«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
71
бастауыштан үйретуге мән беріп, «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Бастауыш мектепте ана тілін
оқыту жолы» сияқты оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазған. «Ішкі сезімдердің біреуі – іш
пысу яки зерігу» бөлімінде: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады,
мезі болады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен
басқыштап білдіруде. Баланы, заттарды, көріністерді тап –тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден
ауырға көшуді естен шығармауға керек. Сабақ оқытуда сөзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға
тиісті. Сонда ғана баланың абайын (назарын) өзіне қарата алады». «Сыныпта отырғанда
баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе тек отыруынан. Мұғалім дереу
балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып алуы керектігіне» тоқталады. «Балаға тәрбиені өзінің
шамасына, жаратылысын қарай беру керек. Баланы тәрбие қылу: тұрмыста түйінді мәселелерді
тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан
бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі
қылып шығару. Бұл үшін тәрбиеші: бар күшін, білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете
білу керек»
деген байламға келеді
Бүкіл адамзатты сүйген гуманист. «Өзін, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы
адамзатты сүю шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан ілгері қоюы шарт. Алашты халық десек,
халықты шын сүйген адам «жарты жаңқасы қалғанша» халық үшін қызмет істеуге тиісті» деп
есептеген (Мағжан әлемі». Ж.Сүлейменов. 2009жыл).
Ұстаз, тарихшы, өлкетанушы,
ғылыми қызметкер, Мағжанның педагогикалық қызметі
туралы мақалалар жазушы Қайролла Мұқанов естеліктерінен көптеген мағлұматтар алуға
болады.1936 жылы Карелия лагерінен айдаудан келген ол облыстық мұғалімдер курсында орыс
әдебиетінен сабақ береді. Ең соңғы педагогтік қызметі: Қызылжардағы Пушкин атындағы №5
орыс орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруі. «Халық жауы», «жапон шпионы»
деген жалған айыппен атылып кеткен ол – өз халқының қамын жеген, жарқын болашағы үшін
күрескен болатын.
Жалпы алғанда, Мағжан әдістеме ғылымында «Жеке тұлғаны қалыптастыру»
технологиясының негізін қалаушы ретінде танылды. Оның жасаған құнды әдіснамалық
еңбектері дара тұлғаны қалыптастыруға негіз болған бірден-бір мысал. Әдіскер-ғалым ұстанымы
да осыны айғақтай түседі. Біріншіден, оқушы мен мұғалім арасындағы ұлттық тәлім-тәрбиеге
құрылған достық қарым-қатынасты орнату.
Екіншіден, жаңа білімді ескі білімге байлатып
оқыту: жақыннан алысқа, таныстан жатқа, жеңілден ауырға көшу.
Заман шындығын
шығармаларына арқау етіп, халық көңіліне етене ұялаған, тағдыры
тартысқа толы Мағжанның педагогикалық мұралары да мәңгілік.
Достарыңызбен бөлісу: