Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық талдаудың зерттеу аясы қандай?
2.Қаржылық талдаудың басқарушылық талдаудан айырмашылықтары?
3.Қаржылық талдаудың қайнар көздері?
11 тақырып . Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
Дәріс сұрақтары
Аналитикалық процедураларға сипаттама.
Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.
1.Талдау міндеттері болып табылады:
кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдарымен қамтамасыз етілуін және олардың жинақтаушы және жеке көрсеткіштер бойынша пайдалану деңгейін, сонымен қатар, олардың өзгеру себептерін анықтау;
негізгі құралдарды пайдаланудың өнім өндірудің көлеміне және басқа көрсеткіштерге әсерін есептеу;
кәсіпорынның өндірістік қуатын және жабдықтарды пайдалану дәрежесін ба
йқау;
негізгі құралдарды пайдаланудың әсерлілігін жоғалту резервтерін айқындау.
Талдау үшін берілген қайнар көздер: кәсіпорын жоспары, техникалық өсу жоспары, кәсіпорын балансы, негізгі құралдар есебінің түгендеу карточкасы, техникалық құжаттама.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты жә не айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
2. Актив құрылымның дәл талдауы оның активтердің әр түрдің қатынасының өзгеруін жүргізіледі.
Актив құрылымын талдау
Көрсеткіштер
|
Абсолюттік мөлшер
|
(%) жалпы көлемдегі пассивтердің үлес салмағы.
|
Ауытқу
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Абсолюттік мөлшерде
|
Үлестік салмақта
|
% -қ жалпы ауытқу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1. Ағымдағыдан тыс активтер
|
1137
|
1304
|
58,7
|
58,0
|
+167
|
-0,7
|
+53,9
|
2.Ағымдығы активтер
|
800
|
943
|
41,3
|
42,3
|
+143
|
+0,7
|
+46,1
|
Активтердің қорытындысы
|
1937
|
2247
|
100
|
100
|
+310
|
0
|
+100
|
Ағымдығы активтер және ағымдағыдан тыс активтердің қатынас коэффициенті.
|
0,7
|
0,72
|
Х
|
х
|
+ 0,02
|
х
|
х
|
Міндеттемелердің құрылымын талдау
Көрсеткіштер
|
Абсолюттік мөлшер
|
(%) жалпы көлемдегі пассивтердің үлес салмағы.
|
Ауытқу
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Жыл басына (кезең)
|
Жыл аяғына (кезең)
|
Абсолюттік мөлшерде
|
Үлестік салмақта
|
% -қ жалпы ауытқу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1Шынайлық меншік капитал.
|
1684
|
1880
|
87,1
|
83,7
|
+196
|
-3,4
|
+62,8
|
2 Қарыздық құралдар (корректелген ұзақ мерзімді пассивтер + корректелген қысқа мерзімді пассивтер)
|
249
|
365
|
12,9
|
16,3
|
+116
|
+3,4
|
+37,2
|
Қаражат көзінің қорытындысы
|
1933
|
2245
|
100
|
100
|
+312
|
0
|
100
|
Автономиялық коэффициент
|
0,87
|
0,84
|
х
|
Х
|
-0,03
|
Х
|
х
|
Негізгі құралдар мен қарыздық құралдардың коэффициент қатынасы.
|
0,15
|
0,19
|
Х
|
Х
|
+0,04
|
х
|
Х
|
Талдау бойынша меншік капитал салымдардың қатынасы кәсіпорынның стратегиясы құралады. Берілген кестеде меншік капиталдың салым коэффициенті анықталады К салым :
К салым = резервтік капитал + жинақтаушы қор + бөлінбеген табыс – шығын / шынайлық меншік капитал
Жағымды динамика коэффициенті меншік капиталға салымдары түсетінің көрсетеді, ал кері динамика қызмет нәтижесінен меншік капиталдың жоғалтулары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |