Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет35/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Қабдолов З. Сөз өнері: әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1983. – 368 б.
2. Досанов С. Қылбұрау (Ұлы Даланың ұлы қайғысы): Роман. – Алматы: Атамұра, 2003. – 
400 б.
3. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми зерттеулер, еңбектер: 
монографиялары, мақалалары, сөздері, баяндамалары, өлеңдері, аудармалары, хаттары. – 
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 479 б.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
51
АЛАШТЫҢ АҚИЫҒЫ – ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ
А.Ж. Асанбаева,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы,
Қызылорда қ., Қазақстан
Ұлт зиялыларының елінің ертеңі үшін аянбай еңбек еткен көрнекті өкілдерінің бірі де 
бірегейі ХХ ғасыр басындағы дүбелеңнің бел ортасында жүріп, туған халқының көкірегіне 
сәуле құюды армандаған, ел көсегесінің көгеруін басты мақсат тұтқан қазақ халқының өкілі 
Халел Досмұхамедов жұртына көп жұмыс істеп, еңбек сіңірген біртуар азаматтарымыздың бірі.
Халел Досмұхамедов 1883 жылы 4 сәуірде Атырау облысы, Қызылқоған ауданы, Тайсойған 
облысында дүниеге келген. Оның жастайынан білім бұлағынан сусындап, талаптануына өскен 
ортасының тікелей ықпалы ерекше. Орыс-қазақ мектебіне түскен ол мектептен кейін білімін 
Орал реалдық училищесінде жалғастырады. Оны 1903 жылы үздік бітіріп, Санкт-Петербургтегі 
Әскери медицина академиясына оқуға түсіп, емші дәрігер атағын алады.
Халел Досмұхаметовтың қоғамдық – саяси қайраткерлік қадамы Санкт-Петербургте оқыған 
жылдардан басталды. Ол Әскери медициналық академиясында оқыған кезінде бүкіл Ресейде 
болған, өз кезегінде дүниені дүр сілкіндірген 1905-1907 жылдардағы төңкерісті көзімен көреді. 
1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік Мұсылмандар сьезіне қатысты, саяси 
күрес пен қызметтің мектебінен өтті. Зиялылар тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру, 
жалпықазақ съезін шақыру туралы алғышарттар осы кезде қалыптасты. 1917 жылдың 21-26 
шілдесәнде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясының құрылуы 
қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды. Осы съезде Халел Досмұхамедов Бүкілресейлік 
Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
Араға бірнеше ай салып Орынбор қаласында желтоқсан айының 5–13 күндері Екінші 
Жалпықазақ съезі ашылып, күн тәртібіне «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының 
талаптарынан және елде қалыптасқан қоғамдық-саяси өзгерістерден туындаған 10 мәселе 
ұсынылды. Халел Досмұхамедов съезде Алашорда үкіметінің ұлт кеңесінің құрамына 
сайланды және оның жұмысы барысында төрағалық етеді. Тарихи деректер сыр шерткендей, 
ІІ Жалпықазақ съезінде автономияны жариялау төңірегінде болған қызу айтыстарда Халел 
және Жаһанша Досмұхамедовтер бірден қазақ автономиясын жариялауды талап еткен батыл 
ұстанымда болды. Ә.Бөкейханов Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше 
автономияны жариялауды кідірте тұрудың қажеттігін айтады. Дегенмен, ұлттық, халықтың 
мүддені жеке басының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов басқарған съезд 
делегаттары «Алаш» автономиясын жариялауға байланысты ортақ келісімге келеді.
1918 жылы 18 қаңтарда қызылдар жасағы Орынбор қаласын басып алғаннан соң, барлық 
қазақ жерлерін біртұтас қазақ автономиясына біріктіре алмаған Алашорда үкіметі бірлігінен 
айырылып қалады. Үкімет мүшелерінің біразы Семей қаласына келіп, өздерін Алашорданың 
шығыс бөлімі деп жарияласа, екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты елді мекеніне келіп, 
өздерін Алашорда үкіметінің Батыс бөлімі немесе Ойыл уәлаяты деп атады.
Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі күшейіп жатқан кезде Алашорда 
орталық кеңесі үкіметімен және оның жергілікті оргондарымен амалсыз байланыс жасауға 
мәжбүр болды. Осы кезеңде Халел Досмұхамедовтің Алашорда үкіметін құруға қатысқандығы 
және көптеген жұмыстар атқарғандығы туралы оның Түркістан халық денсаулық сақтау 
комиссариатында сақталған өз қолымен толтырылған анкеталық мәлімдемесінде «1918-1920 
жылдары Қырғыздардың (қазақтардың – С.А), ұлтшыл ұйымы Алашорданың мүшесі болдым», 
– деп жазылған.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
52
Х.Досмұхамедов – 1918–1919 жылдары мемлекеттік саяси құрылым ретінде өмір сүрген 
Ойыл уәлаятының негізін салушылардың бірі. 1918 жылы 18–21 мамыр аралығында Жымпиты 
қаласынла Орал өңірі қазақтарының облыстық съезі өтеді. Ілбішін, Ойыл, Орал уездерінен 
300-ден астам делегат қатысқан басқосуда оны ұйымдастырушы Досмұхамедовтер 20 мәселе 
төңірегінде өз бағыттарын айқындап, сол кездегі ең өзекті мәселелерді шешуге ұмтылды. 
Олардың қатарында Жалпы мемлекеттік аймақтық және ұлттық саясатқа байланысты мәселер 
бар болатын. Х.Досмұхаметов земстволық жиналысқа «гласныйлар» сайлау және земство 
басқармасын құруға барынша ат салысады. Оны өзі толығырақ анкеталық деректен айқын 
көруімізге болады. Ол онда «1917–1918 жылдары Орал облыстық земствосында қызмет еттім» 
деп жазады. 
1918 жылдың 8–23 қыркүйегінде өткен кеңеске қатысқан Жаһанша бастаған делегация 
«Ойыл уәлаятын» таратып, оның орнына Орал облысында орналасқан Батыс Алашорда 
жетекшілері үкіметті Ойылға көшіріп, Жымпитыда қорғаныс комитетін құрады. Ревком 
дала жұртын Кеңес үкіметінің тәртібіне бағынуға шақырады. Сәл кейініректе 1920 жылдың 
5 наурызында Алашорда үкіметінің Батыс бөлімі таратылады, оның мүшелеріне кешірім 
жасалып, олардың көпшілігі қазақ даласынан оқшау жерлерге қызметке жіберіледі. Кеңес 
үкіметі тарапынан кешірім жасалған Х.Досмұхамедовтің де ендігі жерде табиғат берген 
дарынының арқасында өз халқына оқу-ағарту, ғылыми ұйымдастырушылық салаларында білек 
сыбана қызмет етуге кіріседі. Ол 1920–1925 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінің 
медицина факультетінде ординатор, Түркістан автономиялық Республикасына Орталық 
Атқару комитеті жанындағы қырғыз- қазақ білім комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. 
Әсіресе, Ташкентте өткізілген 10 жылының ішінде шын мәнінде Қазақстан мен Орта Азияда 
денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушысының бірі болды. 1930 жылы Алашорда 
құрамында болғандығы үшін саяси айып тағылып, жұмысынан босатылып, Ресейдің Воронеж 
қаласына жер аударылады. Сөйтіп, қуғын-сүргін кезеңі басталған тұста 1938 жылы 26 шілдеде 
тұтқынға алынады. Қарашаш Халелқызы әкесін былай деп еске алады: «1938 жылғы бұл күнгі 
түн есімде қалды. Түн ауа біздің үйдің есігінің тарсылынан шошып ояндық. Есік ашылғанда 
ішке әскерей киім киген екі кісі кіріп келді. Әкеме қолдарындағы қағаздарын көрсетіп, тінту 
жасай бастады. Ағам Әділхан әкеммен қазақша бірдеңе дей бастап еді, келген кісінің бірі: – 
Сіз қазақша сөйлеспеңіз, – деді. Мен орысша білмеймін, – деген Әділханның жауабына: – Сіз 
қалайша білмейсіз? Медицина институтында оқымайсызба ба? – деп, түсін суытты, әлгі адам 
бәрін біліп отыр екен. НКВД-ның екі кісісі үйдің астан-кестеңін шығарып, үш-төрт кітап, 
тағы бірдеңелерді алды. Әкем кетерінде – Мені енді күтпеңдер, Алматыға көшіңдер, – деді де 
қараңғылық құшағына сіңіп кетті»
Үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген Х.Досмұхамедов 1939 жылы 19 тамызда түрме 
ауруханасында өкпе ауруынан қайтыс болды. Кешегі 1937–38 жылдары ұлтқа жасалған қанды 
қырғын Алаш жетекшілерін арман-мақсаттарына жеткізбеді. Х.Досмұхамедов 1958 жылы 
ақталғанымен ұзақ жылдар бойына есімі аталмай, еңбектері жарияланбай келеді. Тек тәуелсіз 
ел болған тұста ғана оның еңбектері халқымен қайта қауышты. Оның мұралары зерттеліп, өмірі 
мен шығармашылығы туралы еңбектер жарық көрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет