«Қазақстан республикасы қарулы күштерінің Әскери жалпы әскерлік жарғылары» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен мамандық: 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық»


Санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар



бет5/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#171064
1   2   3   4   5   6   7

2. Санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар.

Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығын сақтау туралы қамқорлық жасауы, ауруларын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін қатаң сақтауы және зиянды әдеттерден бой тартуы тиіс.

Жеке бастың гигиенасын орындауға мыналар кіреді:

- тісін тазалаумен бірге таңертең белуарға дейін суық сумен жуыну;

- тамақ ішердің алдында қолды жуу;

- ұйықтар алдында жуынy, тісті тазалау және аяқты жуу;

- уақтылы қырыну, шашы мен тырнақтарын алу;

- іш киімді және төсектік жайманы, шұлғаулар мен шұлықтарды ауыстыра отырып, апта сайын моншада жуыну;

- киім-кешекті, аяқ киімді және төсекті таза ұстау, жағалықтарды уақтылы ауыстыру.

Әскери кызметшінің шашы, мұрты, сақалы, егер олар бар болса, ұқыпты болуы, гигиенаның талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құратщарын пайдалану мен жарақтарды алып жүруге кедергі келтірмеуі тиіс.

Сақал қоюға тек офицерлерге ғана рұқсат етіледі. қоғамдық гигиенаның ережелері жатын үй-жайларында, әжетханалар мен басқа да жалпы пайдаланудағы бөлмелерде тазалықты сақтауды; үй··жайларды желдету, қоғамдық орындарда, соңдай-ақ әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан аумағында тазалықты ұстауды қамтиды.

Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды қабылдамауын қамтамасыз ету үшін алдын алу екпелері жүргізіледі. Егулер жоспарлы және іңдеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.

Жоспарлы алдын алу егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) бүкіл жеке құрамына егулердің күнтізбесіне сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша - аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.

Егулерден әскери қызметшілер тек дәрігердің қорытындысы бойынша ғана босатылады.

Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларға және әскери билеттерге енгізіледі.

Әскери қызметші өзінде немесе бір пәтерде (жатақхананың бөлмесінде), сондай-ақ казармада өзімен бірге тұратын адамдардың арасында жұқпалы аурудың пайда болғаны туралы команда бойынша мәлімдеуге және өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен медициналық қызмет бастығыньщ қорытындысы бойынша қызмет міңдеттерін атқаруға міндетті.

Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медициналық қызметтің бастығы бұл туралы дереу комаңдирге (бастыққа) және аға медицина бастығына баяндайды, ауырғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшеле;рді дезинфекциялауды, аурумен қарым-қатынаста болған адамдарға байқауды жүргізеді және санитариялық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.

Қажет болғанда әскери бөлімде обсервация режимі немесе карантин енгізіледі. Азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас

тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамының жиналысына, көпшілік мәдени шараларға тыйым салынады;к,осымша оқшаулау жүргізіледі.

Негізгі емдеу-алдын алу іс-шаралары әскери қызметшілерді медициналық тексеру (диспансерлеу), амбулаториялық" стационарлық және санаторийлік - курорттық емдеу болып табылады.

Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында медициналық қызмет ұсынатьш емдеу-алдын алу іс-шаралары барлық әскери қызметшілер. үшін міндетті.

Медициналық тексеруге (диспансерлеуге) жеке құрам денсаулығының жай-күйіне медициналық бақылау жасау, ауруларды ертерек белсенді анықтау, әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын зерделеу, олардьщ денсаулығына теріс әсер ететін факторларды анықтау, алдын алу және емдеу-сауықтыру іс- шаралары кіреді.

Әскери қызметшілер денсаулығының жай-күйіне медициналық бақылау жасау:

- жауынгерлік әзірліктің барысында және тұрмыста жеке құрамға күн сайын медициналық байқау;

- әскери қызметшілерді медициналық қарау;

- әскери қызметшілерге терендетілген және бақылаулық медициналық

тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

Медициналық қарауға мыналар алынады:

- әскери бөлімнің (бөлімшенің) бүкіл жеке құрамы - алдын алу

егулерін жүргізу алдында;

- мерзімді әскери қызметтің барлық әскери қызметшілері - жуыну алдында моншада;

-қapayьmдың, кезекші күштердің (ауыIыыдардыы)) жеке құрамы қарауьrлға және жауьшгерлік кезекшілікке (жауьшгерлік қызметке) түсуі алдында;

- жұмысы қолайсыз факторлардың мүмкін әсер етуіне байланысты әскери қызметшілер, сондай-ақ диспансерлік ұдайы байқаудағы адамдар, - оларға белгіленген мерзімдерде;

- асханаларда, азық -түлік қоймаларьщда, сумен жабдыктау объектілерінде, наубайханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында тұрақты түрде жұмыс істейтін адамдар және eaнитapлap - аптасына бір peт асхана бойынша нарядқа тағайындалған жеке құрам, - тәуліктік нарядқа жіберілгенге дейін;

- әскери бөлімге жаңадан келген, сондай-ақ демалыстардан, іс-сапарлардан және сауықтыру жөніндегі емдеу мекемелерінен оралған барлық әскери қызметшілер - әскери бөлімге келген күні, бірақ оларды бөлімшелерге жібергенге дейін;

- жүргізушілер - рейске шығар алдында;

- спорт жарыстарына қатысушылар - жарыстың алдында;

- тәртіптік ретте қамалғандар - гауптвахтаға жіберілер алдында.

Терендетілген медициналық тексеру:

- мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне - жылына екі рет оқудың қысқы және жазғы кезеңдерінде;

- әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші офицерлерге, әскери қызметшілерге - төртінші тоқсанда; екінші тоқсанда бақьmау сипатында медицинальщ тексеру жүргізіледі.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші офицерлерді, әскери қызметшілерді тереңдетілген медициналық тексеруге әскери-емдеу мекемелерінің маман-дәрігерлері тартылады.

Әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамын медициналық тексеру мен қараудың уақыты, тәртібі және жүргізілу орны бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Бөлімшелерге медициналық тексерулер мен қарауларды демалыс күндеріне тағайындауға тыйым салынады.

Бөлімшені медициналық тексеруге бөлімшенің командирі, ал медициналық қарауға ротаның старшинасы алып келеді.

Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеруге әскери қызметті келісім-шарт бойыша өткеруші барлық офицерлер, әскери қызметшілер қатысуға міндетті. Олар дәрігерге бағыныстылардың денсаулығының жай-күйіне өздерінің байқаулары туралы хабарлауы тиіс.

Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексерулер мен қараулардың нәтижелерін дәрігер медициналық кітапшаларға енгізеді. Денсаулығының жай-күйі бойынша диспансерлік ұдайы бақылауға мұқтаж әскери қызметшілер есепке алынады және мерзім сайын байқаулық медициналық тексерулер жасалады. Бөлімшенің (ротаның) командирі жеке құрамның медициналық тексерілумен толық қамтылуына жауап береді.

Әлде бір себептермен медициналық тексеруде болмаған әскери қызметшілерді бөлімшенің командирі мүмкіндік туған жағдайда дереу әскери бөлімнің медициналық пунктіне жібереді.

Әскери бөлімнің медициналық тексерудің нәтижелерін, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі ұсыныстарын әскери бөлімнің медициналық қызметінің бастығы әскери бөлімнің командиріне баяндайды.

Әскери қызметші өзінің ауруын жасырмауы тиіс.

Ауырған кезінде ол бұл туралы дереу тікелей бастығына мәлімдеуге және оның рұқсатымен медициналық көмек алу үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне баруға міндетті.

Әскери қызметшілер мен олардың отбастарының мүшелерін амбулаториялық қабылдау әскери бөлімнің медициналық пунктінде және гарнизонның әскери-медициналық мекемелерінде әскери бөлімнің командирі мен гарнизонның бастығы белгілеген сағаттарда жүргізіледі.

Аяқ астынан ауырған немесе жарақат алған әскери қызметшілер әскери бөлімнің медициналық пунктіне немесе гарнизонның әскери медициналық мекемесіне тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін әскери бөлімнің медициналық пунктіне рота бойынша кезекші ротаның санитариялық нұсқаушысының немесе аурулардың арасынан тағайындалған шені үлкенінің басшылығымен жібереді.

Ауруларды жазу кітабы (ll-қосымша) рота старшинасының қолымен бөлімнің медициналық пункті бойынша кезекшісіне амбулаториялық қабьтдау басталғанға дейін 2 сағат бұрын беріледі.

Дәрігер ротаның ауруларды жазу кітабына енгізілген барлық әскери қызметшілердің медициналық пунктке келуін бақылайды.

Дәрігер (фельдшер) қараған соң ауырғандар сырқатының сипатына қарай әскери бөлімнің медициналы пунктіне, бөлімнен тысқарыдағы емдеу мекемесіне (госпиталь, аурухана) жіберіледі немесе оған амбулаториялық емдеу тағайындалады.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші офицерлер мен әскери қызметшілер дәрігердің қорытындысы бойынша емделуі үшін пәтерлерінде (үйінде) қала алады.

Ауруларды қараудың нәтижелері, көрсетілген көмектің сипаты туралы дәрігер медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды. Ал, қорытынды - ауруларды жазу кітабына түсіріледі.

Медициналық көмек алған соң мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері санитариялық нұсқаушының немесе шені үлкеннің басшьтығымен ротаға оралады. Команданың басшысы ауруларды жазу кітабын рота бойынша кезекшіге береді, ол оны ротаның командиріне табыс етеді. Ротаның старшинасы ауруларды жазу кітабындағы дәрігердің қорытьшдысы бойьшша рота командирінің тиісті шешімімен қажетті нұсқаулар береді.

Сабақтардан және жұмыстардан ішінара немесе толық босатуға арналған қорьггындыны дәрігер, ал штатта дәрігер көзделмеген әскери бөлімдерде, - фельдшер 3 тәуліктен аспайтын уақытка береді. қажет болған жағдайда босату қайталануы мүмкін. Дәрігердің (фельдшердің) әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) аткарудан ішінара немесе толық босату туралы ұсынымы лауазымды тұлғалардың міндетті орындауына жатады.

Берілген босату мерзімі аяқталған соң мерзімді әскери қызметтің әскери қызметщілері, егер олар бұған мұқтаж болса, қайталама медициналық қарауға жіберілуі тиіс.

Әскери қызметті келісім-щарт бойынща өткерущі офицерлерді, әскери қызметщілерді әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарудан босату туралы және ауруынан соң қызметке щығуы туралы әскери бөлім бойынща бұйрықта жарияланады.

Амбулаториялық емдеу тағайындалған аурулар, дәрілер қабылдау мен басқа да емдік рәсімдерді жүргізу үщін, сондай-ақ медициналық мамандардың консультацияларына мұқтаждар әскери бөлімнің медициналық пунктіне аурларды жазу кітабында дәрігер көрсеткен күндер мен сағаттарда жіберіледі.

Диеталық тамақтануға мұқтаж сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старщиналарды) тіркеу әскери бөлім 'командирінің бұйрығымен бөлімнің медициналық қызметі бастығының қорытындысыньщ негізінде үш айға дейін мерзімде жүзеге асырылады.

Әскери бөлім медициналық пунктінің лазаретінде ауруларға 14 күнге дейін емдеу мерзімімен стационарлық емдеу жүргізіледі. Лазаретке түсуі кезінде аурулар санитариялық өндеуден өтеді.

Әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқарыдағы стационарлық емдеуге әскери қызметщілерді бөлім командирі дәрігердің қорытындысы бойынша, ал дәрігер болмағанда, щұғьm көмек көрсету үшін - медициналық пункт бойынша кезекщі фельдщер (санитарлық нұсқаущы) әскери бөлімнің медициналық қызметінің бастығына және бөлім бойынша кезекшіге бір мезгілде баяндай отырып жібереді.

Ауруларды емдеу мекемесіне жеткізу фельдщердің (санитариялық нұсқаушының) ілесіп жүруімен әскери бөлімнің санитариялық немесе өзге көлігімен жүзеге асырьmады.

Әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқарыдағы емдеуге жіберу кезінде әскери қызметщілер жылдың уақытына сай киіндірілуі және онда бөлім командирі қол қойған жолдама, медициналық кітапща, жеке басын куәландыратын құжат, қажетті жеке заттары мен азық­түлікке арналған аттестаты, қажет болғанда, - жарақаты туралы анықтамасы мен медициналық сипаттамасы, ал гарнизонның щегінен тысқарьщағы емдеуге кетуі кезіңде бұдан басқа, - заттық және ақшалай үлесіне арналған аттестаты, емдеу мекемесіне орналасқан жеріне дейін және кері қайтуға жол жүру құжаттары болуы тиіс.

Әскери бөлімнің орналасқан жеріндегі стационарлық емдеуге түскен барлық әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды сауығуына байланысты шығару туралы қағазын емдеу мекемесінің (бөлімнің) бастығы (командирі) дәл сол күні бұл әскери қызметшілер келген бөлімнің командиріне хабарлауға міндетті.

Келіп түскен аурудан жұқпалы аурудың табьтғаны туралы және аурулардың уланумен, жарақатпен түскені туралы емдеу мекемесінің (бөлімінің) бастығы (командирі) ауру (аурулар) келген бөлімнің командирін, ал жұқпалы ауруы туралы, бұдан басқа, жақын маңайдағы санитариялық-эпидемиологиялық мекемені дереу хабардар етуге міндетті.

Демалыс немесе іссапар кезеңінде ауырған әскери қызметшілерді стационарлық емдеуге гарнизон бастығына бағынысты әскери полиция, штаб, немесе әскери комиссарлар жібере алады.

Сауыққан әскери қызметшілер әскери госпитальдан немесе ауруханадан команда бойынша өткізілетін тиісті құжаттармен әскери бөлімге жіберіледі.

Әскери қызметшілердің күнделікті қызметі кез келген жағдайда әскери жарғылар мен тәлімдердің, олардың қызметтері мен тұрмысының жағдайларын жақсарту туралы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте орындалатын тапсырмалардың ерекшелігі, әскери бөлімнің орналасқан ауданындағы климаттық, экологиялық жағдай, материалдық қамтамасыз ету және казармалық тұрғын үй қорының жай-күйі ескерілмеді.

Санитарлық нормалар мен әскери жарғылардың әскери қызметшілерді орналастыру, олардың тамақтануын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етудің басқа да түрлерімен жабдықтау жөніндегі талаптарын қатаң орындау қажет етіледі. Әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою немесе белгіленген шектерге дейін төмендетпеу, әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан ауданында санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды жүргізуге байланысты


Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 13, 17, 19.

Қосымша әдебиеттер: 2, 6, 9, 11.


Тарау 2.

Дәріс тақырыбы №1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптілік жарғысының жалпы ережелері.


  1. Әскери тәртіптің талаптары.

  2. Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысының жалпы ережелері

1. Әскери тәртіптің талаптары.

Әскерлердің жауынгерлік қаблеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты әскери тәртіп болып табылады.

Командирлер (бастықтар) күн сайын әскери бөлімдерде, корабльдерде және бөлімшелерде заңдардың, әскери жарғылардың, командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарының (өкімдерінің) талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып әскери тәртіпті қолдауға міндетті.

Әскери тәртіп денгеніміз – барлық әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтауы.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын – Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні өзінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді.

Әскери қызметшілерде тәртіптілікті тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру болып табылады, бұл өзінің әскери борышын адал орындамайтындарға мәжбүрлеу шараларын қолдануды жоққа шығармайды.

Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол әскери құрылыстың бір принципі ретінде жүреді, Ұйымдастырушы фактор рөлін атқарады, әскери ұжым ішінде қарым-қатынас жүйесін тәртіпке келтіріп сақтайды, оның ережелері мен нормалары қызмет бабы мен әскери атағы жағынан бір-біріне тең әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты қамтиды. Әскери тәртіп әскерлердің ұрысқа дайындығының маңызды бір бөлшегі екендігі күмән туғызбайды.



2. Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысының жалпы ережелері

Жоғары әскери тәртіпке :

- барлық әскери қызметшілердің заңдар мен әскери жарғылардың талаптарын білумен және мүлтіксіз сақтаумен;

- әскери бөлімде (бөлімшеде) ішкі тәртіпті қолдаумен, күн тәртібін және барлық әскери қызметшілердің қызметтік уақыт регламентін қатаң сақтаумен;

- жауынгерплік даярлықты мүлтіксіз ұйымдастырумен және онымен жеке құрамды толық қамтумен;

- әскери қызметшілерде жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік сапаларды, командирлерге (бастықтарға) саналы түрде бағынуды тәрбиелеумен;

- командирдің (бастықтардың) жеке басының үлгісімен және бағыныштыларға әскери қызмет міндеттерін орындауға күнделікті талапшылдығымен және олардың атқарылуын ұдайы бақылаумен, әскери қызметшілердің құқықтарын және жеке басының абыройын құрметтеумен және оларға ұдайы қамқорлық жасаумен, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестірумен және дұрыс қолданумен;

- әскери бөлімде (бөлімшеде) қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де жағдайларды жасаумен қол жеткізеді.

Әскери бөлімдегі (бөлімшедегі) тәртіптің жай-күйі үшін командир (бастық), оның орынбасарлары мен әскери жарғыларға сәйкес міндеттер мен тәртіптік құқықтар берілген басқа да лауазымды адамдар жауап береді. Олар әскери тәртіпті ұдайы қолдауға, бағыныштылардан оны сақтауды талап етуге, лайықтыларды көтермелеп, қырсыздарды қатаң, бірақ әділ жазалауға тиіс.

Тәртіптік жарғыға сәйкес, әскери тәртіп-барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді қатаң және дәл сақтау болып табылады. Бірақ әскери тәртіп ұғымы жарғыда жазылғандағыданқиын да көп қырлы. Тығыз байланыста болғанымен, заңдылық және әскери тәртіп ұғымдары толық бір-біріне сәйкес келмейді. Егер заңдылық барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың лауазымдық тұлғалар мен азаматтардың қызметтерінің конститутциялық принцептері болып табылса, әскери тәртіп – тек әскери басқару органдары қызметінің ғана принцептері.


Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 11, 12.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 8.
Дәріс тақырыбы №2. Көтермелеулер.


  1. Көтермелеулер ережелері.

  2. Сарбаздар (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын көтермелеулер.

3. Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынышты сарбаздар (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) көтермелеулерді қолдану құқығы.
1. Көтермелеулер ережелері.

Көтермелеулер қызметтік істің жоғары бағалаеуы, әскери қызметкерлерді тәрбиелеу мен әскери тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылады.

Көретмелеу өзінің қызметтік міндеттерін адал және ынтамен орындайтын, қызмет атқаруда көрсеткен ынтасы мен әскери борышты орындау кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге қатысты қолданылады.

Әрбір командир (бастық) осы Жарғымен –өзіне берілген құқықтардың шегінде бағынышты әскери қызметшілерді жетістігі, қызмет бойынша ынтасы мен ерекше көзге түскені үшін көтермелеуге міндетті.

Командир (бастық) өзіне берілген құқықтар жеткіліксіз деп санаған жағдайда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді аға командирдің (бастықтың) билігімен көтермелеу туралы ұсыныс жасай алады.

Әскери борышты атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен айбыны үшін, әскерлерге үлгілі басшылық жасағаны және мемлекет пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің алдындағы аса көрнекті басқа да сіңірген еңбегі үшін, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері үшін, қару-жарақ пен әскери тенхиканың жаңа үлгілерін үздік игергені үшін батальон (3-рангідегі корабльдің) командирінің және одан жоғары тәртіптік құқықтарды пайдаланушы әскери бөлімнің командирінен (бастығынан) бастап өзіне бағынышты әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну туралы өтініш жасауға құқығы бар.



2. Сарбаздар (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын көтермелеулер.

Мерзімді әскери қызметтің жауынгерлері (матростары) мен сержанттарына (старшиналарына) мынадай көтермелеулер қолданылады:

а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;

ә) алғыс жариялау;

б) әскери бөлімнің тұрған жерінен немесе кемеден жағаға 2 тәулікке дейін мерзімге сейілдеуге рұқсат беру;

в) Отанына немесе жұмыс (оқу) орнына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;

ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың (Әскери-теңіз жалауының) жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;

д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтер (аға матрос) әскери атағын беру;

е) сержанттарға (старшиналарға) иеленген штаттық лауазымы бойынша кез келген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;

ж) омырауға тағатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі белгісімен марапаттау;

з) әскери бөлімнің (кеменің) Құрмет кітабына енгізу;

и) демалыс орынан және одан кері қайту жолындағы уақытты есептемегенде, 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 11, 12, 19.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 8, 10.
Дәріс тақырыбы №3. Тәртіптік жазалар.


  1. Тәртіптік жазалардың ережелері.

  2. Сарбаздар (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.

  3. Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынышты сарбаздар (матростарға) мен сержанттарға (старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығы .

  4. Тәртіптік жазаларды қолданудың реті.

  5. Тәртіптік жазаларды орындау тәртібі.


1. Тәртіптік жазалардың ережелері.

Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол әскери құрылыстың бір принципі ретінде жүреді, ұйымдастырушы фактор рөлін атқарады, әскери ұжым ішінде қарыс-қатынас жүйесін тәртіпке келтіріп сақтайды, оның ережелері мен нормалары қызмет бабы мен әскери атағы жағынан бір-біріне тең әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты қамтиды.



2. Сарбаздар (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.

Мерзімді әскери қызметтің жауынгерлері (матростары) мен сержанттарына (старшиналарына) мынадай жазалар қолданылады:

а) сөгіс;

ә) қатаң сөгіс;

б) бөлімніңорналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезекті сейілдемеден айыру;

в) жауынгерлерді (матростарды) нарядқа жұмысқа – 5 нарядқа дейін тағайындау;

г) омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» белгісінен айыру;

д) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;

ж) гауптвахатда ұстай отырып қамау, жауынгерлерді (матростарды) – 10 тәулікке дейін, сержанттарды (старшиналарды) – 7 тәулікке дейін;

е) сержанттардың (старшиналардың) лауазымын төмендету;

и) сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын бір сатыға төмендету;

з) сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын төмен лауазымға көщіре отырып, бір дәрежеге төмендету.



3. Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынышты сарбаздар (матростарға) мен сержанттарға (старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығы .

Тәртіптік жаза, әдетте, дереу және ерекше жағдайларда ол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкіде сақталады.

Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарғаөзіне немесе саптың алдында, сержанттар мен старшиналарға - өзіне, сержанттардың (старшиналардың) кеңесінде не саптың алдында жариланады.

Командирлерге (бастықтарға) олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.



4. Тәртіптік жазаларды қолдану реті.

Тәртіптік жаза, әдетте, дереу және ерекше жағдайларда ол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкіде сақталады.Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттар мен старшиналарға - өзіне, сержанттардың (старшиналардың) кеңесінде не саптың алдында жарияланады.



5. Тәртіптік жазаларды орындау тәртібі.

Тәртіптік жаза, әдетте, дерееу және ерекше жағдайларда ол қолданылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.. Соңғы жағдайда қолданылған жазаның атқарылмауына кінәлі адам жауаптылықта болады.


Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 10, 12, 17.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 5, 8, 10.
Дәріс тақырыбы №4. Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебін жүргізу.

  1. Көтермелеулер мен тәртіптік жазаларының жалпы тіркеу ережелері.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметкерлерінің үлгілік лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтарының салыстырмалы кестесі.

  3. Әскери бөлімнің (корабльдің ) қызмет кітабы.

  4. Тәртіптік ретпен қолданылған қамауды атқаруға келтірудің тәртібі.

1. Көтермелеулер мен тәртіптік жазаларының жалпы тіркеу ережелері.

Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.

Әскери қызметшілерге көтермелеулер туралы бұйрықты жариялаумен қатар наградалар тапсырылады, сондай-ақ туып-өскен жеріне немесе бұрынғы жұмыс орнына оның әскери борышты үлгілі орындағаны туралы хабарлау мәтіні оқылады. Тәртіптік жазаларды тіркеу ережелерінде әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметкерлерінің үлгілік лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтарының салыстырмалы кестесі.


Әскери лауазымдар

Кораблдік лауазымдар

Бөлімшенің, экипаждың, топтың командирі

Бөлімше командирі

Взвод командирінің орынбасары




Ротаның, батареяның, авиаэскадрильяның старшинасы

Команданың, топтың, мұнараның, батареяның старшинасы

Взвод командирі

Топтың, мұнараның командирі

Ротаның, батареяның, авиабуынның, жеке взводтың командирі

4-рангінің корабльдің, батареяның, жауынгерлік бөлімнің (қызметтің), 2 және 3-рангідегі корабльдің командирі

Батальонның, дивизионның, авиаэкадрильяның, жеке ротаның (батареяның) командирі

3-рангідегі корабльдің,

4-рангідегі корабльдер дивизияның,

1-рангідегі корабльдің жауынгерлік бөлімнің (қызметтің) командирі


Жеке батальонның (дивизионның, авиаэскрадрильяның) командирі

2-рангідегі корабльдің,

3-рангідегі корабльдер дивизионның командирі



Бригаданың, жеке және жеке емес полктің командирі

1-рангідегі корабьдің командирі

Дивизияның, жеке бригаданың командирі

Корабльдер бригадасының командирі

Корпус командирі

Эскадра командирі


3. Әскери бөлімнің (корабльдің) қызмет кітабы.

Қызмет кітабы барлық полктерде (1-рангідегі корабльдерде жеке әскери бөлімде (2-рангідегі корабльдерде), сондай-ақ 3-рангідегі корабльдерде және 4-рангідегі корабльдер дивизиондарының штабтарында жүргізіледі.

Қызмет кітабына осы Жарғының талаптарына сәйкес әскери қызметшілердің әскери атақтары, тектері, аттары мен әкелерінің аттары көтермелеу тәртібімен енгізіледі.

4. Тәртіптік ретпен қолданылған қамауды атқаруға келтірудің тәртібі.

Қамауды атқаруға келтіру жүктелген адамдар алдынала гауптвахтада бос орындардың бар-жоғы туралы білуі және егер қажет болса, қоса еріп жүрушіні талап етуге міндетті.

Барлық қамалған әскери қызметшілерден қамауға жөнелтілер алдында қамауды атқаруға келтіруші адамдар олардағы қаруды, оқ-дәрілерді, ал мерзімді әскери қызметті өткеруші сарбаздардан (матростардан), сержанттар мен старшиналардан бұдан басқа, хаттама бойынша гауптвахтада болуы тиіс емес ақшалары мен заттарын алыпқалады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 7, 8, 10.

Қосымша әдебиеттер: 2, 6, 8, 9.
Тарау 3.

Дәріс тақырыбы №1. Тәуліктік наряд.

1. Жалпы ережелер.

2. Кезекші бөлімше.

3.Қызмет бойынша нарядтағы тағайындаудың тәртібі және бойынша есептілік.

4.Тәуліктік нарядқа дайындау.

1. Жалпы ережелер

Тәуліктік наряд әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамнын, қару-жарағын, әскери техника мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлішелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы Жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.



  1. Кезекші бөлімше.

Бөлім бойынша кезекші бөлім мен батальондарды басқару офицерлерінен, рота командирлері мен оған теңестірілгендерден тағайындалады. Ол бөлімшелер мен бөлім басқармаларының дабыл жарияланғандығы туралы дер кезінде құлақтануына бөлімде ішкі тәртіпті ұстауға және тәуліктік нарядты қызмет өткеруіне, сондай-ақ бөлім штабы мен қызметтері офицерлерінің және прапорщиктерінің пистолеттері мен оқ-дәрілерінің сақталуы үшін жауапты болады. Бөлім бойынша кезекші бөлімнің командиріне бағынады. Оған бөлімнің барлық тәуліктік наряды бағынады.. жекелеген батальондарда және оған тең әскери бөлімдерде әскери бөлім бойынша кезекшілікке взвод командирлерін, сондай-ақ штабтың және батальон қызметтерінің прапорщиктерін тағайындауға рұқсат етіледі.

4.Тәуліктік нарядқа дайындау.

Кешкі тексеруден және ұйқыдан тұрғызудан кейін бөлім кезекшісі бөлімше кезекшілерін мәлімдемелер қабылдайды және болмағандар туралы мәліметтер, ал өз бетімен кетіп қалғандар болған кезде – олардың тізімін жасайды. Осы тізім мен өзінің кезекшілігі кезінде қамауға алынғандардың тізімін ол таңертеңгі баяндау кезінде бөлім командиріне ұсынады.

Тәуліктік наряд қызметін атқару кезінде аңғарылған барлық кемшіліктер туралы және кезекшілікті тапсырғанға дейін жойылмайтын, кезекшілік кезінде бөлімде жасалған ішкі тәртіп бұзушылық туралы бөлім кезекшісі кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына (қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғысына 11-қосымша, 2-кітап) жазады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 11, 18.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 6, 8, 11.
Дәріс тақырыбы №2. Тәуліктік наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері.

1.Жалпы ережелер.

2.Бөлім бойынша кезекші.

3.Парк бойынша кезекші.

4.Парк бойынша тәуліктік кезекші.

5.Рота бойынша кезекші.

6.Рота бойынша тәуліктік кезекші.

7.Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі.

8.Қойма аймағы бойынша тәуліктік кезекші.
1. Жалпы ережелер.

Тәуліктік нарядтың барлық адамдарды өз міндеттерін тиянақты білу, күн тәртібінің орындалуы мен басқа да ішкі тәртіп ережелерінің сақталуына табандылықпен қол жеткізе отырып, дәл және адал атқаруы тиіс.

Бөлім бойынша кезекшінің рұқсатынсыз тәуліктік наряд адамдарының өз міндеттерін атқаруды тоқтатуға немесе басқа біруге беруге құқы жоқ.

Бөлім командирінің бастап және одан жоғары бастықтар бөлімшелерде болған кезде, бөлімше кезекшілері бұл жөнінде бөлім бойынша кезекшіге дерееу баяндауға міндетті.

Бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, сондай-ақ рота бойынша кезекшіге кезекшілік кезінде бөлім командирі белгіленгенуақытта аяқ киімін шешіп, жабдық заттарын және киімдерін шешпеспен әрқайсысына төрт сағаттан жатып тынығуына (ұйықтауға) рұқсат етіледі.

Ауысымнан босаған тәуліктік кезекшілерге ұйқыдан тұру кезіне дейінгі кезеңде ұйықтағаннан тұрғанға дейінгі уақытта шешініп, кезектесіп жатып тынығуына (ұйықтауына) рұқсат етіледі.

Парк, бақылау-өткізу пункті және асхана бойынша кезекшіліктерге, кезекші фельдшерге (санитариялық нұсқаушыға), бөлім штабы бойынша кезекшіге түнгі уақытта аяқ киімсіз, жабдық заттарын және киімдерін шешпестен жатып тынығуына (ұйықтауына) рұқсат етіледі.

Тәуліктік нарядтан ауысқан әскери қызметшілер ауысым күні оқу сабақтарынан және жұмыстардан босатылады.

Демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері тәуліктік нарядтың құрамына кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім – шарт бойынша қызмет өткеруші офицерлерге, прапорщиктерге және әскери қызметшілерге командир (бастық) аптаның басқа күндері демалыс беруге міндетті.

2. Бөлім бойынша кезекші.

Бөлім бойынша кезекші бөлім мен батальондарды басқару офицерлерінен, рота командирлері мен оған теңестірілгендерден тағаыйндалады. Ол бөлімшелер мен бөлім басқармаларының дабыл жариялағандығы туралы дер кезінде құлақтануына, бөлімде ішкі тәртіпті ұстауға және тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне, сондай-ақ бөлім штабы мен қызметтері офицерлерінің және прапорщиктерінің пистолеттері мен оқ-дәрілерінің сақталуы үшін жауапты болады. Бөлім бойынша кезекші бөлімнің командиріне бағынады. Оған бөлімнің барлық тәуліктік наряды бағынады.

Жекелеген батольондарда және оған тең әскери бөлімдерде әскери бөлім бойынша кезекшілікке взвод когмандирін, сондай-ақ штабтың және батальон қызметтерінің прапорщиктерін тағайындауға рұқсат етіледі.

3. Парк бойынша кезекші.

Парк бойынша кезекші бөлімдегі офицерлерден немесе прапорщиктерден тағайындалады, ал жекелеген батальондарда прапорщиктер мен сержанттар қатарынан тағайындалуы мүмкін. Ол парктің ішкі тәртібіне және нарядтың паркте қызметін өткеруіне жауап береді. Парк бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, парктегі ішкі қызмет тәртібінде – бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына, ал бұл лауазым штатта көзделмеген бөлімдерде – автомобиль қызметінің бастығына немесе бөлімнің бір техникалық қызметінің бастығына бағынады.

Оған парк бойынша тәуліктік кезекшілер мен кезекшісүйреткіштердің механик-жүргізушілері (жүргізушілері) бағынады.

Парк бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта ол нұсқаулық алу үшін бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына келеді.

Жұмысқа таратудан кейін парк бойынша жаңа кезекші бұрынғы кезекшіден құжаттар мен мүліктерді тізімдеме бойынша қабылдап алады, сонымен бірге аумағын және парк бөлмелерін аралап шығады және тізімдеме бойынша парктің мөрленген бөлмелерін, сақтау орындарын, сондай-ақ үсті жабылған орындарда және ашық алаңдарда тұрған қару-жарақты, әскери техниканы және жабдықтарды қабылдап алады.

Кезекшілікті қабылдау және тапсыру жөніндегі кітапқа кезекшілікті қабылдап алу кезінде жоюға мүмкін болмаған кемшіліктерді жазады.

Бұрынғы және жаңа кезекшілер бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары мен бөлім кезекшісіне кезекшілікті тапсырғандығы және қабылдап алғандығы жөнінде баяндайды.

Парк бойынша кезекші:

- өзіне бөлініп берілген үй-жайда болуға; бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен қызмет бабына сәйкес басқа жерге баратын кезде өз орнына ауысымнан босаған тәуліктік кезекшіні қалдыруға және оған қай жерге, қанша уақытқа кететіндігі жөнінде хабарлауға;

- паркке келген барлық адамдардың рұқсат қағаздары мен жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге және бір жолғы рұқсат қағаздарын паркке кіру және шығу уақыттары туралы белгі соғуға;

- ауысымнан кейін рұқсат қағаздарын техникалық бөлімге тапсыруға;

- бөлім бойынша бұйрықпен белгіленген адамдарға парк үй-жайлары мен сақтау орындарын ашуға рұқсат беруге, бұл жөнінде тиісті кітаптарға жазба жазуға, оларды ашу кезінде қатысуға;

- көліктердің парктен шығуына және парктің ішінде жүруіне жеке өзі рұқсат беруге;

- белгіленген нысан бойынша машиналардың шығуын және қайтып келуін жазатын журанал жүргізуге;

- машиналардың рейстен паркке өз уақытында оралуын қадағалауға, ал кешіккен жағдайда – бөлім бастығына баяндауға;

- парктен мүліктердің жолдама қағазында көрсетілген жазбаларға сәйкес шығарылуын (кіргізілуін) бақылауға, сондай-ақ парк аумағына бөгде адамдардың кіріп кетпеуін қадағалауға;

- паркте күн тәртібінің орындалуын қадағалауға және парктегі жеке құрамның санын, қандай жұмыстарды қай бөлімшелер орындайтындығын білуге; машинаға және басқа да техникаға қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге немесе паркті жабдықтауға қатысы жоқ жұмыстарды орындауларына жол бермеуге;

- машиналардың, басқа техникалар мен қару-жарақтардың бар болуын, жұмсалуын, сондай-ақ олардың жөнделмеген сандарын үнемі біліп отыруға;

- үй-жайлардағы және парк аумағындағы тазалық пен тәртіпті, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ережелерінің сақталуын қадағалауға;

- жылдың суық кездерінде парк бөлмелеріндегі және су-май жылытқыш орындарындағы пештердің уақытында және дұрыс жағылуын, барлық бөлмелерде белгіленген температураның ұсталуын, парктің от жағылмайтын сақтау орындары мен ашық алаңдардарында двигательдердің мұздату жүйесінің суы төгілгендігін, ал қаты аяздарда, мұнан басқа мащиналарынан аккумуляторлық батареяларының алынғандығын және тиісті кестелердің ілінгендігін қадағалауға;

- өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалауға және өрт сөндіру құралдары мен өрт дабылдарының бар болуын және олардың жай-күйін тексеруге, сондай-ақ кезекші сүреткіштердің өрт кезінде даяр болуына;

- паркке оралған машиналар мен басқа да техникаларға дер кезінде тенникалық қызмет көрсету үшін шаралар қолдануға;

- тұрақтарға май құйылмаған машиналарды қоюға рұқсат бермеуге;

- кешке барлық жұмыс аяқталғаннан соң, парктегі жарықтардың сөндіріліп, тек кезекші жарық қана өшірілімей қалдырылуна, ал парктің сыртындағы жарықтардың сөндірілуіне;

- улы техникалық сұйықтарды сақтауға арналған бөлмелер есіктеріндегі (алаңдар қоршауындағы) құлыптар мен сүргілердің бар болуын және дұрыстығын тексеруге;

- паркке бөлім командирі орынбасарынан бастап және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші келгенде оларды қарсы алуға және оларға баяндауға міндетті.

Парк бойынша кезекші парктен машиналарды белгіленгентәртіппен шығарады.

Машина паркке келгеннен кейін және оны бақылау-техникалық пунктің бастығы тексеріп болған соң, парк бойынша кезекші жолдама қағазға және машиналардың кіру-шығу журналына машиналардың оралған уақытын, спидометрдің көрсетуін жазып қояды, машинаға толық қызмет көрсетілген және май құйылған соң, оны тұраққа жібереді несесе оған белгіленген тәртіпті күзет қояды, сонан кейін ғана экипаждың (жүргізушінің) парктен кетуіне рұқсат береді.


4. Парк бойынша тәуліктік кезекші.

Парк бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан немесе сержанттардан тағайындалады.

Ол паркте белгіленген тәртіптің сақталуына, машиналардың парктен дұрыс шығарылуына және олардың паркке кіргізілуіне жауап береді. Парк бойынша тәуліктік кезекші парк бойынша кезекшіге бағынады.

Парк бойынша тәуліктік кезекші:

- тек қана парк бойынша кезекшінің рұқсатымен паркке әскери қызметшілерді жіберуге, сондай-ақ машиналар мен басқа да техникаларды парктен шығаруға және паркке кіргізіуге;

- парк тазалығын және ондағы тәртіпті қадағалауға;

- парк үй-жайлары мен оның аумағында темекі шегуге және от жағуға, бұл үшін арнайы берілген жерлерден басқа, рұқсат бермеуге;

- машиналардың тек парк бойынша кезекшінің рұқсатымен тұрақтағы орындарынан шығуларын (орындарына қойылуларын) қадағалауға;

- өрт болған жағдайда дереу парк бойынша кезекшіге хабарлауға және оны сөндіруге шара қолдануға;

- парктегі барлық тәртіп бұзушылықтар жөнінде дереу парк бойынша кезекшіге хабарлауға міндетті.

Кезекші тәуліктік кезекші паркке кірететін жерге қойылады, ал бос ауысымдағы тәуліктік кезекші парктегі жұмыс кезінде парк аумағында болып, ондағы ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалайды және парк бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпейді.

5. Рота бойынша кезекші.

Рота бойынша кезекші сержанттардан, ерекшелік ретінде, жақсы даярланған сарбаздар қатарынан тағайындалады. Ол рота әскери қызметшілерін алған дабылдар мен өкімдер жайлы уақтылы хабардар етуге, күн тәртібінің дәл орындалуына және ротадағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі басқа да ережелерді орындауға, қару-жарақтың, оқ-дәрі жәшіктерінің, рота мүліктерінің, сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының бүтіндігіне және тәуліктік кезекшілердің қызметті дұрыс өткеруі үшін жауап береді. Рота бойынша кезекші бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне, ал ротадағы ішкі қызмет тәртібі бойынша – рота командиріне және рота старшинасына бағынады. Ротаның барлық сержанттары мен сарбаздары рота бойынша кезекшінің, оның қызмет міндеттеріне сәйкес белгіленген талаптарын бұлжытпай орындауы қажет.

Рота бойынша жаңа кезекші жұмысқа тарату алдында ротаның тағайындалған тәуліктік нарядының құрамын тексереді, оны қарап шығады да, рота старшинасына таныстырады. Рота старшинасы бәрін қарап шығып, міндеттерінің толық меңгерілгендігін тескерген соң және практикалық оқу сабақтарын жүргізгеннен кейін жаңа кезекші бұрынғы кезекшіден адамдардың бар-жоқтығы туралы мәліметтерді қабылдап алып, тәуліктік нарядты жұмысқа таратуға алып барады.

Жұмысқа таратудан кейін жаңа кезекші бұрынғы кезекшімен бірге қару-жарақты, оқ-дәрілер бар жәшіктерді, мүліктерді тізбе бойынша қабылдап алып, олардағы мөрдің бар-жоқтығын тексереді, өрт сөндіру және хабарлау құралдарының бар-жоқтығын, олардың оңдылығын тексереді де, сонан соң кезекшілер кезекшілікті тапсыру-қабылдау кітабына өздерінің қолдарын қояды. (ҚР Қарулы Күштері ішкі қызметі Жарғысының № 11-қосымшасы).



6. Рота бойынша тәуліктік кезекші.

Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, писталеттер тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Ол:


- рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

- бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;

- ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

- жеке құрамды жалпы тұру уақыты кезінде, сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға, күн тәртібіне сәйкес уақытылы пәрмен беруге;

- үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;

- әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;

- әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

- ротаға тікелей бастықтары – рота командирінен бастап одан жоғары бастықтары, бөлім бойынша кезекші келген кезде «Тіктел» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде кезекшіні шақыруға міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, мұнда кел». Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тиым салынады.

Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге, әскери жарғыларда белгіленген рота сарбаздары мен сержанттары арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзған жағдайда оған тәртіпке шақыру шараларын қолдануға көмектесуге, рота бойынша кезекшінің орнына қалғанда оның міндеттерін орындауға міндетті.

Ротаны елді мекенде жайғастыру кезінде тәуліктік кезекшінің біреуі рота командирі белгіленген жауын-шашынды ауа – райынан қорғау үшін төбесі жабылған орында, далада ешқайда кетпей тұруы керек.

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашанда білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті. Байқалған барлық тәртіп бұзушылық туралы ол рота бойынша кезекшіге баяндайды.

7. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі.

Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші прапоршиктерден немесе сержанттардан тағайындалады.

Ол бөлімге келген (кеткен) адамдарды бақылау-өткізу пунктерінен дұрыс өткізу (шығару), сондай-ақ қандай да бір болмасын мүлікті алып шығудың (алып кірудің) немесе әкетудің) дұрыстығына жауап береді. Бақылау-өткізу пукті бойынша кезекші бөлім бойынша жауап береді. Бақылау-өткізу пукті бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады. Оған бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері бағынады.

Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы кезекші мен жаңа кезекші бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.



8. Қойма аймағы бойынша тәуліктік кезекші.

Қойма аймағы бойынша кезекші қойма аймағында материалдық құндылықтарды сақтау үшін жауапты офицерлерден немесе прапорщиктерден тағайындалады.

Ол қойма аймағында ішкі тәртіп үшін және қойма аймағы бойынша нарядтың қызмет өткеруі үшін жауап береді.

Қойма аймағы бойынша кезекші қарауыл бойынша кезекшіге (бөлім бойынша) және оның көмекшісіне, ал ішкі тәртіп бойынша – қару-жарақ (тыл) жөніндегі құрама (бөлім) командирінің орынбасарына бағынады. Оған қойма аумағы бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады.


Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8, 10, 12, 17.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 8, 9, 11.
Дәріс тақырыбы №3. Гарнизондық наряд.


  1. Жалпы ережелер.

  2. Гарнизондық кезекші бөлімшесі.

  3. Гарнизондық патриульдер

1. Жалпы ережелер

Гарнизондық наряд көшеде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіптілік пен тәртіпті сақтау, гарнизондық обьектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлімдердің көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілепдің) жол жүру ережелерін сақтауына бақылау жасау және гарнизондық қызметтің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.

Әскери полиция бөлімшелерінің штаттық құрылымы мен саны мүмкіндік беретін гарнизондарда Қарулы Күштердің Әскери полициясы туралы ережеде белгіленген көлемде гарнизондағы нарядта қызмет өткеру гарнизонның әскери полициясына жүктеледі. Бұл жағдайда гарнизон бастығы мен гарнизон әскери полициясының бастығы өзара қажетті іс-қимылды ұйымдастырады.

2. Гарнизондық кезекші бөлімшесі.

Гарнизонның кезекші бөлімшесі гарнизондық қарауылды күшейту мақсатында немесе өрт, табиғи зілзала және гарнизонда өзге де оқиғалар болған жағдайда гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады.

Бұйрықта оның құрамы, қарулануы, оқ-дәрі, қажетті мүліктермен және көлік құралдарымен қамтамасыз етілуі киім нысандары және демалыс тәртібі көрсетіледі.Кезекші бөлімшені шаруашылық жұмыстарды орындауға пайдалануға тиым салынады.

Ірі гарнизондарда бірнеше кезекші бөлімшелердің тағайындалуы мүмкін.



  1. Гарнизондық патриульдер.

Патруль жасау міндеті әскери полиция бөлімшелеріне жүктелмеген әрбір гарнизонда көшеде және басқа да қоғамдық орындарда, теміржол стансаларында, вокзалдарда, порттарда,әуежайларда тәртіп сақтау, сондай-ақ гарнизон маңындағы елді мекендерде әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауына бақылау жасау үшін гарнизон бастығының бұйрығымен күзет ұйымдастырылады, ол үшін гарнизон әскери бөлімнің құрамынан гарнизондық патруль тағайындайды.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 13, 15, 17.

Қосымша әдебиеттер: 1, 7, 8, 9
Дәріс тақырыбы №4. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру, гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері.

  1. Қарауылдық қызметтің жалпы ережелері.

  2. Қарауылдарды даярлау.

  3. Қарауылдарды ауыстыру.

  4. Сақшыларды ауыстыру.

  5. Қарауылдардағы ішкі тәртіп.

  6. Қарауылды тексеру.

  7. Патрульдің міндеттері.


1. Қарауылдық қызметтің жалпы ережелері.

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін дәл орындауды, мейілінше қырағылықты, батыл шешімділік пен бастамшылықты талап етеді.

Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2. Қарауылдарды даярлау.

Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауыл жеке құрамын іріктеу мен оларды қызметін атқаруға даярлау үшін, қару-жарақ пен ұрыс патрондарының оңды күйі және қарауылдардың жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.

Әскери антты қабылдамаған, даярлықтың тиісті бағдарламасын игермеген жаңадан келген толықтырушыларды, Қылмыстық кодексте көзделген іс-әрекеттердің белгісі бар теріс әрекет жасаған және осы бойынша тергеу жүргізіліп жатқан, ауру және осы уақытта өзініңморальдық-психологиялық жай-күйі бойынша қарауылдық қызметті атқара алмайтын әскери қызметшілерді, сондай-ақ оларды тәртіптік жазасын өтеу үшін қарауылға тағайындауға болмайды.


  1. Қарауылдарды ауыстыру.

Қарауыл жұмысқа таратудан кейін ауысатын қарауыл орналасқан жерге келеді. Қаруыл бастығы оны күзетілетін обьектінің аумағына кірер алдында немесе қарауыл үй-жайларының кіре берісте қарауыл бастығына көрсетілген ара қашықтық тоқтатады., ауысатын қарауылдың бастығына өзін таныстырып, оған ескі парольді хабарлайды. Бұдан кейін ол өз қарауыл үй-жайларының алдындағы алаңда оған маңдайшеп бағытта сапқа тұрғызады.

  1. Сақшыларды ауыстыру.

Сақшыларды ауыстыру әрбір екі сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағатта жүргізіледі.

Ауаның температурасы – 20 градус және одан төмен, жел соғып тұрған және қатты аяз болмаған кезде сыртқы постылардың, сондай-ақ пеш жағылмайтын үй-жайлардағы ішкі постылардың сақшылары 1 сағаттан кейін ауыстырылады. Ауа температурасы + 30 градустан және одан да жоғары (көлеңкеде) болған кезде де сақшылар 1 сағаттан кеін ауыстырылады. Сақшыларды 1 сағат сайын ауыстыру туралы нұсқауды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекші береді. Егер сақшылар бір сағаттан кейін ауыстырылса, онда қарауыл бастығы пост ведомосінде сақшылар қай уақыттан бастап 1 сағаттан кейін, ал басқа ауысым келгенде – қай уақыттан бастап 2 сағат сайын алмастырылып отырғаны жайлы жазып қояды. Қарауыл үй-жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір 30 минут сайын ауыстырып отырады.



  1. Қарауылдардағы ішкі тәртіп.

Қарауыл құрамындағылардың ешқайысының қарауыл бастығының рұқсатынсыз қарауыл үй-жайларын қалдыруға құқығы жоқ. Қарауыл үй-жайларында тыныштық пен тәртіп сақталуы керек. Ән айтуға және музыкалық аспаптарда ойнауға тиым салынады. Қарауылдың өз міндеттерін орындауына және ұйықтап жатқандарға кедергі жасамай радио және теледидар хабарларын естіп-көруге шахмет, дойбы, ойнауға рұқсат етіледі. Темекі шегу мен аяқ киімді тазалау тек осыларға арналған орындарда ғана рұқсат етеліеді.

  1. Қарауылды тексеру.

Қарауылдарды өздерін тағайындаған және бағынатын (107 бап) рота (батерея) командирлері, батальон (дивизион) командирлері, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен осы командирлердің барлық тікелей бастықтары тексеруге міндетті.

Темір жол (теңіз, өзен) учаскілері мен стансалары (порттары), әуежай аумағына орналасқан қарауалдарды, сондай-ақ станса (порт), әуежайлар арқылы өтетін әскери жүк тиелген көліктерді алып жүретін қарауылдарды, темір жол (теңіз, өзен) учаскісі мен станса (порт), әуежай әскери коменданты немесе оның көмекшілері тексеруге міндетті.



  1. Патрульдің міндеттері.

- қызметін қырағылықпен атқауға, әскери қызметшілердің тәртіп сақтауына қадағалау жасауға және байқалған тәртіп бұзушылық туралы патруль бастығына баяндауға;

- патруль бастығының бұйрығын дәл және тез орындауға, оның рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге;

- тоқтатқан адамдардан еш нәрсе алмауға және патруль бастығының рұқсатынсыз еш нәрсе бермеуге; патруль бастығына олардың өтініші жайлы баяндауға;

- патруль жасап болған соң және әскери бөлімге келгеннен кейін патруль бастығының рұқсат етуімен өз бөлімшесіне қайта оралуға және бөлімше бойынша кезекшіге өзінің келгені жайлы баяндауға міндетті.


Негізгі әдебиеттер: 1, 8, 10, 13, 18.

Қосымша әдебиеттер: 1, 4, 8, 11.

Дәріс тақырыбы №5. Қарауылдағы адамдардың құқықтары мен міндеттері.

1.Қарауыл бастығы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері.

2.Қарауылды таратушының құқықтары мен міндеттері.

3.Сақшының құқықтары мен міндеттері.


1. Қарауыл бастығы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері.

Қаруыл бастығы қарауылға тапсырылған обьектілердің күзеті мен қорғалуына, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс атқаруына, посттар мен қарауыл бөлімшелеріндегі техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың сақталуы мен оңдылығына, сондай-ақ қарауыл бөлмесіндегі қару-жараққа, оқ-дәрілер мен тізбеге сәйкес басқа да мүліктерге жауап береді.



2. Қарауылды таратушының құқықтары мен міндеттері.

- сақшыларды ауыстыруға, олардың қызметі атқаруын тексеруге немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін обьекті ауданында қандай да бір оқиға немесе табиғи зілзала болған кездерден басқа уақытта қарауыл үй-жайынан кетуге, кеткен кезде орнына ө зкөмекшісін, ал ол жоқ жерде жұмысқа таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;

- жеке өзі телефон арқылы қызметке қатыссыз әңгімелер айтуға немесе қарауылдың басқа да адамдарына оған рұқсат беруге;

- қарауыл құрамының қандай да бір адамды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда жібермеуге;

- сақшылардың пост ведомосінде көзделенген ауысым тәртібін қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз өзгертуге;

- қарауылға бөлінген көлік құралдарын мақсаттан тыс пайдалануға тиым салынады.



3. Сақшының құқықтары мен міндеттері.

- өзінің постын қырағы күзетуге және табанды қорғауға,

- қызметін сергек өткеруге, ешқандай алаңдамауға қаруын қолдан шығармауға және оны өзі бағынатын адамдарды қоса алғанда ешкімге бермеуге;

- көрсетілген бағыт бойынша жүре отырып немесе бақылау мұнарасында болған кезде, постың ілгелерін, қоршауларын мұқият қарауға және қызмет өткеруінің барысы жайлы табелінде бекітілген мерзімде байланыс құралдары арқылы баяндап отыруға,

- постан ауысқан немесе алынғанға дейін, тіпті өзінің өміріне қауіп төнген жағдайда да посты тастамауға; оны өз бетімен қалдырып кету әскери қылмыс болып табылады;

- қарауыл иттерінің үргенін естігенде немесе техникалық күзет құралдары өздігінен қосылған кезде, бұл туралы дереу қарауыл үй-жайына хабарлауға міндетті.


Негізгі әдебиеттер: 1, 8, 10, 13, 17.

Қосымша әдебиеттер: 1, 4, 8, 10, 11.
Дәріс тақырыбы №6. Тәуліктік және Гарнизондық нарядты жұмыстарға тарату.

1.Жалпы ережелері.

2.Қарауылдың киім нысаны.

3.Кезекшілердің кеуде белгісінің сипаттамасы.

4.Тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне арналған, қажетті құжаттардың тізбесі.

5.Парк бойынша кезекшідегі қажетті құжаттардың тізбесі.

6.Рота бойынша тәуліктік кезекшінің қажетті құжаттарының тізбесі.


1. Жалпы ережелері.

Тәуліктік және гарнизондық нарядты жұмыстарға тарту оның қызмет өткеруге деген даярлығын тексеру, тиісті лауазымды адамдарға бағынуы, сондай-ақ бұрынғы қарауылдарды ауыстыру құқығын беру болып табылады. Жұмысқа тартудың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс.

Гарнизондық нарядты жұмысқа тартудың орны мен уақытын гарнизон бастығы, ал тәуліктік нарядты - әскери бөлім командирі нарядты жұмыстарға тарту орнына бару уақыты мен жұмыстарға тарту орнынан қызмет өткеру орнына келуі бір сағаттан аспайтындай етіп белгілейді.

2. Қарауылдың киім нысаны.

Қарауылдың киім нысаны шинельден (қысқа тоннан, далалық жылы күрткелерден), таза және дұрыс күнделікті(далалық) киім нысандарынан, бас киімдерден, белдіктен және магазиндерге (оқшантайға) арнлған сөмкелерден тұрады.

Әсери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанаындағы постың қарауылдары мерекелік-сәндік киім нысандарында болуы мүмкін.

Пост киімдері қатарында: капюшоны бар плпщ немесе плащ-палатка және су өткізбейтін арнайы аяқ киім, тұлып пен пима (тек қысқы уақытта ғана) қолданылады. Тұлыптан басқа пост киімдері әрбір постқа: біріншісі – қарауыл үй-жайында, ал екіншісі – поста болатын екі жинақтан тұрады. Мұнан басқа, қарауыл үй жайында, қарауыл бастығына, оның көмекшілеріне, жұмысқа таратушыларға және су өткізбейтін арнайы аяқ киімдер болуы керек.



3. Кезекшілердің кеуде белгісінің сипаттамасы.

Кеуде белгісі жоғарғы жағында «КЕЗЕКШІ» деген жазуы, көгілдір шеңберден шығатын және қалқанға тарлған сәулелері бар қара көк түсті металдан қалқан түрінде жасалады. Қара көк түсті қалқанның жоғарғы жағында - Әскери-Әуе күштерін бейнелейтін белгі – қанатты қалақ (пропеллер), төменгі жағында - Әскери - Теңіз флотын бейнелейтін белгі – зәкір, қалқан астында – ракета әскерлерін бейнелейтін екі айқасқан ракета, ортасында – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да түрлері әскерлерін бейнелейтін бес бұрышты жұлдыз белгсі салынған.

Жоғарғы қалқан, белгілер, сәулелер мен жазулар – алтын түсте түспен, шеңбер – көгілдір түсті эмальмен боялған.


  1. Тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне арналған, қажетті құжаттардың тізбесі.

Бөлім, парк, бақылау - өткізу пункті, асхана, штаб ойынша кезекшінің өз қызметтерін өткеруге арналған бөлмелері (орындары), сондай-ақ рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшіге арналған орындар тәуліктік наряд адамдарының қызметтік міндеттерін орындауына ыңғайлы болатындай етіп, орналыстырады және жабдықталады. Қызмет өткеру үй-жайларында (орындарында):

- белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;

- байланыс құралдары (телефон, селектор);

- сағаттар;

- жарықтандырудың резервтік көздері;

- тәуліктік наряд құжаттамасы жазылған стенд;

- тазалау керек-жарақаттары мен қоқыс салғыштар.

5. Парк бойынша кезекшідегі қажетті құжаттардың тізбесі.

- қару-жарақтың және әскери техниканың жай-күйі мен орналасу орнын бақылайтын және бейнелейтін құрылғылары бар басқару пульті;

- бөлімшелердің паркке дабыл бойынша келуін бақылайтын көрсеткіш тақта;

- ұрыс машиналарын от алдыру құлыптарының және люктерінің, парк бөлмелері мен қақпалары кілттерінің жиынтығын сақтайтын шкаф (жәшіктер);

- сыртқа қойылатын термометр.

6. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің қажетті құжаттарының тізбесі.

Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетудетұрған қару-жарақтың, пистолеттер тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлімнің жанында қызметін өткереді.

- кезекші (тәуліктік кезекші) беретін үлгілік пәрмендер мен дабылдардың тізбесі;

- ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, телфондары мен шақыру тәсілдері және шабармандары жазылған тізімі;

- таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуына арналған киім нысандарының үлгілері,

- аумақтың тазарту үшін ротаға бекітілген учаскесінің сызбасы;

- қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды жазу кітабы;

- дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болу тиіс.
Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 8, 10, 13, .

Қосымша әдебиеттер: 1, 4, 8, 9.
2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
1 семинар таќырыбы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі әскери жарғысы
Әдістемелік нұсќаулар: Оќу материалдарын мењгеру негізгі т‰сініктердіњ мазм±нын игерумен жєне ќ±былыстардан, процестерден наќты мысалдар келтіру арќылы бекіту керек.
Сұрақнама:

1.Жалпы ережелер.

2.Әскери қызмет өткеру тәртібі.

3.Әскери қызметшілердің құқықтары.

4.Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.

5.Әскери қызметшілердің жауапкершілігі.

6.Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет