«Қазақстан республикасы қарулы күштерінің Әскери жалпы әскерлік жарғылары» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен мамандық: 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық»


Әскери бөлішеде уақытты бөлу жөніндегі жалпы ережелер



бет4/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#171064
1   2   3   4   5   6   7

1. Әскери бөлішеде уақытты бөлу жөніндегі жалпы ережелер.

Әскери бөлімдегі уақыттың бөлінуі оның тұрақты жауынгерлік даярлығы қамтамасыз етілетіндей және жеке құрамның жауынгерлік оқуын ұйымдасқан түрде өткізу, тәртіп сақтау, әскери тәртіп пен әскери қызметшілердің тәрбиесін, олардың мәдени деңгейін арттыру, жан-жақты тұрмыстық қызмет көрсету, уақытылы демалу мен тамақ ішу үшін жағдайлар жаслатындай етіліп жүзеге асырылады.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілердің апта сайынғы қызметтік уақытының жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы, әскери қызметшілердің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңдармен белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан аспауы тиіс, ал мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерді қызметтік уақытының ұзақтығы әскери бөлімнің күн тәртібімен айқындалады.

Тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) оқу-жаттығулар, кемелердің жорықтары мен басқа да іс-шаралар апта сайынғы қызметтік уақытының жалпы ұзақтығында шектеусіз жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери-оқу орындарының және әскери бөлімдеріндегі (бөлімшелердегі) оқулардың тыңдаушыларына (курсанттарына) апта сайын кемінде бір тәлік демалыс береді.Қалған әскери қызметшілерге апта сайын кемінде бір тәулік, бір айына кемінде 6 демалыс беріледі.

Әскери бөлімнің жауынгерлік және жұмылдырушылық дайындығына тікелей байланысты шұғыл шаралар оның командирінің бұйрығы бойынша кемінде әскери қызметшілерге 4 сағат демалыс беріле отырып, тәуліктің кез келген уақытында орындалады.

Әскери қызметті келісім-шарт бойыншаөткеруші, әскери қызмет міндеттерін демалыс және мереке күндері атқаруға таратылатын офицерлер мен әскери қызметшілерге бөлім командирінің шешімімен қызметтің мүделері мен әскери қызметшілердің жеке мүделері ескеріле отырып аптаның басқа күндерінде демалыс береді. Демалыстың ұзақтығы демалыс және мереке күндері қызметте өткізілген уақыттан аспуы тиіс.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери қызмет міндеттерін апталық қызметтік уақыттың белгіленген ұзақтығынан тыс атқаруға тарту және оның демалысын аптаның басқа күндерінде өтеу мүмкіндігі жоқ жағдайда, мұндай уақыт жинақталады, сөйтіп әскери қызметшілерге қосымша демалыс күндері ретінде ағымдағы немесе одан кейінгі айдың ішінде беріледі не негізгі еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

Әскери бөлімдерде әскерилер күнделікті тәртіп бойынша қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бейбіт және соғыс уақытында пайдаланылатын қызметтік тұрғын үй қоры, комуналдық құрылыстар және жер учаскелері мемлекеттің меншігі болып табылады. Олар міндетті түрде еспке алынуға, дұрыс пайдаланылуы және ұқыптыұсталынуы итіс.

Кемедегі матростар мен старшиналардан басқа мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілер казармаларда орналастырылады.



2. Ұйқыдан тұру, таңертеңгі қарау және кешкі тексеру.

Таңертең «Ұйқыданан тұрындар» дабылына дейін 10 минут бұрын рота бойынша кезекші взвод командирлерінің орынбасарлары мен рота старшиналарын ұйқыдпнан тұрғызады, ал белгіленген уақытта «Ұйқыдан тұрындар» деген дабыл бойынша - ротаны түгел ұйқыдан түрғызады.

Ұйқыдан тұрған соң таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуы, үй-жайларды және аумақты жинап-тазалау, төсекті жинау, таңертеңгі туалет және таңертеңгі қарау жүргізіледі.

Рота бойынша кезекшінің "Рота, таңертеңгі қарауға - сапқа тұр" деген пәрмені бойынша таңертеңгі қарау үшін взвод командирлерінің орынбасарлары (бөлімшелердің командирлері) өздерінің бөлімшелерін тағайындалған жерге сапқа түрғызады; іс­сапарға жіберіт'ендер сол қанатқа тұрады. Рота бойынша кезекші ротаны сапқа тұрғызып, старшинаға ротаның қарауға дайын екендігі туралы баяндайды.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілер таңертеңгі қарауға мерзім сайын қатысады.

Таңертеңгі қарауларда адамдардың бар-жоқтығы, олардың сыртқы түрі және олардың жеке бас гигиенасын сақтауы тексеріледі.

Медициналық көмекке мұқтаждарды рота бойынша кезекші бөлімнің медициналық пунктіне жіберу үшін сырқаттанғандарды жазу кітабына (11-қосымша) жазады.

Таңертеңгі қарау барысьnща бөлімшелердің -командирлері табышан кемшіліктерді жоюды бұйырады, олардың жойылуын тексереді және қараудың нәтижесі бойынша взвод командирлерінің орынбасарларына, соңғьmары ротаньщ старшинасына баяндайды.

Аяқтың, шұлықтар мен ішкиімдердің жай-күйі, әдетте, ұйықтар алдында мерзім сайын тексеріледі.

Кешке, тексерудің алдында, күн тәртібінде көзделген уақытта, рота старшинасының немесе взвод командирлері орынбасарларының бірінің басшьmығымен кешкі сейіл жүргізіледі. Кешкі сейіл уақытында жеке құрам бөлімшелердің құрамында саптық әндерді орындайды.

Сейілден кейін рота бойынша кезекшінің «Рота, кешкі тексеруге сапқа тур" деген пәрмені бойынша взвод командирлерінің орынбасарлары (бөлімшелердің командирлері) өздерінің бөлімшелерін тексеруге сапқа тұрғызады. Рота бойынша кезекші ротаны сапқа тұрғызып, старшинаға немесе оның орнындағы адамға ротаның кешкі тексеруге тұрғандығы туралы баяндайды.

Рота старшинасы немесе оның орнындағы адам «Тіктел» деген пәрмен беріп, тексеруге кіріседі. Тексерудің барысында ол өздерінің жасаған ерлігі үшін ротаның тізіміне мәңгі енгізілген немесе құрметті сарбаздар болып тіркелген әскери қызметшілердің әскери aтағы» тегін атайды. Аталған әскери қызметшілердің фамилияларын атау кезінде бірінші взвод командирінің орынбасары: «Осындай да осындай (әскери атағы мен тегі) Отанның азатығы мен тәуелсіздігі ушін шайқаста ерлікпен қаза тапты» немесе «Ротаның құрметті солдаты (әскери атағы мен тегі) запаста» деп баяндайды.

Бұдан соң ротаның старшинасы ротаның жеке құрамын атаулы тізімі бойынша тексереді. Өзінің тегін естіген әрқайсысы: «Мен» деп жауап береді, болмағандар үшін бөлімшелердің командирлері жауап береді.

Мысалы: «Қарауылда», «Демалыста».

Тексеру аякташан соң рота старшинасы «Еркін тұр» деген пәрмен береді, барлық әскери қызметшілерге белгілі болуы тиіс бұйрықтар мен нұсқауларды, келесі күнге арнашан нарядты жариялайды және жауынгерлік дайындық пен өрт жағдайындағы жауынгерлік есепке алуды жүргізеді (нақтылайды), взвод командирлерінің орынбасарлары келесі күнге арналған жинап-тазалаушыларды тағайындайды. Белгіленген сағатта «Тоқтатыңдар» деген белгі беріледі, кезекші жарық қосылады және толық тыныштық орнайды.

Әскери бөлім штабының жоспары бойыншаa мерзім сайын жалпы батальондық немесе полктiк (бригадальrқ) тексерулер жүргізіледі. Кешкі тексеруді жүргізуге арналған орьш жарьrқ болуы тиіс.

Жалпы батальондық (полктік, бригадалық) тексерулерге батальонның (полктің, бригаданың) бүкіл жеке құрамы қатысуға міңдетті.

Бүкіл жеке құрамды атаулы тізім бойынша тексеруді роталардың командирлері жүргізеді және тексерудің нәтижелері туралы батальон командиріне баяндайды

Жалпы полктік (бригадалық) тексеруде батальондардың командирлері мен жеке бөлімшелердің командирлері тексерудін нәтижелері туралы полк (бригада) командиріне баяндайды.

Жалпы батальондық (полктік, бригадалық) тексеру аяқталған соң батальон (полк, бригада) командирі «Тіктел» деген пәрмен береді және "Рауанды" ойнау бұйырады. Полктік (бригадалық) кешкі тексеруді жүргізу кезіңде "Рауанды" ойнау аяқталуы бойынша оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайды. Бұдан соң бөлімшелер оркестр әуенімен өтеді. Батальонда (полкте, бригадада) оркестр болмағанда дыбыс жазуды ұлғайтудың техникалық құралдары пайдаланылады. «Рауанды» ойнау басталуымен взводтан бастап бөлімше:.ердің командирлері қолдарын бас киімдеріне түйістіріп ұстайды және оны оркестрдін: ойнауы аяқталған соң батальон (полк, бригада) командирінің «Еркін тур» пәрмені бойынша түсіреді.

Казармада орналастырылған әскери қызметшілердің төсек орны – жамылғыдан, ақжаймадан, тысқаптары бар жастықтардан, матрацтардан, матрацқаптан және кереуттің жанындағы кілемшелерден тұрады. Төсек орынның бірқалыпты жиналуы керек және күні бойы реттілікте ұсталуы керек.

Мерзімді қызмет әскери қызметшінің заттық мүлкінің барлығына оның әскери билетінің нөмірі қойылады. Киім-кешектер мен белдік ұйқыға жатар алдында ұқыпты және біртекті бүктеліп табуреткаға (орындыққа), ал аяқкиім кереуеттің аяқ жағына қойылады. Киім, ішкиім және аяқкиім, қажет болған жағдайда, киім-кешек пен аяқкиімді кептіруге арналған бөлмелерде кептіріледі.



3. Оқу дәрістері.

Жауынгерлік даярлық әскери қызметшілердің бейбіт уақыттағы күнделікті қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Дәрістер мен оқу-жаттығулар әскери қызметшілердің қазіргі заманғы шайқаста іс-әрекет жасау әдістерін игеруі мақсатында жеңілдетпей және оңайлатусыз жүргізілуі тиіс.

Оқу дәрістері мен оқу-жаттығуларына бүкіл жеке құрам қатысуы тиіс. Дәрістерден тәуліктік нарядтағы және бөлім бойынша бүйрықпен көзделген жұмыстағы нарядтағы адамдар, сондай-ақ мереке немесе демальrс күнінде қызмет атқарғаны үшін өтеу тәртібінде демалыс күні берілген әскери қызметшілер ғана босатылады.

Даладағы дәрістерден сырқаттануы. себепті босатылған сарбаздар мен сержанттарға рота командирінің бұйрығы бойынша сыныпта дәрістер ұйымдастырылады.

Жеке құрамның сабақтардан қол үзуіне кінәлы командирлерге (бастықтарға) тәртіптік жаза қолданылады.

Дәрістер күн тәртібінде белгіленген сағаттарда белгі бойынша басталады және аяқталады.

Дәріске шығу алдында бөлімшелердің қомандирлері мен взвод командирлерінің орынбасарлары бағыныстылардың бар-жоқтығын тексереді және олардың нысан бойынша киінгендігін, жарақтардың дұрыс сайланғанын және қарудың оқталған-оқталмағандығын қарайды.

Дәрістер мен оқу-жаттығулар аяқталған соң бөлімшелердің командирлері бүкіл қару-жарақтың, әскери техника мен оқу-жаттығу құралдарының бар-жоқтығын және жинақтьmығын, сондай-ақ ату қаруының, оқ-дәрілердің бар-жоқтығын өздері тексереді. қару мен оқжатарларға арналған сөмкелерді бөлімшелердің командирлері тексереді, тексерулердің нәтижелері пәрмен бойынша баяндалады. Жұмсалмаған оқ-дәрілер мен гильзалар белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Дәрістер мен оқу-жаттығулардың аяқталуы бойынша қаруды және бекініс тік аспапты тазалау, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дәрістердің жүргізілу орындарын жинап, тазалау жүргізіледі.

Әскери бөлімдерде сабақ өткізу үшін сыныптар қажетті заттармен жабдықталады. Әрбір бөлімде жауынгерлік даңқ (тарих) бөлмесі жабдықталады және әскери бөлімнің (кеменің) құрмет кітабы мен құрметті келушілер кітабы жүргізіледі.

Спорт дәрістеріне арналған бөлме (орын) спорт тренажерлерімен, гимнастикалық снарядтармен, гірлермен, гантелдермен және басқа да спорттық мүліктермен, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жөніндегі плакаттармен жабдықталады.

4. Таңертеңгі, түскі және кешкі тамақ.

Күн тәртібіңде белгіленген сағатта тамақты әзірлеу аяқталуы тиіс.

Тамақты беру басталарға дейін дәрігер (фельдшер) бөлім бойынша ~езекшімен бірлесіп тамақтың сапасын тексеруге, үлестерге ба.к.ылаулық өлшеу жүргізуге, сондай-ақ асхана, асхана-ас бөлме ыдыстары мен мүкәммалын, үй-жайлардың санитариялық жай-күйін текcepyгe тиіс. Дәрігердің (фельдшердің) қорытыңдысынан соң бөлім

Командирі немесе оның нұсқауы бойынша бөлім командирі орынбасарларының бірі тамақтың дәмін татып көреді.

Тексерудің нәтижелері әзірленген тамақтың сапасына бақылау сау есебі кітабына жазылады.

Бөлім бойьшша кезекші белгіленген уақытта тамақты беруге рұқсат береді.

Сарбаздар мен сержанттар асханаға тазаланған киім мен аяқ киімде, рота старшинасының пәрменімен немесе оның нұсқауын ша взвод командирлері орынбасарлары бірінің пәрменімен саппен келеді.

Асханада тамақ ішу уақытыңда тәртіп сақталуы тиіс. Бас киіммен, шинельмен (жылы курткалармен) және арнайы (жұмыс) киім нысанымен тамақ ішуге тыйым салынады.

Тәуліктік наряд адамдары тамақты бөлім командирінің белгілеген уақытында алады.

Бөлімнің медициналық пунктіндегі сырқаттарға тамақ госпитальдық үлес нормалары бойьrnша әзірленеді және бөлек жеткізіледі.

Мерзімді әскери қызметшілердің күн тәртібінде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуды жүзеге асыруға, таңертеңгі дене шынықтыруды жүргізуге, оқу дәрістері мен оларға дайындыққа, арнайы (жұмыс) киімді ауыстыруға, тамақ ішер алдында аяқкиімді тазалауға және қолды жууға, тамақ ішуге, қарау-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстауға, тәрбие, мәдени демалыс уақытына, спорт, бұқаралық, жеке құрамды ақпараттандыруға, радио тыңдауға, телебағдарламаларды көруге, діни ғұрыптарды сақтауға медициналық пунктерде ауруларды қабылдауға, әскери қызметшілердің жеке мұқтаждықтарына (кемінде 2 сағ), кешкі серуендеуге, тексерулерге арналған уақыт және ұйқыға арналған 8 сағ уақыт көзделуі тиіс. Тамақ ішудің арасындағы аралықтар 7-сағаттан аспауы қажет. Түскі астан кейін кемінде 30 мин бойы дәрістер немесе жұмыс жүргізілмеуі тиіс.

5. Әскери бөлімнің орналасқан жерінен сейілге шығу.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімдердің орналасқан жерінен және гарнизонның шегінде, әскери бөлімдердің орналасқан жерінен сейілдеуге шығу кезінде еркін жүріп-тұруға құқылы. Әскери қызметшілердің аумағында өздері әскери қызмет өткеріп жатқан гарнизондардың шегінен тысқары шығуы әскери бөлім командирінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне гарнизонның шегінен тысқары шығуға (демалысқа немесе іссапарға кету жағдайларынан басқа) тыйым салынады.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісіне. «кезекті сейілден айыру» деген тәртіптік жаза қолданылмаған болса, әскери бөлімнің орналасқан жерінен аптасына бір рет сейілдеуге құқығы бар.

Әскери қызметтің мерзімі ұлғайтылған әскери қызметшілер (кемелердің және жағалаулық күзет бөлімдерінің матростары мен старшиналары) кемелерден жағалауға және әскери бөлімдерден оқу­жауынгерлік тапсырмаларды орындау аралығындағы кезеңде күн сайынғы сейілге құқығы бар. Бұл ретте мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерінің сейілдеуі әскери бөлімнің бөлімшелерінің арасында әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығы жауынгерлік кезекшілікті және тәуліктік наряд қызметін атқарудың сапасы төмендемейтіндей етіп реттелуі тиіс.

Рота командирі мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін сейілдеуге әскери бөлімнің орналасқан жерінен бөлім командирінің тағайындаған күндері мен сағаттарында және ол белгілеген тәртіппен жібереді. Бөлімшелерден бір мезгілде әскери қызметшілердің 30 проценттен астамы сейілге жіберіле алмайды.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімнід орналасқан жерінен сейілге олар Әскери антты қабылдаған соң жіберіледі. Демалыс алдындағы немесе мереке күндерінід алдындағы күндері 24 сағатқа дейін, ал демалыс және мереке күндері - кешкі тексеруге дейін рұқсат етіледі.

Батальон командирінің рұқсатымен рота командирі әскери

қызметшіге оқу дәрістерінен соң ұйқыға жатуға дейін немесе келесі күннің таңертеңіне дейін (дәрістердің басталуына дейінІ сағат бұрын) аптаның басқа күндерінде сейілге рұқсат бере алады.

Сейіл кезек тәртібімен жүргізіледі. Сейілдің кезегін взвод командирлерінің орынбасарлары жүргізеді.

Демалыс және мереке күндері жауынгерлік кезекшілік пен тәуліктік нарядтағы қызметті атқарғаны үшін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне сейілді аптаның басқа күндерінде дәрістерден және тәуліктік нарядтағы қызметті атқарудан бос уақытта батальон командирінің рұқсатымен рота командирі береді.

Әскери қызметшілер сейілге рұқсат сұрау үшін өзінің тікелей бастығына өтініш айтады.

Взвод командирлерінің орынбасарлары сейілге шығатын әскери қызметшілердің взвод командирлері қол қойған тізімдерін рота командиріне баяндау үшін рота старшинасына береді. Рота бойынша кезекші тағайындалған уақытта сейілге rnығатындарды қатарға тұрғызады және ротаның старшинасына баяндайды.

Ротаның старшинасы сейілге шығатындарды қарайды, олардың жақсы қырынғанын, шаштарының қиылғандығын, олардың киім­кешектері мен аяқ киімдерінің жай-күйі мен шақталып тігілуін, олардың әскери сәлемдесу ережесін, көшеде және қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелерін білетін-білмейтіндігін тексереді. Рота бойынша кезекші сейілге шығатындарды сейілге шығушылардың кітабына жазады (11-қосымша), сейілдеуге шығатындардың тізімін жасайды және оларды бөлім бойынша кезекшіге береді.

Мерзімді әскери қызметті өткеруші сейілге rпығушы әскери қызметшілерде әскери билет пен сейілге шығу жазбасы болуы тиіс (11-қосымша).

Сейілге шығу жазбасының өзінің гарнизоныliыҢ шекарасьuща ғана күші бар.

Сейілден оралған соң әскери қызметші бөлім бойынша кезекшіге келеді және оған келгені туральІ баяндайды. Бөлім бойынша кезекші сейілге шығу жазбаларына келген уақыты туралы белгі соғады. Сосын олар рота бойынша кезекшіге барады, оған сейіл жазбаларын өткізеді және өзінің тікелей бастығына баяндайды.



Мысалы: "Сержант мырза. қатардағы Тоғысов сейілдеуден келді.

Сейілдеу уақытында ескерmелер алған жоқпын" (немесе мынадайлардан мынадай-мынадай ескертпелер алдым).

Егер әскери қызметші бөлімшеге ұйқыға жатқаннан соң келсе, ол келгені туралы тікелей бастығына келесі күні таңертеңгі қарауға дейін баяндайды.

Рота бойынша кезекші сейілге шығушылардың кітабына сейілдеуден оралғандардың уақытын белгілейді және сейілдеу жазбаларын ротаның старшинасына өткізеді.

1 және 2-ші курс курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери-оқу орнының орналасқан жерінен сейілге шығуы мерзімді әскери қызмет қызметшілері үшін белгіленген тәртіппен әскери-оқу орнының бастығы белгілеген күндер мен сағаттарда жүзеге асырьmады. 3 және одан жоғары курстардың курсанттары, сондай-ақ жатақханада тұруға құқығы бар курсанттар әскери-оқу орнының орналасқан жерінен оқу дәрістері мен өзінше жұмыс істеудің міндетті сағаттарынан кейін күн тәртібімен белгіленген, 24 сағатқа дейін, отбасылы курсанттар (тыңдаушылар), - келесі оқу күнінің дәрістері басталғанға дейін сыртта бола алады.

Елді мекендерден шалғайдағы әскери бөлімде (жеке бөлімшеде) және орналасқан жерден сейілге шығу аталған тәртіпте орынсыз басқа жағдайларда, әскери бөлім (жеке бөлімше) командирінің шешімі бойынша демалыс күндері жақын маңдағы ірі елді мекендерге (қалаларға) топтық шығулар жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен әскери тәртіпті нығайтудың негізгі құралы ретінде әскерилерді әскери сейілге шығару болып табылады.

Әскери сейіл әскери бөлімнің тұрған жерінен немесе кемеден жағаға 2 тәулікке дейін мерзімге сейілдемеге рұқсат беріледі.



6. Әскери қызметшілерге келу тәртібі.

Әскери қызметшілерге келуге рота командирі дәріс уақытынан бос уақытта арнайы осы үшін бөлінген әскери бөлімнің келушілер бөлмесінде (орнында) рұқсат етеді.

Әскери бөлім бойынша бұйрықпен әскери қызметшілерге келуге арналған уақытта келушілердің бөлмесі бойынша кезекші тағайындалады. Оның құқықтары мен міндеттері әскери бөлімнің командирі бекіткен нұсқаулықпен айқындалады.

Әскери қызметшілерге келуге тілек білдірген адамдар келушілердің бөлмесіне әскери бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен жіберіледі.

Әскери қызметшілердің отбасылары, басқа да адамдар әскери бөлім командирінің рұқсатымен әскери бөлімнің жеке құрамының өмірімен және тұрмысымен танысу үшін бөлімнің казармасында, асханада, жауынгерлік даңқ (тарих) бөлмесінде және басқа да үй­жайларында бола алады.

Оларға ілесіп журу және қажетті түсіндірулер беру үшін осыған әзірленген әскери қызметшілер тағайындалады.

Спиртті ішімдіктері, есірткілік заттары бар немесе алкогольді

(есірткілік) масаңдану күйіндегі келушілердің әскери қызмеnпілерде болуына жол берілмейді. Казармаларда және басқа да үй-жайларда (осы Жарғының 181-бабы) бөгде адамдардың түнеуіне рұқсат етілмейді

Әскери бөлімдерге келген адамдар әскери бөлімнің командиріне әскери қызметшіге келгені туралы мәлімдейді. Келген азаматтарды әскери қызметшімен жолықтыру үшін арнайы орын бөлінеді. Жауынгерлермен кездесу әскери даярлықты жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды өткергенен кейін және әскери антты қабылдағаннан кейін мүмкін болады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 18, 19.

Қосымша әдебиеттер: 2, 6, 9, 11.
Дәріс тақырыбы №6. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту.


  1. Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.

  2. Санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар.

1. Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.

Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгеюне келтіруді қазақстан Республикасының қорғаныс министрі осыған құқық берген командирлер (бастықтар) жүргізеді.

Жауынгерлік әзірліктін жоғары деңгейіне келтіру кезіндегі шаралар жауынгерлік және оқу-жаттығулық болып бөлінеді.

Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру оны жауынгерлік тапсырмаларды орындауға даярлау мақсатында жүргізіледі. Бұл ретте әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы өзіне тиесілі қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық құралдармен шығарьmады.

Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру тәртібі әскери бөлім командирінің тікелей басшьmығымен штаб әзірлейтін және аға командир (бастық) бекітетін жоспармен айқындалады. Онда:

- бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге кімнің құқығы бар екендігі, бөлімшелерді құлақтандырудың, сондай-ақ әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші офицерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ Қарулы Күштердің қызметшілерін құлақтандыру мен жинаудың тәртібі;

- әскери бөлім бойынша кезекшінің және тәуліктік нарядтың басқа да адамдарының іс-әрекеті;

- әскери бөлімді жинау ауданы, бөлімшелерді жинау пункттері мен оларға жеке құрамды шығарудың және әскери техниканы шығарудың тәртібі;

- әскери бөлімді шоғырландыру ауданы мен олардағы бөлімшелердің орналасу орны, сондай-ақ бастапқы шеп (пункт), әскери бөлімнің жүру бағыттары мен тәртібі;

- әскери бөлімді жан-жақты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

- қозғалыс кезінде және шоғырлану ауданьшда басқару мен байланысты ұйымдастыру;

- әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығарудың (алып жүрудің) тәртібі;

- оқ-дәрілерді, азық-түлік пен басқа да материалдық құралдарды берудің, сондай-ақ оларды шоғырлану ауданында тиеудің және жеткізудің тәртібі;

-жинау және шоғырлану ауданына шығу кезіңдегі коменданттық қызметтің ұйымдастырьmуы көзделуі тиіс,

Жауынгерлік әзірлікті тексеру бөлімшелердің даярлығын, бөлімнің басқару органдарының бөлімді әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру барысыңда шараларды орыңдауды қамтамасыз етуін, бөлімнің (бөлімшенің) оқу-жаттығуға шығуы кезіңдегі, дүлей апаттар кезіндегі, өрт сөндіру және басқа да тапсырмаларды орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі. Бұл ретте әскери бөлім (бөлімше) әзірленген жоспарға сәйкес бешіленген шектеулерде іс-әрекет жасайды.

Барлық әскери қызметшілер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне кетіру кезіндегі әскери бөлімнің (бөлімшенің) іс-қимьm тәртібін өздеріне қатысты бөлігіңде анық білуі тиіс.

Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейі жариялануы кезінде жеке құрам барлық жағдайларда бүркемеленуді сақтай отырып, жылдам әрі ұйымшылдықпен іс-әрекет жасауы тиіс.

Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене тәрбиесін дамыту - оларды өзінің әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажырамас бөлігі. комаңдирдің (бастықтың) бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлығы оның әскери бөлімнің (бөлімшенің) тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніңдегі ,қызметіңде негізгі міңдеттерінің бірі болып табылады.

Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға: - командирлердің (бастықтардың) қызмет пен тұрмыстың жағдайларьrn жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізумен;

-оларды ұдайы шынықтыруымен, дене даярлығымен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануымен;

-санитариялық-гигиеналық, жұқпалы ауруларға қарсы және емдеу- профилактикалық шараларды жүзеге асыруымен қол жеткізіледі.

Әскери қызметшілердің .күнделікті қызметі кез келген жағдайда әскери жарғылар мен тәлімдемелердің олардың қызметтері мен тұрмысының жағдайларын жақсарту туралы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте орындалатын тапсыр­малардың ерекшелігі, әскери бөлімнің орналасқан ауданындағы климаттық жағдайлар, экологиялық жағдай, материалдық қамтамасыз ету және казармалық тұрғын үй қорының жай-күйі ескеріледі.

Командирлердің (бастықтардың) әскери қызметшілердің қызметі мен түрмысыньщ жағдайларын жақсарту жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табьmады:

- қажетті қауіпсіздік талаптарын белгілеу және оларды әскери қызметшілерге уақтылы жеткізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

- санитариялық нормалар мен әскери жарғылардың әскери қызметшілерді орналастыру, олардың тамақтандырылуын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етудің басқа да түрлерімен жабдықтау жөніндегі талаптарын қатаң орындау;

- күн тәртібі мен қызметтік уақыттың регламентінің дәл орындалуын ұйымдастыру;

- тиісті үлестік нормаларды әрбір әскери қызметшіге уақтылы және толық жеткізу;

- әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою немесе белгіленген шектерге дейін төмендету, әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан ауданында санитариялық­эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды жүргізу.

Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы мен спорт дәрістері олардың организмінің қоршаған ортаның физикалық факторларының түрлі күрт өзгерістеріне, әскери қызметтің ерекшеліктеріне және 'жауынгерлік тапсырмаларды орындауға байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру жөніндегі шараларды олардың командирлері (бастықтары) медициналық қызметтің бастығы мен дене даярлығы және спорт бастығының, сондай-ақ командир (бастық) тағайьrндаған басқа да адамдардың үнемі бақьшау жасауымен жүргізеді. Бұл шараларды жоспарлау кезінде әскери қызметшілер денсаулығының жай-күйі, олардың жасы мен жергілікті жердің климаттық жағдайлары ескеріледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру ұдайы және су, күн мен ауа факторларын дене даярлығы және спорт сабақтарымен үйлесімді кешенді пайдалану арқылы үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Әскери қызметшілерді шынықтырудың негізгі әдістері мыналар болып табылады:

- таза ауада таңертеңгі дене шынықтыруын күн сайын орындау;

- белуарға дейін суық сумен жуыну немесе жеңіл-желпі суық су

бүрікпесін қабьrnдау;

- аяқты ұйықтауға жатар алдында күн сайын суық сумен жуу;

- қысқы кезеңде шаңғы жаттығулары мен дәрістерін жүргізу, жеңіл киімде кейбір жүмыстарды орындау;

- жазғы кезеңде жеңіл киімде дәрістер мен спорттық -бұқаралық шараларды жүргізу, күн ваннасын қабьrnдау және дәрістер мен жұмыстардан бос уақытта және демалыс күндерінде ашық су айдындарында шомылу.

Дене даярлығы мен спорт жөніндегі дәрістер таңертеңгі дене шынықтыруда, оқу дәрістерінде, спорт-бұқаралық жүмыс уақытында, әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік қызметінің процесінде, сондай-ақ өз бетінше жаттығулар барысында жүзеге асырылады.

Дәрістерде дене шынықтырулары әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің қай түріне және әскерлердің тегіне жататындығы, жасы мен денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып жаттығулардың түрлі тәсілдері және дене жүктемесін мөлшерлеу ескеріле отырып орындалады.

Спортпен шұғылдану спорт секцияларында әрі күн тәртібінде әрі қызметтік уақыттың регламентінде белгіленген уақытта жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене тәрбиесі менспорт дәрістері олардың ағзасының қоршаған ортаның физикалық факторының түрлі күрт өзгерістеріне, әскери қызметтің ерекшеліктеріне және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру ұдайы су, күн мен ауа факторларын дене даярлығы және спорт сабақтарымен үйлесімді кешенді пайдалану арқылы үздіксіз жүргізілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет