Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет196/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Екінші жалпы қазақ сиезі // Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937). 
Шығармаларының 9 томдық толық жинағы – Полное собрание сочинений в 9 томах. / Құраст.: 
Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлыұлы. – Астана: «Сарыарқа», 2013. – 419-бет.
2. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат. 1109-қор, 3-тізім, 370 б-іс, 80а бума.
3. Уикипедия – ашық энциклопедиясы.
4. Ташенов Саят Жумабекович. Слово об отце // «Ж.Тәшеновтің азаматтық ерлігі және 
қазіргі кездегі патриоттық тәрбие: Жинақ. – Астана: «Чернобылец» – жарымжандар қоғамы 
ЖШС, 2012. – 118-118-беттер.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
289
ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛАШ МҰРАСЫ
С.С. Қасымова,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 
тарих ғ.к., доцент 
Қарағанды қ., Қазақстан 
Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде ежелгі қазақ жерінде өркен жайып, болашаққа 
нық сеніммен қадам басуда. Ұлттық мемлекеттіліктің даму және қалыптасу тарихы ғасырлар 
қойнауына кетіп, өзін ғылыми тұрғыдан екшелеп, талдауды қажет етеді. 
Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың тарихы туралы айтқанда қоғамның жаңа 
конституциялық жаңару кезеңдері негізгі орын алады. Мемлекеттіліктің бастау көзі – 1917 
жылы қабылданған «Алаш» партиясының бағдарламасы болып табылады. Осы 10 пункттен 
тұратын бағдарламаның мазмұнында қазіргі демократиялық қоғамның белгілері көрінісі: 
жергілікті бостандық, яғни құрылатын Қазақ автономиясы басқа жұрттармен бірге Ресейдің 
әзірге бір бөлігі болып, реті келсе өз алдына бөлініп шығуы; қазіргі Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 2-ші «Адам және азамат» бөліміндегі адам мен азаматқа қатысты жеке 
бас бостандығы құқықтары: сөз, ой бостандығы, жиналыс жасау, баспасөзге еркіндік көрініс 
тапты. Бағдарламаның 9-шы пунктінде тегін оқу, ана тілінде бастауыш білім беру, қазақ тілінде 
мектептер, университеттер ашу, 10-шы пунктінде жерге байланысты оның сатылмайтындығы, 
яғни, жер – мемлекет меншігі екендігі айтылған. Жердің асты-үсті байлығы сол мемлекетте 
тұратын халыққа тиесілі екендігі, жер алдымен байырғы, жергілікті халыққа берілуі керектігі, 
алдымен қазақ халқын жерге орналастыру, оған дейін қоныс аударушыларды тоқтата тұру
қоныс аударушылар отырмаған жерлерді қазаққа қайтару туралы айтылған. 
Ерекше назар аударатын жағдай Алаш зиялыларының ұстанымдарында ешқандай басқа 
ұлттарға деген теріс көзқарастың жоқтығы. Бұл пікір 1917 жылдың 5 – 13 желтоқсанында 
Орынборда өткен ІІ Жалпықазақтық съезде жарияланған Алаш автономиясының органы 
Алашорда үкіметінің құрамын сайлауда көрінді. Нақтырақ айтқанда Алашорда үкіметінің 
құрамы 25 адамнан тұрса, оның 15 қазақтарға, ал қалған 10 орын басқа ұлт өкілдеріне берілді. 
Қазіргі кездегі идеология тұрғысынан қарайтын болсақ, нағыз толеранттықтың көрінісі деп 
нық айтуға болады. 
Екінші құжат – 1920 жылы қабылданған «Қазақ АКСР-і еңбекшілері құқықтарының 
декларациясы» және 1924 жылы қабылданған Конституция. Осы екі құжат Қазақ 
Автономиясының дамуын 1936 жылы одақтас республика мәртебесін алғанға дейін іс жүзінде 
жүрді. 
1919, 1920 жылдары кешірім жасалғанына қарамастан, Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш 
ұлттық-демократиялық интеллигенциясының өкілдері саясаттан, биліктен аластатылды. Алайда 
олар азамат соғысынан кейінгі жеті-сегіз жыл ішінде Қазақстандағы ғылымның, оқу-ағарту 
ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосты. Мысалы, 
Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлігі, Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық-ғылымдық 
қызметі, Халел Досмұхамедов пен Мұхаметжан Тынышпаевтың ғалымдық, зерттеушілік 
қасиеттері басым жатты. Ал Міржақып Дулатов пен Жақып Ақбаев қоғамдық қайраткерлер 
болды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының алыбы Мағжан Жұмабаев осы бір аласапыран кезде 
өзінің шоқтығы биік «Көкшетау», «Батыр Баян» шығармаларын жазды. Сөйтіп, олардың іс-
әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен тарихта 
қатталып қалды. 
Алаш партиясының бағдарламасындағы мәселелер 20-30 жылдарда-ақ Кеңес өкіметі аясында 
біртіндеп жүзеге аса бастады. Сол жылдарда Қазақстан үкіметінің басшысы Голощекиннің 
байларды тәркілеу, қоныс аудару, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
290
шыққан Нығмет Нұрмақов, Жағыпар Сұлтанбеков, Жалау Мыңбаев, Абдолла Асылбеков, 
Ораз Жандосов, Смағұл Сәдуақасов, Ыдырыс Мұстамбаев, Сейітқали Меңдешев, Сұлтанбек 
Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов т.б. болатын. Ал бұлардың ұстазы кім еді? Оларды оятқан, 
ұлттық саналарын жебеп, жігерлендірген Алаш зиялылары болатын. Бір сөзбен айтқанда Алаш 
зиялылары қазақ интеллигенциясының үлкен буынын тәрбиелеп шығарды. 
Сөйтіп, Қазақстан 15 жылдан кейін мәдени, ағарту саласындағы табыстары, экономикалық 
потенциалының артуымен 1936 жылы Одақтас республика деңгейіне көтерілді. Осы 1937 
жылғы Конституцияда біздің бүгінгі тәуелсіздігімізге, тұтастығымызға негіз болған екі бап 
бар. Ол 15 бап – «Қазақ КСР-і КСРО-дан еркін бөлініп шығу правосы сақтайды» және 16 бап – 
«Қазақ КСР-нің территориясын Қазақстанның келісімінсіз өзгертуге болмайды». Осы заңдарды 
басшылыққа алып еліміздің іргесі сөгілмей бүгінгі күнге жетіп, 1991 жылы Кеңестер Одағы 
ыдырағанда Қазақстан да өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. 
Тәуелсіздіктің тарихы, оның өзегі сонау ХХ ғасырдың басынан басталады, яғни, 20-30 
жылдардағы Алаш арыстарының, қазақ зиялалырының өлшеусіз еңбегінің, төккен терінің 
арқасы десек қателеспейміз. Қарастырылған кезеңде КСРО-да ел экономикасын дамыту ұлттық 
жұмысшы мамандарды даярлаумен қоса жүрді: фабрика-зауыт оқыту мектептері, кәсіптік-
техникалық мектептер, кешкі курстар, өнеркәсіптік оқулар, техникалық үйірмелер ашылды. 
Автономиялы республикалар мен облыстарда жұмысшыларды Кеңес Одағының, Ресей мен 
Украинаның ірі өндірісті қалаларына іссапарға жіберіп білікті мамандар даярлау, тәжірибе 
үйрену кеңінен жүргізілді. Бұдан Қазақстан да тыс қалмады. 
Алайда, Қазақстанның орасан мол жер асты қазба байлығы бола тұра біржақты, тек 
шикізаттық бағытта дамуының бастауы да осы кезеңге тиесілі. Осы тақырыпта қарама-қарсы 
пікірлер, қызу айтыстар жүріп, соңында қазақ зиялылары жеңіліске ұшыраған болатын. Ұлы 
аштық, тәркілеу, жаппай саяси қуғын-сүргін осы кезеңге тиесілі. 
Дей тұрғанмен, үлкен шығындармен қоса Қазақстанның экономикалық, мәдени, ағарту 
әлеуметтік жағынан өсіп, дамуы да жүрді. Республикамыз индустриялы-аграрлы елге айналып, 
ұлттық жұмысшы кадрларды, инженерлік-техникалық интеллигенцияны қалыптастырудың 
негізі қаланды. 
Жалпы бұл кезең – тарихтағы аса ауыр кезең. Осы бір ауыр кезеңде қазақ зиялылары өзінің 
ұлылығын танытты. Олар өмір сүрген кезеңді Академик М. Қозыбаев «...асуы болса да шатқалы 
көп, өзендері болса да өткелі жоқ, тауларының панасы жоқ, ханы көп болса да қайырымы жоқ, 
наласы көп заманда өмір сүріп, ұлылығын таныта білді олар» деп айтқан болатын. Алайда, 
ұлтжанды зиялылардың барлығы да 1937-38 жылдарда сталиндік репрессияның құрбаны болды. 
Олардың ісі ата тарихымен бірге жасап, мәңгілікке барады. 
Сондықтан Алаштың мұраты болған тәуелсіздік бүгінде Алаштың бізге қалдырған мұрасы 
дейміз. Себебі, олар сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде тәуелсіздіктің берік экономикалық, мәдени, 
ағарту, әлеуметтік іргетасын қалап кетті. Осы қасиетті мұраны қастерлеу, сақтау, қорғау бүгінгі 
әрқайсымыздың міндетіміз. 
Ол үшін біздің әрқайсымыз бойымызға ұлы мұраның көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың, 
алаш арыстарының отансүйгіштігін, білімі мен танымын сіңіруіміз қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет