Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі
10. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі қарауылдық иттердің аға жетекшілерінен тағайындалады. Ол қарауыл бастығына бағынады және:
иттердің постыларға уақтылы қойылуына және олардың постылардан уақтылы алынуына;
қарауылдық иттердің нәтижелі қолданылуына;
қарауылдық иттер жетекшілерінің қызмет өткеруіне;
қызметтік иттерді күту, күтіп ұстау мен тамақтандыру ережелерінің орындалуына жауап береді.
11. Қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі:
қарауылдық иттер постыларының орналасуын нақты білуге және постыларға иттерді қоюға басшылық жасауға;
қарауылды ауыстыру кезінде тізімдеме бойынша және объектінің периметрін қарау жолымен иттердің, постылардың, вольерлердің, мүкәммалдың, жабдықтар мен қарауылдық иттердің қызмет өткеруі үшін арналған басқа да мүліктің бар болуын және жай-күйін тексеруге;
жетекшілерді қарауылдық иттермен постыларға жіберу алдында жетекшілердің өз міндеттерін білуін және иттердің жабдықтарын тексеруге, қызметтік жануарлармен айналысқан кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқау беруге;
кестеге сәйкес өзі немесе қарауылдық иттер жетекшісі арқылы постылардағы иттердің мінез-құлқын және постылардың жай-күйін тексеруге, постыларда анықталған ақауларды жою және посттардағы иттердің белсенділігін арттыру шараларын қабылдауға, тексерудің нәтижелері туралы қарауыл бастығына баяндауға;
постыларға түсетін қарауылдарды постылардың шекарасына қойылатын қарауылдық иттер мінез-құлқының ерекшеліктері (иттердің постыға жақындаған бұзушыға алаңдауына, дыбыс тітіркендіргіштерге, бөтен адамдар берген тамаққа қатынасы және басқа да жағдайлар) туралы ақпараттандыруға міндетті.
Қарауылдық иттер жетекшісі
12. Қарауылдық иттер жетекшісі қарауылдық иттер постыларының дұрыс ұсталуына, иттердің постыларға уақытылы қойылуына, иттердің постылардан уақытылы алынуына, қызметтік иттерді күту, күтіп ұстау және тамақтандыру ережелерінің қатаң және дәл орындалуына жауап береді.
Ол қарауыл бастығына және оның қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне бағынады.
13. Қарауылдық иттер жетекшісі:
қарауылдық иттер постыларының орналасуын және оларда қызмет өткеру жағдайларын білуге;
ауа райының жағдайларына байланысты белгіленген кесте бойынша иттерді постыларға қоюға және алуға;
қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісінің рұқсатынсыз өз бөлімшесінен ешқайда кетпеуге;
өз ауысымының қарауылдық иттерді және олардың постылардағы мінез-құлқын білуге;
объектінің периметрін әрбір қарап шығу кезінде постылардың, мүкәммалдың, жабдықтар мен қарауылдық иттердің қызмет өткеруіне арналған басқа да мүліктің жай-күйін тексеруге және постыларда анықталған ақауларды (болат арқанның немесе шынжырдың үзілуі, иттердің оралып қалуы және басқалар) дереу жоюға шаралар қабылдауға;
қызметтік жануарлармен айналысқан кезде қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ қарауылдық иттерді күту, күтіп ұстау және тамақтандыру жөніндегі ережелерді сақтауға;
тексеру нәтижелері бойынша қарауыл бастығының қарауылдық иттер жөніндегі көмекшісіне баяндауға міндетті.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
6-ҚОСЫМША
Қарауыл киім нысаны
1. Қарауыл киім нысаны далалық астары жылы күртешеден (шинельден), таза және дұрыс далалық (салтанатты) киім нысанынан, аяқ киімнен, бас киімнен, белдік белбеуден және оқжатарларға (оқшантайға) арналған сөмкеден тұрады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы қарауыл постылары салтанатты киім нысанында болуы мүмкін.
Постылық киім ретінде: капюшоны бар плащ немесе плащ-шатыр және су өткізбейтін арнайы аяқ киім, ал тұлып пен пима тек қысқы уақытта ғана қолданылады. Тұлыптан басқа, постылық киім әрбір постыға екі жиынтықтан тұрады, оның біріншісі қарауылдық үй-жайда, ал басқасы - постыда болады. Одан басқа, қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығына, оның көмекшілеріне, таратушылар мен шығарушыларға арналған плащтар немесе плащ-шатырлар және су өткізбейтін арнайы аяқ киім болуы тиіс.
Ерекше жағдайларда, әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) нұсқауы бойынша сақшылар қызметті броньды кеудешелерде және болат дулығаларда өткереді.
2. Қарауылдар таралым орнына далалық астары жылы күртешелерде (шинельдерде) келуі тиіс. Ыстық уақытта гарнизон бастығының (әскери бөлімнің штаб бастығының) нұсқауы бойынша қарауылдар таралымға далалық астары жылы күртешесіз (шинельсіз) келуі мүмкін. Далалық астары жылы күртешелерді (шинельдерді) кию тәртібі: таралым уақытында - қарауылдық (әскери бөлім) бойынша кезекші, ал таралымнан кейін - қарауыл бастығы өзгертуі мүмкін.
3. Жазғы уақытта суық жел кезінде ауысымдар постыларға далалық астары жылы күртешелерде (шинельдерде) жіберіледі. Көлеңкедегі ауа температурасы +150С және одан жоғары болған кезде далалық астары жылы күртешелерді (шинельдерді) қарауылдық үй-жайдағы киім ілгішке қалдыруға рұқсат етіледі.
4. Қолайсыз ауа райында ауысымдар постыларға плащтарда (плащ-шатырларда) және су өткізбейтін аяқ киімде жіберіледі. Плащтарды (плащ-шатырларды) сақшылар постыда қажеттілігіне қарай шешеді (киеді).
5. Постылық тұлып тек постыдағы ауысым уақытында киіледі және шешіледі. Тұлып далалық астары жылы күртешенің (шинельдің) сыртынан киіледі. Пима қарауылдық үй-жайда киіледі. Тұлыптар мен пиманы -50С және одан төмен температура кезінде, сондай-ақ суық жел кезінде киюге рұқсат етіледі.
Шешілген тұлыптар мен плащтар (плащ-шатырлар) постылық саңырауқұлақ астына немесе қадағалау мұнарасына ілінеді. Плащтар (плащ-шатырлар) мен пима постылардан келгеннен кейін шешіледі және кептіріледі.
6. Сақшылар жылытылатын үй-жайларда кемінде +180С температурада далалық астары жылы күртешесіз (шинельсіз) болуға тиіс.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
7-ҚОСЫМША
№____қарауылдың жауынгерлік патрондарының
қорын есепке алу кітабы
__________________________________
(әскери бөлім)
Патронның
келіп түскен
және жұмсал-
ған күні
|
Жауынгерлік
патрондардың саны
|
Патрондар-
ды алу
және
толықтыру
туралы
құжаттың
атауы мен
нөмірі
|
Патрондардың
жай-күйін тексеру
|
|
автоматтарға
және карабиндерге
|
Пистолеттерге
|
Тексеру
күні мен
патрондар-
дың саны
және жай-
күйі туралы
тексеруші-
нің жазбасы
|
Анықталған
кемшіліктерді жою
туралы
жазба
|
... тұрады
|
|
|
|
|
|
... алынды
|
|
|
|
|
|
... қалды
|
|
|
|
|
|
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
|
|
(әскери атағы, қолы, тегі)
|
|
... толықтырылды
|
|
|
|
|
|
...тұрады
|
|
|
|
|
|
Әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы
|
|
(әскери атағы, қолы, тегі)
|
|
Ескертпе: 1. Патрондарды алу (салу) туралы әскери бөлімнің (гарнизонның) штаб бастығы, оқ-дәрілер тіркелген әскери бөлімнің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы, әскери бөлім (қарауылдар) бойынша кезекші және қарауыл бастығы қол қоятын акт жасалады. Жауынгерлік патрондардың қоры нормаға дейін толтырылады, жәшік қайтадан мөрленеді және сақтау үшін қарауыл бастығына тапсырылады.
2. Кітап нөмірленген, тігілген, сүргілі мөрмен мөрленген және әскери бөлім (гарнизон) штаб бастығының қолы қойылған болуы тиіс.
3. Гранаталар мен тұтандырғыштардың есепке алу кітабы да осындай үлгіде жүргізіледі. Тиісті бағандарға қажетті атаулар жазылады.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
8-ҚОСЫМША
Қарауылдық үй-жайды жабдықтау
1. Қарауылдық үй-жай:
қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеден;
әйнектелген есігі қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмемен біріктірілген қарауыл бастығының және көмекшісінің бөлмелерінен;
есігі қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмемен біріктірілген қарауылдың демалатын ауысымына арналған бөлмеден тұрады.
Одан басқа, қарауылдық үй-жайда: тамақты жылытуға арналған жабдығы бар асхана, жуыну, шылым шегу, қаруды және аяқ киімді тазалау үшін орындары (бөлмелері), кептіретін жер, тұрмыстық бұрыш, дәретхана, душ кабинасы, отын үшін қоймасы, ал қарауылдық иттерді пайдалана отырып, міндеттерді орындайтын қарауылдар үшін оларды ұстауға арналған вольер болуы тиіс. Саны аз қарауылдардың қарауылдық үй-жайларда асхана болмауы мүмкін. Осы жағдайда ыдыс-аяқты, азық-түлікті сақтау және тамақ жылыту үшін орындар жабдықталады.
Объектілері техникалық күзет құралдарымен жабдықталған қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығының техникалық күзет (пост) құралдары жөніндегі көмекшісіне (операторға) арналған басқару бөлмесі болу керек. Бұл ретте техникалық күзет құралдарының белгісін қабылдау аппаратурасының пульті қарауыл бастығының бөлмесінен қаралып отырылуы тиіс.
2. Қарауылдың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеде:
әскери ант мәтіні жазылған плакат;
постылар табельдері;
жауынгерлік есеп;
жалпыәскери жарғылар;
газеттер мен журналдар;
қарауылдық қызметті өткеру ережелері көрнекі бейнеленген, сондай-ақ қарауылдардың жеке құрамымен жасалған ерліктер бейнеленген және суреттелген суреттер немесе плакаттар, қарауылдық қызмет ережелерін бұзғаны үшін сотталған әскери қызметшілер туралы ақпараттық стенд;
қарауылдық қызметті өткеру кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілердің суреттері бар стенд;
үстел ойындары (шахматтар мен дойбылар);
сағат;
таратушылар санына қарай аккумуляторлық қолшамдар;
термометрлер (ішкі және сыртқы);
медициналық аптечка немесе санитар сөмкесі және қарауылдың барлық құрамына арналған жеке таңғыш пакеттері;
қарауыл құрамының жеке заттары мен жуынатын керек-жарақтарына арналған шкаф;
қарауыл бастығының үй-жайына белгі берілетін жарық дыбысты дабылдамамен жабдықталған қару-жараққа арналған пирамида;
қарауыл құрамының үштен екі бөлігіне арналған үстел мен орындықтар;
қарауылдың барлық құрамына есептелген сыртқы киімдерге арналған киім ілгіш және постылық киімнің екінші жиынтығы;
урналар болуы тиіс.
Шкаф пен киім ілгішті қарауылдық үй-жай бөлмелерінің орналасуына қарай басқа бөлмелерге (дәлізге) қоюға рұқсат етіледі.
Қарауылдардың жеке құрамына арналған ортақ бөлмеге одан басқа, теледидар мен радиоқабылдағыш қойылуы мүмкін.
3. Қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бөлмесінде:
қарауыл бастығы қабылдайтын құжаттардың тізімдемесі;
қарауылдық үй-жайында болатын жабдықтардың, мүкәммалдар мен мүліктің тізімдемесі;
постылардың орналасу схемасы, постылық табельдер;
қарауыл бастығына нұсқаулық;
жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген жағдайға арналған құжаттамасы бар пакет;
қол қоюға құқығы бар және олардың қолымен жіберілетін адамдардың санына қарай рұқсаттама үлгілері;
қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәліктің үлгісі;
таратушылардың саны бойынша - арнайы жәшіктерде болатын мөрлерден бедерлердің (пломбалардан таңбалардың) үлгілері;
сақтау орындарын (қоймаларды, парктерді) ашуға құқығы бар немесе қарауылдардан тұрақтарда болатын жауынгерлік машиналарды (қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы) қабылдауға күзетілетін аумаққа жіберілетін лауазымды адамдардың тізімі (тізімде олардың әскери атағы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын куәліктің (төлқұжаттың) нөмірі, олар қандай объектіні ашуға (жабуға) және аумаққа жіберілгені, қандай мөрмен (пломбамен) мөрленгені және объектіні ашу (жабу) уақыты көрсетіледі;
тұтқындалғандар камераларының (әскери полиция органының гауптвахтасы жанындағы қарауылдардың) кілттері;
жалпыәскери жарғылар;
қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен тікелей телефон және селекторлық байланыс пен постылармен байланыс құралдары;
құлыптары және оларға кілттері бар металл жәшіктегі оқ-дәрілер қоры;
екі ауысымды постылардың оқ-дәрілер қорларын сақтауға арналған металл жәшік (сейф);
бақылау-өткізу постысы қарауылдарының пистолеттеріне арналған металл жәшік (сейф);
жазу құралдары;
су құятын графин мен стакандар;
құлыпқа жабылатын жәшігі (сейфі) бар үстел мен екі орындық;
киім ілгіш;
аккумуляторлық қолшам;
сағат;
жартылай жұмсақ кушетка болуы тиіс.
Одан басқа қарауыл бастығының және оның көмекшісінің бөлмесіне бөлім бойынша кезекшінің пистолеттері бар сейфтерден (қаруды сақтауға арналған бөлмеден) дабылдама енгізіледі.
4. Қарауылдың демалатын ауысымына арналған бөлмеде қарауылдың бір ауысымы және кімге демалу тиесілі қарауылдың басқа да адамдары бір уақытта демалу есебінен бас жағында тыстары (салфеткалары) бар жартылай жұмсақ ағаш төсектер болуы тиіс.
5. Ауысатын қарауылдың жеке құрамын күту бөлмесінде (орнында):
құлыпқа жабылатын және белгі қарауыл бастығының бөлмесіне жарық дыбысты дабылдамасы бар жабдықталған қаруға арналған пирамида;
қарауылдық қызметті өткеру ережесін көрнекі бейнелеген суреттер мен плакаттар;
қарауыл құрамының үштен екісіне есептелген үстел мен орындықтар (табуреттер) болуы тиіс.
6. Асханада:
қарауыл құрамының үштен екісіне есептелген үстел мен орындықтар (табуреттер);
ыдыс-аяқ пен азық-түлікке арналған шкаф;
тамақты жеткізуге арналған термостар жиынтығы, қарауылдың барлық жеке құрамы тамақтануына арналған ыдыс-аяқ пен асхана құралдары;
қарауыл бастығының мөрімен мөрленген ауыз су құйылған шүмегі бар ыдыс (диспенсер);
тоңазытқыш;
тамақ жылытуға арналған электр немесе газ плитасы (қысқа толқынды пеш);
су қайнатуға арналған шәйнек;
ыдыс жууға арналған раковина, жуу құралдары болуы тиіс.
7. Пульт бөлмесінде (постыда):
техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасы;
қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (операторының) құжаттамалары;
объектілерге орнатылған техникалық күзет құралдарын пайдалану жөніндегі басшылық;
қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
үстел, орындықтар мен резеңке кілемше;
аппараттық журнал;
жазу құралдары болуы тиіс.
8. Шылым шегу, қаруды және аяқ киім тазалауға арналған орындарда (бөлмелерде): қару тазалайтын үстел, ескі заттарға арналған металл жәшік, орындықтар, зарарсыздандырғыш сұйықтығы бар урналар, аяқ киім тазалауға арналған керек-жарақтар болуы тиіс.
9. Қарауылдың барлық белгіленген құжаттамалары, сондай-ақ плакаттар мен картиналар рамаларда немесе планшеттерде болуы тиіс.
10. Әрбір бөлмедегі қабырғаға сол бөлмеде болатын мүлік пен керек-жарақтардың тізімдемесі ілінеді.
11. Қарауылдық үй-жайлар бөлмелерінің саны бойынша жарық түсірудің резервті көздерімен ("Жарқанат" типті керосин шамымен), сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен: өрт сөндіргіштермен, құм салынған жәшіктермен, су құйылған бөшкелермен, шелектермен және мүкәммалмен (күректермен, балталармен, сүймендермен, ілгектермен, киіздермен) жабдықталады.
Қарауылдық үй-жай әскери қалашықтан тысқары орналасқан кезде олардың терезелерінде ішінен жабылатын металл қақпақпен жабдықталады және қадағалау мұнарасы орнатылады.
12. Қарауылдық үй-жайға кіреберіс күзетілетін объектілерді ашуға (жабуға) келген адамдардың ішке кедергісіз кіруіне жол бермейтін тамбурлармен жабдықталады.
13. Қарауылдық үй-жайға жақын жатқан аумақтың екі метрден кем емес биік қоршауы болуы керек. Қарауылдық үй-жайға кіреберісте аяқ киімді тазалайтын құралдар (ағаш немесе металл торлар немесе темір қапсырмалар) болуы тиіс. Қарауылдық үй-жайдың маңында қоқыс салуға арналған қақпағы жабылатын контейнерлер қойылады.
14. Отынның, жарық түсіру құралдарының (шырақтардың, шамдардың, қолшамдардың) қажетті қорлары мен тазалауға қажетті мүкәммал қоймада сақталады.
15. Қарауылдық үй-жай алдында қарауылды сапқа тұрғызу үшін және тәуліктің қараңғы уақытында жақсы жарық түсірілуі тиіс оқ тосқауылы бар қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңдар, сондай-ақ ауысатын қарауыл жеке құрамының орналасуы үшін құлыпқа жабылатын және белгі қарауыл бастығының бөлмесіне жарық дыбысты дабылдамасымен жабдықталған қару-жараққа арналған пирамидасы бар үй-жай (орын) жабдықталады, одан басқа әскери бөлімнің күзетілетін объектінің аумағынан тыс орналасқан қарауылдық үй-жай жанында қарауылдық үй-жай кіреберісінде тұратын сақшыға арналған қадағалау мұнарасы жабдықталады. Көлік құралы бар қарауылдарда және жауынгерлік машиналарда оларды қою үшін жылытылатын үй-жайлар жабдықталады.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
9-ҚОСЫМША
Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау
1. Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сыртқы және ішкі қоршаулары сымтемірлердің арақашықтығы: төменгі жағы - 5 сантиметрден аспайтын, жоғарғы жағы - 15 сантиметрден аспайтын, биіктігі кемінде екі метр болуы тиіс. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жағдайларына байланысты айқындалады және 10 метр және одан көп болуы мүмкін. Қоршаулар аралығы сақшылардың қозғалысы үшін сүрлеу (жол) және қоршаудың сыртқы жағымен шекаралас жататын ені кемінде бес метр бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.
Күзетілетін объектілерге кіреберістерді қадағалауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына (сыртқы периметр жанында) оқ өткізбейтін қоршауы бар, байланыс, дабылдама және найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары суретке сәйкес орнатылады. Қажет болған кезде Қорғаныс министрінің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының шешімдерімен қадағалау мұнараларының параметрлері өзгертілуі мүмкін.
2. Ерекше маңызды объектілерде арнайы инженерлік ғимараттар салынылуы мүмкін немесе қару-жарақпен, қадағалау, көздеу приборларымен броньды объектілер мен инженерлік қоршаулар (ОБК, «сүріндірме», бағаналар, траншеялар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орнатылады.
Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіреберісте күндіз және түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады, мысалы: «Өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)». Айналып өту (айналып жүру) көрсеткіштермен көрсетіледі.
Әскери бөлімнің аумағынан тысқары орналасқан объектілер айналасында мемлекеттік жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша заңнамаға сәйкес тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары жергілікті жерде (өлшемі 40x60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) мемлекеттік және орыс тілінде жазуы бар жақсы көрінетін көрсеткіштермен «Тыйым салынған аймақ (аудан), өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)» деп белгіленуі тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы) мемлекеттік жергілікті басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде хабардар етуі тиіс. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасына ортақ пайдаланылып жүрген жолдар, тұрғын үйлер мен қызметтік құрылыстар, өңделетін аумақтар және басқалар кірмеуі керек.
3. Жергілікті жердің жағдайына байланысты постының аумағында сақшы кемінде 50 метр жерден шолу жасаумен және оқ атумен қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан посты айналасындағы аумақ бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары биіктігі 2,5 метрге қырқылған, шөптері шабылған, шұңқырлар көмілген, төбешіктер тегістелген, артық заттары жиналған болуы тиіс. Бөгде адамдарға одан жақын жерге постыға жақындауына болмайтын арақашықтықты айқындайтын тыйым салынған шекара күндіз көрінетін сақшылармен, түнде және нашар көрінетін жағдайларда мемлекеттік және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен (өлшемі 40x60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) белгіленеді, мысалы: «Тыйым салынған шекара. Тоқта, атады».
Бірнеше постылары бар объектілер аумағындағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен (өлшемі 40x60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) көрсетіледі, мысалы: "№ 2 постының шекарасы".
4. Әскери қалашықтан тысқары орналасқан ерекше маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін окоптар, олардан постының (қарауыл үй-жайының) кіреберістеріне қарай оқ ата алатындай және көршілес постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Окоп қарауыл үй-жайына байланысатын құралдармен (дабылдамамен) жабдықталады.
5. Түнгі уақытта постыға және күзетілетін объектіге кіреберіске жарық түсірілуі тиіс. Жарық сақшы постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі тиіс.
6. Посты сақшының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе таратушыны дереу (кемінде екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде - әрбір 250 метр жүргеннен кейін) шақыруын қамтамасыз етуі тиіс байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс.
7. Ішкі, әсіресе Жауынгерлік Ту жанындағы постыда биіктігі 0,7-1 м қоршау және жарық түсірілуі тиіс.
Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуы тиіс.
8. Әрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, тікелей күзетілетін объектілердің жанында (қоймалар, сақтау орындары және басқа да объектілер) өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер мен мүкәммал (күректер, балталар, сүймендер, ілмектер, киіздер) болуы тиіс.
9. Сыртқы постыларда постылық киімдерді сақтау үшін арнайы жабдықталған «пост саңырауқұлағы», ал ішкі постыларда астары жылы күртешелерді (шинельдерді) ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш болуы тиіс.
«Пост саңырауқұлағы» күзетілетін объектінің түсіне немесе қоршаған жергілікті жердің түсіне боялады.
10. Объектілерді техникалық күзет құралдарымен жабдықтау жөніндегі нұсқаулар "Техникалық күзет құралдарын қолдану" бөлімінде жазылған.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына
10-ҚОСЫМША
БЕКІТЕМІН
Әскери бөлім командирі
(гарнизон бастығы)
______________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
200_жылғы «___»_________________
Достарыңызбен бөлісу: |