Ќазаќстан республиканыњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет11/38
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452506
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
УМКД Экономикалық талдау

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қаржылық коэффициенттер түрлері қандай?

  2. Кәсіпорындардың мүліктің өсу коэффициенті қалай анықталады?

3.Ағымдағы және тыс активтердің қатынас коэффициенті қалай анықталады?

4. Қандай көрсеткіш кәсіпорын құрылымының міндеттемесін сипаттайды?



Тақырып 5 : Басқарушылық талдаудың негізі

Дәріс сұрақтары

1.Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеттері.

2.Басқарушылық талдаудың ролі мен мәні.

1.Басқарушылық талдау – қазіргі заманғы басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі экономикалық талдау, жоспарлау, басқару есебі және менеджмент түйісіндегі маңызды жүйе. Басқарушылық талдау кәсіпорынды басқаруды оның қызметін координациялау және интеграциялау арқылы жаңа деңгейге көтереді, стратегиялық мақсаттарға жетуге ынталандырады.

Басқару жүйесіндегі талдау – оперативтік және стратегиялық шешімдер қабылдау арқылы кәсіпорынның экономикалық қызметін, менеджментті дұрыс жолға қою болып табылады.

Кез – келген коммерциялық ұйымның соңғы мақсаты – пайда табу, бірақ кәсіпорындардың мақсаты кейде нарықта орын алу, бәсекелестерді ығыстыру болғандықтан бухгалтерлік есеп жұмысы соған бағытталады. Басқарушылық талдау кәсіпорынды басқаруда ерекше орын алады, оның мақсаты – кәсіпорынның алдында тұрған барлық асуларға жету.

Басқару жүйесінде талдау келесідей функцияларды орындайды:



  • кәсіпорын мақсатына қол жеткізуде басқарушылық қызметті координациялау;

  • басқарушылық шешімдер қабылдауда ақпараттық және кеңестік көмек көрсету;

  • кәсіпорынды басқаруда ақпараттық жүйе құру;

  • тиімді басқарушылық үрдісін қамтамасыз ету.

Ақпараттық ағындардың жүйесі – кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды элементі. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқару туралы ақпаратты жеткізуші.

Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролін келесі сызбадан көруге болады.

Басқару үрдісі

Басқару үрдісіндегі талдау ролі
























Сызба 1. Басқару жүйесіндегі талдау ролі


Бухгалтерлік есеп жүйесі беретін ақпарат толық, нақты, релевантты( мәнді) және пайдалы болуы керек.

2. Басқарушылық талдаудың негізгі тұжырымдамалары



Тұжырымдама бағыты

Тұжырымдама шегінде контроллингтің негізгі мәні мен мақсаты

Есеп жүйесіне

Есеп деректерінің базасында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін кәсіпорын жұмысын бақылуға қажетті ақпараттық жүйе құру.

Басқарушылық ақпараттық жүйеге

Басқарудың жалпы ақпараттық базасын құру.Ақпарат ағындарын оңтайландыру.

Басқару жүйесіне.

  • жоспарлау мен бақылауға

  • координацияға

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің қызметін жоспарлау мен бақылау.
Кәсіпорынды басқару жүйесін координациялау.

Басқарушылық талдау – мақсаттарға жетуді басқару жүйесі, кәсіпорынды басқарудың құрамдас бөлігі. Оның мәліметтерінсіз кәсіпорынды басқару мүмкін емес.

Өндірістік бухгалтерия шығындар туралы ақпараттар жинақтайды, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін анықтайды және өнім өндіріске қатысты барлық есептік, сараптамалық, жұмыстарды атқарады, ішкі өндірістік есеп берушілікті құрайды. Өндірістік бухгалтерия жабық сипатты болады. Бұл меншік иесінің өз иелігіндегі «ноу-хау», өндірістік жаңа жетістіктері сияқты жаңалықтарын оның бәсекелестері ерте пайдаланбауы үшін деген мақсатта. Өндірістік бухгалтерия тек басқа жақтың адамдары ғана емес, сол кәсіпорында жұмыс істейтін, бірақ өндірістік бухгалтерияға кірмейтін адамдар үшін де жабық.

Басқарушы талдаудың басты мақсаты — басқарушылық шешімді қабылдау болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша барлық басқарушылық шешімдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бағдарланған және бағдарланбаған. Осы топтың әрқайсы басқарушылық шешімді қабылдаудың жүйесі ретінде бухгалтерлік есепке жаңаша талаптар қояды.

Бағдарланған шешімдер - алдын-ала белгіленіп, дайын процедурасы бойынша жүретін, дәстүрлі және стандартталған шешімдер. Бағдарланған шешімдер "бірден" қабылданатын жай шешімдер де болуы мүмкін, бірақ ол жан-жақты зерттеледі, сондықтан олар күрделі болып та келуі мүмкін. Бағдарланған шешімдерге материалдарды сатып алу, жаңа қызметтері үшін еңбек ақы деңгейін көтеру және т.б. жатады. Сәйкесінше, басқарушы есеп жүйесі негізгі ақпараттарды стандарттауға, үйлесімдеуге және бағдарланған шешімдерді қабылдау тұжырымдамасын, біртұтас процедурада дайындауға, яғни жоғарыда айтылған әрекеттерге толығымен бағыттауға талпыныс жасайды.

Бағдарланбаған шешімдерстандартталған емес, әлсіз құрылымдық жағдайындағы жаңа шешімдер үшін, әдеттегі мәселелерді шешуде қолданады. Бағдарланбаған шешімдердің қатарына ұйымның маркетингтік стратегияларын дайындау, уақытша бос қаржы ресурстарын инвестициялау жөніндегі шешімдерін қабылдау жатады. Бағдарланбаған шешімдер үшін дайын алгоритм болмайды және болуы да мүмкін емес. Осындай шешімдерді қабылдау үшін, басқарушы есеп жүйесінің қызметкерлері тұрақты түрде ізденіс үстінде болады және шешімді кабылдаудың критериясы нақты мәселелердің өзгешелігіне байланысты болып келеді. Бірақта, шешімді қалыптастыру процесінде тек стандарттау мен унификациялау деңгейлерін ғана емес, сондай-ақ экономикалық ортаның микроклиматтын жасайтын, тәуекелдік және белгісіздік жағдайын зерттеу керек.

Белгісіздік жағдайында басқарушы есептің міндеті айрықша күрделене түседі. Тап осындай жағдайлардың белгілері бар екені туралы жөнінде олар дабыл қағады:


  • нақты нәтижелердің жоспардан ауытқуы;

  • нақты нәтижелердің өткен тәжірибеден ауытқуы;

  • қызметкерлердін мардымсыз хабардар болуы;

  • бәсекелестер туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі .

Осындай мәліметтерді қалыптастыруға басқарушы есеп көмектеседі және мәселені шешуге осылайша келуді рационалды тәсіл деп атайды.

Дұрыс шешімді қабылдамас бұрын қабылданатын шешімдерге талдау жасап, ұсынылатын варианттың артықшылығы (миссиясы) туралы басшылықты хабардар етеді. Максималды табыс табу тұжырымдамасы ұйым иелері, тек меншік иелері ретінде мүдделі екендігін танытады. Бірақта тап осындай жағдай өте сирек кездеседі. Иеленушілер: тапсырыс берушілер, жабдықтаушылар, қызметкерлер, ұйым директорлары жатады. Егер ұйым иелік етушілері максималды табыс алуды мақсат тұтса, онда олар өз мүддесін қорғаған болып шығады. Менеджер мен иелік етушінің негізгі мақсаты үнемі табысқа салынатын салықты қалай азайтуға болатындығын іздестіреді. Кейде менеджерлер минималды тәуекелділік кезінде максималды табыс табуды ұстанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет