Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі


Тарау 3. Мемлекеттік шығыстарды бағалаудың дәйектілігі



бет3/13
Дата09.04.2024
өлшемі201.64 Kb.
#498080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
5B 48 0 07

Тарау 3. Мемлекеттік шығыстарды бағалаудың дәйектілігі
16. Бюджеттік инвестициялар бойынша мемлекеттік шығыстарды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
1) Бюджет шығыстарын жоспарлау кезеңінде тиісінше республикалық және өңірлік инвестициялық жобаларды сәйкестендіру (инвестициялық ұсыныстар әзірлеу) және дайындау (техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және сараптау) жүзеге асырылады;
инвестициялық жоспарлардың үш жылдық кесімі тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттердің даму бюджеттеріне енгізіледі.
Инвестициялық ұсыныстар техникалық және іргелі талдауға жатады.
Жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау инвестициялық жобаларды Экономикалық талдаудың әдіснамалық басшылығына сәйкес жүзеге асырылады.
2) жобалардың инвестициялық кезеңі барысында:
инвестициялық кезең шеңберінде іске асырылатын процестер мониторингінің және жобалардың инвестициялық кезеңінің орындалуына аудиттің деректері негізінде осы процестердің іске асырылу барысының тиісті жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінде жоспарланған параметрлер мен мерзімдерге сәйкестігін бағалау жүзеге асырылады. Анықталған сәйкессіздіктер физикалық ауытқулар дәрежесі, осы ауытқулардың қаржылық-экономикалық салдары және белгіленген физикалық және қаржылық-экономикалық ауытқулар мен салдарлар тұрғысынан жоба мақсатына қол жеткізу бойынша бағаланады - "жоспар/факт"әдісі;
салааралық теңгерім арқылы күрделі шығындар құрылымындағы импорт үлесіне қарай тікелей және толық шығындар коэффициенттерінің өзгерістерін және тиісінше мультипликативтік әсердің өзгерістерін бағалау жүзеге асырылады.
3) әсер етуді бағалау – жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде. Әсерді бағалау себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы жобаның экономикалық, әлеуметтік саладағы өзгерістерге әсерін анықтауға бағытталған.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау нәтижелерінің негізінде инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру бойынша ұсынымдар және орта мерзімді инвестициялық саясат үшін шешімдер әзірлеу жүзеге асырылады.
17. Бюджеттік инвестициялар бойынша мемлекеттік шығыстарды бағалауды бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган жүзеге асырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет