Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет95/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
138
Осы уақыттағы ел ішіндегі саяси-идеялық ахуал шығармашылық интеллигенцияны 
рухани дағдарысқа душар етті. Бір-біріне сенбестік орын алып, олар бір-біріне ғана емес, 
өз шығармаларына да күдіктене қарады. «Қашан, қалай айыптауға түсуіміз мүмкін» деген 
қорқыныш пен үрейдің жетегінде жүрді. Үрей мен қорқыныш, жалтақтық олардың белсенділігін 
төмендетті. Саясат жөнінде сөз айтудан қашқақтады. Шығармашылық жұмысқа селқостық 
туды. Партия мен үкімет тарапынан берілген арнайы тапсырмаларды орындаумен шектелді. 
Бірақ, бұл да қырағы сыншылар назарынан тыс қалмады.
С.Сейфуллин өз өмірінің осы тұсын былай сипаттады: «Мен дәл осы кезде саясат туралы 
сөйлесуден бездім, тіпті кейбір жолдастармен жолығудан қашқақтайтын болдым. Жалғыз ақ 
әдебиет мәселесімен араласқым келді. Мұнан да бірқадам шықпады. Бұл жолым да бірте-бірте 
мені сыртқа шығарып, ешнәрсеге араласпай қалуға айналдырды. Бұл сарыуайымшылдық пен 
упадничествоға икемдеді. Менің бұл халіме Кеңес өкіметінің жаулары «шоқ, шоқ» деп табалап, 
масаттанып тұрғандай көрінді. Осы ойлар мені төмен тартты, дұшпандардың қыңқыл сөздері 
мені сарыуаймшылдыққа салды. Менің кейбір шығармаларымда партия жолына қиғаш кеткен 
жерлер тап осы кездің, осы секілді жағдайдың жемісі еді», – деп жазды [8,138–139 бб]. 
Ақын-жазушыларды шығармаларынан, жеке бастарынан ілік табу арқылы кінәлау, саяси-
идеялық айыптауға ұласты, науқанға айналып кетті. 
1937 жылдың мамырында «Социалистік Қазақстан» газеті бірнеше рет баспасөзде 
жариялағандай С.Сейфуллинді 5-7 сәуірдегі қаламгерлер шығармаларындағы кемшіліктерді 
жою жөнінде өткен жазушылар жиналысына қатыспады, осылай істеу арқылы жазушылар 
арасындағы қателіктерді жою ісіне араласпай отыр деп кінәлады. 
Жазушылар Одағы бастауыш партия ұйымының есеп беру сайлау жиналысына қатысып 
сөйлеген сөзі де өз басына қиындық туғызды. Жиналысқа қатысқан Сәкен, Ілияс және Бейімбет 
өз шығармашылықтары мен сыншылар сынына іліккен делінген қателіктер жөнінде сөйледі. 
Әбден сынға ұшыраған Сәкен ақталып: «Бандитке (бұл арада Л.Д.Троцкий айтылып отыр) Сәкен 
өлең арнады дейді. Ол уақытта ол бандит емес еді, политбюро мүшесі еді. Оның бандит екенін 
білсем жазам ба? Сыншыларымыз осы жағын ескермейді. Сонымен қатар «Домбыра» туралы 
сөз болды. «Банды» деген кінәні жуу үшін 1924 жылы «Домбыраны» Троцкийге арнап бастым. 
1928 жылы қате екенін айтып, өзім мақала жаздым. Журналға да жаздым. 1932 жылы КазПИ-
де айтылды. 1932 жылы Жаманқұловтың баяндамасында да айтылды. Партия сайлауында да 
биыл арыз бердім. Қысты күні Крайкомға да арыз бердім. Сондықтан сыншылар датаны ескеруі 
керек еді. Енді сол үшін ұра беруі керек пе» еді деп ашына айтты [6,211 б]. С.Сейфуллиннің жан 
даусы шығып, әділетсіз сыннан ақтала сөйледі. Бірақ, байқағанымыздай ілік іздеген сыншылар 
осы жиналыста сөйлеген сөздерінде «Сәкен жолдас күні бүгінге дейін өз қателіктерін көрмей 
отыр» деп алған беттерінен қайтпады.
Ілияс пен Бейімбет істің бет алысы ушығып кеткелі тұрғандығын байқандықтан да болар. 
Өз қателіктерін мойындады. Бейімбет «Менде үлкен қателер болғаны рас. Түзетуге шаралар 
іздеймін» деуге мәжбүр болды. Жиналыста қабылданған қаулы баптарына үшеуіне жеке-
жеке баптар арналып, егер алдағы уақытта осындай қателіктер жіберілетін болса, қатаң шара 
қолданылатындығы ескертілді. Қаулыға олардың (Ілияс, Бейімбет, Сәкеннің) зиянды кітаптарын 
таратудан алып тастау жөнінде бап енді [9]. 
Маусым-шілде айларында да Сәкенді айыптаған бірнеше мақала жарияланды. «Хлестаковтың 
көркем әдебиеттегі тәсілін» қолданып, өз бейнесін «революция ісі жолындағы күрескер» 
ретінде көрсетіп, «халық жаулары» өз достары Рысқұлов, Нұрмақов, Садуақасов, Асылбековты 
жағымды жағынан көрсетіп жазды. Өзін-өзі және жауларды көкке көтеріп, мақтау мақсатында 
«Тар жол, тайғақ кешу», «Домбыра» т.б. – «контреволюциялық шығармаларын» жариялады, – 
деп айыптады [10]. Сәкенге ашық түрде «революцияға қарсы» шығарма жазды деп айып таға 
бастады. «Ұлтшыл-фашист» деген атауға да ілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет