32
33
§2 ОРАЗА ҮКІМДЕРІ
С: Рамазан айының кіргенін қалай білеміз?
Ж: Рамазан айын белгілеу алдын ала басталады.
Арнайы мамандар,
қазылар айдың қозғалысын
жіті бақылап, рамазанның алдындағы шағбан айын
қадағалайды. Шағбан
айының жиырма тоғызыншы
күні кешке рамазан айының тууын күтеді. Егер оны
ешбір
мұсылман көрмесе, шағбан айын отыз күнге
толтырады да, рамазан айы кіреді. Алланың Елшісі
(с.а.с.):
«Оразаны жаңа туған айды көріп тұтыңдар да,
жаңа туған айды көріп аяқтаңдар. Ал егер ай көрінбесе
отыз күнге толтырыңдар», – деген.
Достарыңызбен бөлісу: