«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
240
3. Перепись 1939 года: Документальные источники ЦГАНХ СССР. Ч1.1947.
4. Есептелінді: ГУЛАГ: Главное управление лагерей. 1918-1960/ под.ред. Акад. А.Н.Яков-
лева; сост. А.И.Кокурин, Н.В.Петров.ч.1, М. МФД, 2000.
5. Население Казахстана по Всесоюзной переписи население 1939 года., Алматы, «Арыс»,
2009, 400 бет.
1941-1945 ЖЫЛДАРЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА
ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН ЭТНОСТАР
Ж.М. Сейітқұлова,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғ.к.
Тараз қ., Қазақстан
1941-1945 жылдары Кеңес-Герман соғысы жылдары депортация үрдісінің екінші кезеңі
басталды. Соғысқа дейінгі күшпен қоныс аударту операциясы мемлекет қауіпсіздігін күшейту
мақсатында жасалса, ал, соғыс кезінде ұлттық-аймақтық автономиялары бар көптеген этностар
тұтастай депортацияға ұшырады. Соғыс басталысымен Батыс Украина,
Батыс Белоруссия,
Балтық жағалауы, Бессарабия аумақтарынан республикаға арнайы қоныс аударылғандардың,
яғни депортацияланғандардың жаңа контингенті пайда болды. Оларға «саяси сенімсіздер»
статусы тағылды. Сонымен, Кеңес-Герман соғысы жылдары 61 этностар мен этникалық топтар
күшпен қоныс аудару үрдісіне ұшырады.
Соғыс жылдары республикаға арнайы қоныс аударылғандардың алғашқы легін немістер
бастады. 1941 жылдың 28 тамызында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Халық
Комиссарлар Кеңесінің және БКП(б) Орталық Комитетінің бірлескен № 2060-935 сс «Еділ
бойы аудандарында тұратын немістерді қоныс аудару туралы» қаулысымен күзде әкімшілік
тәртіппен Қазақстанға неміс ұлтын көшіру туралы шешім қабылданды. Москва, Ленинград,
Сталинград, Саратов, Куйбышев облыстары мен Краснодар өлкесінен, Армения, Әзірбайжан,
Грузия, Украина аймақтарынан немістер жер аударылды. Майдандағы офицерлер мен солдаттар
шақыртылып алынды. Алғашқы кезеңде 361 мың немістер депортацияланды. 1939 жылғы бүкіл
одақтық мемлекеттік санақ бойынша КСРО-да 1 427222 немістер болса, соның ішіндегі 441713
адамы республикада тұрды [1, 51 б.].
Немістерді депортациялау туралы қаулының шығу себебі Еділ бойындағы немістер
КСРО-ға шабуыл жасаған фашистік Герман әскеріне көмектесуі мүмкін деген сылтау еді.
Әрі Поволжьедегі неміс автономиясын жоюға бағытталған алғышарт болатын [2, 2 с.]. 1941
жылдың 6 қыркүйегіндегі Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысы бойынша немістерді
КСРО-ның өзге территорияларымен
қоса Қазақстанның Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Семей, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,
Шығыс Қазақстан облыстарына орналастырды. 1941 жылдың 28 қыркүйегінде Жуалы
ауданының орталығы Бурное станциясына 252 неміс этносының өкілдері депортацияланады.
Оларды аудандағы қазіргі Бәйтерек, Нұрлыкент, Қосбөлтек, Сұрым
елді мекендеріне бөліп
орналастырады.
1941 жылдың 11 қазанында Жамбыл облысына 3 эшелон (№1063,1064,1066) депортацияланған
немістердің 7769 адамнан құралған 1760 отбасы әкелінеді. Олардың құрамында 1714 – ер адам,
2352 – әйел адам, 3703 – балалар болды. Бұлардың арсындағы 2 мыңы Қырым аймағынан
келген, кезінде Ростов ауданынан қоныс аудартқан немістер еді. Жамбыл жеріне жеткенше
эшелондағылардың 8 адамы станцияларда қалып қойса, 16 адамы қайтыс болған, 1 сәби дүниеге
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
241
келген. Барлығын – облыс әкімшілігі Сарысу,
Свердлов, Жамбыл, Талас, Шу аудандарындағы
елді мекендерге орналастырады [3,63 с.].
1941 жылдың 28 қазанында берілген деректе 2347 немістерді Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Қызылорда облыстарына тағы да әкеледі. 1941 жылдың 1 қарашасындағы мәліметте 50 мың
немістерді Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарына қалдырған [3,68
с.]. 1941 жылдың 5 қарашасында берілген дерек бойынша Жамбыл облысына 1941 жылдың
25 қазанында 4 эшелонмен 10550 адам және 26 қазанында 2650 адам әкелінгені баяндалады.
Олардың барлығы дерлік Краснодар аймағының немістері еді [3,68 с.]. Депортацияланғандарды
Жамбыл, Сарысу, Талас, Свердлов, Шу, Көктерек аудандарындағы орыс және украин ұлттары
басым орналасқан колхоздарға орнықтырады. 1941 жылдың қыркүйегі мен 1942 жылдың 1
қаңтарына дейін Қазақстанға депортацияланған 385 785 немістердің Жамбыл облысына 41 000
адамын орналастыру жоспарланса, нақты әкелініп тіркелгендері – 20994 адам болды [3,75 с.].
Осы кезеңдерде елімізге саяси жер аударылған неміс ұлтының өкілдері республиканың ауыл
шаруашылығы салалары мен өндіріс орындарында жұмыстар жасады. Депортацияланғандар
арасында адам өлімі өте жоғары болды [4, 11 б.]. Соныменен, КСРО-дағы 1 209 430 адам неміс
ұлты өкілдерінің 1941-1945 жылдары жалпы Қазақстанға депортацияланғандары – 444005
адамды құрайды.
Келесі облысқа депортация үрдісімен әкелген ұлттың бірі – финдер.
Әскери Кеңестің
Ленинград майданы бойынша 1941 жылдың 26 тамызында шыққан №196 сс қаулысына сәйкес
Коми АССР мен Архангельск облысында тұратын немістермен қоса финдер де көшірілді. 1941
жылдың 6 қыркүйегінде Жамбыл облысына 3500 фин этносының өкілдері әкелінді. Свердлов
ауданының басшылары Жамбыл станциясынан 1075 адамды, Үшбұлақ станциясынан 1465
адамды, Ақшолақ станциясынан 960 жер аударылғандар финдерді қарсы алады. Оларды –
Еңбек, Ынтымақ, Ақ-Қия, Чапаев, Сары-барақ, Кеңес, Қарақұм, Құмбел, Ақтөбе, Сармық,
Кішібурыл, Жаңасаз, Құмжота, Политотдел, Үлгілі, Диқан, Мырзатай, Свердлов, Қызыл
жұлдыз, Амангелді, Көкбастау елді мекендеріне орналастырады [5].
1941 жылдың 6 қыркүйегінде Көктерек ауданына 2000 фин көшіріліп әкелінеді. Оларды
Көктерек, Қызылтал, Қызыл арна, Қараөзек, Фурманов, Сарқырама селолық советтері бойынша
Ақ-дала, Айдарлы, Кеңес, Коминтерн, Көлтабан, Көркей,
Қызыл-Октябрь, Қызыл-Ту, Көк-
Терек, Қызыл-Отау, Жаңа-Тірлік, Ынталы, Алға, Ерназар, Жаңа-талай, Чапаев, Фрунзе, Созақ,
Карл-Маркс, Талды-Өзек ауылдарынан 520 үй даярланып орналастырған [6].
Архив құжаттарындағы деректерде жер аударылғандар эшалоны аялдаған станциядан
олардың баратын елді-мекені қанша шақырым болатына дейін хабарланған. Жамбыл
облысының Талас ауданына – 1502, Шуға – 4000, Луговойға – 3500, Қордайға – 4500, Сарысуға
– 1000 жер аударылған финдер қоныстанатын болған. Архив деректеріндегі мәліметтерді
салыстырып қарағанда облысқа барлығы 8 мың фин азаматтарын Көктерек, Свердлов, Луговой,
Меркі аудандарына қоныстандырған [7, 323 б]. Бұдан кейін мұрағаттағы сақтаулы құжаттарда
әр ауданның осы мәселеге байланысты атқарылған жұмыстары хабарланған. 1946 жылдың 12
қаңтарында арнайы көшірілгендердің режимі біткен кезеңде
финдерге қайтадан Ленинград
облысына көшуіне рұқсат етілмеді. 1949 жылдың 11 ақпанындағы КСРО министрлер Кеңесінің
қаулысынан кейін олар Ленинград облысының шектеулі аймақтарына ғана көшіп баруларына
рұқсат алды [8, 336-337 с.].
Қазақстанға поляктардың алғашқы көшірілуі 1939-1940 жылдары гитлерлік Германияның
Польшаны жаулап алуы кезінде өтсе, екінші легі соғыс басталғаннан кейін басталды. 1940-1941
жылдары 200 мыңдай поляктарды Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан, Талдықорған облыстарына депортациялап, орналастырады. 1941 жылы
Өзбекстанға депортацияланған поляктарды еліміздің Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл
облыстарына қайтадан жер аударады 1942 жылдың 28 қаңтарында Жамбыл облысына – 22051
поляктар әкелінген. Оларды: