараттарының
дивизион командирі С.Жылқышев та ерекше көзге түсті. Ленинград қоршауының аса қиын
кездерін де оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын
үнемі сезініп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинград-
тықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнап, онда көп ұлтты еліміздің бүкіл
еңбекшілерінің ой-пікрін, сезімі мен алаңдаушылығын білдірді.
Ақын жыры достықтың
шынайы әнұранына айналды. «Қазақтың данышпан жыршысының үні арқылы» – деп жазды.
1941 жылдың күзінде «Ленинградская правда» газеті, бүкіл ұлы еліміз: «Мен сендермен
біргемін, ленингардтықтар!» деді, Жамбыл шығармасынан алған әсері туралы жазушы Всеволод
Виншевский былай деп жазады: «Ол бір толғауды көзіңе жас алмай және тебіренген қуаныш
сезімінсіз оқу мүмкін емес. Біз бұл хатты тың күш келіп жеткендй бағаладық [ 8, 73-83].
Елге келген соң – да бейбіт еңбекке белсене араласып, өзімнің туып – өскен жерім Тартоғай
мектебінде 2 жылдай шәкірттерді әскери дайындықтардан өткізетін мұғалімдік қызметін
атқарады Одан кейін Шиелі қыстағындағы аудандық дайындық мекемесінде салық есептеу
инспекторы, ал 1955 жылдың наурыз айында Шиелі май зауытына басшылық қызметке
жіберіледі. 1965 жылы Шиелі қамыс құрылыс комбинатында құрылыс – инженері қызметіне
тағайындалады. Осы қамыс-құрылыс комбинатында 26 жыл бойы басшылық қызмет атқарып,
1987 жылы еңбек демалысына шығады.
Маңдайдағы
нар кескеннің бірісің,
Ерлігіңмен , өрлігіңмен ірісің.
Халқыңменен біргесің сен, жан ата,
Ұмытылмайды, өнегелі ұлы ісің!
дей келе Ерлігімен есте қалған батырлардың, елі үшін шайқасқан есіл ерлердің ерлігі жөнінде
жалғастырып зерттеу алдағы уақыттың еншісінде.
Әйгілі Мұқағали, ақынның, –
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр, – деп күйзелгеніндей, бүгіндері қатары селдіреп, сұм соғыс
салған жарадан саптан шығып қалып жатқан аға – апаларымызға бас иіп, құрмет жасау кейінгі
ұрпақтың міндеті, Һәм борышы. Жер бетіне фашизмнің отын шашып, ел басына күн туып ер
етігімен су кешкен зұлмат жылдардың күндей күркіреп аяқталғанына да, міне, биыл 63 жыл
толғалы отыр. Жарты Европаны шарпыған осы бір нәубеттің тірі куәгері, бүгіндері 86 жасқа
келіп отырған Жақантай Қойбағаров ағамыз [3.96 б.].
Ұлы Отан соғысының жеңіс туы желбірегеніне де 72 жыл толды Сол кездердің көкөрім
жастары – бүгінгі күннің
ақ самайлы ағалары, ардагер азаматтары. Ел басына күн туып, ел
шетіне жау тиген сұрапыл кезеңде ұлы мақсат жолында үлестерін қосқан ағаларымыз бен
аяулы аналарымыз әлі күнге арамызда. Қан майданның қақ ортасынан оралған, қияметті
көздерімен көріп, қолдарына қару алып соғысқан қарт жауынгерлердің қашан да біздер үшін
орны бөлек. Өйткені, соғысқа дейінгі туғандар – ел ішіндегі қиындықтар естеріне елес болып
қалған перзенттер болса, соғыстан кейінгі дүниеге келгендер қырықтың қырқасынан асса да
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
227
бейбіт өмірдің бесігінде өскен жас ұрпақтар қатарына жатады. Сол күндердің ауыртпалығы
мен қасірет – қайғысын жүректерінен өткізіп, бейнетін беліне салып көтерген жандар – отты
күндердің ортасымен өткен жауынгерлер.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ілтипат көрсетіп, оларды ардақтай білу-баршамыздың
абзал борышымыз.
Ия, Отан үшін шайқасқан ата-баба өнегесі ұрпаққа үлгі. Бүгінгі ұрпақтар «Соғыс болмасын!»-
деп тілейді.Осы кісілерді ұмытпай әрдайым оқып, білу парызымыз. Ал, олардың баға жетпес
ерліктерін білмегеніміз бізге сын!
Достарыңызбен бөлісу: