«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
288
Жұмабек Ахметұлы Қарағанды лагерінде тексеріс жүргізу барысында өз көзімен көрген
сталинизм қасіретін туған ұлы Саятқа әңгімелеп берген болатын.
Бұған қатысты Саят
Жұмабекұлы әке сырының жан тебірентер көңіл толқынын былайша өрбіткен ді.
«Қарағанды олбысында орналасқан лагерге жол тарттық. Гитлерлік өлім лагерлерін еске
салатын ҚарЛаг жағдаймен танысу барысында заңсыз жазаланып отырған тұтқындағылардың
тамұқ отының небір тозағынан өткенін ұғындым. Комиссияға шақыртылған қуғын-сүргін
құрбандары сталиндік жүйеде қандай адам төзгісіз ауыр күйде болғандарын, лагерь күзетшілерінің
жыртқыштықпен азаптап, тағылықпен ұрып-соғуын, арсыздықпен арандатуларын көз жастарын
көлдетіп тұрып айтты. Тепіріштің небір сойқанын көрген қазақтың көне көз ақсақалын
шақыртып, түрмеге қалай түскенін сұрастырдық. Сөйтсек әбден қаусаған қария «Троцкизммен»
айыпталған екен. Сол бейбағыңыз Троцкийдің түрін түстеп көрмек түгіл, атын да естімеген
болып шықты. Жаналғыш лагерь жүйесінің қан қасап тезінен өткен мүскіндердің жай-күйімен
жан-жақты танысу мақсатында тағы бір тұтқынды алдырттық. Ол менің айтар жаубым осы
дегендей тоз-тозы шыққан киімін шешіп, қаусаған қабырғасы мен сынған тістерін көрсетті.
Мұндай көрініске ұзақ сонар қарауға комиссия мүшелерінің дәті жетпеді...
…Жазықсыздан жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтауға қатысты құрылған
комиссия жұмысы барысында біздің алдымыздан жаны мен тәні қорланып, аяусыз жаншылған
небір бейкүнә бейбақтар топ тобымен өтіп жатты. Нақақтан нақақ «халық жауы» деген қарғыс
таңбасы танылған олардың ауыр тағдыр-талайына зар еңіреп шерлі отбасы, қайғыдан белдері
қайысқан
әке-шешесі, қара жамылған сүйген жарлары, күйікті апа-қарындастары қала берді…
Ақтау комиссиясының төрағасы болған бір ай мұғдарындағы жұмыс барысында сталиндік
темір тәртіптің адамдардың тұла бойында аса жиіркенішті де аяр мінезді кесепаттарды
соншалықты қоздырып жібергеніне сенер сенбесімді білмей дал болдым…» [4].
Жұмабек Тәшенов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде төраға қызметін атқарып жүрген
уақытта сталинизм құрбаны болған ұлт зиялыларының ақталуына күш салып, олардың ағайын
туысқандары, отбасыларына көмек көрсетуі, әсіресе «халық жауы» жаласынан арылмаған
Мағжан Жұмабайұлының жұбайы Зылиха анамызға Алматыдан пәтер әперуі үлкен ерлік болып
табылады.
Елін сүйген қайраткердің ғибратты ғұмыры ұлтқа қалтқысыз қызмет етудің өшпес үлгі-
өнегесі болып қала бермек. Ақтық демі таусылғанша ата-бабаларымыздың ел мен жер қорғау
аманатына адалдық танытқан Алаш перзентінің отаншыл тұлғасын қастерлеу ұрпақтың басты
парызы деп білеміз.
Сол бір қанды жылдардың ақиқатын жеткізіп, тоталитаризм
зардаптарын айыптаған
қайреткердің өзекті ой-толғамдары Отан тарихын кешенді зерттеудегі ғылыми ізденістерге
қуатты серпін берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: