Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы 2011 жылғы «30» маусым №18-02/366



бет9/10
Дата15.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#136969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ветеринария саласындағы лицензия негізінде жұмыс істейтін, малдардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары мен ет өңдейтін кәсіпорындар субъектілерінің бағалау критерийлері





Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1

2

3

1.

Мал өнімдері мен шикізаттарына ветеринариялық санитариялық сараптама жүргізуге лицензияның болуы.

3

2.

Базарларда, мал дайындайтын (соятын), мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейтін, сақтайтын және сататын ұйымдарда малдарды алын ала қарауды және сойғаннан соң, кәсіпорынның өндірістік бақылау бөлімшесінің мамандары ветеринариялық санитариялық сараптауды жасауды сақтау.

3

3.

3.1.


Келесі жағдайда малдарды союға тиым салу:

1) сiбiр жарасы ауруымен ауырған немесе оған күдікті, қарасан, iрi қара мал мен түйенің обасы, құтырма, тырысқақ, брадзот, зілді домбығу, қойлардың энтеретоксемиясы, ірі қара малд мен қойдың клегейлі қызбасы (шошқаның африкалық обасы, ботулизмом, маңқа, эпизоотиялық лимфангоит, мелоидозом (жалған маңқа), қояндардың миксоматозы, құстардың классикалық обасы;



3

3.2.

2) тек қана ветеринариялық маман анықтайтын малдардың өлім аузындағы жанталасы;

3

3.3.

3) 14 күн ішінде сібір жарасына қарсы вакцина егілген, сонымен қартар емдеу қолданылған, 21 күн ішінде аусылға қарсы белсенділігі жойылған вакцина егілген, сонымен қатар дәрілерді қолдану туралы нұсқаулығында көрсетілген уақытымен емдік және алдын алу мақсатында қолданылған антибиотиктер егілген;

3

3.4.

4) маңқаға маллеинизация жасалмаған жылқылар;

3

3.5.

5) 14 күннен жас малдарды, клиникалық аурулардың белгiлерi бар, диагнозы белгiсiз болған жағдайда, дене температурасы қалыптыдан төмен не жоғары болса, құстар орнитозбен, тұмаумен, Ньюкасл ауруымен ауырғанда т. б. союға болмайды

3

3.6.

6) сояр алдында малдарды ветеринармялық маман алдын ала қараусыз, оның ішінде дене қызуын, пульсiн, дем алысын өлшеусіз, көрiнетiн кілегей қабықтарының жағдайы, тәбетінің барын;

3

3.7.


7) ветеринариялық препараттармен домдалан жануарларды сою мерзiмi және олардың еттердегi рұқсат етiлетiн ен төменгi мөлшерiне сәйкес емес.

3

4.

Мал өнімдері мен шикізаттарына ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу үшін тиісті өндірістік бөлмелердің, технологиялық жабдықтардың ветеринариялық нормативтерін сақтау.

3

5.

Ветеринариялық санитариялық сараптау өткізу үшін, мал өнімдері мен шикізаттарынан сынамалар алу ережесін сақтау.

3

6.

Мал өнімдері мен шикізаттарына ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізгенде базарларда ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу ережесінің 2 қосымшасындағы стандарттық тестілер бойынша және ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 31.10.02 ж. № 351. Бұйрығымен бекітілген Сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн ұшаларын, iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға
санитариялық баға беру Ережесiне сәйкес атқарылуы тиіс.

3

7.

Етті таңбалау, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.02 ж. № 351 базарларда ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу ережесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.

3

8.

Мал өнімдері мен шикізаттарына ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізгенде Ауылшаруашылығы министрінің 31.10.02 ж. № 351. Базарларда ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу ережесінің 1 қосымшасындағы міндетті және қосымша зертеулер тізбесіне сәйкес атқарылуы тиіс.

3

9.

Базарларда және ет өңдейтін кәсіпорындарда ветеринариялық санитариялық сараптау қызметін көрсететін мекемеде мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау нысанының есептік нөмірі болу.

3


Ветеринария саласындағы лицензия негізінде жұмыс істейтін, алдын алу және емдеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар субъектілерінің бағалау критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.

Ветеринариялық емдеу - алдын алу қызметіне лицензияның болуы.

5

2.

Ветеринариялық емдеу - алдын алу жүргізу үшін, жеке және заңды тұлғаларда тиісті өндірістік бөлмелердің, технологиялық жабдықтардың ветеринариялық нормативтерін сақтау.

5

3.


Келесі қатерлерге байланысты, ветеринария саласында қолданылатын дәрі-дәрмектер мен биологиялық препараттарды қолдануда қауіпсіздікті сақтау:

1) асқынуға байланысты малдардың өлімі;



2) дұрыс тағайындалмаған немесе дәрі-дәрмектердің ұтымсыздығы (диагнозы).

5

4.1.

Дәрі-дәрмектерді сақтау кезінде температуралық режимді сақтау;

4

4.2.

өнімнің атауының болуы;

4

4.3.

тасымалдағанда өнімнің зақымдалуын болдырмау;

4

4.4.

препараттарды дайындау ережесін, қолдану кезіндегі тағайындауды бұзбау;

4

4.5.

ветеринариялық перпараттардың нормативтік техникалық құжаттарына сай дәрі-дәрмектерді жою кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.

5

4.6.

Ветеринариялық мамандарға - ветеринариялық санитариялық инспектордың басқаруымен малдарды клиникалық қарау және оларды мәжбүрлі вакцинациалау.

3

4.7.

Ветеринариялық мамандарға - ветеринариялық санитариялық инспектордың басқаруымен ауру малдарды емдеу.

3

4.8.

Ветеринариялық мамандарға - ветеринариялық санитариялық инспектордың басқаруымен мәжбүрсіз дезинфекцияны дезинсекцияны, дератизацияны жасау.

3

Ветеринария саласындағы ветеринариялық препараттарды сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар субъектілерінің тәуекелді бағалау критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.

Ветеринариялық препараттарды сатуға лицензияның болуы.

5

2.

Нысандарға, малдарға арналған дәрі-дәрмектерге, биологиялық препараттарға сақтау мерзімімен есеп жүргізу, сонымен қатар бірінші кезеңде ең кіші мерзімде сақталатын сериялы дәрі-дәрмектерді жіберу керек.

3

3.

Нысандарға, жарамдылық мерзімі өткен, сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және олардың сапасын куәландыратын құжаттары жоқ жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар және басқа да тауарлар қабылдауға жатпайды.

3

4.


Нысандарға, ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарды қолдану кезінде мынадай тәуекелдерге байланысты негізгі қауіпсіздік талаптарын назарға алу қажет:

1) жануарлардың қырылуына әкеп соқтыратын асқынулардың туындауы;



2) дәрілік заттардың сапасына немесе дұрыс тағайындалмауына (диагнозына) байланысты тиімсіздігі.

3

5.

Нысандарға, ветеринариялық емдеу - алдын алу жүргізу үшін тиісті өндірістік бөлмелердің, технологиялық жабдықтардың ветеринариялық нормативтерін сақтау.

3

6.

Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар өндіріске және қолдануға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жіберіледі.

3

7.


Ветеринарияда қолданылатын, дәрілік заттар және биологиялық препараттарды оларды өндіруді, енгізуді (импорт), тасымалдауды, сатуды, қолдануды (пайдалану), жоюды қоса алғанда, міндетті түрде ветеринариялық қадағалауға жатады:

3

8.

Қоймалық үй-жайлар мынадай учаскелерге:

  1. өнімді қабылдау және босату аймағына;

  2. жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды негізгі сақтауға арналған аймаққа;

  3. ерекше сақтау шарттарын талап ететін жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар аймағына; карантиндік аймаққа бөлінуі тиіс.

3

9.

Ветеринария саласындағы қолданатын есірткі құралдарын, психотроптық және күші әсер ететін заттарды пайдалану «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2

10.

Жануарларға арналған дәрілік заттар дәрілік препараттың атауын, сериясын, мерзімін көрсете отырып, стеллаждарда, табандықтарда, серелерде, қыстырылған стеллаждық картасы бар шкафтарда сақталуы тиіс.

2

11.

Жануарларға арналған дәрілік заттар, биологиялық препараттар сақталатын қоймалық үй-жайларда термометрлер, гигрометрлер немесе псирометрлер болуы тиіс, оларды үй-жайдың ішкі қабырғасының ортасына, жылытатын аспаптар мен есіктерден алыс орналастырады.

3

12.

Осы аспаптардың көрсеткіштерін күн сайын жауапты адам арнайы журналда тіркеп отыруы тиіс

3

13.

Бақылаушы аспаптар белгіленген тәртіппен сертификатталуы және калибрленуі тиіс.

3

14.

Жануарларға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткізу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерін ескере отырып, сондай-ақ көліктің осы түрінде қолданылатын талаптарды ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, жануарларға арналған дәрілік заттардың белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде препаратқа арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

3

15.

Ветеринариялық препараттарды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау нысанының есептік нөмірі болу тиіс.

3

Ветеринария саласындағы азық және азық қоспаларын сатумен, сақтаумен және дайындаумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар субъектілерінің тәукелді бағалау критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.

Азық және азық қоспаларын сатарда және қолданарда, әкелгенде (импорт) оны қабылдауды, бақылауды бірдейлендіруді және сақтауды қамтамасыз ету.

2

2.

азық және азық қоспаларының сәйкестігін растайтын құжатының болуы;

3

3.

дайындаушының, жеткізушінің және (немесе) сатушының таңбалауында және (немесе) ілеспе құжаттарында азық және азық қоспалары туралы ақпараттың болуы.

3

4.

азық және азық қоспаларының ластануын және бұзылыуын болдырмау.

2

5.

Азық және азық қоспаларын сату мерзімін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өндірушіге (дайындаушыға) белгілейді.

3

6.1.

жарамдылық мерзімі өткен азық және азық қоспаларын сатуға жол бермеу;

2

6.2.

анық бұзылу белгілері бар азық және азық қоспаларын сатуға жол бермеу;

2

6.3

шығарылған жерін растайтын құжаттары жоқ немесе оларға қатысты ақпараты жоқ азық және азық қоспаларын сатуға жол бермеу;

2

6.4.

ұсынылған құжаттарда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмейтін азық және азық қоспалары н сатуға жол бермеу;

2

6.5.

Техникалық регламентте көзделген мәліметтерді көрсете отырып таңбаланбаған азық және азық қоспалары н сатуға жол бермеу.

2

7.

Жануарлар еттерінен өндірілген (дайындалған) азық және азық қоспаларын өндіруге тыйым салынады.

2

8.

Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) үшін жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз мекендерден (аумақтардан) алынған шикізаттарды пайдалануға тыйым салынады.

2

9.

Шикізат - құрама жем мен дәнді бұршақты азық дақылдарын (жаздық сиыржоңышқа, ноқат, азықтық бұршақтар, жасымық, азықтық бөрібұршақ, соя, бұршақ) өндіру үшін азықтық мақсаттарға жеткізілетін астық (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, тары, жержаңғақ, күнбағыс дәндері, тритикале) құрамында қастауыш, қара күйе, зиянкестер мен бөтен қоспалар болмауы тиіс.

2

10.

Нысандар, дайын өнімнің (азық және азық қоспалары) ластанбауын қамтамасыз етсін.

2

11.

Шикізат пен материалдарды сақтау кезінде, бірінші кезекте басқалардан ерте сақтауға түскен шикізат пен материалдарды қоймадан шығаруды көздейтін ротация жүйесі қолданылу керек.

2

12.

Азық және азық қоспаларын сақтау кезінде үй-жайларға (ғимараттарға) жәндіктер мен кеміргіштердің енуіне жол бермеу.

3

13.

Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) жөніндегі объектілерді орналастыру ветеринарлық-санитарлық қорытынды болуы тиіс.

2

14.


Азық және азық қоспалары мынадай жағдайларда айналымнан алынып тасталады:

1) олардың шыққан жері мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары келмесе;

2) бұзылу, ластану, жағымсыз иістің анық белгілері болғанда;

3) жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары табылғанда.



3

15.

Азық және азық қоспаларының құрамындағы уытты элементтер, патогендік микроорганизмдер, микотоксиндер, нитриттер, нитраттар, пестицидтер, гербицидтер, радионуклидтер, маркерлік полихлорланған бифенилдер ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат етілген ветеринарлық нормативтерден (көрсеткіштерден) аспауы тиіс.

2

16.

Азық және азық қоспаларын өндіру қызметін көрсететін мекемеде мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау нысанының есептік нөмірі болу.

2


Ветеринария саласындағы ғылыми мақсатта пайдалану үшін малдарды ұстаумен және өсірумен айналысатын ветеринария саласына бағытталған ғылыми мекемелерге субъектілерінің тәуекелді бағалау критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.1.

Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

2

1.2.

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

2

1.3.

ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуге;

2

1.4.

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;

2

1.5.

ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беруге;

2

1.6.

ветеринариялық инспекторларға мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;

2

1.7.

ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындауға;

2

1.8.

союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;

2

1.9.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.11.09г. №1754 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдыарнайы мал сою орындарныда сою.

2

1.10.

ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге;

2

2.1.

Келесі шаруашылық ұйымдастыру шараларын орындау:

мал қораларында және аулаларында тұрақты механикалық тазарту жүргiзу, көңдi зарарсыздандыруға үю;



2

2.2.

табынды, отарды, топты инфекциялық аурулардан таза аумақтық малдарымен толықтыру;

2

2.3.

мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарда дайындау;

2

2.4.

қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау.

2

3.1.

Ветеринариялық санитариялық іс-шараларды атқару:

1) малды орналастыруда, азықтандыруда және пайдалануда ветеринариялық-санитарлық ережелердi орындау;



2

3.2.

2) мал жайылымдарын және суаттарын қалыпты ветеринариялық-санитарлық жағдайда ұстау;

2

3.3.

3) көңдi және өлексенi уақытында зарарсыздандыру;

2

3.4.

4) мал қораларына реттi профилактикалық дезинфекция (микроорганизмдердi жою), дератизация (тышқандарды жою), дезинсекция (зиянды бунақ денелердi жою), дезакаризация (кенелердi жою) жүргiзу;

2

3.5.

5) мал фермаларын, қораларын дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз ету;

2

3.6.

6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарын қоршаумен қамтамасыз ету.

2

4.

ветеринариялық маманның рұқсатынсыз ауырды деген малды бiр жерден екiншi жерге айдауға тиым салынады;

2

5.

Малдарды ұстаумен, өсірумен және қолданумен айналысатын нысандарда мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау нысанының есептік нөмірінің болуы тиіс.

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет