Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы 2011 жылғы «30» маусым №18-02/366


Ветеринария саласындағы малды сою, ет және ет өнімдерін қайта өндеу субъектісінің тәуекелді бағалау критерийлері



бет7/10
Дата15.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#136969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ветеринария саласындағы малды сою, ет және ет өнімдерін қайта өндеу субъектісінің тәуекелді бағалау критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1

2

3

1.

Ет және ет өнімінің нақты қауіпсіздігін, шыққан жерін және сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттары болуы.

1

2.

Өндірістік үй-жайларға технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде түйіспелі контаминация болмауы керек.

1

3.1.



Объект аумағында мыналар болатын жануарларды сою алдында ұстайтын аймақ көзделеді:

1) жануарларды қабылдау және ветеринарлық тексеру үшін шатырлары мен өткелектері, мал қоралары бар темір жол немесе автомобиль платформалары;



1

3.2.

2) жануарларды сою алдында ұстауға арналған ғимараттар (шатырлар);

0,5

3.3.

3) жануарларды шығарып салушылар мен айдаушыларға арналған үй-жайлар;

0,5

3.4.

4) киімдерді санитарлық өңдеу үшін тұрмыстық үй-жайлар мен залалсыздандырғыш камера;

0,5

3.5.

5) көң мен қиды жинау және уақытша сақтау үшін алаңқайлар;

0,5

3.6.

6) сойылатын жануарлар мен құстарды тасымалдауда пайдаланылатын автокөлік пен мүкаммалды санитарлық өңдеу пункті;

0,5

3.7.

7) жануарлар үшін карантин, оқшаулағыш және санитарлық қасапхана;

0,5

3.8.

8) сарқынды суларды залалсыздандыруға арналған құрылыстар.

0,5

4.1.

Өндіру (дайындау) объектілерінде ветеринарлық-санитарлық мақсаттағы объектілер жабдықталады және жұмыс істейтін жағдайда болады:

1) стационарлық дезинфекциялық жуу пункттері немесе жануарларды союға жеткізетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған алаңқайлар;



0,5

4.2.

2) ветеринарлық мамандарға арналған жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді бақылау және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізуге арналған жабдықтары бар үй-жайлар;

0,5

4.3.

3) жануарларды тексеруге арналған өткелектер;

0,5

4.4.

4) ауру немесе әлсіз жануарларды оқшау өңдеуге арналған санитарлық қасапхана немесе санитарлық камера;

0,5

4.5.

5) карантинге және оқшаулағышқа арналған үй-жайлар;

0,5

4.6.

6) етті және сойылған өнімдерді өңдегенге дейін уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерасы;

0,5

4.7.

7) сарқынды суларды залалсыздандыруға арналған құрылыстар.

0,5

5.

Санитарлық қасапханада ауру малдар кіретін жеке есік, оларды қабылдайтын, ветеринарлық тексеретін алаңқайлар болады.

0,5

6.

Өндіру (дайындау) объектісін пайдалануға берген және технологиялық жабдықтарды немесе желілерді орнатқан, сондай-ақ ет өнімдерінің жаңа түрлерін шығарған кезде субъектіде ветеринарлық-санитарлық қорытынды болуы керек.

0,5

7.

Объектіде мүкаммалды көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін су өткізбейтін едені, қатты бу, ыстық және суық су жіберіп және жуылған суды кәрізге ағызуға арналған трапы бар жуу бөлімшесі жабдықталады.

0,5

8.

Санитарлық блоктың өндірістік цехтарында (үй-жайларында) өндірістің қуаттылығына және бейініне қарамастан, қабырғаларының панельдері мен бағаналары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген биіктігі кемінде екі метр материалдармен қапталады.

0,5

9.

Төбеде және ілулі арматураларда кірдің жиналуы, тамақ өнімдеріне бөгде заттардың түсуіне және ылғалдың немесе көктің пайда болуына жол берілмейді.

0,5

10.

Объектінің барлық үй-жайларының едендері тура, тегіс, су өткізбейтін материалдармен жабылады.

0,5

11.

Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар жеке үй-жайда сақталады.

0,5

12.1.

Ет және ет өнімдері олардың салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер ететін қауіпті қасиетке ие болатын неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:

1) ет және ет өнімдеріндегі фармакологиялық заттардың және химиялық ластағыштардың құрамы;



0,5

12.2.

2) ет және ет өнімдеріндегі улы элементтердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің басқа да зиянды заттардың және олардың қалдықтарының құрамы;

0,5

12.3.

3) ет және ет өнімдеріндегі микробиологиялық көрсеткіштер;

0,5

12.4.

4) тағамдық қоспалар және гендік инженерия өнімдері.

0,5

13.

Тағамдық шикізат пен қосалқы материалдарды сақтау үшін ағаштан жасалған стелаждар мен сөрелер пайдаланылады, оларды еденге төсеуге жол берілмейді.

0,5

14.

Барлық қоймалық үй-жайларды таза ұстау керек және кезең-кезеңмен дезинсекция және дератизация жасалуға тиіс.

0,5

15.

Союға және ет тағамдарына қайта өңдеуге арналған жануарлар мен құстарды объектілер жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларынан таза аумақтар мен шаруашылықтардан қабылдайды.

0,5

16.

Міндетті бірдейлендіру рәсімінен өтпеген жануарлар мен құстар қайта өңдейтін кәсіпорындарға жіберілуге жатпайды.

0,5

17.1.



Мыналарды қасапханаға жіберуге тыйым салынады:

1) аусылға қарсы белсенді вакцина, сібір жарасына қарсы вакцина немесе сарысу егілген жануарларды 21 күн ішінде;



0,5

17.2.

2) құс тұмауына қарсы вакцина егілген құстарды 21 күн ішінде;

0,5

17.3.

3) емдік және (немесе) алдын алу мақсатында антибиотиктер, антигельминтиктер және басқа да препараттар, өсуін ынталандыруға арналған препараттар берілген жануарлар мен құстарды оларды ветеринарияда қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде;

0,5

17.4.

4) жәндіктер мен кенелерге қарсы химикаттармен өңделген жануарлар мен құстарды сол препараттар тізімінде көрсетілген күту мерзімінен бұрын;

0,5

17.5.

5) аурудың диагнозы белгісіз дене температурасы жоғары немесе төмен және енжар жағдайда немесе өлім аузында жатқан жануарлар мен құстарды;

0,5

17.6.

6) өсіру кезінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілмеген ветеринарлық препараттар қолданылған жануарлар мен құстар;

0,5

17.7.

7) балықпен, балық қалдықтарымен және балықтан жасалған ұнмен соңғы азықтандырылғаннан кейін құсты 10 күн ішінде.

0,5

18.



Жануарлар мен құстар ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық іс-шараларды жүргізу кезінде азықпен, сумен бірге организмге зиянды және қауіпті құрамдас бөліктердің, оның ішінде мыналардың түсу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда өсіріледі және азықтандырылады:

1) анаболикалық әсері бар заттар және мал шаруашылығында қолдануға тыйым салынған фармакологиялық заттар;

2) қоршаған ортаны ластайтын заттар және химиялық ластағыштар: полихлорлы бифенилдерді қоса алғанда, хлорлы органикалық қосылыстар, фосфорлық органикалық қосылыстар, улы элементтер, микотоксиндер, бояғыштар.


0,5

19.

Объектіге түскен жануарлар мен құстар ветеринарлық тексеруден өткізіледі және сою алдында ірі қара малдар, уақ малдар, жылқылар, бұғылар, түйелер, қашарлар және есектер кемінде 24 сағат, ал шошқалар кемінде 12 сағат, бұзаулар мен құстар кемінде 6 сағат аш ұсталады.

0,5

20.

Енжар күйіндегі жануарлар ауруы анықталған жануарлар мен құстардың партиясы, амалсыз өлтірілгендер немесе өліктер, сондай-ақ ветеринарлық құжатта көрсетілген мал басының нақты санына сәйкес келмеген жағдайда диагнозы немесе сәйкес келмеуінің себептері белгіленгенге дейін тез арада карантиндік бөлімшеге орналастырылады.

0,5

21.1.

Мыналарға жол берілмейді:

1) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген жануарлар мен құстарды союға;



0,5

21.2.

2) жылқыларды, есектерді, түйелерді, қашарларды маңқа ауруына зерттемей союға;

0,5

21.3.

3) ауру, ауруына күдікті, майыптық зақымдары бар жануарлар мен құстарды, сондай-ақ оларды қабылдау кезінде анықталған өліктерді иелеріне қайтаруға;

0,5

21.4.

4) союға қабылданған жануарлар мен құстарды объект аумағынан шығаруға (әкетуге);

0,5

21.5.

5) өлген жануарлар мен құстардың өліктерін, ветеринариялық конфискаттарды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жөнелтуге.

0,5

22.

Өндіріс (дайындау) объектілерінде қабылдау және ветеринариялық тексеру сәтінде жұқпалы ауру белгілері бар жануарлар мен құстар анықталған жағдайда барлық партиясы санитарлық союға жіберіледі.

0,5

23.1.

Ауру жануарлар мен құстарды сою сау жануарлар мен құстардан бөлек және/немесе ауысымның аяғында жүргізіледі.

0,5

23.2.

Осындай союды аяқтағаннан кейін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес үй-жайлар мен жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі

0,5

24.

Жануарлар мен құстардың анықталған ауруларына байланысты ұшаға оны залалсыздандыру тәсілі туралы куәландыратын ветеринариялық мөр басылады.

0,5

25.1.

Технологиялық процестер мыналарды:

1) шикі және дайын өнімнің ағындары мен байланыстары қиылысуының болмауын;



0,5

25.2.

2) өңдеуге түсетін шикізат пен қосымша материалдардың нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылауды;

0,5

25.3.

3) ілінген күйіндегі тұтас еттердің еденмен, қабырғамен және технологиялық жабдықтармен жанасуын;

0,5

25.4.

4) ұшаларды қансырату, тазарту және жуу учаскелеріндегі траптарға арнайы еңкіс наулар бойынша сұйықтың ағуын;

0,5

25.5.

5) санитариялық өңдеуге қол жеткізе отырып, тамақ шикізатын (май шикізатын, ішек-қарын жиынтығын, тағамдық қанды, қосымша өнімдерді) беруді бір-бірінен бөлуді;

0,5

25.6.

6) тағамға жатпайтын қалдықтардың ерекше түске боялған және оның арналуы туралы жазуы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жиналуын;

0,5

25.7.

7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде ақауы анықталған ұшалар мен органдарды) ерекше түске боялған жабдықталған бөлек құламаларға немесе арнайы жылжымалы жабылатын ыдыстарға жинауды;

0,5

25.8.

8) сойылған жануарлардың ішіндегі асқазанды және бүйендерді босату, сондай-ақ теріні жеке үй-жайларда немесе биіктігі үш метр қалқанмен бөлінген және ұшаларды жылжыту орнынан кемінде үш метр аралықта алыстатылған малды бастапқы қайта өңдеу цехының арнайы бөлінген учаскелерінде шелдеу;

0,5

25.9.

9) сойылған малдардың ерекше қатерлі ауруларынан күдіктенген немесе тапқан жағдайда ветеринариялық мамандардың жұмыс орындарынан «Тоқта» батырмасының көмегімен конвейерді шұғыл тоқтатуды;

0,5

25.10.

10) тұтас еттерді, қосымша өнімдер мен басқа да сойылған өнімдерді тек олар санитарлық өңдеуден, ветеринарлық-санитарлық сараптаудан және таңбалаудан өткеннен кейін тоңазытқышқа жөнелтуді;

0,5

25.11.

11) суық және ыстық суды жұмыс орындарына беруді, ал ішектерді сұрыптау (үрлеу) үшін сығылған ауаны беруді қамтамасыз етеді.

0,5

26.

Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыш көлемі және саны объектілердің өндірістік қуаты мен температураны өнім түріне байланысты 0 ºС-тан 30 ºС-қа дейінгі және ауаның ылғалдылығын 60%-дан 95% дейін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей жағдайды ескере отырып таңдалады.

0,5

27.1.

Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыштарға салған кезде шикізаттар мен қосымша өнімдер ағаштан жасалған торларға қатарланып немесе еденнен биіктігі 8 сантиметр болатын тұғырықтарға қойылады.

0,5

27.2.

Қатарлар суыту қабырғалары мен аспаптарынан 30 сантиметр алыс қашықтықта орналастырылуға тиіс.

0,5

27.3.

Қатарлар арасында өтетін жол қалдырылады.

0,5


27.4.

Суытылған және салқындатылған ет ілініп сақталады.

0,5


28.

Шартты түрде жарамды ет осы мақсатта арнайы қолданылатын оқшауланған мұздатқышта немесе мұздатқыштың жеке камерасында сақталады.

0,5


29.1.

Қоқыстарды жинау үшін контейнерлер негізінің ауданынан үш есе асатын асфальтталған алаңқайға орнатылатын металдан жасалған контейнерлер қолданылады.

0,5


29.2.

Контейнерлер өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 метр алыс орналасады.

0,5


29.3.

Қоқыс жинайтын алаңқайды үш жағынан тұтастай бетондалған немесе кірпіштен қаланған биіктігі 1,5 метр қабырғамен қоршау қажет.

0,5


29.4.

Көңді биотермиялық залалсыздандыру арнайы жабдықталған алаңқайларда жүргізіледі.

0,5


30.1.

Өндірістік цехтарда ағынды су: құрамында май бар, құрамында май жоқ, шаруашылық-тұрмыстық және ластанбаған өндірістік су үшін ішкі кәріздің бөлек желісі көзделеді;

0,5

30.2.

Кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына жіберу алдында ағынды сулар, механикалық тазартудан өтеді;

0,5


30.3.

құрамында майы барлары майтұтқыштардан өтеді;

0,5


30.4.

карантинді бөлімшеден және сумен шайылған аумақтан көңді ұстап қалушы арқылы жіберіледі, залалсыздандырылады.

0,5


31.

Ағынды суды қабылдау үшін бетондалған шұңқыр өндірістік ғимараттан кемінде 20 метр қашықтықта орналасады, қақпақпен жабдықталады және оның 2/3 көлемінің толу шамасына қарай тазартылады.

0,5


32.

Өндіруде (дайындауда) ет және ет өнімдеріне ветеринарлық- санитарлық сараптау жүргізу үшін өндіру (дайындау) объектілерінде өндірістік бақылау бөлімшелері ұйымдастырылады.

0,5


33.

Отандық және импорттық өндірістің ет шикізаттары өнеркәсіптік қайта өңдеуге ветеринарлық ілеспе құжаттармен бірге қабылданады.

0,5


34.

Ет және ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарына және/немесе контейнерлерге мынадай талаптар қойылады:

0,5


34.1.

олардың жас өніммен жанасатын ішкі жақ жоғары беті немесе басқа бөліктері өнімнің органолептикалық қаситеттеріне және халықтың денсаулығына әсер етпейтін шірімейтін металдардан жасалады тегіс, жеңіл тазаланатын және дезинфекцияланатын болуы тиіс;

1

34.2.

өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз етуі және сұйықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуға тиіс;

0,5


34.3.

ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшаның төрттен бір бөлігін тасымалдау үшін олар ет еденге тимейтін биіктікте орнатылған ілінетін жас ет үшін шірімейтін күршектермен жабдықталады;

0,5


34.4.

көлік құралдарын немесе контейнерлерді онда тірі жануарларды немесе түрлі басқа жүкті тасымалдағаннан кейін ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолдануға жол берілмейді.

0,5


35.

Ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолданылатын көлік құралында температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.

1


36.

Мал союмен, ет ет өнімдерін өңдеумен айналысатын объектілерде мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау орнанының есептік нөмірінің болуы.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет