«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
285
келісе қояр екен? Мен аталған дөңайбат мәселемен келіспек түгіл, оның күн тәртібіндегі
қойылымының өзіне үзілді-кесілді қарсылығымды білдіремін!» деп ұлт наразылығын білдірді.
Ұлттық қасиеттерден нәр алып өскен Жұмабек Тәшенов
Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан
Екінші жалпы қазақ сиезіне арнайы шақыртқан милләтшіл Нұрлан Қияшұлындай кескекті
ердің сойынан екенін атап өтуіміз қажет. Әлихан Бөкейхан «…Бұл болып жатқан оқиғалардың
түбі неге соғатынын жалпы қазақ елі сезе қоймайтын шығар. Оқиғалардың сүреңі жаман: қам
қылмай, қол қусырып отыра берсек, алдымен қазақ халқы сорлайтын түрі бар. Соның үшін біз
жанымызды, малымызды қорғау жайын ойлау керек…
Алаш баласының басына бір сын, бір күн туды» [1] деп аласапыран дәуірде елге қорған,
әлеуметке тұтқа болу барша саналы азаматтардың басты міндеті екенін жеткізді. Міне,
азаматтық тұлғасы ұрпақтар сабақтастығының тағылымында қалыптасқан Жұмабек Ахметұлы
қазақ баласы сыналар сол бір Хрущевтік билік ойран салған сойқанды жылдары бабалар
аманатына адалдық танытты. Ел мен жер тұтастығын сақтап қалудағы перзенттік парызына ар
биігінен келіп, ұлт құрметіне бөленді.
Қазақ жерінің бөлшектенуіне жол бермей, ұлы орыстық
шовинистік өктемдікке қарсы
шыққан Жұмабек Ахметұлы Тәшенов тоталитарлық жүйенің қан қасап зардаптарын қоғамға
жеткізуде батыл көзқарасын білдірді. «Жылымық» жылдарында сталиндік жеке басқа
табынушылық қасіретін әшкерлеуде айқын азаматтық ұстанымда болып, партиялық талаптың
қасаң қағидаларына шырмалып қалмады. Соның нақты дәлелі 1956 жылдың 19 наурызында
Жамбыл облыстық партия активі мәжілісінде жасаған «Советтер Одағы Коммунистік партиясы
ХХ съезінің қорытындылары және Жамбыл облыстық партия ұйымының міндеттері туралы»
атты баяндамасы [2].
Сталинизм зұлматын ашуда нақты тарихи деректер мен дәйектерге сүйеніп, 1937-38
жылдардағы саяси қуғын-сүргінде «халық жауы» деп айыпталғандардың нақақтан-нақақ
заңсыз жазалғандарына шындық сәулесін түсірді. «Установлено, что многие партийные,
советские и
хозяйственные работники, которых обвинили в 1937-38 годах во вражеских
действиях, в действительности никогда врагами, вредителями не были, они были оклеветаны,
а иногда, не выдержав зверских истерзаний во время следствия, сами на себя наговаривали
всевозможные тяжкие обвинения». Сұрапыл соғысы жылдарында
саяси билік тарапынан
жіберілген қателіктерге сын көзімен қарап, қан майдандағы сәтсіздіктердің басты себебін атап
көрсетті. «Единовластие Сталина приводило к особо тяжким последствиям в ходе Великой
Отечественной войны».
Кеңестік идеология тудырған жалпыадамзаттық ауқымдағы қасіретке үңілген Жұмабек
Ахметұлы Тәшенов атамыш баяндамасында «Сталин нарушал Ленинский принцип
национальной политики Советского государства» деп ұлттық
саясатқа қатысты орын алған
қателіктерге ерекше екпін жасады.
Сталинизмнің қанды саясатын айыптаған қайраткер баяндамасындағы ерекше назар
аударылған түйінді мәселердің бірі депортацияланған халықтардың тағдыр-талайы еді. «Речь
идет о массовых выселениях из своих родных мест населения» деген өзекті пікірін өрбіте келе,
«Так в конце 1943 года, когда на фронтах Великой отечественной войны определился прочный
перелом в пользу Советского Союза, принято было и осуществлено решение о выселении
с занимаемой территории всех карачаевцев. В конце того же
года такая учесть постигла
всего населения Калмыцкой Автономной Республики. В марте 1944 года выселены были
со своих родных мест все чеченцы и ингуши, и Чечено-Ингушская Автономная Республика
была ликвидирована. В апреле 1944 года с территории Кабардино-Балкарской Автономной
Республики выселены были в отдаленные места все балкарцы, а сама Республика переименована
в Кабардинскую Автономную Республику» деп кеңес қоғамын жайлаған имансыз саясаттың
сан ұлт пен ұлысты қаншалықты қасіретке салып отырғанын бүкпесіз баяндады.