Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
279544 1387344107

Тақуалық айы
Алла Тағала былай дейді: «Әй, мүміндер! 
Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза 
парыз қылынды. Әрине сақтанарсыңдар» (Бақара 
сүресі, 183-аят).
Осы шарапатты аяттың соңы «әрине сақтанар-
сыңдар» деп аяқталып тұр. Бұл сөзде терең мағына 
жатыр. Ораза парызы Раббымыздан шынайы түрде 
қорқуға, тақуалыққа тәрбиелейді. Бұл аяттағы 
«тәттәқун» сөзі «сақтанарсыңдар» деген мағынамен 
бірге «тақуалық етерсіңдер» деген мағынаны да 
білдіреді. Оразаның түпкілікті мақсаты пенденің 


16
17
бойында Құдай Тағаладан қорқу, тақуалық қасиетін 
қалыптастыру болып табылады.
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді халық 
даналығы. Тегінде, тақуалық адам баласының ең 
көркем сипаты. Өйткені Құдайдан қорқу сипаты 
пендені талай жаманшылықтан сақтайды. Сондай-
ақ, барша пайғамбарлар алдымен Құдайдан қорқуға 
шақырған.
Рамазан айында парасат-пайымы биік пенде 
үшін артындағы ғұмыр жолына бір қарап алып, 
өткенін 
безбендеп, 
болашағын 
бағдарлайтын 
қайталанбас сәт туады. Шындығында, өз-өзіне есеп 
беру тақуа жандардың дағдысы, байыптылардың әдеті. 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Алла бір 
қауымды қашан олар өз-өздерін өзгертпейінше 
өзгертпейді» (Рағыд, 11). Яғни өз-өзін жақсы жаққа 
өзгерту, Раббы Тағала разы болатын бағытқа бұру 
ең алдымен әрбір пенденің ықылас-ниетіне, ерік-
жігеріне, қажыр-қайратына байланысты дүние. 
Пенде тура жолға ниет етсе, Алла да оның жолын 
жеңілдетіп, сауабын еселейді.
Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: 
«Зерек – нәпсісін төмен ұстап, өлімнен кейінгіге амал 
еткен адам, ал дәрменсіз – нәпсісі мен әуейілігіне еріп, 
Алладан шексіз үміттенген адам». Осы хадистегі 
«нәпсісін төмен ұстау» деген ұғымды ғалымдардың 
бір тобы өз-өзіне есеп беру деп түсіндірген. Яғни 
Қиямет күні талқыға түспей тұрып, осы дүниеде өз 
ісіңе талқы жасап, есеп беруге дағдылану, сөйтіп, Ұлы 
Есеп күніне өзіндік есеппен, іс-амалды таразылап, 
елеп-екшеумен бару. 
Өз-өзіне есеп беру ізгі пенделердің дағдысы, 
мұсылманнның иманын жаңартып, түлететін ой 
таразысы, пікірі мен түсінігін туралап, түзейтін тезі. 
Бұл туралы мұсылман тарихында талай ділмәрлар
тақуалар түрлі айшықты ойларын айтып кеткен. 
Солардың біразы мынадай. Омар ибн Хаттабтан 
(р.а.) қалған мынадай мәшһүр өсиет бар: «Есепке 
алынбастан бұрын өздеріңнен есеп алыңдар, оны таразыға 
түспестен бұрын таразылаңдар, ең үлкен тексеру күніне 
дайын болыңдар, «Сол күні сендер тексерілесіңдер, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет