Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет50/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы:
1. С.Аккулулы. Алихан всего Алаша: наследие Алихана Букейханова. // Мысль. – 2013. – 
№1- с.71-80.
2. Б.Аяган. И это все о нем. // Экспресс К. – 2011. – 25 марта. – С.16.
3. Л.Енисеева-Варшавская. Сын степей: наследие Алихана Букейханова. // Мысль. – 2013. 
– №2. – С.74-77.
4. Очерк об общественно-политической и научной деятельности А.Букейханова.
5. Х.Карпык. Белая кость прошлого. // Алматы. – 1994. С. 105.
6. Н.Мартыненко. Алаш Орда // сборник документов. – Алматы. – С. 160.
7. Шаймуханова С.Д., Ерденбекова Ж.С., Б.Муратбеккызы. Вклад Алихана Букейханова 
в политическую и научно-исследовательскую деятельность Казахстана // Международный 
журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2016. – № 5-2. – С. 330-333.
8. Р. К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920–
1990-е гг. XX века // Алматы. – С.27.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
75
АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Н. Оспанқұлов,
Қызылорда облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері,
Қызылорда қ., Қазақстан
Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер 
тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта 
сараптап зерттеу мүмкіндігін әперіп, Отандық тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің орнын 
толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи 
шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыратыны ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге 
асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы 
мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдістерін шынайы 
түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, саяси 
қоғам қайраткерлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайраткерлері мен 
саясаткерлердің есімдері ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің 
арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылымы 
төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі 
мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан 
қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи 
шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. 
ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыларының ұлттық демократиялық көзқарастары мен 
тәуелсіздік жолындағы күресін бағалау екі бағытқа бөлінді. 1925 жылғы желтоқсан айында 
өткен Ү өлкелік партия конференциясында Голощекин «алаштықтардың» әрекеттерін «Біз 
ақпан революциясына дейінгі және одан кейін де басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов 
және М.Дулатов сияқты ұлтшыл қазақ интеллигенциясы тұрған ұлттық қозғалысты қалай 
бағалауымыз керек? Сондай-ақ бұл ұлтшыл интеллигенция тобына біздің партияның қазіргі 
қатынасы қандай болмақ? Түсінікті ғой, жолдастар, ақпан революциясына дейінгі буржуазиялық 
азаттық қозғалысы, мәселен, Қытайдағы ұлтшыл-буржуазиялық элементтер бастаған ұлттық 
революциялық қозғалыс сияқты, объективті революцияшыл болды, ол қазір реакцияшыл, тіптен 
контрреволюцияшыл. Басқа ештеңе емес» деп қорытты [1, 9-10 бб.]. Ұлт-азаттық қозғалыс 
интеллигенцияның қызметіне берілген бұл партиялық баға теория жүзінде ұлт-азаттық 
қозғалыс идеологиясына және практикада оның иесі ұлттық демократияшыл интеллигенцияға 
қарсы шабуылға көшуге негіз болған еді. 20-жылдардың екінші жартысында партиялық 
тапсырма бойынша алаш қозғалысы тарихына арналған А.Бочаговтың[2] очерктері және 
Мартыненконың[3] құжаттар жинағы жарық көрді. А.К. Бочагов өз еңбегінде қазақ зиялыларын 
3 топқа бөліп қарастырды: жоғарғы, орта және төменгі. Мұнда әр топтың мүшелерінің саяси 
ұстанымдары олардың төңкеріске дейінгі кәсіби деңгейіне, материалдық жағдайына және 
қоғамдағы иерархиялық орнына қарай бөлді. Жалпы, бұл екі автор да ұлт-азаттық қозғалысқа 
қарабайыр таптық тұрғыдан ғана келіпқоймай, сонымен бірге қазақ тіліндегі құжаттық 
материалдарды елемеді, сондай-ақ ашықтан-ашық тарихи деректерді бұрмалай жазды.
Қоғамдық өмірде қалыптасқан жағдайға байланысты ұлт-азаттық күрес зиялыларына 
қатысты екі көзқарас байқалды. 1933 жылы 8-28 желтоқсан аралығында қазақ марксизм-
ленинизм ғылыми зерттеу институтында Алашорданың контрреволюциялық рөліне арналған 
ғылыми конференциялар өткізілді. Конференцияда Брайнин мен Шафиро Алашорда тарихы 
бойынша жазып жатқан очерктер кітабы негізінде баяндама жасады. Баяндаманы талқылау 
барысында Меңдешев, Асфендияров, Федоров, Мусиндер ғасыр басындағы зиялылардың 
қызметін бұрмалап, біржақты түсіндіруге қарсылық көрсетсе, Жангелдин, Құрамысов, Брайнин, 
Шафиро бастаған екінші топ мәселені тұрпайы социализм тұрғысынан баяндау әдісін ұстанды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет