Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
279544 1387344107

Нәпіл ораза
С: Рамазан оразасынан басқа ораза түрі бар ма?
Ж: Рамазан айының оразасы әрбір мұсылманға 
парыз. Одан басқа оразалар ерікті оразаға жатады. 
Егер тұтса Алла Тағаладан мол сауап алады.
С: Ерікті оразаны тұтуға болмайтын күндер бар ма?
Ж: Иә, жылдың бес күнінде ораза тұтуға тыйым 
салынған. Олар төмендегідей:
Ораза айты күні.
Құрбан айт күні.
Тәшриқ күндер (Құрбан айтынан кейінгі үш 
күн). Барлығы бес күн.
С: Ерікті оразалардың бір-бірінен артықшы-
лықтары бар ма?
Ж: Иә, кейбір күндерде ерікті ораза тұтудың 
артық-шылықтары туралы айтылған хадистер бар. 
Алла Елшісі (с.а.с.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза 
тұтатын болған. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Дүйсенбі, бейсенбі 
күндері амалдар жоғары көтеріледі, мен амалымның 
көрсетілген қалап, ораза тұтамын». Басқа хадисте 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әрбір һижра айының он 
үші, он төрті және он бесі күндері үйде болсын, түзде 
болсын ораза тұтқаны туралы айтылған. Әбу Қатада 
(р.а.) жеткізген риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): 
«Арафа күнінің оразасы үшін Алла Тағаладан Арафадан 
алдыңғы және кейінгі жылдардың күнә-қателіктерінің 
кешірілуін сұраймын. Ашура күні тұтылған ораза 
үшін осы күннен алдыңғы жылдың күнә-қателіктерін 
кешіруін тілеймін», – деген. Әбу Аййуб әл-Ансариден 
(р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-
кім рамазан оразасы тұтып, одан кейінгі шәууал айынан 
алты күн тұтса, мәңгілік ораза тұтқанмен тең», – 
деген. (Мүслім риуаят еткен).
Тарауық намазы
С: Рамазан айында парыз және сүннет намаз-
дарға қосымша оқылатын намаз бар ма?
Ж: Бұхари мен Мүслімнің Әбу Һурайрадан 
(р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.): 
«Кімде-кім рамазан айында шынайы иманмен сауабынан 
үміт еткен түрде намаз оқыса, оның бұрынғы күнәлары 
кешіріледі», – деген. Бұл хадистен рамазан айында 


40
41
әдеттегі намаздарға қосымша оқылатын намаз түрі 
бар екенін аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет