26
27
тайпасына тұтқиыл-дан шабуыл жасап,
жиырма
адамын өлтіреді. Бұл шабуыл-да оларға одақтастары
құрайыштықтар да жәрдемдеседі. Осыдан кейін
Хузаға тайпасының көсемі Амр ибн Сәлим әл-Хузағи
Алланың Елшісіне (с.а.с.) барып көмек сұрайды. Сонда
Пайғамбар (с.а.с.): «Саған жәрдем беріледі», – деп
уәде етеді. Мұны естіген құрайыштықтар өздерінің
үлкен қателік істегендерін түсініп қатты өкінеді.
Пайғамбар (с.а.с.) он мың жауынгерден тұратын
әскер
дайындап, Меккеге аттанады. Әл-Жахфа деген
жерге жеткен кезде алдынан әкесімен туысқан көкесі
Аббас шығады.
Пайғамбардың (с.а.с.) Меккеге қарай үлкен
қолмен келе жатқанын
естіген құрайыштықтарда
зәре қалмайды. Құрайыштықтардың көсемі Әбу
Суфиян істің алдын алу үшін мұсылман әскерінің
алдынан шығады. Жолай Аббас кездеседі. Аббас: «Уа,
Әбу Суфиян! Енді сені Пайғамбардан (с.а.с.)
ештеңе
құтқара алмайды, мұсылман бол», – деп кеңес береді.
Әбу Суфиян сол жерде Исламды қабылдап, Меккеге
мұсылман әскерінен бұрын барады да: «Уа, халайық!
Алланың Елшісі сендерге жер қайысқан қолмен
келе жатыр. Кімде-кім өз үйінен шықпаса, оған бас
амандығы берілетін болды, кімде-кім Әбу Суфиянның
үйінен шықпаса, оған бас амандығы берілетін болды»,
– деп жар салады.
Пайғамбар (с.а.с.) Меккеге қашырының үстінде
тағзым ете кіреді. Осылайша
қасиетті қала соғыссыз
алынады. Тек Халид ибн Уалидтің жасағына
мүшріктер шабуыл жасап, екі мұсылман шәһид
болып, жиырма мүшрік өлтіріледі,
тағы да екі
мың мүшрік тұтқынға алынады. Пайғамбар (с.а.с.)
алдына әкелінген тұтқындарға қарап: «Мен туралы
не айтасыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Сен біздің
қадірлі туысымызсың
әрі қадірлі ағайынымыздың
ұлысың», – деп жауап қатады. Сонда әрдайым
кешірімшіл Алланың Елшісі (с.а.с.): «Барыңдар,
сендер азатсыңдар», – деп талай жылдардан бері
өзіне қарсы соғысып
келген қас дұшпандарына бас
амандығын береді. Осы күні адамдар топ-топ болып
Ислам дініне өтеді. Екі мыңдай кісі мұсылман болып,
Меккедегі үш жүз алпыс пұт түгелдей қиратылып,
Алланың Үйі пұттардан біржола тазартылады. Алла
Тағала бұл ұлы жеңіс туралы Насыр сүресінде:
«Егер
Достарыңызбен бөлісу: