Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет9/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
279544 1387344107

Сабыр айы
Пайғамбар (с.а.с.) ораза ұстаушыға былайша 
өсиет еткен: «Ораза күні сендердің ешқайсыларың 
жаман сөз айтып, даусын көтермесін. Ал егер біреу оны 
балағаттаса: «Мен оразамын, мен оразамын», – десін». 
Яғни ораза ұстаушы қандай жағдайда болмасын 
оразасын 
былапыт 
сөздермен, 
ұрыс-керіспен 
ластамай, сабырлылық танытып, ғибадатын мүлтіксіз 
түрде орындауы керек. Сонда ғана ғибадаты кәміл 
болып, Раббының дәргейінде қабыл болады. Өйткені 
ораза тек қана ішіп-жемнен тыйылу емес. Сондай-
ақ, жаман әдеттерден, дөрекі сөздерден, теріс мінез-
құлықтардан арылуы. Ал күнделікті үйреніп қалған 
дағдылардан, мінез-құлық кемшіліктерінен бірден 
арылу оңай емес. Ол бірте-бірте орындалатын іс.
Термези таратқан хадисте Пайғамбар (с.а.с.): 
«Ораза – сабырдың жартысы», – дейді. Десе дегендей, 
күні бойы ашқұрсақ жүріп, кеңпейілділік қалпын 
сақтай алу нағыз бекзаттыққа апаратын рухани 
шынығу.
Жалпы сабыр атаулы шарғи мағынада үшке 
бөлінеді: Алла Тағаланың құлшылығын орындауда 
сабыр ету, Алла Тағала тыйым салған нәрселерден 
тартынуда сабыр ету және Жаратқанның жазмышына 
көркем түрде сабыр ету. Мұндағы құлшылық-тағатқа 
сабыр етудің мағынасы намаз, ораза, зекет, қажылық 
сияқты парыз амалдарды қандай да бір қиыншылыққа 
қарамастан, ауа-райының қолайсыздығына, ахуалдың 
қысылтаяңдығына қарамастан көркем сабырмен 
орындау дегенді білдіреді.
Хақ Тағала Зүмәр сүресінің 10-аятында сондай 
сабырлы құлдардың сауабын есепсіз беретіндігі 
жайлы былай дейді: «Расында, сабырлылар 
сауаптарын хисап-сыз түрде молынан алады». 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл ай – сабырлылық айы. Ал 
сабырдың сыйы – жәннат», деп ораза айының 
қайырлы қорытындысымен сүйіншілеген.


20
21
Шүкіршілік айы
Мүбәрак рамазан айында ораза тұтушы бұрын 
мән бермей жүрген көптеген нығметтердің қадірін 
сезінеді. Ашығып, шөліркеп Жаратқанның ырзық-
несібесінің, қара судың қадіріне жетеді. Күні бойы 
аш құрсақ жүретін жарлы-жақыбайдың жағдайын 
басынан 
кешіреді. 
Бойындағы 
жанашырлық, 
бауырмалдық сезімі оянады. Өзінен төменге қарап 
шүкірлік етеді. Қолда бар мүмкіндіктердің қадірін 
ұғынады. Оразаның осындай хикметті қырлары бар.
Асылы, Хақ Тағала құлдарының ішінен Өзінің 
нығметтеріне, ырзық-несібесісіне әрдайым шүкір етіп 
жүретіндерін жақсы көреді. Өйткені Жаратқанның 
берген ырзығына алғыс білдіру иманның ажырамас 
бөлігі. Себебі, Алла Тағала Өзіне күпіршіл болмай, 
шүкіршіл болуға бұйырған: «Мені естеріңе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет