Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет198/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
292
қоныс аударылды. Республика 532 мыңнан аса эвакуацияланған адамдарды қабылдады. 
Қазақстанның 700 мыңнан аса еңбекшілері, негізінен қоныс аударылғандар, солардың ішінде 200 
мыңы қазақтар еңбек коллоналарына шақырылып, Орал мен Сібірдің құрылыс нысандарында 
еңбек етті. Соғыс қарсанында Қазақстанға 102 мың поляк депортацияланды. Әкімшілік тәртіпке 
Қазақстанға 360 мыңнан астам Поволжье немістері көшірілді. Соғыс жылдарында қалмақтарға, 
қарашайларға, ингуштерге, чечендерге, балқарларға, қырым татарларына, түрік- месхетиндерге 
де осындай пешене жазылды. Еліміздің орталық мемлекеттік мұрағатының 1 937- қорындағы, 
70- бумасындағы құжатта 1941жылдың 2 қазанына дейінгі мәлімет бойынша елімізге барлығы 
24 258 жер аударса, біздің облысымызға 2019 адам қоныстанған. Олардың арасында орыстар, 
украиндер, беларустар, еврейлер, поляктар, немістер, латыштар, литвалықтар, эстондар боды. 
Олардың саны күн санап өсіп жатты. Ұлы Отан соғысының барлық жылдарында еліміз сияқты 
Жамбыл облысында да жер аударылғандар қатары күннен- күнге көбейе түсті. Тек 1944 жылғы 
мәлімет бойынша бәздің облысымызда 21 810 чешен, балқар, ингуш, қарашай, бір сөзбен 
айтқанда, Солтүстік Кавказды мекендейтін басқада ұлт өкілдері жеткізіді. Кеңес өкіметі 
орнағаннан кейін ресми түрде Қазақстанға, оның ішінде біздің облысқа жер аударғандар 
поляктар болды. 
Поляктардың Қазақстанға жер аударылуының әр түрлі себептері бар. Алдымен, 1941 
жылы Өзбекстаннан еліміздің Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысына поляктар жер 
аударылса, бізге ұзақ жылдар бойы, беймәлім, құпия болып кеген СССР мен Германияның 
Польшаны бөлісуінен кейін қолға түскен тұтқындар қазақ жеріне көшірілді.Поляктардың біздің 
облысымызға келуіне тағы бір себебі Ұлы Отан соғысы жылдарында Польшаның уақытша 
өкіметі мен совет өкіметінің арасындағы қарым- қатынастың шиеленісуі болды.олар біздің 
облысымыздың Луговой және Шақпақ станцияларын уақытша тұрақ еткен, сонымен бірге, 
соғыс жылдары КСРО -ның түрмелерінде тұтқында отырған. Көптеген поляк азаматтарына 
рақымшылық жасалынды. Соның нәтижесінде олар біздің облысмызда уақытша аялдаған 
поляк армиясына қосылып жатты. Осының нәтижесінде біздің облысымызға алғаш поляктар 
қоныстанды. 
Соғыстың алғашқы жылы облысқа көп қоныстандырылған халықтың бірі – финдер. Бұдан 
кейін мұрағаттағы сақтаулы құжатарда әр ауданның осы мәселеге байланысты атқарылған 
жұмыстары хабарланған. Мәселен, Сверлов ауданы басшылар Жамбыл станциясынан 1075 
адамды, Үшбұлақ станциясына 1465 адамды, Ақшолақ станциясынан 960 жер аударылғандарды 
қарсы алатынын жеткізген. Сонымен бірге ауданға қоныстанатын 3 500 фин отбасыларын елді 
мекенге орналастыру жоспарланды. Осындай талаптарды өзгеде аудандар орындады. Көктерек 
ауданына 2000 фин көшіріліп әкелінетіні жоспарланған. Олар Көктерек, Қызылтал, Қызыл 
арна, Қараөзек, Фурманов, Сарқырама селолық советтері бойынша орналастырылып, жер 
аударылғандар эшалоны аялдаған станциядан олардың баратын елді- мекені қанша шақырым 
болатына дейін хабарлады. Талас ауданына- 1 502, Шуға – 4000, Луговойға – 3 500, Қордайға- 
4 500, Сарысуға- 1 000 фин қоныстанатын болған [4, 317 б]. 1941 жылы қыркүйек айында қоныс 
аударушыларды жылдам орналастыру мақсаты мен үш темір жол станцияларына бөлінді.
1.Жамбыл станциясына – 1075 адам
2.Үш-бұлақ станциясына – 1465 адам
3.Ақ- шолақ станциясына – 960 адам
Бесінші қыркүйекте Исполком Райсоветте арнайы бас қосу өткізіп, қоныс аударушыларды 
баспана мен қажетті заттар мен колхоз есебінен жабдықтауға қаулы шығарды. Қаулы 
жетінші кыркүйектен кеш қалмай орындауға тиісті болды. Қоныс аударушыларға тамақтану 
үшін Ақшолақ, Үшбұлақ сияқты станцияларына буфеттер ашуға ұсыныс жасады. Сонымен 
қатар азық –түлік, ұн жеткілікті мөлшерде беруді көздеді. Мұнда жалпы саны 21.810 адам 
қоныстандырылды. Олардың ішінде шешендер, болгар ингуш өкілдері болды. Олардың 5493-
і ерлер, 6170-і әйелдер, 10. 147-і 16 жасқа толмаған жасөспірімдер болды. Көшіп келген 24 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет