Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет22/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   225
Память во имя будущего

Б.Ә. Жапаров,
Қазақстан Республикасы Президенті Архивтінің директоры,
техника ғ.д., профессор 
Құрметті форумға қатысушылар!
Қазақстан Халқы Ассамблеясы қолдауымен өткізіліп отырған бұл Форум жыл сайын өтетін 
дәстүрге айналды. Ассамблея қызметінің маңызды бағыттарының бірі – тарихи мұраны зерделеу 
және ұлттық бірлікті нығайту, этносаралық толерантты мәдениетті қалыптастырудың біріктіруші 
факторларын іздестіру болып табылады. Осы маңызды отандық іске архившылардың да тікелей 
қатысы бар. Ұлттық архив қорын насихаттау, тарихи деректер негізінде еліміздің тарихына 
бұқара халықтын назарын аудара отырып, қоғамды тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік арқылы 
мемлекеттіліктің іргетасын нығайту – отандық архивтердің жаңа қазақстандық патриотизмді 
қалыптастыруға қосқан үлесі болып табылады.
ҚР Президенті Архивінің Ассамблеямен ғылыми-шығармашылық серіктестігі 2010 
жылдан бері үзбей жалғасуда. Сол жылы мамыр айында болған Астана қаласындағы ТМД 
елдері тарихшыларының 1-ші Форумында ХХ ғасыр тарихының құжаттар мен естеліктерін 
жинақтауға және жариялауға баса назар аударды. Бұл тоталитаризмнен зардап шеккен 
халықтардың тарихы әрдайым тарих ғылымының күн тәртібінен түспейтінін көрсетеді. «Өткен 
буын және олардың трагедиясы туралы естелікті сақтау – біздің парызымыз, бұл қасіреттің 
қайталануына біз ешқашан жол бермеуіміздің кепілі...» – деген Елбасының сөздері патриотизм 
мен мемлекеттіліктің, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің халық жадысына негізделгенін 
көрсетеді. 
«Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» жобасы тарихи естеліктер арқылы ұлттық бірлікті 
және этносаралық төзімді ортаны нығайтуға мүмкіндік береді.
ҚР Президентінің Архиві жыл сайын форум жұмысына Қазақстандағы 1930 жж. жаппай 
қуғын-сүргін мен ашаршылық тарихын суреттейтін архив материалдарын көрсетумен өз үлесін 
қосып келеді. Осы жылы «Тар жол, тайғақ кешу» атты көрме ұсынылып отыр. Көрменің құжаттар 
топтамасы ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы аграрлық реформалар, жаппай ашаршылық, 
Қазақстанға жер аударылған халықтар тарихын және ұлт қаймақтарын жаппай жою кезеңін 
ашады. Бұл материалдар өткеннен сабақ алуға, сол жылдардағы қасіреттің себептерін талдауға, 
ата-бабамыздың аман қалуындағы теңдесіз тәжірибесін алуға және оларға құрмет көрсетуге 
ықпал етеді.
Аталған мәселелер Қызылорда облысы тарихына тікелей қатысты. Қызылорда өңірі 
мемлекеттік маңызды тарихи басымдыққа ие. Қызылорда қаласы ХХ ғ. 20-шы жылдарында 
Қазақстанның астанасы мәртебесі құрметіне ие болды. Көне заманда бүгінгі Қызылорда облысы 
мекендеген аумақта қаңлылар мен оғыздар тұтас түркі мемлекеттерін құрып, бұл аймақты ұлы 
жібек жолындағы саяси орталыққа айналдырды. Облыс тарихы сондай-ақ рухани мәдениетке 
де бай. Аймақта қазақ халқының батырлары, данышпандары, ақындары мен ойшылдарының 
ескерткіштері сақталған, соның ішінде Қорқыт атаны бүкіл түркі әлемі пір тұтқан. 
1930–1940 жж. Қызылорда аумағы саяси жер аударылған, күштеп қоныс аударған, ұлы 
отан соғысында эвакуацияланған халықтардың екінші отанына, екінші үйіне айналды. Олар 
жергілікті халықтың қамқорлығына алынды. Сондықтан кезекті форумды дәл осы жерде өткізу 
заңдылық болып табылады. 
1930–1940 жж. мемлекеттер арасында әлемдік аренадағы саяси басымдық үшін қатулы 
күрестің шарықтау шегі болды. Осы мақсатқа жетуде КСРО-ның өз халқына, шет аймақтағы 
бодан халықтарға қатысты саясаты ізгіліктің барлық шегінен шықты. 
Кең алқапты, елі малға, жері пайдалы қазбаға толы Қазақстан айрықша зардап шекті. Қасірет 
орны толмас шығынға батырған көшпелі қазақтардың ауыл шаруашылығын саяси-экономикалық 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
31
қайта жаңартудан басталды. Бұл шара мемлекеттің ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі мал 
шаруашылығын қысқа мерзімде шаруашылықтың басқа түріне ауыстыруға мүмкіншілігі жоқ 
жағдайда жасалды. Сондықтан науқан халық тарапынан қарсылыққа ұшырады. Жүйеге қарсы 
шыққандар қатаң жазаланды, түрмелерге жабылды, туған жерінен айдалды, кейде сот үкімінсіз 
атылып жатты. Волюнтаристік саясаттың салдары экономикалық құлдырауға, қазақ халқының 
демографиялық күйреуіне әкеп соқты.
Ашаршылықтан әлсіреп, рухы жаншылған қазақ халқы ізгілік пен адамгершілік 
құндылықтарын жоғалтпады. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында «сенімсіз» деп танылып, 
шекаралық аудандардан жер аударылған халықты паналатты. Оларға өздерінің соңғы тілім 
нанын беріп, тұрмыстық заттармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Жетім қалған балаларын 
асырап алып, махабат пен мейірімге бөледі. Күштеп қоныс аударылған халық ұзақ жол азабынан 
кейін қазақ халқының осындай жомарттығынын арқасында аман қалды.
Жеке басқа табынушылық 1930 жж. аяғында ұлт белсеңділерін «халық жауы» ретінде 
жаппай жоюмен күшейе түсті. Жаппай қуғын-сүргіннің келесі құрбандары Ұлы Отан соғысы 
майдандарында неміс қолына түскен әскеритұтқындар болды. Олар автоматты түрде «отан 
сатқындары» болып танылды. Кеңес билігінің саяси тәртібінің миллиондаған құрбандары өз 
мерзімдерін Қазақстан аумағында арнайы салынған лагерьлерде өтті. Осы қасіреттің барлығы 
жасанды жолмен құрылған қоғамдық зілзала.
Президент Архиві дайындаған 1930–1951 жж. халықтардың жер аудару тарихы туралы 
құжаттар жинақтарының 1-ші (2012 ж.) және 2-ші (2015 ж.) томдары жарық көрген еді. Осы Форум 
аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында архивистер этникалық жер 
аудару науқаны туралы баяндайтын құжаттар жинағының 2-ші томын жұртшылыққа ұсынған 
болатын. Ұлттық архив қоры құжаттары Қазақстанды халықтарды біріктірген тарихи кезеңнің 
қасіретін айғақтай алады. Құжаттар жинақтарына тарихшылар да, этномәдени қауымдастық та 
үлкен баға берді. Құжаттар жинағының үшінші томын даярлануда. 
Сондай-ақ, осы жылы ҚР Президент Архивінде осындай ғылыми ізденістер жаңа бағыт 
тапты. ҚР Президенті Архиві қазақ елінің қасіретті тарихы тарихнамасының осал тұстарын 
оңтайландыру мақсатында ашаршылық құрбандары, сондай-ақ қазақстандық әскери тұтқындар 
туралы барлық персоналды мәліметтері көрсетілген республикалық деректер базаларын 
құрылды. Бүгінде базалар жетілдіріп келеді. Ол үшін еліміздің осы аталған тақырыптағы 
құжаттар сақталған отандық және шетелдік архивтермен, мүдделі халық топтарымен, яғни 
қасірет құрбандарының тікелей ұрпақтарымен, туыстарымен байланыс орнатып, бар деректерді 
жинақтап, өңдеу жұмысы жүргізілуде. Қазіргі сәтте өткен жылы бастау алған asharshylyk.kz 
базасына 1316 есім анықталса, tytkun.kz 34 мыңнан астам есіммен толықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет