С: Рамазан айының түндерінде оқылатын бұл
намаздар қалай оқылады?
Ж: Имам құптан намазынан соң жамағатпен
жиырма рәкәғат намаз оқиды. Әрбір екі рәкәғатта
сәлем беріп, бес тәруиха, яғни үзіліс демалыс
жасайды.
С: Бұл бес тәруиханы қалай жасайды?
Ж: Әрбір төрт рәкәғаттан соң жасалады. Имам
аз-кем тәруиха жасап отырады. «Тәруиха» сөзі аздаған
демалыс дегенді білдіреді. Көпше түрі тарауих. Бұл
намаздың тарауық аталуының себебі осыдан.
С: Бұл намазды әйелдерге де оқу сүннет пе?
Ж: Иә. Рамазан айында құптан намазынан
кейін ерлерге де, әйелдерге де тарауық намазын оқу
бекітілген сүннет. Ерлер мешітте жамағатпен оқыса,
әйелдердің өз үйлерінде оқығандары абзал.
С: Ерлер үшін тарауықты жамағатпен оқудың
үкімі қандай?
Ж: Оның үкімі – сүннет муәккада. Тарауықты
оқымаған мешіт жамағаты бекітілген сүннетті тәрк
еткендері үшін түгел күнәһар болады.
С: Рамазан айында үтір намазы оқыла ма?
Ж: Иә, үтір намазы тарауық намазы аяқталған
соң жамағатпен оқылады. Имам үтір намазының
үш рәкәғатын да дауыстап оқйды да, құныт дұғасын
ішінен оқиды.
С: Үтір намазын рамазан айынан басқа уақытта
жамағатпен оқуға бола ма?
Ж: Жоқ. Рамазаннан басқа уақытта жамағатпен
оқылмайды.
С: Тарауық намазының арасында тәсбих айтыла
ма?
Ж: Иә, тарауық намазының арасында айтылатын
тәсбихтер бар. Ханафи мазһабы бойынша әрбір
тәруихада мынадай тәсбих айтылады: «Субхаанә зил-
мулки уал-мәләкуут, Субхаанә зил-ъиззәти уал-ъазамати
уал-қудрати, уал-кибриәә’и уал-джәбәруут,Субхаанәл-
мәликил-хәййилләзии ләә йәмуут, Суббуухун, Қуддуусун,
Раббунәә уа Раббул-мәләә’икәти уар-руух, Ләә иләәһә
иллаллааһ, уа нәстәғфирукаллааһ, Нәс’әлукәл-джәнна уа
нәъуузу бикә минән-наар»
Достарыңызбен бөлісу: |