Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет45/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
66
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму 
тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті 
елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе 
теңестіруін көздеді. Алаш зиялылары-елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар-
барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері 
жеткілікті. Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды «ұлтшыл», 
«сатқын» деп бөлшектегені тарихтан бәрімізге мәлім. Кеңестік тоталитарлық тәртіп ұлттық 
құндылықтарды жою саясатымен қаруланғандықтан, өзіне қарсы келгендерді саяси қуғын-
сүргінге ұшыратты. Алайда осындай тәртіпке мойынсұнбағандардың бірі Мұстафа Шоқай. 
Кеңес өкіметі тұсында М.Шоқайдың қызметі мен тарихи-публицистикалық жұмыстары саяси 
және идеологиялық тұрғыдан сынға алынып, негізсіз бұрмалаушылыққа ұшырады [2, 28 б].
Мұстафа Шоқай – ұлт-азаттық көтеріліс көсемдерінің бірі, Түркістан автономиясының 
төрағасы, Алаш қайраткері. Ол 1917 жылы уақытша өкімет құлап, барлық билік большевиктердің 
қолына өткеннен кейін коммунистік жүйеге қарсы топтар жағына шығып, ақыры шетел асып 
барып, өмірінің соңына дейін түрік әлемінің бірлігі, «Тұтас Түркістан» идеясын жүзеге асыру 
үшін күресті.
Ол Сыр алқабы қазақтарының арасында зор беделі бар Шоқайдың отбасында 1889 жылдың 
25 желтоқсанында дүниеге келген. Мұстафа жас кезінен-ақ отаршылдықтың өктемдік пиғылын 
жақсы сезініп өседі. Мұстафаның нағашылары да орыстардан Хиуа хандығын қорғауда ерекше 
көзге түскен атақты әскербасылар болған. Анасы Бақтының оқытуымен бес жасқа толмай-ақ 
жазу-сызуды үйренген. Бастауыш білімді Сұлутөбедегі орыс мектебінде алады да 1902 жылы 
Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Ә.Бөкейханның ұсынысымен 
1916 жылы Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға 
мүше болады. 1917 жылы Түркістан өлкесіне оралып, 16-21 сәуірде Ташкентте өткен Түркістан 
өлкесі мұсылмандарының І съезіне қатысады. «Бірліктің туы» газетінің негізін қалайды. 
«Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» ұйымына төрағалық етеді. 1917 жылғы 
желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Бұдан 
кейін де осындай ұлт мүддесін қорғап, тәуелсіз ел болуға қатысты ірі-ірі шараларға басшы, 
мемлекеттік деңгейдегі лауазым иесі болуына қарамастан тоталитарлық жүйенің түптілікті 
жеңуіне орай өз бағытынан қайтпаған, ұлтжанды тұлға – Мұстафа Шоқай туған жер, атамекенді 
қаншалықты қимағанмен, өз мақсат, идеясын жалғастыру үшін 1921 жылы шетелге кетеді. 1927 
жылдан Парижде «Иени Түркістан» журналында белсенді қызмет атқарды. «Түркістан ұлттық 
бірлігі» ұйымына жетекшілік етті. 1929 жылдан «Жас Түркістан» журналын шығаруды қолға 
алады. Мұстафа шетелде жүріп қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен және соған сенген ең 
ұлы тұлға [4,124 б].
Мұстафа Шоқай еңбектерінде Түркістан халқының бірлігін аңсайтын, бұл мақсатқа жетудің 
өте қиын екенін де білетін. Әсіресе, Советтік саясаттың кең құлаш жайып, оны қолданушылар 
көбейіп, «бөлшекте де, билей бер» принціпіне сүйенген дәуірде қиындаған үстіне қиындай 
түсетіні де мәлім еді. «Мемлекетте жаман халық жоқ, жаман адамдар бар» бұл сөздерді жиі-жиі 
қайталаудан Мұстафа жалықпайтын. Совет үстемдігіне қарсы көзқарасын ол ашықтан-ашық 
білдіретін. Әсіресе Түркістан саясатына қарсы болатын [3,108 б].
Ендігі жерде Түркістан автономиясы большевиктерге қарсы күресу мақсатында одақтас 
іздей бастады. Осы негізде Мұстафа Шоқай Орынборға аттанып кетті. Орынборға баруының 
басты себебі-желтоқсан айының ортасына қарай бұл қалада кезекті Бүкілқазақтық құрылтай 
өтетін еді. Құрылтайдың басты мақсаты қазақтың өзін-өзі билеу құқығына құқық беретін 
автономия құру болатын. М.Шоқай құрылтай делегаттарына Қоқанда Түркістан автономиясы 
жарияланғанын және оның үкіметі жасақталғанын жеткізді. Ол құрылтайға жиналған 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
67
делегаттарға Түркістан автономиясымен бір шаңырақта болуын үгіттеп, қазақ автономиясының 
құрылуына өз қарсылығын білдірді. 
Алайда, азаттықты аңсаған Алаш арыстарының бір автономия болып шаңырақ көтеруінде 
көзқарастары сәйкес келмегенімен, мақсат-мүдделері бір арнада толысқан [2, 28 б].
Мұстафа Шоқай тек қазақ халқының азаттығы жолында ғана емес, күллі түркі 
жұртының бірлігі, тәуелсіздігі мақсатында күрес жүргізген жандардың бірі. Өмірі Түркістан 
халықтарының кеңес билігіне қарсы жүргізген демократиялық күрес тарихының маңызды 
бір бөлігі болып табылады. Оның жан дүниесі, дүниетанымдық көзқарасы, ақыл-парасаты 
дәстүрлі дала мәдениеті мен батыс мәдениетінің өзара тоғысында, ұлт-азаттық қозғалысының 
өрлеуі жағдайында қалыптасады. М.Шоқай үшін студенттік шағынан неміс ауруханасында көз 
жұмғанына дейін тәуелсіздік идеясы – басты мәселе, ұлттық бостандық – ең жоғары құндылық, 
өмірінің мән-мағынасы, халыққа қызмет ету жолындағы шығар биігі болып қалады. 
Қазақ халқы М.Шоқайды мақтан тұтады, оның сіңірген еңбегін жоғары бағаламау мүмкін 
емес. Дегенмен де, Мұстафа Шоқай тек қазақ халқының ғана емес, барлық түркі халықтарының 
жүректерінен орын алған оның идеялары мен күресі қазіргі заманғы барлық түркі әлемі 
қайраткерлері үшін үлгі болып, оны өз өмірін қазақ халқы мен басқа да түркі халықтарының 
бостандығына арнаған нағыз көрнекті тұлғаға айналдырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк 
байрағы төбемізде нұрын желбіреп шашып тұрғанда, тәуелсіздіктің қайтпас күрескері Мұстафа 
Шоқайдың уақыт өткен сайын рухы ашыла түсіп, жоғарылай беретіні анық [2, 29 б].
Ел тағдырының мәні азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіздігімізді сақтау жолында қаншама 
алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 
«Тарих толқынында» атты кітабында «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын 
алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына 
алды...», – деп жазады.
Алаш қозғалысының ғибраты, қайраткерлеріміз жүріп өткен жол, олардың күресі, 
қаламгерлеріміздің жүрегі мен ақылынан туған көркем ой- тәуелсіз мемлекет құрған, егемен 
ел болған қазақ баласының үлкеніне де, кішісіне де үлгі болмақ. Өздерінің алдына қойған 
елдің болашағына байланысты қойған мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары мен 
интеллегенциялары сол жолда құрбан болды. Дегенмен де, «Алаш» партиясы және оның 
зиялылары жасаған еңбектері төл тарихымызда мәңгі есте қалды. Бостандық жолында құрбан 
болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі 
күні орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан соның дәлелі іспеттес.
ХХ ғасырдың басында саяси сахнаға шыққан Қазақстандағы Алаш қозғалысы алдына қойған 
мақсаты және қамтыған аумағы жағынан қазақ тарихындағы қозғалыстардың ең маңыздысы әрі 
жоғары деңгейде ұйымдасқаны еді. Бұл қозғалыстың басқа ұлт-азаттық қозғалыстардан басты 
артықшылығы ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман талабына сәйкес 
етіп бейімдеу мәселесін көздеуден саяси демократиялық партия мен ұлттық дербес мемлекет 
құру деңгейіне шейін көтерілді.
Алаш қозғалысы жетекшілерінің сол кездегі адамзат баласының қолы жеткен тарихи және 
әлемдік, әлеуметтік-саяси мұраларынан толық хабардар болуы олардың рухани қуат-қарымы 
мен өресінің биіктігін аңғартады. Олар қазақ еліне тәуелсіздік жолды таңдайтындықтарын 
жасырмады, демократиялық дамуды жақтады [1, 107 б].
Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интеллегенциялары сол жолда 
құрбан болды. Әйтсе де, «Алаш» партиясы және оның қайраткерлері төл тарихымыздан үлкен 
орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.
Бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен 
тарихи сынның алдында тұр. Ол – ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету
мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру [2,13 б].


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
68
М.Шоқайдың негізгі аңсаған арманына қол жеткіздік десек болады. Тәуелсіз елдігіміздің 
26 жылдығы қарсаңында еліміз демократиялы, бейбітшілікте шет мемлекеттермен тереземізді 
теңестіріп өмір сүруіміздің айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет