Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж


С: Пітір садақасын қай уақытта беру мұстахаб? Ж



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
279544 1387344107

С: Пітір садақасын қай уақытта беру мұстахаб?
Ж: Айт намазын оқуға шығардан бұрын таңертең 
беру мұстахаб
С: Айт күнінен бұрын берсе бола ма?
Ж: Айт күнінен бұрын берсе де болады.
С: Ал айт күнінен кейінге кешіктірсе ше?
Ж: Айт күнінен кешіктірсе қашан өтегенше 
мойнынан түспейді.
С: Пітір садақасын кімге берген дұрыс?
Ж: Пітір садақасын пақырға, міскінге беруге 
болады.
Ж: Пітір садақасын берудегі мақсат не?
Ж: Әбу Дәуіттің риуаят етуінше Абдулла ибн 
Аббас: «Алланың Елшісі (с.а.с.) пітір садақасын 
беруді рамазан айындағы ораза кезінде жіберілген 
қателіктерді тазарту үшін әрі міскіндерге бір той 
болу үшін міндеттеген», – деп түсіндірген.
С: Пітір садақасының мөлшері қанша?
Ж: Пітір садақасының мөлшері бидайдан 
жарты сағ (1,625кг) және құрма, мейіз, арпадан бір 
сағ (3,25кг).
С: Бұл заттардан басқа нәрселермен, күрішпен, 
жүгерімен немесе ақшалай беруге бола ма?
Ж: Аталған мөлшердегі бидайдың құнындай 
ақшаны пітір садақасын шығару ниетімен берсе 
болады.
С: Сағтың мөлшері қанша?
Ж: Әбу Ханифаның айтуынша бір сағ сегіз ирақ 
ратлына тең. Ал Әбу Юсуф бір сағ 5,3 ратл (2,15кг) 
деген.
Қайырлы істен қалыс қалма
Қайсыбір мұсылманға осынау құтты айдағы 
қайырлы істерден қапы қалуға болмайды. Сол игілікті 
істердің бастылары төмендегідей.
1. Оразаны шынайы ықыласпен лайықты түрде 
тұту.
2. Тарауық және тәһәжүд намаздарын оқу.
3. Құранды қайталап оқу.
4. Садақа беру.
5. Ауыз ашар жасау.
6. Ауызашарда дұға-тілек тілеу.
7. Мешітте иғтикәфке қалу.
8. Қадір түнін құлшылықпен өткізу.
9. Ата-ананы қадірлеу. 
10. Соңғы онкүндікте ерекше ықыласпен 
құлшылық ету.
11. Сәреге тұрып, тамақтану.
12. Ауызашарды уақытынан кешіктірмеу.
13. Кеңпейіл болып, надандықтан алыстау.
14. Ұдайы дәретпен жүру.
15. Азан айтылса, қайталап, дұғасын оқу.
16. Күнделікті бес намазды уақытылы орындау.
17. Сүннет намаздарды тастамау.
18. Алла Тағаланы көп зікір ету.
19. Сәскедегі нәпіл намазды орындау.
20. Намаздардан кейінгі тәсбих, дұғаларды айту.
21. Әрдайым истиғфар дұғасын айту.
22. Күнә-қателіктерге тәубе жасау.
23. Жетім-жесірге қарайласу.
24. Тәкаппарлықтан тартыну.
25. Адамдардың арасын жарастыру.


46
47
26. Туыстық қатынасты үзбеу.
27. Мұсылмандарға сәлем беру. 
28. Ұмраға бару. Пайғамбар (с.а.с.): «Рамазанда 
жасалынған ұмраның сауабы қажылықпен тең», – 
деген.
29. Пітір садақасын беру.
30. Ораза айтына лайықты дайындалу.
Ораза дұғалары
ُلوُسَر َلاَق :َلاَق اَمُهْمن�َع ُللها َي ِضَر ِصاَعْملا ِنْمب وِرْممَع َنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع
.»ُّدَرُن� اَم ًةَوْمعَدَل ِهِرْمطِف َدْم�ِع ِمِئا َّصلِل َّنِإ« :َمَّلَسو ِهْميلَع للها ىَّل َص ِللها
.هَجاَم ُنْمبا ُهاَوَر
Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Ораза тұтушының ауыз ашардағы 
дұғасы қабыл алынбай қалмайды», – деген. (Ибн Мәже 
риуаят еткен).
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّل َص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا ي ِضَر َةَرْمن�َرُه ِبَأ ْمنَع
ُرِطْمفُن� َينِح ُمِئا َّصلاَو ُلِداَعْملا ُماَمِلإا ْممُهُن�َوْمعَد ُّدَرُن� لا ٌةَثلاَث« :َمَّلَسَو
. ُّيِذِمْمرِّن�لا ُهاَوَر .»ِموُلْمظَمْملا ُةَوْمعَدَو
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Үш адамның дұғасы қабыл болады: әділ 
имам, ораза тұтушының ауыз ашардағы дұғасы және 
нақақтан қиянат шеккен жанның дұғасы», – деген. Термези 
риуаят еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет