«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
32
ХАЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІКТІ
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ
Н.С. Байқадамов,
Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы, тарих ғ.к., доцент
Осындай беделді форумға қатысуға және баяндама жасау құрметіне ие болғаным үшін
ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін.
Сыр өңірінде бірнеше күн бойы келелі мәселелер талқылануда. Күні кеше әлемдік мәселе
болып тұрған Аралды дамытудың халақаралық форумы өтті. Ал бүгін конференциядада көп
мәселе ортаға түсетініне сенім мол. Бұл заңды да. Өйткені, бұл өңірді Ұлт Көшбасшысы,
Алаштың анасы деп атады. Мағжан Жұмабаев айтқандай «Көк Түрік енші алып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?». Ал дәстүр бойынша Ананың қара шаңырақта болатыны
және келелі мәселелер сол жерде ой талқысына салынатыны бесенеден белгілі.
Бұл жиынға арқау болған ұлттық сананы нығайтудың бірден бір жолы сол ұлттың тарихы
екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар. Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың айтқанындай: «ұлттық
сананы қалыптастыру үшін Ұлы Дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек». Өйткені, тарихи
тәжірибе –
ақылдың ұстазы, ой-пікірдің де жол сілтеушісі.
Тарих ғылымының мақсат-мұраты анық болса ғана ұлттың мәңгілік берекесіне, әрі
түгесілмейтін қазынасына айналады.
Бүгінгі тарих ғылымы, мемлекеттер дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру үшін
саяси
маңызды оқиғаларды зерттейтін эмпирикалық ғылымнан, қоғамды оны даму динамикасы
барысында зерттейтін ғылымға айналды. Бұл тұрғыдан келгенде тарихи жады әлеуметтік даму
стратегиясын анықтаудың басты материалдарының бірі болып табылатынын да ұмытпағанымыз
жөн.
Осыған сәйкес, Қазақстан халқы ассамблеясының беделін ескере отырып, бірнеше мәселеге
тоқталғым келіп тұр. Бұл мүмкін бұрын да айтылып жүрген ойлар болуы мүмкін, дегенмен,
қайта ортаға салынғаннан ұтыла қоймаспыз.
Біріншден, біз тарихпен әуесқойлар мен кәсіби тарихшылардың еңбектерінен танысамыз.
Оның үстіне көпшілік жұрт негізінен оқуға жеңіл болғандықтан
әуесқой тарихшылардың
жазбасынан ақпараттанады.
Ал кәсіби тарихшылардың еңбегі көпшілікке емес, ғылыми ортада оқылады. Сондықтан,
барлық еңбектерге ғылыми негіз болуы үшін тез арада қазақ тарихын кеңейтіп жазуымыз керек
және оның ғылыми редакциялық кеңесіне отандық ғалымдармен бірге әлемдік тарихшылар
кеңінен тартылуы тиіс. Өйткені, бұл, тарихымыздың әлемдік өркениет тарихының құрамдас
бөлігі ретінде мойындалуына себеп болады. Ал бүгінгі қолданыстағы 5 томдық Қазақстан
тарихы, отарлаушылар жазған тарихтың методологиясының шеңберінде қалған.
Екіншіден, бүгінгі күні алдымыздан
шығып отырған мәселе, ол деректану саласындағы
кадрлар сабақтастығының үзіліп қалуы. Бүгінгі тарих ғылымының қоғамдағы орнына
байланысты, жастарда бұл бағытта қызығушылық жоқтың қасы. Рухани жаңғыру бағытында
осы бос кеңістікті орнына келтіруге күш салуымыз қажет. Ұстаның
құралсыз өнім шығара
алмайтыны сияқты, дерексіз, деректанусыз тарихшыдан да толыққанды өнім күте алмаймыз.
Ұлттық руханиятымыздан сусындаған жаңғыру – ұлт жадының нақты тұғырнамасы.
Ал тарихи жады мен оған негізделген тарихи сана әртүрлі қауымдастықтармен топтардың
шынайылық, ақиқаттылық туралы түсінігімен анықталатын құбылыс деп қарағанымыз дұрыс
шығар. Осыдан шығатыны, ұлт, біздің жағдайымызда қазақстандық ұлттың, әрбір өкілі ортақ
мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы тиіс.
Оның да негізі, тарихты білу және оның елді
тұтастыру факторын алға шығару болып табылады. Неғұрлым ғасырлар түбіне тереңдей берген
сайын, соғұрлым тектес халықтардың арасындағы айырмашылық жойыла береді есе пе?.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
33
Біздегі бір құбылыс, кәсіби мамандар арасында болмаса да, қоғамның негізгі мүшелері
арасында, көп ұлттық тарихымыз депортация тарихының шеңберінен шыға алмай жүр. Содан
кейін кейбір түсініксіз мәселелер туындайды. Мысалы, жақында әлеуметтік желіде талқылауға
себеп болған Ақтөбедегі армяндардың «Хачкар» ескерткішінде түріктердің армяндарға жасаған
геноцидінің құрбандарын еске алу шарасы жөніндегі пікір – талас біршама ой салды. Бір жағы
айтады, бұлай бола берсе, қазақстандағы әрбір этнос өкілі, мысалы шешен-орыс, бүгінгі украин-
орыс арасындағы сияқты т.б қақтығыстардың құрбандарына ескерткіш қоя берсек арты не
болады дейді. Екінші жағы, қазақтар басқа жақта қойса кім қарсы, армяндар, қазақ зиялылары
сияқты сөзбен емес, нақты патриоттық іспен айналсуда деген сияқты пікірді қозғайды. Бұл да
ассамблея жұмысының бір бағыты ғой есептеймін.
Өз тарапымнан ұсынысым, қай ұлт болса да, қасіреттен ада емес. Бірақ ол кім үшін қасірет,
кім үшін қасиет. Қасіретті еске алмай тұра алмайтынымызда ортақ құбылыс. Сондықтан, бұндай
шаралар, қасірет дегеніміз, адамзатқа жасалған зұлымдық деп түсіндіре алатындай мақсатта
болғаны дұрыс.
Ол үшін, бүгінгі жаңарған кешен сияқты қасиетті жерлер, ішінде сонау «ақтабан шұбырынды,
алқа көл сұламадан» – кешегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейінгі ұлттық қасіретіміз
айқындалып, адамзат тарихындағы қасіреттердің құрбандарын еске алуға арналуы тиіс. Уақыт
өте келе, бүгін бөлек жүрген Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған «мәңгілік отта» соның
ішіне енетін болар.
Келесі айтайын дегенім, тарихи жады бар жерде, ұмыту дегенде бар. Жалпы ұмытудың,
ұлттардың жойылып кетуі, саяси-идеологиялық мақсатта әдейі ұмыту, «табиғи ұмыту» сияқты
т.б түрлері бар.
Адамдар бір оқиғаларды бірқатар уақыт өткесін ұмытып, басқа оқиғаның маңыздылығын
көтеруге бейім болады. Бізге бұл жерде нені ұмыту және не үшін ұмыту керек дегенді ескеруіміз
керек. Отандық тарихшылардың бір тобы, мемлекет аралық, ұлт аралық достық байланыстарға
қатысты кейбір тарихи оқиғаларға тереңдей беруге қарсы болса, енді бірі сонда тарихи шындық
айтпаймыз ба? деп қарсы шығады.
Профессор, жырау Алмас Алматовтың сөздерді үш топқа бөлетін тұжырымы бар еді: «яғни,
айтуға болатын, бірақ тыңдауға болмайтын, екіншісі тыңдауға болатын, бірақ айтуға болмайтын,
үшіншісі айтуға да тыңдауға болатын сөздер» деп. Осы дұрыс ұстаным деп ойлаймын. Қалай
болғанда да, найзамыздың басына үкі байлап, «достасқанға құшағы ашық туыстай, жауласқанға
қиып түсер қылыштай» деген принциппен өмір сүрген қазақтардың басты мұраты, өз ұрпағының
бақыты үшін күресі тарапынан тарихты түсінуіміз керек.
Тарихтың басты рөлдерінің бірі әлеуметтік әділеттілікті орнына келтіру екендігі баршаға
түсінікті. Дегенмен Бауыржан Момышұлының «ақиқат,
шындық дейтін бар, бірақ ол үнемі
кешігіп жүреді» деген сөзі де бар. Көп түйткіл уақыт тезінен өткен ақиқаттың келуімен ғана
шешіледі. Оның ішінде де, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін маңызды деген ақпараттарды екшеп
алу үдерісінің орнын дұрыс пайдаланғанымыз жөн. Ол ұлттық сананы қалыптастыратын ұлттық
рухани құндылықтарымыздың маңызын арттырады. Қалай болғанда да мемлекет құраушы қазақ
ұлтының мүддесі түпкілікті қорғалмай, әрбір қазақ ұлт үшін атқаратын қызметін дәл түсінбей,
ұлтымыз сауатты, бәсекеге қабілетті болмай, Қазақстанда тыныштықты да, тұрақтылықты да
ұстап тұру қиын.
Яғни, тұрақты ұлттық сана, қоғамдағы тұрақтылықтың басты көрсеткіші деген тұжырымға
келеміз.
Ол үшін басқарушы менеджерлер қатарына, ұлттық ой-сананы қастерлейтін, ұлт мүддесін
жоғары ұстанатын, ұлттық қасиетті жүрегімен сезінетін, алға сүйрейтін ұлтжанды мамандарды
көптеп тартуымыз керек.