«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
11
қарқынымен күшейтілді. Осы уақыттан 1938 жыл аралығында Қазақстанда 25833 адам партиядан
шығарылып, олардың 8544-і «Халық жаулары» не олардың «сыбайластары», «әлеуметтік жат
элементтер» ретінде айыпталды. Белгілі қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық
жазаланды.
Қуғын-сүргін басталған жылдан Сталин дүниеден өткенге (1953 жылға) дейін Қазақстанда
103 мың адамға саяси айып тағылып, оның 25 мыңы ОГПУ-НКВД үштіктері үкімімен, сот
үкімімен атылыпты. Олар негізінен
халықтың қадірлі азаматтары, ұлттың қаймақтары еді.
Біздің Сыр бойында сол сұрапыл кезеңде жазықсыз азаматтардың үстінен 2 мыңнан астам
қылмыстық іс қозғалып, тіпті бір іс бойынша бірнеше адам тартылып, 200 адам ату жазасына
кесілген.
1897 жылы Ресей империясы жүргізген жалпы санақта қазақ халқының саны 4 миллион
120 мың адам болды. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың кітабында туған топырағымызда 1913
жылы 6 миллион қазақтың болғаны жөнінде жазылған. Егер сол кездегі 6 миллион халық жыл
сайын 5 пайызға өскеннің өзінде, қазақ қазір 30 миллионның үстінде болады екен. Осының өзі
халқымыздың қасіретті қырғынды басынан өткергенінің дәлелі емес пе?
1937 жылдан бастап «Отанын сатқандар» қатарына жатқызылған халықтарды депортациялау
басталды. «Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында»,
– деген желеумен алғаш Қазақстанға Қиыр Шығыстан 18526 корей отбасы, барлығы 102
мың корей күштеп көшірілді. 102 мың поляк жер аударылды. Жаумен ынтымақтасты деген
сылтаумен 1941 жылы Қазақстанға 361 мың неміс жер аударылды. 40
мыңнан астам неміс
ұлтының өкілдері сенімсіздер ретінде майдандағы әскер бөлімдерінен босатылды. 1943-1944
жылдары Қазақстанға 507 мың адам жер аударылды, олардың ішінде поляктар, қарашайлар,
шешендер, ингуштар, тағы басқалары болды.
1944 жылы Орта Азия республикалары мен Қазақстан Грузияның Месхетия өңірінен жер
аударылған 110 мыңнан астам мұсылман халқын қабылдауға мәжбүр болды.
Сталиндік зұлмат тұтас ұлттарды сойқан саясаттың құрбаны етті. Қазақстанға осы кезеңде
1 миллион 210 мың адам жер аударылған екен. Олардың көпшілігі Сыр бойын паналады.
«Орнында бар оңалар», дейді халық даналығы. Кешегі қуғын-сүргіннің зардабын тартқан
ұлттар бүгінгі күні қазақ халқымен бірге өмір сүріп, біте қайнасты. Қазіргі кезеңде олар Тәуелсіз
Қазақстанды, Сыр өңірін гүлдендіру, көркейту мақсатында берекелі бірлікте, тату тірлікте тізе
қосып, еңбек етуде.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жаппай
саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға қатысты
әділеттілікті қалпына келтіру, осы
қуғын-сүргіннің барлық құрбандарын ақтау, оларға тигізген моральдық және материалдық
залалды қазіргі уақытта барынша мүмкін болатын өтеуді қамтамасыз ету мақсатында 1993
жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылдады.
Ел Президентінің 1996 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен «1997 жыл – Жалпыұлттық
татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.
Мемлекет Басшысының 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленді.
Бүгін біз сол қасіретті де азалы күндерімізді ұрпағымыз ұмытпасын, бабалар басынан өткен
зұлматты
жылдарды жадында сақтап, құрметін білдірсін деген ниетпен Саяси-қуғын сүргін
және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш-белгіні реставрациядан өткізіп, қайта
аштық.
Қызылордада қуғын-сүргіннің құрбаны болған азаматтардың сүйектері жерленген жерде
ескерткіш-белгі орнатылуы, жыл сайын дәл осы күні оларды еске алу шараларының өткізілуі
– кешегі қасіретті тарихты ұмытпаудың, әділеттің ақ жолында бастарын бәйгеге тіккен әкелер
мен
ағаларды мәңгі есте сақтаудың, өткеннен сабақ алудың қажет дәстүрі.