Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж


сонда сендердің ешқандай құпияларың жасырын



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
279544 1387344107

сонда сендердің ешқандай құпияларың жасырын 
қалмайды» (Хаққа, 18)». 
Уаһб ибн Мунәббиһ былай деген: «Дәуіт (а.с.) 
әулетінің даналықтарының бірі мынадай: «Әрбір 
ақылды пенде үшін ешқашан естен шығармауы тиіс 
төрт сағат бар: ұлы әрі даңқты Раббысына мінәжат 
ететін сағаты, өз-өзіне есеп беретін сағаты, айыбын, 
кемшілігін бетіне басып, нәпсісі туралы шынайы 
сөйлейтін достарына баратын сағаты және нәпсісін 
адал әрі көркем қызықтармен оңаша қалдыратын 
сағаты».
Хасан Басри былай дейді: «Мүмін адам өз 
нәпсісінің қожайыны. Алланың разылығы үшін өз-
өзінен есеп алып отырады. Осы дүниеде өз-өзіне есеп 
бергендердің Қиямет күнгі есептері жеңіл болады 
екен де, керісінше, әрбір істі еш есепсіз, қалай болса 
солай істейтіндердің Қиямет күніндегі есебі өте ауыр 
болады екен».
Расында да халық аңызындағы Аяз би секілді 
әрбір адам баласы бір сәт өз ісіне есеп беріп, нәпсісінің 
жағдайына баға беріп отырмаса болмайды. Аяз би 
кедей кезіндегі шоқпыт-шоқпыт шекпенін үйінің 
жоғары бір жеріне іліп қойыпты. Нәпсісі дандайсып, 


18
19
шектен шыға бастағанда-ақ сол шекпеніне қарап 
бұрынғы халін есіне түсіріп: «Аяз би жолыңды біл, 
құмырсқа әліңді біл», – деп өрекпіген көңілін сабасына 
түсіріп, тәубесіне келіп отырады екен.
Үмбетіміздің тарихында талай тақуалар
ғұламалар, ұлы адамдар өз-өздеріне есеп беріп 
отыруды ғұмырлық дағдыға айналдырған. Олай 
болмағанның өзінде өзінің мінін бетіне басып айтатын 
шыншыл адамдармен жолдас болған. Көптеген билікке 
жеткен әділ әміршілер, байлыққа ие болған ақылды 
бай-бағландар тақуадар ғалымдарға, би-шешендерге, 
ақындарға өздерін бірде мақтатып, бірде міндерін 
айтқызып, даттатып отырған. Ондағы мақсаттары 
нәпсілерінің жайына қанығу, имани-рухани ахуалын 
сырт көз арқылы безбендеп, бағамдау. «Сырт көз 
сыншыл» дегендей, адамның өзі көре алмаған мінін 
басқа біреу көреді. Сырт көзге сын айттыруы арқылы 
ақылды адам өз мінін біліп, оны түзетуге тырысады.
Әділдігімен қара қылды қақ жарып Фаруқ 
атанған Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Бізге кемшілігімізді 
көрсеткен адамға Алла рахым қылсын», – дейді екен.
Әбу Сүлеймен Дарани былай деген екен: «Дүние 
мен ақыреттегі бүкіл ізгіліктің түп негізі – Алладан 
қорқу. Дүниенің кілті – тою, ал ақыреттің кілті – аш 
болу».
Алла Тағала оразамызды қабыл алсын, Құран 
мен сүннетке сай қайырлы іс қылуды нәсіп етсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет