Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет189/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы:
1. Назарбаев Н.А. «Стратегия «Казахстан-2050» – новый политический курс состоявшегося 
государства» Казахстанская правда. 15 декабря 2012 г.
2. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на торжественном 
собрании, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан. 15.12.2010 г. Казахстанская 
правда. 16 декабря 2010 г.
3. Выступление на торжественном собрании, посвященном Дню Независимости Республики 
Казахстан 14 декабря 2013. Казахстанская правда. 15 декабря 2013 г. 
4. Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол – Путь в будущее» 
от 11 ноября 2014 года. Казахстанская правда. 12ноября 2014 г.
5. Выступление Нурсултана Назарбаева на XVI съезде партии «Нур Отан». 11 марта 2015 
года. Казахстанская правда. 12марта 2015 г.
6. Воспитание казахстанского патриотизма // История Казахстана преподавание в школах и 
вузах. – 2006. – №5. – стр.4-9.
7. Там же.
8. Программа патриотического воспитания студентов Карагандинского государственного 
университета имени академика Е.А.Букетова на 2012–2015 годы: научное издание.
9. Государственная программа патриотического воспитания граждан Республики Казахстан 
на 2006–2008 годы Астана, 2006 год.
10. Казахстанская правда. 27 апреля 2016.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Ж.А. Жұмабеков, 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғ.к., доцент
Қарағанды қ., Қазақстан 
Ассамблеяны құру идеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан 
1992 жылы Тәуелсіздігіміздің бірінші жылына арналған форумда айтылған болатын. 1995 
жылы 16 ақпанда Н.Ә.Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен 
кездесіп, республикадағы ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында жаңа қоғамдық институттың 
қажеттігі туралы сөз қозғады [1]. Осыдан кейін әрбір облыстарда Кіші ассамблеялар құрылып, 
олардың құрамынан алғашқы сессияға 260 делегат сайланды. 1995 жылы 1 наурызда еліміздің 
қоғамдық аренасында Президент жарлығымен жаңа құрылымы – Ассамблея пайда болды. Ол 
Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблеяның басты 
мақсаты келесідей айқындалды: «Ассамблеяның мақсаты республикадағы оқиғаларға баға беру 
мен саяси ахуалды болжамдау негiзiнде қоғамның топтасуын қамтамасыз ететiн практикалық 
ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк тегiне, дiни сенiмi мен нанымына 
қарамастан Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтары сақталуының кепiлi 
ретiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне жәрдемдесу болып табылады» 
[2].1995 жылы 24 наурызда «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деп аталатын 
Ассамблеяның алғашқы құрылтай сессиясы Алматы қаласында өтті. Сессияға 40 ұлттық мәдени 
орталықтың өкілдері қатысты. Сессияда Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама 
жасады [3].
1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Президенттің өкілеттілігін 2000 жылдың 1 
желтоқсанына дейін созуға арналған республикамыздың тарихындағы алғашқы референдумды 
өткізуге ұсыныс жасады.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
279
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум бойынша Қазақстан Республикасының 
жаңа Конституциясы қабылданды. Ассамблея қабылданған Конституцияға үлкен қолдау 
білдірді. 
Осы іс-шаралардан кейін Ассамблея еліміздің саяси өмірінде белсенді орын алды. Осы 
жылы мауысым айында Ассамблеяның «Өткенді ұғыну және қоғамның демократиялық 
реформалануы» атты екінші сессиясы да өтті. Бұл жыл сайынғы Ассамблея сессияларының 
өткізілуі дәстүрінің бастамасы болды. Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) 
– оның жоғары басшылық органы болып табылады және сессияның мәжілісін Қазақстан 
Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады [4].
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі 
мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді [5].
1996 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім беру 
тұжырымдамасы бекітілді [6, б.103]. Тұжырымдама республиканың білім беру ұйымдарындағы 
тәрбие бағдарламаларының мазмұны үйлесімді тұлғаны дамытуға, білім алушылардың бойында 
отансүйгіштік, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыруға бағытталды.
2006 жылы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды 
дамытудың 2006-2011 жж. арналған тұжырымдамасы ұлттық-мәдени бірлестіктердің мәртебесін 
қазақстандық азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде айқындап берді.
2007 жылы елімізде конституциялық реформаның маңызды жаңашылдығы Парламент 
Мәжілісіндегі депутаттар санын 107 адамға арттыру, оның 9-ын Қазақстан халқы Ассамблея-
сынан сайлау болды. Осы өзгерістерге сәйкес Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деген 
атау Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді. Ассамблея толыққанды конституциялық 
орган болып қалыптасты.
2008 жылы қазан айында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды [7]. 
Заңның 1 бабының 1 тармағында Ассамблеяың мәртебесі анықталды: «Қазақстан халқы 
Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының 
Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін 
мекеме». Сондай-ақ Ассамблеяның мақсаты да жетілдіріліп, нақтыланды: «Ассамблеяның 
мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, 
Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық 
азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан 
Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады» [7]. 
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім 
сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік 
дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді. 2010 жылдан бастап Бейбітшілік 
және келісім сарайында ұлттық костюмдер музейі қызмет көрсетеді [8].
2014 жылы 17 мауысымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Қоғамдық келісім» 
мемлекеттік ұйымы құрылды. «Қоғамдық келісім» Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін 
қамтамасыз ету, оның іс-шараларын өткізу мақсатында құрылған мемлекеттік мекеме болып 
табылады. Қоғамдық келісім кеңесінің ережесі арқылы оның негізгі міндеттерін көре аламыз: 
«Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері (бұдан әрі – Кеңес) облыс 
(республикалық маңызы бар қала, астана) аудан (облыстық маңыздағы қала), ауыл әкімдері 
жанындағы немесе еңбек ұжымдарындағы консультативті кеңесші орган болып табылады» [9].
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толды. Соған орай 2015 жыл Мемлекет 
басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
2015 жылғы 23 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы 
Президентінің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сесиясы өтті. Елбасы 
Н.Ә. Назарбаев 7 жаңа міндет қойып, оны жүзеге асыру ісіне Ассамблея тікелей қатысуы тиіс 
болды. Олар:


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
280
• бүкілқазақстандық мәдениетті дамыту;
• халық бірлігін ортақ рухани-моральдық құндылықтар негізінде нығайту;
• жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу;
• мемлекеттік тілді және үштілді білім беруді одан әрі дамыту;
• транспарентті мемлекеттегі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
• этносаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу; 
• сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестермен мәдени-
гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет