Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын



Pdf көрінісі
бет3/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225
Память во имя будущего

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын
еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» –
«Память во имя будущего» атты халықаралық форумға қатысушылардың 
Қазақстан халқына 
ҮНДЕУІ
Қызылорда қ. 
 

 
 
 
 
2017 жылғы 31 мамыр 
Біз, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап өткізіп келе жатқан «Тарихтан тағылым – 
өткенге тағзым» атты халықаралық форумға қатысушылар, тарихи зерде халықтың қоғамдық 
санасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатынын атап айтамыз!
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әрбір 
жұрт тарихтан өзінше тағылым алады. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, 
зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек» деп атап 
өтті.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында, Президент 
Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін 
құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Биылғы жылы көптеген қазақстандық этностар Қазақстанға жаппай жер аударудың 80 
жылдығын атап өтуде.
 Еске алу күні – Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихын құрметтеуі 
және есте сақтауы.
Еске алу күні – миллиондаған адамдардың өмірін құрбан еткен тоталитарлық режимнен 
шығудың символы. Қазақстан халқы үшін Еске алу күнінің мағынасы терең. 
Әрбір этнос, әрбір отбасы тоталитарлық жүйенің зауалына ұшырады.
Еске алу күні – еліне адал қызмет етсе де, қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккендерді 
ұлықтау.
Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы – сол қасіретті кезеңнің тарихи тағылымын 
өскелең ұрпақтың санасына жеткізу, бірлік пен келісімді қастерлеуге баулу. 
2017 жылғы форумды өткізу орны ретінде Қызылорда облысы таңдалғаны кездейсоқтық 
емес, Қызылорда қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды. 
Қазақ халқы, сол кездегі өз жағдайының ауырлығына қарамастан, жер аударылған 1,5 млн 
неміс, поляк, корей, шешен, түрік, грек және басқа да этностардың өкілдерін бауырына басты.
Дәл сол уақытта, біздің қасиетті жерімізде барлық этностардың татулық пен бірлікте өмір 
сүруінің негіздері қаланды.
Бүгінгі таңда, Ұлы Отан соғысының сұрапыл шайқастарында қаза тапқандар туралы 
естеліктер де біздің азаматтарымыздың жүрегінде сақталады. 
ХХ ғасыр тарихының қасіретке толы жылдарын есте сақтау Қазақстанның барлық 
азаматтарының қасиетті борышы болып қала береді.
Бірлік, Ынтымақ, Тұрақтылық – Қазақстанның дамуының басты қағидаттары, еліміздің 
гүлденуінің берік негізі.
Біз, «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық 
конференцияға қатысушылар, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын тарихи зердені 
сақтауға, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, ортақ игілік және жасампаздық жолында қызмет 
етуге шақырамыз.
Біздің бірлігіміз ортақ тарихымызға, бірге еңсерген қиындықтарымыз бен жеңістерімізге 
негізделген!


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
4
Өмірде, материалдық қана емес, рухани тұрғыдан да сапалы өзгерістер арқылы келетін 
үнемі ізденіс үстінде болу – гүлденген және өркендеген Қазақстанды тұрақты дамытуға ықпал 
етеді. 
Жаңғырту, тарихтың өзі сияқты – тұрақты жалғасатын процесс. Дамудың жаңа кезеңінде 
Қазақстанның жарқын болашақ құру жолындағы бірегей тарихи мүмкіндігі бар. 
Ол үшін жаңаруға талпыну, прагматизм мен реализм, білім культі біздің дамуымыздың 
басты қағидаты болуы тиіс. Осыған ілесе алмағандар тарихтың шаңында қалады.
Біз, Қазақстан азаматтарын, ғылыми зиялы қауым өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет