«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
259
Әскери қызметшілердің отбасылары мен соғыс мүгедектеріне де
қайырымды көмектер
көрсетті. 1700 отбасы бау-бақшалық жер телімін алды. 1300 адам қоғамдық тамақтандырумен,
600 бала балалар тағамымен қамтылды. Әскери қызметшілердің отбасыларына қорғасын
зауытының ұжымы қайталанбас жәрдем көрсетті, майдангерлердің 950 балаларына асхана
ашылды. Балалардың бір бөлігі пионер лагерлерінде демалды.
Соғыс жылдарырында Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіп және көлік салаларыкөшбасшылыққа
айналды. Леңгір көмір, Ащисай қорғасын зауыты, мақта және химия кәсіпорындары белсенділік
көрсетті. Химфармзауытының жұмысшылары «Оңтүстік Қазақстан» танкі колоннасына 72060
сом, облигация түрінде 17950 сом жинады. Шымкент ет комбинатында 1941 жылдың қазан
айындағы жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Комбинатта нормасын орындамаған адам
болған емес.
Соғыс кезеңінде 1944 жыл өте есте қалар жыл болды. Пресс-автомат зауытында слесарь
И.В.Яковлев үш жылдық норманы орындады. Бұл жұмыс уақытын тиімді пайдалану мен
бірнеше жаңашылдық процесстерді енгізудің нәтижесінде қол жеткізді.
1944 жылы май зауыты да өнімнің барлық түрлерін шығару жөніндегі тапсырманы мерзімінен
бұрын орындап шықты. Бас инженер К.И.Орликтің басқаруымен инженерлер, техниктер мен
жұмысшылар өндірістің өнімділігін арттыру жөнінде ауқымды жұмыстар атқарды.
Еңбек өнімділігі 7,2 пайызға дейн өсті. Зауыттың ұжымы нормадан тыс 58 тонна жоғары
сапалы май өндірді. Зауытта жалпы үнемділік 600 мың санды құрады. Сабын қайнату цехының
ұжымы жақсы еңбек етті. Үздік бригадары қосымша 100 мың келі май мен 150
келі сабын
өндірді [3].
Майдан мен тыл үшін жүк тасымалдауда негізгі салмақ Шымкент темір жолы бөлімшесіне
түсті. Оның үстіне бұл бөлімше Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандары мен Орта Азия
республикаларын майданмен байланыстыратын күре жолға айналды. Сондықтан Шымкент
темір жолы бөлімшесінің рөлі бірнеше есеге артты, жолдың өткізуші қабілетін көтеру, разъездер
мен тораптарды дамыту, қосымша жолдар төсеу, паровозды вагон паркін ұстау және толықтыру
жөнінде шаралар қабылданды.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің аса маңызды ауылшаруашылық аймағына айналды.
Ол майданды және Орал, Сібір және Еділ бойының ірі өнеркәсіп орталықтарын астықпен,
маймен, жүнмен, қамтамасыз етті, майданға жеміс-жидектер мен көкөністер жіберіп отырды.
Соғыс жылдарында облыс Отанымызға 2 млн. пұт ет, 800 мың литр сүт, 100 мың ірі қара мал
және 1 млн.
артық қой және ешкі терісін, 44 мың 80 пұт жүн, 2 млн. 120 мың пұт астық берді.
Соғыс кезінде ауылшаруашылықта да күрделі өзгерістер болды. Облыста механизатор
кадрларының жетіспеушілігі өткір мәселе күйінде тұрды. 29 МТС-та тракторшыларды даярлау
жүріп жатты. Алғашқы жинақтау курсында 1654 адам оқыды. Бұл техникадан басқа, машинаны
басқару мен жүргізуді жоғары сыныптардағы 2500 оқушы игерді. Облыс бойынша еңбек
жарыстары ұйымдастырылынды. Мамыр айындағы жарыстарға қосыла отырып тракторшы –
әйелдер жиналыстарда Даша Гермаш пен Паша Ангелинаның үндеулерін талқылады, нақты
міндеттемелер алды. Исмаилованың тракторшылар бригадасы (Шорнақ МТС) 1942 жылы
облыстық біріншілікте жеңіп, комсомол сыйлығын алды. 1943 жылы да біріншілікте алға
шықты. Жас патриоттар әр тракторда 2 нормаға қол жеткізді, жанар майды 15 пайызға үнемдеді.
Облыста 142 мақта жинайтын бригада, 177 ауылшаруашылық
техникаларын жөндейтін
бригада құрылды. Бригада 1370 соқа, 1520 малалаушы, 115 култиватор және алқаптардан
жиналған көптеген техникаларды жөндеді. 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан аудандарында 2965
мақташылар звеносы құрылды, звенолардың қатарына 14820 адам тартылды. Звеноларға 1628
гектар жер берілді. Звенолар жоғары өнім өсіру мен жинап алуда ауқымды жұмыстар жүргізді.
Астық бойынша құрылған 486 жоғары өнімді звенолардың 342-сі алған міндеттемелерін
орындап шықты.
Мақта жинау науқанына Шымкенттің көптеген жастары мен оқушылары қатысты.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
260
Оңтүстік Қазақстан Қазақстандағы мал шаруашылығы өркендеген ірі облыстардың бірі.
Соғыс жылдарында Отанымыздың жас патриоттары мал басын ұлғайтуға, жас төлдерді сақтауға
және мал шаруашылығының өнімділігін жақсартуға ерекше күш-жігермен қол жеткізді.
1942 жылы мал шаруашылығында облыстың 962 жастары еңбек етті. Қаратас ауданының
еңбекшілері мал басын көбейту жөніндегі жоспарларын 203-пайызға асыра орындады.
«Комсомол» ұжымшарында жастар 100 саулықтан 111 төл алды.
1942 ж. маусымында облыс еңбекшілері Ленинград тұрғындаррына 287 бас мал,
160 центнер шұжық, 35 центнер мал майын және 80 центрнер өсімдік майын, 120 центнер ұн,
270 центнер жемістер қағы мен көкөніс, 30 центнер жаңғақ, 170 центнер кондитер тағамдарын,
560 литр шарап аттандырды [3].
Ұлы Отан соғысы кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының 51 азаматтары Кеңес Одағының
батыры деген аттаққа ие болды [5].
Қорыта айтқанда, оңтүстік қазақстандықтар Ұлы Отан соғыс жылдарында майдандағы
жауынгерлерінің және тыл еңбекшілерінің ерліктері Отан тарихында ғана емес әр бір ұрпақтың
жұрегінде мәңгі сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: