Қадір түні не істеу керек?
:َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّل َص ِّبَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َي ِضَر َةَرْمن�َرُه ِبَأ ْمنَع
ُهاَوَر .»ِهِبْمنَذ ْمنِم َمَّدَقَن� اَم ُهَل َرِفُغ اًباَسِ�ْمحاَو اًناَيمِإ ِرْمدَقْملا َةَلْمنيَل َماَق ْمنَم«
.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнінде шынайы
иманмен, сауабынан үміт етіп ғибадат қылса, оның
бұрынғы күнә-қателіктері кешіріледі», – деген. (Бұхари
мен Мүслім риуаят еткен).
Ал енді Қадір түнінде оқылатын дұғаларға
келсек, Айша анамыз (р.а.) Алланың Елшісінен (с.а.с.):
«Уа, Расулалла! Қадір түні екенін білсем не деймін? –
деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Уа, Алла! Сен Кешірімдісің
және кешірім еткенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»
деп айт»,– деген.
نَع ُفْمعاَف َوْمفَعْملا ُّبُِت ٌّوُفَع َكَّنِإ َّمُهَّللا
Оқылуы: «Аллаһумма иннака ъафуун тухиббул-
ъафуа фаъфу ъанни»
Жалпы хадистерде Жаратқаннан ғафу-кешірім
мен амандық-саулық тілеу керектігі жөнінде көп
айтылған. Қадір түні зікір-дұғаларды көп айту қажет.
Төменде әр-дайым оқылатын дұға-тілектердің кейбір
үлгілері берілді.
Дұға үлгілері
Бірде Алла Елшісінің (с.а.с.) көкесі Аббас ибн
Абдул-Мұтталиб (р.а.): «Уа, Расулалла! Алла Тағалаға
тілейтін бір дұға үйретші», – деп сұрайды. Сонда
Алла Елшісі (с.а.с.): «Ей, Аббас! Пайғамбардың көкесі!
Алладан дүниеде де ақыретте де есендік сұра», – деп
жауап береді.
.ُهُرْمنيَغَو ُّيِذِمْمرِّن�لا ُهاَوَر .»ِةَرِخلآاَو اَيْمننُّدلا ِف َةَيِفاَعلا َكُلَأْمسَأ ِّنِإ َّمُهَّللا«
Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әс’әлукәл-ъаафиа
фид-дуния уал-аахира».
Мағынасы: «Уа, Алла! Өзіңнен дүние мен
ақиретте есен болуды сұраймын» (Термези т.б. риуаят
еткен).
ِهْميَلَع ُللها ىَّل َص ٌدَّمَُم َكُّيِبَن ُهْم�ِم َكَلَأَس اَم ِْميَخ ْمنِم َكُلَأْمسَن اَّنِإ َّمُهَّللا«
ِهْميَلَع ُللها ىَّل َص ٌدَّمَُم َكُّيِبَن ُهْم�ِم َذاَعَن�ْمسا اَم ِّرَش ْمنِم َكِب ُذوُعَننَو ،َمَّلَسَو
.»ِللهاِب َّلاِإ َةَّوُنق َلاَو َلْموَح َلاَو ،ُغلاَبلا َكْميَلَعَو ،ُناَعَن�ْمسُلما َتْمنَأَو ،َمَّلَسَو
.ٍهَجاَم ُنْمباَو ُّيِذِمْمرِّن�لا ُهاَوَر
Оқылуы: «Аллааһуммә иннәә нәс’әлукә мин хайри
мәә сә’әләкә минһу ъабдукә уа нәбиййукә Мухаммадун
саллаллааһу ъәләйһи уа сәлләм, уа нәъуузу бикә мин
шәрри мәәстәъәәзә минһу ъабдукә уа нәбиййукә
Мухаммадун саллаллааһу ъәләйһи уа сәлләм, уа әнтәл-
мустәъәән, уа ъәләйкәл-бәләәғу, уа ләә хәулә уа ләә қууәтә
илләә билләәһ».
68
69
Достарыңызбен бөлісу: |