Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет164/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
243
жасалмаған вагондарда қыстың күндері бірнеше аптада әкеледі. Жолда суық пен аштықтан 
қарашайлардың 30% -ы қарттары мен 22 мың балалары ауырып қайтыс болады. Қарашайларды 
қоныстандыру туралы Большевиктер Коммунистік партиясының Орталық Кеңесі және Халық 
Комиссарлар Кеңесі шығарған Солтүстік Кавказдан көшіп келушілерді Қазақстанның оңтүстік 
өңірлерінде орналастыру туралы қаулысын қабылдады. Сол қаулының негізінде Жамбыл 
облысының 7 ауданына барлығы 5699 жанұя (20285 адам) қоныстандырылды [3,97]. 
Кесте – 1. 1943 жылы қазанда Жамбыл облысы аудандарына қоныстандырылған 
қарашайлар 

Аудан атаулары
Жанұя саны
1.
Жамбыл ауданы
1050
2.
Свердлов ауданы
1020
3.
Талас ауданы
429
4.
Луговой ауданы
550
5.
Мерке ауданы
850
6.
Қордай ауданы
750
7.
Шу ауданы
1050
Барлығы – 5 699 жанұя саны
Архив құжаттарында Жамбыл облысына барлығы 5699 отбасынан тұратын 20285 адам 
орналастырылған. Жамбыл облысында оларды орналастырып ұйымдастыру үшін 11 арнайы 
комендатура құрылған. Депортацияланған қарашайлар туған-туыстарын іздестіру мақсатында 
аудан басшылары мен арнайы комендатураларға 2000-ден аса өтініштер түсірді. Олардың 
арасында жергілікті халықтың қарашайлардың туыстарын іздестіруге көмектескен жанашырлық 
мазмұндағы өтініш хаттары да бар [11]. 
Жер аударылып келген қарашайлар колхоз, совхоздарға орналастырылып, ауыл 
шаруашылығында жұмыс жасады. Колхоздардағы бос ғимараттар мен жергілікті қазақ үйлеріне 
кіргізілді. Тұратын үйлерін жөндеуге, cаман кірпіштен тұрғын үй салуға, жергілікті басшылық 
өкілдері ұстайтын мал беріп көмектесті. Бұл тапсырысты орындау сол кезеңдегі ауыл халқының 
негізін қалаған қазақтарға салынғаны белгілі.
Мысалы, 1943 жылдың төртінші кварталында қоныс аударушыларға арнайы көмек көрсетуге 
арналған көмек жоспары құрылған. Сол жоспар бойынша 120 вагон ағаш материалдары
9 тонна шеге, 6 мың шаршы метр терезе әйнегі берілген. Сондай-ақ, әр отбасыға 7 жылға 5 
мың рубль көлемінде ақшалай несие беріледі. 2543 қарашайларды Қызыл Армия қатарынан 
демобилизациялап, арнайы комендатурамен айыптайды.
1955 жылы депортацияланған ұлттар НКВД-ның тікелей тексеруінен босатылады. 1955 
жылдың 14 наурызындағы қаулы бойынша Грузия мен РСФСР-дің территориясына қосылған 
Қарашай аумағы қайтарылды. 1957 жылы 14 жыл өткенде КСРО үкіметі қарашайларға тағылған 
айыптарды «жала» деп, оларға туған еліне оралуға рұқсат етеді. Олардың көбісі Отанына 
қайтқандарымен, кейбірі елімізде қалып қойды.
1944 жылдың 31 қаңтарында КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің Солтүстік 
Кавказдан шешен және ингуш ұлттарын депортациялау туралы №5073 құпия шешімі 
шығарылды. Шешім бойынша депортацияланған шешендер мен ингуштерді Қазақстан мен 
Қырғызстанға орналастыру көзделді. 1944 жылдың 21 ақпанында осы шешімді жүзеге асыру 
жайындағы жарлық шықты. Шешен-Ингуш АКСР-ін жою, халқын жер аудару мәселесімен Л. 
Берия басқарды. 1944 жылдың 24-29 ақпанында барлығы 478479 шешендер мен ингуштер жер 
аударылды. 1944 жылдың наурыз айының ортасында Қазақстанға шешендер мен ингуштер 
тиелген эшелон жетеді. Жамбыл облысына – 537 отбасынан құралған 17448 адам, Талдықорғанға 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
244
– 19 отбасы 36 адам, Оңтүстік Қазақстанған – 5949 отбасы 23283 адам тұратын барлығы 6505 
отбасы 40767 адамымен орналастыру жоспарланды. 1945 жылғы қазанда берілген мәлімет 
бойынша Қазақстанда барлығы 406375 шешен мен ингуш ұлттарының өкілдері болған [1, 51 
б.]. 
Жамбыл облысына нақты депортацияланған шешендер мен ингуштердің жалпы саны 20882 
адамды құраса, олардың 20035 – шешендер, 847 – ингуштер, 500-ден аса Цунтин таулы ауданның 
тұрғындары аварлар болған. Сонымен қатар шешен және ингуш ұлт өкілдерінің майдандағы ер 
азаматтарын соғыс ошақтары аймақтарынан тылға туыстарын көшірген жерлерге жіберген. 
1942 жылдың тамыз айында Кабардин-Балқар АКСР-інің бес ауданы неміс басқыншыларының 
қол астында қалды. 1943 жылдың басында аймақ жаудан тазартылды. НКВД-ның «Қарақшылық 
әрекеттері мен неміс басқыншыларымен ынтымақтасты», – деп таққан айыптары бойынша 
жүздеген балқарлар атылды. 1944 жылдың 24 ақпанында Л. Берия И. Сталинге балқарларды 
депортациялау туралы мәлімдеме жасайды. 26 ақпанда НКВД «Кабардин-Балқар АКСР-ін жою 
туралы іс-шаралар» қаулысын шығарды. 1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і 
болып өзгертіліп, балқарлар Қазақстанға қоныс аударылды. Бұл әрекеттің астарында бөлініске 
салынатын жер мәселесі де тұрды. Эльбрус, Чегем, Хуламо-Безенгиев, Черек және Нальчик 
қаласындағы балқарлар тұратын территорияның аймағы Грузияға, ал қалған территориясы 
РСФСР-ға берілді. 1944 жылдың 5 наурызында шыққан жарлық бойынша 1944 жылғы 8 
наурызда ертемен 2 сағаттың ішінде 21 мың НКВД-ның жауынгерлерінің күш көрсетуімен 37 
мың 713 адамнан құралған балқарлар түгелдей депортацияға ұшырайды. Олардың 52% балалар, 
30% әйелдер, 18% ер адамдар болды. Әр отбасына киім-кешегі мен азық-түлігінен 20 кг затты 
жинақтап алып шығуға рұқсат етілді. Олардан өзге 476 адам «антисоветтік элемент» ретінде 
тұтқындалды. Тарихи құжаттарда балқарларды депортациялау ісі «Солтүстік Кавказ – 455» деп 
аталды. Ешбір жағдайы жасалмаған 14 эшелонға тиелген балқарлар 18 күндік жолда суық пен 
індеттен 562 адамынан айырылады [12]. 
1944 жылдың 17 наурызында жер аударылған 16665 балқарлар Жамбыл облысының Шу, 
Жамбыл, Свердлов аудандарына орналастырылды [3, 114 с.]. Қазақстанға 4660 отбасынан 
тұратын 16684 адам балқарлар әкелінді. Олардың 11373 адамы ауыл шаруашылығында жұмыс 
жасау үшін тіркеуден өткен. 1945 жылдың 1 қазанындағы мәліметте Жамбыл облысына 6042 
адамнан тұратын 1680 балқар отбасын орналастырылғаны келтірілген. 
1957 жылдың 9 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының нұсқауы бойынша 
балқарларға тағылған айып алынып, туған жерлеріне қайтуға рұқсат етіледі. Осы жылы 
Кабардин АКСР орнына, Кабардин-Балқар АКСР болып қайта өзгертіліп аталады. 1957-1958 
жылдары Халық ұйымдастырылған түрде эшелондармен қайтарыла бастады. Тек 1979 жылға 
дейін балқарлардың 90%-ы ғана туған жерлеріне оралған. 8 наурыз балқарларда қаралы күн 
ретінде аталып өтіледі. 
«Жаумен ынтымақтасты» деген желеумен балқарлардан кейін 1944 жылдың 20 мамырында 
тағы да балқарлар мен кабардин ұлтының өкілдері Қазақстанға депортацияланады. Жамбыл 
облысына тек балқарлардан 1593 отбасы, 6124 адамы әкелінеді. 
1944 жылдың наурыз айының соңында Грузиядан 608 күрд және 3240 әзірбайжан ұлттары 
жер аударылды. 
1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, депортацияланған жалпы саны 193865 
адамның 4500 адамның 276 адамы Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына, 4224 қырымшақтар 
Жамбыл облысына орналастырылды. Сонымен бірге, Қырымнан Қазақ жеріне барлығы 7 мың 
болгарлар мен гректер депортацияланды. 
1944 жылдың 29 мамырында Л.П. Берия И.В. Сталинге Қырым АКСР-нен болгар, грек, 
армяндарды жер аудару туралы баяндайды. №5984сс «Қырым АКСР-нен болгар, грек, 
армяндарды жер аудару» бұйрығы бойынша 20 мың армяндарды жер аударады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет