«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
284
Орталық Қазақстан аймағы Ұлы Отан соғысы жылдары депортацияланған халықтардың
отанына да айналғаны белгілі. Шын мәнінде, Орталық Қазақстанға депортанттар мен
эвакуанттарды орналастыру соғыс жылдары қазақстандықтардың
әскери шығындары
нәтижесінде республика халқының санының азаюын толтырып отырды. Депортациялық
үдерістердің нәтижесінде өңірде ауыл тұрғындарының саны өсті, себебі депортанттардың
басым бөлігі қала маңындағы ауылдар мен елді мекендерге орналастырылды. Ал
эвакуация
қалалық тұрғындардың санының өсуіне де ықпалы етті. Жалпы алғанда, депортанттар мен
эвакуанттарды жайластыру үдерісі олардың құқықтық жағдайының тең болмауымен байланысты
болды. депортацияланған халықтар кінәлілер болғанына, ал эвакуацияланған халықтар-еріксіз
қоныс аударғандар болғандығына қарамастан, ол екеуінің де алдында кездескен қиындықтар
бірдей болды: баспананың, азық-түліктің, киім, аяқ киім және т.б. жетіспеушілігі, тіпті болмауы
болды. олардың арасындағы айырмашылық тек еңбекпен қамтылуында болды. Бұл тұрғыда
олар өз құқықтарын қорғау үшін күресті. Халықтарды эвакуациялау мен көші-қон үдерістерінің
нәтижесінде республиканың орталық бөлігіндегі ұлттық құрам
біршама трансформацияға
ұшырады. Орталық Қазақстан мәдениеттер мен өркениеттердің, республиканың жергілікті
халқы мен депортацияланған, эвакуацияланған халықтың арасындағы конструктивті диалогы
аумағына айналды, түрлі ұлттардың өнімді әріптестігі аймағына айналды. Сондықтан Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы Қарағанды облысының Жеңіске қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қарағанды–
Ұлы Отан соғысында одақтың маңызға ие болған ерекше аймақтардың бірі деген қорытынды
жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: