Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


Принято на международном форуме



Pdf көрінісі
бет7/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   225
Память во имя будущего

Принято на международном форуме
 «Память во имя будущего»
31 мая 2017 г.
г. Кызылорда


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
7
«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» халықаралық жобасы аясында 
өтетін «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты 
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – Қызылорда, 2017 
__________________________________________________________________
Материалы научно-практической конференции «Историческая память – фундамент 
модернизации общественного сознания» в рамках международного проекта 
«ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО» – Кызылорда, 2017
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ
Г.Н. Әбдіқалықова,
 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы 
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Тарихтан тағылым – 
өткенге тағзым» халықаралық жобасы биыл Сыр өңірінде өткізілуде.
Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған бұл тағылымды бастама 2010 жылы алғаш 
рет Астана қаласының «АЛЖИР» қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық-музейінде 
өткізілген еді. Зұлматты жылдар құрбандарын еске алуға арналған халықаралық жоба содан 
кейін Қарағандыда, Талдықорғанда, Шымкентте, Семейде, Оралда және Жезқазғанда жүзеге 
асырылып, осы жылы Қызылорда облысында өзінің жалғасын тауып отыр.
Қызылорда – мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуында ерекше орны бар, оның алғашқы 
астаналарының бірі болған тарихи қала.
Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа, 
Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батыры атанған 
22 майдангер ерлеріміздің есімдері – бүкіл қазақ елінің мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек 
Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай 
Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті топырақ екендігі ақиқат.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаласында: «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз 
еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих 
туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ. Өткен ХХ 
ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды», – деп атап өтті.
Біз бүгінгі күнімізді өткен жүзжылдықтың қазақ халқы үшін қасіретті беттерінің бірі 
болған саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етуден бастап, 
тарихымыздың қилы кезеңдерін ой таразысына салып, саралауға арналған «Тарихи жады және 
тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияға жиналып 
отырмыз.
Форум тақырыбына қатысты айтар болсақ, қазақ халқының асылдарын қынадай қырған 
нәубет – саяси қуғын-сүргін Сыр жұртшылығын да айналып өткен жоқ. Қолда бар мәліметтерге 
қарағанда, тоталитарлық жүйе жүргізген саясаттың салдарынан облыс бойынша 4038 отбасы 
қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған екен.
Ашаршылық жылдары қаза болғандардың да нақты саны белгісіз. Ашаршылық кезеңін 
зерттеушілер жылдар бойы құпия жағдайда сақталған архив құжаттарын көтеріп, тың мәліметтер 
табуда. Олардың ішінде Сыр бойының жұртшылығына байланысты деректер де мол. Мәселен, 
нәубет жылдарының ауыртпалықтары туралы жазылған туындыларда халықтың аштан өлмеу 
үшін тасбақа аулап, тентіреп кеткені және бұдан да басқа жан түршігерлік оқиғалардың орын 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
8
алғаны туралы ащы шындықтар айтылады. Сондықтан, бүгінгі ұрпақ тарих сындарынан сабақ 
алып, ынсапты болуға, тоқшылық заманның, бейбіт өмірдің қадірін білуге тиіс.
Тарихшылар саяси қуғын-сүргін белең алған зұлмат заманда басқа көрші мемлекеттерге 
қарағанда біздің халқымыздың көбірек зардап шеккенін атап көрсетеді. Халықтың төрттен бірі 
бас сауғалап шетелдерге көшкен. Елде қалған ардақтыларымыз атылды, айдалды, түрмелерге 
қамалды, ар-намыстары тапталды.
Бұл өткен ғасырдың 20–30-шы жылдары – кеңестік кезеңнің алғашқы ширегінде 
орнаған әкімшіл-әміршіл жүйе тудырған бір жағынан, саяси әлімжеттіктің, екінші жағынан
қорғансыздықтың көрінісі болатын. Сондай-ақ күштеп отырықшыландыру, байларды зорлық-
зомбылықпен тәркілеу белең алды. Оның үстіне «шолақ белсенділер» де адамдарды бір-біріне 
айдап салып, адал жолдан тайдырды, сүттей ұйыған қауымды әбден аздырды.
Шынында да ол – ұлттың дамуына қарсы бағытталған зұлмат жылдар еді.
Осы күндері еліміздің барлық өңірлерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-
шаралары өтуде.
Сол заманның оқиғаларын есте сақтау бүгінгі ұрпақ үшін қасиетті парыз.
Деректанушы ғалымдар өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап арнайы экспедициялар 
жасақтап, іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің архиві 1930–1933 жылдардағы ашаршылықты 
зерттеу жобасын іске асырды.
Қуғын-сүргіннің құрбанынан айналған 100 мыңнан астам адамдар туралы ақпарат қамтылған 
«Мемориал» веб-порталы іске қосылып, әрбір облыста «Аза кітабы» шығарылды.
Мәселен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің архивінде сол жылдары қозғалған 
6000-нан астам қылмыстық істің құжаттары бар. Бұл ғалымдар, тарихшылар, журналистер үшін 
құнды дерек болып табылады. Өйткені онда адамдардың тағдыры, еліміздің тарихи беттері бар.
Бүгінгі конференция осы бағыттағы жұмыстарды заман биігінен таразылап, тұжырым 
жасауға ұмтылыстың тағылымды бір қадамы болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет