Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
279544 1387344107

Оразаны бұзбайтын нәрселер
С: Ораза тұтушының басында болатын, бірақ 
оразаны бұзбайтын жағдайлар қандай?
Ж: Ораза тұтушы ұмытқан күйде тамақ жесе
не ішсе, оразасы бұзылмайды. Сондай-ақ, ұйықтап 
жатып жүніп болса, әйеліне қарап денесінен шәһуат 
шықса, денесіне май жақса, қан алдырса немесе 
сүрме жақса, сүйіссе, бірақ шәһуат шықпаса, оразасы 
бұзылмайды.
Оразаның мәкруһтері
С: Оразаның мәкруһтері қандай?
Ж: Оразада сүйісу, тағамның дәмін татып 
көру, сағыз шайнау, мисуактан басқа щетка сияқты 
нәрселермен тістерін тазалау мәкруһ істерге жатады. 
Әйелге жас баласына тамақ шайнап беруі мәкруһ. 
Баласын тамақтандырудың басқа лажын таппаса 
солай істеуіне болады. Сондай-ақ, ораза кезінде 
былапыт сөз, өтірік айту, әдепсіз іс жасау мәкруһ. 
Оразасын сақтау үшін ондай істерден бойын тартуы 
тиіс.
Оразаның қазасы
С: Рамазан айының қазасын үздіксіз түрде тұту 
керек пе?


38
39
Ж: Үздіксіз тұту шарт емес. Қаласа бөліп, қаласа 
үздіксіз жалғастырып тұтады. 
С: Келесі рамазан айы келгенше кешіктірсе не 
істейді?
Ж: Бірінші келіп тұрған рамазан оразасын 
тұтады. Бұл рамазаннан соң алдыңғы рамазанның 
оразасының қазасын тұтады. Кешіктіргені үшін айып 
төлемейді.
С: Рамазан айының қазасын өтей алмай ажалы 
таяп, өлер шағында артындағыларға қалған малынан 
фидия беруді өсиет етсе, артында қалғандар не істеу 
керек?
Ж: Бұл өсиет марқұмның мал-мүлкінің үштен 
бірінен жұмсалады. Рамазан айының оразасы үшін 
марқұмның мұрагері әрбір күнге бір міскінді жарты 
сағ (1,625кг) болатын бидай не бір сағ (3,25кг) болатын 
арпа не құрмамен немесе сол бағадағы басқа тағаммен 
тамақтандыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет