Бақылау түрлері
|
Мазмұны
|
Баллдар
|
Ағымдық бақылау
|
Тәжірибелік сабақтағы жұмыс
|
20
|
Аралық бақылау
|
2 жазу жұмыс
|
30
|
Үй бақылау
|
Конспект, реферат, баяндама
|
10
|
Қорытынды бақылау
|
Емтихан
|
40
|
Барлығы
|
|
100
|
1.10. Курстың саясаты мен процедуралары
Оқу процесінде студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар
Рефераттың мерзімінде орындалмауы
|
-5 балл
|
баяндаманың мерзімінде орындалмауы
|
-2 балл
|
ОСӨЖ тапсырманың орындалмауы
|
Тақырып бойынша минус балл
|
Аралық тапсырмаға қатыспауы
|
-8 балл
|
Сабаққа кешігіп келуі және қатыспауы
|
Аралық бақылау бойынша минус балл
|
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛШК МАТЕРИАЛДАР
2.1. Курстың тақырыптық жоспары
Рет №
|
Тақырып аттары
|
Сағат саны
|
|
|
Лекц.
|
Сем.
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1.
|
Тарау 1
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі әскери жарғысы
|
|
|
|
|
2.
|
Тақырып 1. Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшіліердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
|
2
|
1
|
3
|
3
|
3.
|
Тақырып 2. Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас
|
2
|
1
|
3
|
3
|
4
|
Тақырып 3. Лауазымды адамдардың, сарбаздар мен маростардың міндеттері
|
2
|
1
|
3
|
3
|
5.
|
Тақырып 4. Ішкі тәртіп және әскерлердің қызметі. Әскери қызметшілердің орналастырылуы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
6
|
Тақырып 5. Уақыттың бөлінуі және күнделікті тәртіп
|
2
|
1
|
3
|
3
|
7
|
Тақырып 6. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
8
|
Тарау 2
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы
|
|
|
|
|
9.
|
Тақырып 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысының жалпы ережелері
|
2
|
1
|
3
|
3
|
10.
|
Тақырып 2. Көтермелеулер
|
2
|
1
|
3
|
3
|
11.
|
Тақырып 3. Тәртіптік жазалар
|
2
|
1
|
3
|
3
|
12.
|
Тақырып 4. Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебін жүргізу
|
2
|
1
|
3
|
3
|
13.
|
Тарау 3
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы
|
|
|
|
|
14.
|
Тақырып 1. Тәуліктік наряд
|
2
|
1
|
3
|
3
|
15.
|
Тақырып 2. Рота бойынша кезекшінің міндеттері
|
2
|
1
|
3
|
3
|
16.
|
Тақырып 3. Гарнизондық наряд
|
2
|
1
|
3
|
3
|
17.
|
Тақырып 4. Гарнизондық нарядтың міндеттері және құқығы, қарауылдық қызметтің ұйымдастырылуы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
18.
|
Тақырып 5. Қарауыл қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары. Тәуліктік және гарнизондық нарядтты жұмысқа тарату
|
2
|
1
|
3
|
3
|
|
Барлығы
|
30
|
15
|
45
|
45
|
2.2.Дәріс тақырыптарының тезистері.
Дәріс тақырыбы №1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі әскери жарғысы
-
Жалпы ережелер.
-
Әскери қызмет өткеру тәртібі.
-
Әскери қызметшілердің құқықтары.
-
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.
-
Әскери қызметшілердің жауапкершілігі.
-
Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері.
1. Жалпы ережелер.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.
Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және Қарауылдық қызметтер жарғысы мен Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 жарлығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:
- Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын, шекараларына қол сұғылмаушылығын қорғауға,
- басқыншының шабуылын тойтаруға және оған соққы беруге;
- мемлекеттік және әскери обьектілерді күзетуге және қорғауға;
- басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп халықаралық шарттарға сәйкес басқыншылықтан бірлесе қорғану жөніндегі міндеттерді орындауға арналған;
- Қарулы Күштерді басқа жағдайларда қолдану Қазақстан Республикасының қазіргі кезде күшіндегі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Отанды қорғау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының халық пен мемлекет алдындағы конститутциялық міндеті мен борышы болып табылады.
2. Әскери қызмет өткеру тәртібі.
Әскери қызмет – мемлекет пен халық алдында Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындауымен байланысты мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде, шақыру бойынша, сондай-ақ келісім-шарт бойынша, жасақтаудың аумақтан тыс және аумақтық принциптері үйлестіріле отырып, белгіленген талаптарға сай келетін әскери қызметшілермен жасақталады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жасақтау принципі мен әскери қызметтің сипатына қарай оның мынадай түрлері болады:
- сарбаздар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзімді әскери қызметі;
- сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет;
- әскери-оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери қызметі;
- прапоршиктер мен мичмандардың келісім-шарт бойынша әскери қызметі;
- офицерлік құраманың әскери қызметі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірі мен қызметі әскери жарғылар болып табылатын нормативті-құқық құжаттарымен қатаң түрде белгіленеді. Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарулы шабуылды тойтару мен агрессорлы жеңіліске ұшырату, сондай-ақ қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін құрайды».
Кез келген ғылымның объектісі мен пәнін ажыратады. Объект –ғылым зерттейтін шындық облысы. Пәні – объектіні нақты ғылым қай жағынан қарастыратыны, зерттейтін жағы, қыры.
3. Әскери қызметшілердің құқықтары.
Әскери қызметшілердің құқықтары мен оларды іске асыру тәртібі әскери қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Ешкімнің әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да нормативтік актілермен кепілдік берілген құқықтарын шектеуге құқығы жоқ.
Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне, әскери қызметке, басқа әскери қызметшілер мен өзге азаматтардың құқықтарына залал келтірмеуге тиіс.
Мемлекеттік әскери қызметшілердің құқықтарының, бостандықтарының іске асырылуына, сондай-ақ олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалауына кепілдік береді, оларға лайықты өмір сүру деңгейін туғызу, қызмет пен тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Әскери қызметшілердің құқытарын қамтамасыз ету мен қорғау командирлерге (бастықтарға), әскери басқару органдарына, мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға ,соттар мен құқық қорғау органдарына жүктеледі.
Әскери ант қабылдағанға дейін әскери қызметші әскери лауазымға тағайындалмайды, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға (ұрыс қимылдарына қатысуға, жауынгерлік кезекшілік атқаруға, жауынгерлік және қарауылдық қызмет атқаруға) тартылмайды; әскери қызметшіге қару-жарақ пен әскери техника бекітіліп берілмейді, оған гауптвахтада ұстау арқылы қамау түрінде тәртіптік жаза қолданылмайды.
Әскери қызметшілердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін атқармауына кінәлі командирлер (бастықтар) бұл үшін заңдарда және осы Жарғыда белгіленген жауаптылықта болады.
Әскери қызметшінің өзінің қызметтік жағдайына қарамастан мыналарға құқығы бар:
- өзінің құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде командирлердің (бастықтардың) өзінің құқықтарына, бостандықтарына нұсқан келтіретін, ар-намсы мен жеке басының қадір-қасиетін қорлайтын заңсыз іс-әрекеттері болған жағдайларда сот арқылы қорғалуға. Ол білікті заң көмегін алуға хақылы;
- шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, сеніміне, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе өзге кез келген жадаяаттар бойынша тең құқықтарға. Аталған жәйттер бойынша кемсітуге тыйым салынады және ол заңмен қудаланады;
- өмір сүруге. Ешкімнің оның өмірін қиюға құқығы жоқ. Командирлер (бастықтар) бағыстыларының қызметтік іс-әрекетінің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге міндетті және олар үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады;
- әскери қызмет шарттарымен және сипатымен ретелетін жеке басының бостандығына. Қамауға алу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысына қатаң сәйкестікте қолданылады және оны командирлер (бастықтар) бағыныстылары әскери тәртіпті өрескел бұзуға жол берген жағдайларда ең ақырғы шара ретінде қолданады.
Әскери бөлімшелерде жеке құрамға, әсіресе жаңа толықтырымға белгілі дәрежеде ықпал жасайтын «ресми емес көшбасшылар» (жетекшілер) де кездесуі мүмкін. Олардың ішінде қалыпты моральдық ахуалды орнатуға кедергі келтіретін жағымсыз қылықты адамдар да кездеседі. Бұл айнала кепілдікке алу, достық пен жолдастықты дұрыс түсінбеу, кіші жолдастарына өз «үстемдігін, артықшылығын» рұқсат етілмейтін жолдармен көрсету әрекеттері арқылы көрініс табады. Олар көбінесе дөрекі теріс қылықтардың, қылмыстардың негізгі себебі болып жатады. Республика Қарулы Күштері мұндай құбылыстармен аяусыз күрес жүргізеді. Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес. Жарғылар сарбаздардың бойында идеялық сенімділікті, ерлікті, батырлықты, әскери жолдастықты, бастамшылықты, осы заманғы ұрыстарда жеңіске жету үшін қажетті моральдық жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу жолындағы қуатты құрал болып табылады.
4. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алады және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауға тиіс.
Ол:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
- Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, алғырлықпен қасық қанын аямай Қазақстан Республикасын қорғауға, әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастамшылық жасауға;
- командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;
- әскери кәсіптік білім-білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
- өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
- әскери бауырластықты бағалауға, қасық қанын аямай жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де ісімен көмектесуге, әрқайысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
- әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киіммен, таза және ұқыпты киінуге;
- қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Әскери жарғылардың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделеді. Жарғылардың өзіндік ерекшелігі бар: оларда адамгершілік принцептері, сонымен бірге бір уақытта әскери қызметшілердің мінез-құлқының құқықтық нормалары да болып табылады. Ең алдымен, жарғылар атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады.
5. Әскери қызметшілердің жауапкершілігі.
Барлық әскери қызметшілер әскери атақтары мен лауазымдарына қарамастан заң алдында тең және өздерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген жауапкершілікте болады.
Әскери қызметшілер Қарулы Күштердің әскери жарғылары негізінде және белгіленген тәртіппен әскери тәртіпті бұзуға байланысты теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікте болады.
Әскери қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарға сәйкес жалпы негізде әкімшілік жауапкершілкте болады. Бұл ретте оларға айыппұлдар, түзеу жұмыстары және әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жазалар қолданылмайды.
Әскери қызметшілер азаматтық заңдарда көзделген міндеттемелерін атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін, мемлекетке, заңды тұлғаларға, азаматтарға келтірген залалы үшін және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікте болады.
Әскери қызметшілер мемлекетке, Қарулы Күштерге, заңды тұлғаларға, сондай-ақ келісім-шарт бойынша қызметте тұратындар келісім-шарттың ережелерін орындамаған ретте келтірілген материалдық залалы, қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен басқа да нормативтік актілерінде айқындалған жағдайларда матеиалдық жауапкершілікте болады.
Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікте болады..
Жасаған теріс қылықтары үшін әскери қызметшілер, әдетте, жауапкершілктің бір түріне тартылады.
Теріс қылық жасауына байланысты тәртіптік жазаға тартылған әскери қызметшілер қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.
Материалдық залал келтірумен ұштасқан құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери қызметшілер жауапкершіліктің өзге түрлеріне тартылуына немесе қоғамдық ықпал ету шараларының қолданылуына қарамастан залалды өтейді.
Қоғамдық ықпал ету шаралары әскери қызметшілерге олардың әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты теріс қылықтары үшін қолданылуы мүмкін.
Жаупкершілкке тарту кезінде әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұсқан келтіруге жол берілмейді.
Республика Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің қызметтік және арнайы міндет түрлері белгіленген.
Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы (мысалы, барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (мысалы, бригада, батальон, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді. Аталған міндеттерді орындау әскери қызметшілердің жауапкершілігін талап етеді.
6. Әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері.
Әрбір әскери қызметшінің лауазымдық міндеттері болады, олар атқаратын лауазымына сәйкес тапсырылған функциялар мен міндеттердің іс жүзінде орындалу көлемі мен шегін айқындайды.Лауазымдық міндеттер тек қызмет мүддесінде ғана пайдаланылады.
Бұл міндеттер әскери жарғылармен, сондай-ақ тиісті басшылықтармен, тәлімдемелермен, ережелермен, нұсқаулықтармен немесе осы Жарғының талаптарына қарай тікелей бастықтардың жазбаша бұйрықтарымен айқындалады.
Әскери қызметшілер жауынгерлік кезекшілікте (жауынгершілік қызметте), тәуліктік және гарнизондық нарядтарда болған кезінде, сондай-ақ дүлей апаттардың зардаптарын жою үшін тартылатындар және басқа да төтенше жағдайларда олар арнайы міндеттерді орындайды. Бұл міндеттер мен оларды орындау тәртібі заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғыларымен және олардың негізінде әзірленетін басқа да құқықтық актілермен белгіленеді және де, әдетте, уақытша сипатта болады.
Арнайы міндеттерді орындау үшін әскери қызметшілерге заң актілерімен және Қарулы Күштердің әскери жарғыларымен айқындалатын қосымша құқықтар берілуі мүмкін.
Әскери тәртіптің талаптарының мазмұны Тәртіптік жарғының 3-бабында айтылған. Сондай-ақ олар әскери антта, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарында бар.
Аталып өткен әскери міндеттерді талдау – оның тек заңды емес, сонымен қатар айқындалған адамгершілік сипаты бар екенін де көрсетеді. Мысалы, адал болу, тәртіпті болу, әскери жолдастықты нығайту, өз еркімен әскери істі үйрену және басқалар.
Тәртіптік жарғының 3-бабындағы әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:
- өзін-өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;
- парасатты бастамалар көтеру;
- әскери іс-әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы азаматтар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау;
- командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау.
Республика Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің қызметтік және арнайы міндет түрлері белгіленген.
Негізгі әдебиеттер:1, 8, 15, 19.
Қосымша әдебиеттер: 2, 3, 6.
Дәріс тақырыбы №2. Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас.
-
Дара басшылық.
-
Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.
-
Аға және кіші шенділер.
-
Бұйрық (өкім) оларды беру, орындау және бақылау тәртібі.
-
Әскери қызметшілердің бастамшылығы.
-
Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы.
-
Әскери сәлемдесу.
1. Дара басшылық.
Дара басшылық қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру принциптерінің, оларға басшылық ету әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас принциптерінің бірі болып табылады. Мұның мәні командирге (бастыққа) бағыныстыларына қатысты барлық құқықтардың берілуінде және оған әскери бөлімнің, бөлімшенің және әрбір әскери қызметшінің өмірі мен қызметінің барлық жақтары үшін мемлекет алдында дербес жауапкершіліктің жүктелуінде болып табылады.
Дара басшылық командирдің (бастықтың) ахуалды жан-жақты бағалай отырып, шешімдерді жеке-дара қабылдау, заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына қатаң сәйкестікте тиісте бұйрықтар беру және олардың орындалуын қамтамасыз ету құқығынан көрінеді.
Бұйрықты талқылауға жол берілмейді, ал бұйрыққа бағынбау немесе басқадай орындамау әскери қылмыс болып табылады.
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметшілер басқаларға қатысты бастықтар немесе бағыныстылар болуы мүмкін.
Бастықтың бағыныстыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағысты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныстының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілкте болады.
Бағынысты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.
Атқаратын штатық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәкес бағыныстыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады.
Командир қызметі жөнінен өзіне бағынысты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.
Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.
Бағыныстыға ең жақын төте бастық тікелей бастық деп аталады.
Қызметі жөнінен бағыныстылық тәртібімен байлаусыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
- Қазақстан Республикасының маршалдары, армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, прапоршиктер, мичмандар, старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін;
- генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1-дәределі капитандар
- кіші офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін:
- подполковник, 2-дәрежелі капитан, майор, 3-дәрежелі капитан әскери атақтарындағы аға офицерлер – прапоршиктер, мичмандар, старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін;
- кіші офицерлер – старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін,
- прапоршиктер мен мичмандар – олармен бір әскери бөлімдегі старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін;
- старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі сарбаздар мен матростар үшін;
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша (37,38-баптар) басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныстылары болып табылмайды әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады.
Аға шенділік - әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділер кіші шенділер әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзған жағдайда, олардан осы жолсыздықтарды жоюды талап етуге тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.
Бір-біріне баныссыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әркетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысты болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |