Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет165/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
245
1944 жылдың 28 маусымында Армения, Әзірбайжан аймағынан, Қара теңіз жағалауынан 
түрік, грек, дашнактарды жер аударады.
Түркиямен туыстық байланыстары бар және сенімсіз ұлттар қатарына жатқызған Кеңес 
өкіметі түріктерді алғашқы тілі ұқсас болғандықтан әзірбайжандарға қосты. Кейінірек түбі 
бір түрік халықтары ретінде күшейіп кетуінен үрейленіп, 1925-1940 жылдары оларды күштеп 
олардың ұлты мен тегін грузин деп өзгерттірді. Көп кешікпей алғашқыда әзірбайжан, одан 
грузин деп жазылған түріктер мен әзірбайжандарды орналастырған аймақтарынан тағы да 
күштеп көшірді. Құжаттарында ата-тегі мен ұлтын сақтаған түрік отбасыларында дүниеге келген 
сәбилерге төлқұжат берілмеді. Қазақстандағы түрік-месхетиндер деп бөлінетін түрік этностары 
алғашқыда 1938 жылдың соңында күрдтер мен армяндармен бірге күшпен жер аударылды. 
1944 жылдың 12 сәуірінде Грузия ІІХК төрағасы Г.Каранадзе КСРО ІІХК төрағасы Л.Берияға 
жазған мәлімдемесінен кейін екінші депортациялау үрдісі басталады. Мәлімдемеде күрд және 
әзірбайжандардың бір бөлігі жасалған шешімді бұзып, орналастырған елді-мекендерді тастап, 
Тбилисиге кеткендері туралы баяндалды.
1944 жылдың 24 шілдесінде Л.Берия осы мәлімдеменің нәтижесі ретінде И.Сталинге 
Грузияның шекаралық қауіпсіздігін сақтау мақсатында Түркиямен шекаралас Ахалцых
Ахалкалак, Адыген, Аспиндзы, Богданов аудандарынан және Аджар АКСР-нің ауылдық 
аймақтарынан 16 700 түріктер мен күрд ұлттарын күшпен жер аударту мәселесін көтерді. 
Шешім бойынша Грузия басшылары көрсеткен елді-мекендердегі барлық мұсылман халықтар 
1944 жылдың 31 шілдесінде құпия құжатпен түгелдей Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан 
аймақтарына жер аударылды. Оларға «Туыстық байланыстары бар», «жаумен ынтымақтастық 
құрды», – деген айыптар тағылды. 
1944 жылдың 12 қазанында облыс басшылары республика басшылығына тағы да 1000 
қоныс аударушыларды қабылдайтындығын хабарлаған. 
Келесі кезеңде КСРО ХКК №6279 (1944 жылдың 24 шілдесі) қаулысында шыққан құпия 
құжат бойынша 1944 жылдың 14 қарашасындағы таңда Месхетияның 220-елді мекенінен 
(Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы) 115500 мұсылман халықтар – түріктер, күрд және 
хемшилдер (мұсылман армяндар) Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанға депортацияланады. 
Бұл үрдіс 1945 жылдың қаңтарында аяқталады. Адам төзгісіз ешбір жағдайы жасалмаған товар 
таситын поезда екі айда деректерде олардың 20-30%- ы балалар мен әйелдер, қарттар жолда 
қайтыс болады. Депортацияланғандар арасында – 66823 түрік, 8843 күрд, 13977 хемшилдер 
болды [13, С. 103-114], [14. С. 208-223]. 
Депортацияланған олар «арнайы көшірілгендер» деген айыппен орналасқан жерлерінен 
ешқайда көшпеу қажеттігін сақтап, туыстарымен хабар ала алмай құқықтары шектелді.
Субэтностар негізінде тарихи даму ерекшеліктеріне орай түріктер түрік-хемшилдер, түрік-
ахыскалар, түрік-месхеттер, түрік-теректер тұрған территорияларына байланысты оларды 
бөліп атау қалыптасты. Олардың әрқайсысында тұрған аймақтарындағы өзге этностармен 
ассимилияцияға ұшырау үрдісі жүрді. 
Месхеттік түріктер Грузияның оңтүстігіндегі Месхетия облысында ерте кезеңдерден мекен 
еткен түрік тілдес халықтар еді. Бұл аймақ 1578 жылдардан бастап Осман империясының қол 
астында болған. 1829 жылы Орыс-түрік соғысы аяқталған кездегі «Андриаполь келіссөзі» 
бойынша Ресей аймағына қалады. Кеңес өкіметі кезінде Грузия территориясына енгізіледі.
Қазіргі Грузиядағы Месхетия ауданы XVI ғасырда Туркияның қол астында болды. 1829 
жылы Ресей империясы бұл аймақты жаулап алған кезеңде түрік диаспорасы ретінде қала 
береді. Кеңес-герман соғысы жылдарында Түркия немістер жағында Кеңестік Социалистік 
Республикалар Одағына соғыс ашады деген қауіптенді. 1944 жылы Түркия одақтастар жағында 
Германияға соғыс ашты. 
1944 жылдың 31 шілдедегі Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің қаулысымен Қазақстан 
басшылығына Грузиядан көшірілген 40 мың адамды қоныстандыру тапсырылды. Қазақстанға 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
246
6309 түрік жанұясы – 27833 адам, Өзбекстанға 10756 жанұя -53127 адам көшірілді. Месхетияның 
40 мың түрік азаматы майдан шебінде болды. Бұлардың 26 мыңы ұрыс далаларында қаза 
тапты. Қаулы нәтижесімен әскер қатарындағы түріктер босатылып, туыстары көшкен аймаққа 
жіберілді. Грузиядан қөшірілген түріктер Қазақстанның 5 облысына жайғастырылды; 
– Алматы облысына – 2544 жанұя – 11004 адам;
– Жамбыл облысына – 822 жанұя – 3415 адам;
– Қызылорда облысына – 373 жанұя – 1826 адам;
– Талдықорған облысына – 337 жанұя – 1441 адам; 
– Оңтүстік Қазақстан облысына – 2233 жанұя – 10147 адам.
Барлығы: 6309 жанұя – 27833 адам. 
Мұрағаттағы 282-қордың, 1-тізіміндегі, 548-ісінің, 36-бумасы құжаттарды парақтасаңыз 
көңіліңізге қаяу түсіретін деректер мен дәйектер бар. Осы жылдары облыстағы елді мекендердің 
әлеуметтік, экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Ауылдарда қылмыс өсіп, зорлық-зомбылық, 
ұрлық көбейген. Қоныстанушылар үлкен қиыншылықтарға тап болды. Орналасатын бос үйлердің 
жоқтығы мен азық-түліктің бітуі, медициналық көмектің болмауынан олардың арасында түрлі 
эпидемиялық аурулар тарады. Жұмысқа орналастыру барысында қоныстанушылар жұмыс таба 
алмай, бір шаруашылықтан екіншісіне көшу барысы жиіледі.
Депортацияланған халықтар облыстар бойынша бір-бірімен байланыстар жасамау үшін 
шашыратылып орналастырылды. Оларды қатал тексеруден үнемі өткізіп отырды. Олар 
рұқсатсыз ешқайда бармады. Көрші ауылдардағы туыстарымен араласуға қатал тыйым 
салынған еді. Жамбыл облысының өзінде депортацияланғандарды бақылау үшін 11 комендатура 
тағайындалды. Жергілікті қазақ халқы депортацияға ұшыраған барша халықтарға көмектесіп, 
қамқорлық жасады.
Бүгінде сол кезеңдерде әкелінген түріктердің аймақтық орналасуы жағынан Жамбыл 
облысында республика көлемінде екінші орынды иеленеді. Мұнда Қазақстандағы барлық 
түріктің 34,6% шоғырланған, соның ішінде 36,6% ауылдықтар және 24,6% қала тұрғындары. 
Егер ауылдықтарды алатын болсақ, онда олардың басым бөлігі осы облыстың Жамбыл, Меркі, 
Байзақ аудандарында тұрады. Жамбыл облысы бойынша – Меркі ауданындағы Меркі, Жамбыл 
және Нововоскресеновка ауылдарында; Байзақ ауданындағы – Сарыкемер, Түймекент, Ровное, 
Құмжота ауылдарында; Жамбыл ауданындағы – Пригородное және Асса ауылдарында; Шу 
ауданының – Шу қаласы, Алға және Кемер ауылдарында шоғырлана орналасқан. 2013 жылдың 
1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Жамбыл облысындағы түріктердің саны – 29354 адамға 
жеткен екен. Бұл облыс халқының 32,4 %-ын құрайды [15, 205 б.].
1944 жылдың 8 ақпанынан 1944 жылдың 13 желтоқсанына дейін «Қордай ауданына арнайы 
қоныс аударушыларды орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметті» қарастырсақ
қонысаударушыларды елді-мекендерге орналастыру тәртібі кестеде келтірілген. 
Кесте – 2. Қордай ауданына арнайы қоныс аударушыларды орналастыру және жұмыспен 
қамту туралы мәлімет

Елді-ме-
кендер 
атауы
Кулактар
Немістер
Қарашай
Шешендер
Балқар
Барлығы
отба- -сы
адам
отба
-
сы
адам
отба
-
сы
адам
отба
-
сы
адам
от
-
ба-сы
адам
отба
-
сы
адам
1.
Роза-Люк-
сембург
96
358
63
221
159
579
2.
Красный 
рисороб
26
95
26
95
3.
Буденный
43
148
43
148
4.
Молотов
3
11
19
64
27
102
49
177
5.
Трудовик
194
480
52
162
128
452
374
1094
6.
Сталин
43
143
43
149


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
247
7.
Панфилов
78
304
78
304
8.
Степное
171
550
9
23
45
169
225
742
9.
Луб.завод
34
83
49
206
42
174
125
469
10.
Талапты
108
393
108
393
11.
Жаңа-тұр-
мыс
40
171
40
171
12.
Шоқпар
4
14
48
117
49
241
101
352
13.
«Искра 
Ленина» 
колхозы
145
357
145
537
14.
Чкалов
142
612
142
612
15.
Кеңес
59
267
95
267
16.
Пром. 
прод.
8
15
9
35
19
75
35
125
17.
Гос.
учреж.
1
9
3
9
4
18
18.
Комин-
терн
79
344
36
170
115
514
19.
Куйбы-
шев
45
128
51
184
98
366
20.
Қара-ке-
мер
36
139
36
139
21.
Қы-
зыл-сай
32
128
32
128
22.
М.Т.С.
4
9
4
9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет