Ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың малдарды пайдаланатын, өсіретін және ұстайтын субъектілерінің тәуекелді бағалау критерийлері
№
|
Критерийлердің атаулары
|
Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады
|
1
|
2
|
3
|
1.1.
|
Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
|
2
|
1.2.
|
мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
|
2
|
1.3.
|
ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
|
2
|
1.4.
|
мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
|
2
|
1.5.
|
ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беруге;
|
2
|
1.6.
|
мемлекеттiк ветеринариялық санитариялық инспекторларға ветеринариялық қарау үшін қозғалтатын (орын ауыстырылатын) нысандарды кедергісіз беру;
|
2
|
1.7.
|
ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындауға;
|
2
|
1.8.
|
союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
|
2
|
1.9.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.11.09г. №1754 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды арнайы мал сою орындарныда сою.
|
2
|
1.10.
|
ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге;
|
2
|
2.1.
|
Иелер келесі шаруашылық ұйымдастыру шараларын орындайды:
мал қораларында және аулаларында тұрақты механикалық тазарту жүргiзу, көңдi зарарсыздандыруға үю;
|
2
|
2.2.
|
табынды, отарды, топты инфекциялық аурулардан таза аумақтық малдарымен толықтыру;
|
2
|
2.3.
|
мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарда дайындау;
|
2
|
2.4.
|
қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау.
|
2
|
3.
3.1.
|
Мал иелері келесі ветеринариялық санитариялық іс-шараларды атқарады:
1) малды орналастыруда, азықтандыруда және пайдалануда ветеринариялық-санитарлық ережелердi орындау;
|
2
|
3.2.
|
2) мал жайылымдарын және суаттарын қалыпты ветеринариялық-санитарлық жағдайда ұстау;
|
2
|
3.3.
|
3) көңдi және өлексенi уақытында зарарсыздандыру;
|
2
|
3.4.
|
4) мал қораларына реттi профилактикалық дезинфекция (микроорганизмдердi жою), дератизация (тышқандарды жою), дезинсекция (зиянды бунақ денелердi жою), дезакаризация (кенелердi жою) жүргiзу;
|
2
|
3.5.
|
5) мал фермаларын, қораларын дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз ету;
|
2
|
3.6.
|
6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарын қоршаумен қамтамасыз ету.
|
2
|
4.
|
ветеринариялық маманның рұқсатынсыз ауырды деген малды бiр жерден екiншi жерге айдауға тиым салынады;
|
2
|
5.
|
Малдарды ұстаумен, өсірумен және қолданумен айналысатын нысандарда мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау нысанының есептік нөмірінің болуы тиіс.
|
3
|
Ветеринария саласындағы ветеринарияға белгіленген препараттарды сататын және өндіретін субъектілерінің тәуекелді бағалау критерийлері
№
|
Критерийлердің атаулары
|
Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Жануарлар үшін шығарылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қауіпсіздігі үшін қысталаң болып табылатын өндірістік операцияларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарды шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылау мен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын бөлімше тиісті түрде растауға тиіс.
|
1
|
2.
|
Әрбір технологиялық учаске үшін өндіріс регламентіне сәйкес тиісті тазалық сыныбы белгіленуі тиіс.
|
1
|
3.
|
Дәрілік фитошикізатты дайындау сатысында міндетті радиациялық бақылау жүргізіледі.
|
1
|
4.
|
Дәрілік өсімдіктерді сұрыптау, технологиясында көзделген оларды өңдеу және зертханалық бақылау өңезденудің, улы өсімдіктердің және олардың зақымданған бөліктерінің (қаракүйе, шала, жорғалайтын ақ мия, түрлі-түсті вязель, қырықжапырақты софора және басқалар) болуына жол бермейді.
|
1
|
5.
|
Сүт - шикізат, сүт сарысуы, казеин, ет, бауыр, паренхиматозды органдар, қан, эндокринді шикізат және шикізат ретінде биологиялық препараттар алуға арналған жануарлардың басқа да тіндері мен органдары дені сау жануарлардан алынуы тиіс.
|
1
|
6.
|
Дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды шығару (дайындау) уәкілетті орган әзірлейтін және келісілетін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
|
1
|
7.
|
Ветеринариялық дәріхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 380 қаулысымен бекітілген "Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес болуы жануарларға арналған дәрілік заттарды дайындауды қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал тиіс.
|
2
|
8.
|
Микроорганизмдер, оның ішінде шетелден алынғандары, жануарларға арналған иммунологиялық дәрілік заттарды шығару мен олардың сапасын бақылауға арналғандар Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының коллекциясына депозитке алынуы тиіс.
|
2
|
9.
|
Басқа дәрілік заттарды шығару үшін пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берілмейді.
|
1
|
10.
|
Микробиологиялық және биотехнологиялық өнімдерді шығаратын әрбір кәсіпорында қамтамасыз ету жүйелерін, технологиялық процестерді, барлық технологиялық жабдықтарды, процестерді және бақылау әдістерін қазіргі заманғы салыстырып тексеру жүргізілуі тиіс.
|
2
|
11.
|
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткізу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерін ескере отырып атқарылуы тиіс.
|
3
|
12.
|
Дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындарда жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезінде олардың қауіпсіздігі мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал болуы тиіс.
|
2
|
13.1.
|
Жұмыста келесілер болмауы тиіс:
1) дәрілік заттарды сақтаудың температуралық режимдерінің сақталмауы;
|
2
|
13.2.
|
2) өнімнің түрінің бұзылуы;
|
2
|
13.3.
|
3) тасымалдау кезінде өнімнің зақымдануы;
|
1
|
13.4.
|
4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерінің бұзылуы;
|
3
|
13.5.
|
5) дәрілік заттарды жою кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптардың бұзылуы.
|
2
|
14.
|
Қоймалық үй-жайлар мынадай учаскелерге:
1) өнімді қабылдау және босату аймағына;
2) жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды негізгі сақтауға арналған аймаққа;
3) ерекше сақтау шарттарын талап ететін жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар аймағына; карантиндік аймаққа бөлінуі тиіс.
|
2
|
15.
|
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды қоймада барлық көшіру құжатты түрде тіркеледі.
|
2
|
16.
|
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды жарамдылық мерзімі бойынша есепке алу жүргізілуі тиіс.
|
2
|
17.
|
Жарамдылық мерзімі өткен, сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және олардың сапасын куәландыратын құжаттары жоқ жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар және басқа да тауарлар қабылдауға жатпайды.
|
1
|
18.
|
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды республиканың нарығында орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын адамдарда осы қызмет түріне лицензиясы, тиісті үй-жайлары және өнімнің нақты түрлеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өнімді сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлары болуы тиіс.
|
1
|
19.
|
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар сатуға жіберілмейді, егер:
1) сақталу немесе жарамдылық мерзімі бітсе;
2) бүлінуінің анық белгілері болса;
3) олардың шыққан жерін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты ақпараты жоқ болса;
4) ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмейтін және олардың шыққан жерін растайтын құжаттардың жасандылығына негізді күмән бар болса;
5) Техникалық регламенттерде көзделген мәліметтері бар таңбалануы жоқ не оларға қатысты мұндай ақпараты жоқ болса;
6) бұзылған және герметикалық емес орамда болса.
|
2
|
20.
|
Дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқамада көрсетілген талаптарға сәйкес дәрілік затты, биологиялық препаратты қолданғаннан кейін жануарларды сою алдында ұстау және мал шаруашылығы өнімін пайдалану мерзімін сақтау керек.
|
1
|
21.
|
Малдарға арналған кез келген дәрі-дәрмектерді, биологиялық заттарды қолданғанды туралы құжат жасау керек.
- дәрілік затты қабылдаған жануарды (ларды) сәйкестендіруді.
- дәрілік затты, биологиялық препаратты тағайындау себептерін және дәрілік затты, биологиялық препаратты тағайындаған және қолданған адамның (дардың) қолдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары үшін сою алдында ұстау және (немесе) мал шаруашылығы өнімін пайдалану мерзімін көрсету.
|
3
|
22.
|
Қабылданған және босатылған жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды құжатты түрде есепке алу жүргізілуі тиіс.
|
2
|
23.
|
Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды жою нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
|
2
|
24.
|
Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп тудыратын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жөніндегі іс-шаралар тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринарлық инспекторының міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі.
|
2
|
25.
|
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар міндетті түрде сертификациялануына және мемлекеттік тіркелуіне сәйкестірілінеді
|
2
|
26.
|
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды өндірумен айналысатын мекемелерде мемлекеттік ветеринариялық санитариялық нысанның есептік нөмірі болуы тиіс.
|
1
|
Ветеринария саласындағы бір технологиялық кезеңде жұмыс істейтіннен кәсіпорындардан басқа, балық және балық өнімдерін өңдеумен, аулаумен айналысатын субъектілерінің тәуекелді бағалау критерийлері
№
|
Критерийлердің атаулары
|
Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігін және бақылануын растайтын құжаттардың (ветеринариялық сертификат, тауарлық ілеспе жолдама құжаттама) болуын.
|
1
|
2.
|
Балық және балық өнімдеріндегі микробиологиялық және паразитологиялық контаминация мен химиялық ластауыштардың, уытты элементтердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, басқа да зиянды заттар белгіленген деңгейден аспауы тиіс.
|
1,5
|
3.
|
Өндірістік үй-жайлардың орналасуы технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз етуі және шикізат пен қалдықтардың ағымының дайын өнімнің ағымымен қиылысу мүмкіндігін болдырмауы тиіс..
|
1,5
|
4.
|
Кәсіпорындардың өндірістік цехтарын, учаскелерін, бөлімшелерін, қосалқы және қойма үй-жайларын жоспарлау кезінде өндірістік бақылау жүйесін, соның ішінде балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ жинау, жуу және залалсыздандыру сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.
|
1,5
|
5.1.
|
Балық аулайтын кемелердің құрылысы кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс:
өнімдердің трюмдық, ағымдық сумен, түтінмен, отынмен, мұнай өнімдерімен, жағармай материалдарымен байланысқа түспеуін қамтамасыз ету қажет, үшкір бұрыштары мен шығыңқылары барынша аз болып, қарқынды ағымды қамтамасыз етуі тиіс;
|
0,8
|
5.2.
|
Балық аулау өнімдері жанасатын жабдық беттері мен материалдар тоттануға төзімді материалдардан жасалып, тегіс және жуу мен (дизенфекциялауға жеңіл болуы тиіс;
|
0,8
|
5.3.
|
Бетіндегі қаптамасы берік және уытты емес болуы тиіс.
|
0,8
|
5.4.
|
Өнімдерді 24 сағаттан астам уақыт ішінде сақтауға арналып жобаланған және жабдықталған кемелер балық аулау өнімдерін сақтау үшін трюмдармен, цистерналармен немесе контейнерлермен жабдықталуы тиіс;
|
0,8
|
5.5.
|
Сақталынатын балық аулау өнімдерін контаминациядан сақтау үшін трюмдар машина бөлімшелерінен және экипажға арналған бөлімшелерден арақабырғалармен бөлінуі тиіс;
|
0,8
|
5.6.
|
Трюмдар мен контейнерлер өнімді қанағаттанарлық гигиеналық жағдайда сақталуын, қажет болған жағдайда еріген судың азық өнімдерімен жанаспауын қамтамасыз етуі тиіс;
|
0,8
|
5.7
|
Балық өнімдерін салқындатылған таза теңіз суында салқындатуға арналған кемелерде цистерналар цистернаның барлығында біртекті температураға жеткізу құралдарымен жабдықталуы тиіс;
|
0,8
|
5.8.
|
Бұндай құрылғылар балықты таза теңіз суына салғаннан кейін температурасы алты сағаттан кейін +3 о С және 16 сағаттан соң 0 о С аспайтын суыту дәрежесіне жетіп, температураның мониторингін және тіркелімін жасауға мүмкіндік беруі тиіс
|
0,8
|
6.
|
Балық аулау өнімдері аулағаннан кейін бір сағаттан кешіктірмей мұзбен немесе мұздатылғын сумен салқындатылуы тиіс.
|
1
|
6.1.
|
Температуралық жағдай мүмкіндік беретін болса, кіші кемелер балықты мұзсыз түсіре алады. Мұндай балық ауланған сәтінен бастап 12 сағат ішінде түсіріліп, температурасы -1 о С мен +4 о С аралығында ұсталынуы тиіс.
|
0,8
|
6.2.
|
Балық аулау өнімдерін сумен салқындату кезінде оны таза салқындатылған суда сақтау керек. Салқындатудың мұндай әдісі кеме бортында үш тәуліктен артық қолданылмайды.
|
0,8
|
6.3.
|
Кемеге құстардың, жәндіктердің немесе басқа жануарлардың, паразиттер мен зиянкестердің түсуіне жол берілмеуі қажет.
|
0,8
|
7.1.
|
Жүзу базаларында (жүзу құралдарында), аз мөлшерде болса да мыналар болуы қажет:
тамақты күн көзі мен қыздырғыш элементтерден және кез келген контаминация көздерінен сақтайтындай етіп жобаланған балық аулау өнімдерін бортқа қабылдау үшін резервке алынған және оңай тазаланатын қабылдау аймағы.
|
0,8
|
7.2.
|
санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін балықты қабылдау аймағынан жұмыс аймағына беру жүйесі;
|
0,8
|
7.3.
|
өнімдердің кез келген контаминациясын болдырмайтындай етіп құрылған, балық аулау өнімдерін дайындау және өңдеу үшін жеткілікті кең, оңай жиналатын және дезинфекцияланатын жұмыс аймағы;
|
0,8
|
7.4.
|
Дайын өнімдерді сақтау аймағы;
|
0,8
|
7.5.
|
өнімдерді дайындау және өңдеу аймақтарынан бөлек буып-түю материалдарын сақтау орны;
|
0,8
|
7.6.
|
қалдықтарды жоюға арналған арнайы жабдықтар немесе адамдардың тұтынуына жарамсыз аулау балық өнімдерінің қалдықтарын сақтауға арналған камералар, бұл ретте қалдықтар кемеде 24 сағаттан артық сақталмауы тиіс;
|
0,8
|
7.7.
|
орналасуы сумен жабдықтау жүйесімен жанаспайтын су жинау құрылғысы;
|
0,8
|
7.8.
|
Балық аулау өнімдерін өңдеумен шұғылданатын персоналдың қолын жууға арналған жабдық.
|
0,8
|
7.9.
|
Балық аулау өнімдерін мұздатуды жүзеге асыратын жүзу базасында (жүзу құралдарында) мұздату кемелері үшін талап етілетін жабдықтар болуы тиіс.
|
0,8
|
8.1.
|
Мұздату кемелерінде:
температураны -18 о С-қа дейін тез төмендететін жеткілікті қуаттылығы бар мұздатқыш жабдықтар;
|
1
|
8.2.
|
температураны -18 о С-қа дейін тез төмендететін жеткілікті қуаттылығы бар мұздатқыш жабдықтар;
|
0,8
|
8.3.
|
Сақтау трюмдары температураны тіркеу құрылғыларымен жабдықталады. Санау құрылғысының температураны көрсетуші тетігі трюмдағы ең жоғары температурасы бар аймақта орналасуы тиіс;
|
0,8
|
8.4.
|
Тоңазытқыш камералардың және мұздатқыштардың ішкі қабырғалары мен төбелері оларға балық аулау өнімдерін тиеу алдында санитарлық өңдеуден өткізіледі.
|
0,8
|
8.5.
|
Тоңазытқыш және мұздатқыш камераларына салған кезде балық аулау өнімдері ағаштан жасалған торларға қатарланып немесе еденнен биіктігі 8 сантиметр болатын тұғырықтарға қойылады;
|
0,8
|
8.6.
|
Қатарлар суыту қабырғалары мен аспаптарынан 30 сантиметр алыс қашықтықта орналастырылуға тиіс. Қатарлар арасында өтетін жол қалдырылады;
|
0,8
|
8.7.
|
Егер балық аулау кемелерінде балықпен бірге пайдаланылатын су беру құрылғысы болса, онда ол жеткізілетін судың ластануын болдырмайтындай етіп орнатылуы тиіс.
|
0,8
|
9.1.
|
Мұздатылған балық және балық өнімдерін өндіру кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
мүшелеу учаскесі ауызсумен немесе таза сумен қамтамасыз етілуі тиіс;
|
0,8
|
9.2.
|
мұздату -30 о С-тан жоғары емес температурада өнімнің қабатына жеткенге дейін -18 о С-тан жоғары емес температурада жүргізіледі;
|
0,8
|
9.3.
|
мұздатуды табиғи жағдайда балық ауланған орында табиғи жағдайда -12 о С-тан жоғары емес температурада мұзды, жақсы желдетілген алаңда немесе желдің өтінде жүргізуге болады.
|
0,8
|
9.4.
|
Балық және балық өнімдерін мұздату қажетті өндірістік сатыларды аяқтағаннан кейін жүргізілуі тиіс.
|
0,8
|
9.4.
|
Шикізат өндіріске түскен сәттен бастап мұздатқышқа салынғанға дейін 4 сағат өтпеуі тиіс.
|
0,8
|
10.1
|
Балық өнімдерін өндіру процесінде алынған қалдықтар су өтпейтін танбаланған ыдыстарға жиналуы және жиналу өндірістік үй-жайлардан жойылуы тиіс.
|
0,8
|
10.2.
|
Қалдықтар шикізаттан және дайын өнімдерден бөлек салқындатылатын камераларда сақталуы тиіс.
|
0,8
|
10.3.
|
Қалдықтарды салқындатпай жабық ыдыста 2 сағаттан артық емес сақтауға болады.
|
0,8
|
11.
|
Таңбалауда кәсіпшілік ауданына тиесілілігі бойынша мынадай ақпарат болуы тиіс.
|
0,8
|
12.
|
Тамақ шикізаты мен қосалқы материалдарды сақтау үшін сөрелер, тұғырықтар пайдаланылады.
|
0,8
|
13.
|
Тамақ шикізаты мен қосалқы материалдарды еденге қоюға жол берілмейді.
|
0,8
|
14.
|
Барлық қойма үй-жайларын таза ұстау кезең-кезеңімен дезинсекция және дератизация жасалуға қажет.
|
0,8
|
15.
|
Температура көрсеткіштерін жазып отыратын термометр орнату.
|
0,8
|
16.
|
Көлік құралдары өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталып, сұйықтықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуы тиіс;
|
1,5
|
17.1.
|
Балық және балық өнімдерін сақтау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:
салқындатылған балық еріп тұрған мұз темперетурасына жақын температурада сақталуы тиіс;
|
0,8
|
17.2.
|
мұздатылған балық және балық өнімдері -18 о С-тан жоғары емес температурада сақталуы тиіс;
|
0,8
|
17.3.
|
консервілерді өндіруге арналған тұздықтағы бөлшектенбеген, мұздатылған балық -9 о С-тан жоғары емес температурада сақталуы мүмкін;
|
0,8
|
17.4.
|
тірі балық оның тіршілігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталынып, сату мерзіміне шек қойылмауы тиіс.
|
0,8
|
17.5.
|
Ыдыстар судың сапасын өзгертпейтін материалдардан жасалуы тиіс.
|
0,8
|
18.
|
Бір технологиялық оралымда жұмыс істейтін балық және балық өнімдерін өндіру және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардан басқасында мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау нысанының есептік нөмірі болу.
|
0,8
|
Достарыңызбен бөлісу: |