Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет194/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
286
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов ерекше тоқталған депортация тақырыбы КСРО тарихындағы 
шеңгелінен қан сорғалаған әрі ызғарлы сұсы жан шошытатын қылмыстың бір ғана парасы. 
«1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру – сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас 
бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 
жылға дейін 3,2 млн адамға жетті» [3]. 
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бұрынғы КСРО да барлығы 61 ұлт пен ұлыс өкілдері 
өздерінің байырғы тарихи атамекендерінен қиянатпен ажыратылып, жат жерлерге күштеп 
көшірілді. Кеңестік идеология тарапынан саяси «сенімсіздік» білдірілген неміс, қарашай, 
қалмақ, шешен, ингуш, балқар және қырым татарлары Қазақстанға зорлық-зомбылықпен 
қоныс аударылды. Мәселен, 1943 жылдың 12 қазанында Қарашай автономиялы облысынан 
қарашайлықтарды Қазақ КСР мен Қырғыз КСР күштеп қоныс аударуға қатысты КСРО Жоғары 
Кеңесі Президиумының жарлығы шықты. Соның барысында 69 267 қарашай депортацияланды. 
(1939 жылғы санақ қорытындылары бойынша Қарашай автономиялы облысында 70 301 қарашай 
болған). Оның 50 % балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 30 % әйелдер еді. Өз кезегінде 
Қырымнан 228 543 адам күштеп көшірілген болса, оның 191 014 ын қырым татарлары құрады.
1944 жылдың 24 ақпанында қанды қол Берияның балқарларды тарихи мекенінен айыруға 
қатысты НКВД ның «Кабардин-Балқар АСР нан балқар халқын қоныс аудару іс-шаралары туралы» 
(«О мероприятиях по выселению из КБ АССР балкарского населения») зілді бұйрығы шықты. 
Сол жылдың 8-9 наурызында бүтіндей бір ұлттың шаңырағы шайқалып, бастарына қара бұлт 
үйірілді. Сол бір шектен шыққан зобалаңда балқар ұлтының 40% қынадай қырылды. Бар жоғы 
екі күнде 37 713 балқар 14 вагонға малша тоғытылып, қияндағы өлкелерге жөнелтілді. Қырағы 
бақылау мен темір тәртіптегі қадағалауға алынып, өксікте жүріп ит өмір кешті. Міне, Жоғары 
Кеңес Президиумының 1956 жылдың 17 қаңтарындағы Жарлығына сай 1936 жылы күштеп 
қоныс аударылған поляктардан, ал 1956 жылдың 17 наурызында қалмақтардан, 27 наурызда 
грек, болгар және армяндардан, 18 сәуірден қырым татарлары, балқарлар, түрік-месхетиндіктер, 
курд және хемшилдіктерден, 16 шілдеден шешен, ингуш және қарашайлықтардан құқықтық 
шектеушіліктер алынып тасталды. Алайда олардың Отандарына қайта оралуына қатаң тиым 
салынып, белгілі бір аймақта жүріп тұруларына құқықтық шектеулер қойылды. Тек 1957-1958 
жылдары ғана қалмақ, шешен, ингуш, қарашай және балқарлардың ұлттық автономиялары 
қалпына келтіріліп, тарихи мекендеріне оралуға рұқсат етілді.
Тұтастай алғанда, 1937-1944 жылдар аралығында Қазақстанға 1 109 мың адам 
депортацияланды. Қазақстандағы әрбір бесінші адам күшпен қоныс аударылушы болды. 
Олардың ар-намыстары аяққа тапталып, ұлттық құндылықтары мансұқталды. Туған халқының 
тарихи атауын атауға тиым салынды. Оны 1944 жылы ұлтының депортациялануымен байланысты 
майданнан шақыртылып, саяси қыспаққа алынған қалмақ ақыны Давид Кугультинов (Көглтин 
Дава) «От правды я не отрекался» (1956) өлеңінде: «В то время гнев несправедливый, дикий Нас 
подавил…И свет для нас потух. И даже слово самое – «калмыки» – Произносить боялись люди 
вслух» деп жеткізді. Ұлт мүддесін қорғаған ақын атақты 58 баптың 10 тармағаммен сотталып, 
Сібірге 15 жылға жер аударылды. 1956 жылы ғана туған жеріне оралды. 
1944 Қазақстанға арнайы қоныс аударылған ұлт өкілдері кеңес саясатының озбырлығына 
қайтпас қайсарлықпен қарсылықтарын білдіріп отырды. Имансыз биліктің тепкісінде езіліп
тағылықпен бұғақталған мүскіндердің шемен шері өлең болып өрілді. Бұл ретте балқар 
поэзиясының негізін қалаған ақын Кязим Мечиевтің кеңестік саясат қылмысын айыптаған 
өршіл рухтағы өлеңдері қазақ топырағында туды.
1944 жылы Талдықорған өңіріне қандастарымен бірге қоныс аударылған қайсар ақын 
«Тәуекел етейік біз бүгін», «Өсиет», «Жарлы халқым» өлеңдерімен қуғын-сүргінде жаншылған 
балқар ұлтының қайғы-қасіретін жүрегі қарс айырыла отырып жырлады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет