Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет39/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Көрсеткіш

Ара уы

1

2

Сыртқы түрі

Ұсақ түйіршіктер мен үлпек түріндегі ұнтақ

Консистенциясы

Ұнтақталған



Дәндік мөлшері, мм

1-4 (гүл тозаңдары рұқсат етіледі - үлгі массасы 1,5-тен аспайды)

1

2

Түсі

Кремдік реңктері немесе сарғыштығы бар ақ

Массалық үлес,%
- суда ерімейтін қоспалар (артық емес)
- су (артық емес)
- шикі күл (артық емес)
- мелиттина (кем емес)
- апалина (кем емес)

5
8
2


50
2

А фосфолипазасының белсенділігі 1 мг у құрғақ затқа қайта есептегенде, МЕ (кем емес)

100

Люкозоамингликангидропаза
кешенінің (ГАГГ) белсенділігі құрғақ затқа қайта есептегенде 1 мл у, МЕ (кем емес)

90

Гемолиз мерзімі, с (артық емес)

30



5. Ара шаруашылығындағы селекция
5.1 Аралардың тұқымдары, олардың ерекшеліктері және қолданылуы

Қазіргі таңда әлемді 20000 - ға жуық ара тұқымдары бар. Бал аралары солтүстік мұзды мұхиттан басқа, жер шарының барлық жерін мекендейті жануарлар тобы.


Эволюция процессінің нәтижесінде, сонымен қатар климат пен табиғи ландшфатттың ерекшеліктеріне байланысты, әр ара тұқымының жеке ерекшеліктері мен қатар мінез – құлық және сыртқы түрінде айырмашылық бар.
Яғни аралар сыртқы орта жағдайына бейімделіп, кәріз құру, үйірілімге бейім, қыстауға төзімді, жұмыс өнімділігі және тағы да басқа сипаттамалары бойынша әр түрлі болуы мүмкін, ал омарташы үшін ара тұқымын таңдау олармен жұмыс жасау омарта жұмысы үшін мағңызды болып келеді.
Шығу тегі бір, ұрпақтарына бірдей физиологиялық, морфологиялық және шаруашылыққа пайдалы белгілері мен тіршілік ету ортасына ұқсас талап қоя алатын, бір түрге жататын ара отбасының үлкен тобын ара тұқымы деп аталады.
Жоғарыда аталған топты шет ел әдебиеттерінде зоологиялық термин бойынша нәсіл деп атап, оларды табиғи сұрыптаудың өнімі деп есептелінеді.
Ара шаруашылығында әлі зауыттық тұқымдар жоқ, тек эволюция процесінде қалыптасқан және қоршаған ортаның жергілікті жағдайларына жақсы бейімделген жергілікті тұқымдар бар.
Табиғи-климаттық аймақтардың көптігі және олардың әртүрлілігі біздің еліміздің бал араларының белгілі бір тұқымдарының таралуы мен қолданылуын анықтады.
Қазақстанда кең тараған бал ара тұқымдарына жататындар: орта орыс, карпат және карника.
Орта орыс ара тұқымы. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған тұқымдар. Бұл тұқымға жататын аралар денесі ірі, жас ұяшықтардан шыққан араның тірілей салмағы 100-110 мг. Дененің түсі қою сұр, 3-ші тергиттің ұзындығы 5 мм. Денесі ұзын сирек түкпен жабылған. Жұмысшы аралардың аралардың ет тұмсығының ұзындығы 5,9 -6,4 мм. Алдыңғы оң жақ қанатының ұзындығы 9,35 – 9,50 мм, ені 3,26 мм. Ұяларды қарау барасында бұл тұқымға жататын аралар агрессивті болып, масасыз күйге түсіп, ұядан қашып, раманың төменгі жағында ілініп тұрады.
Ұяларын шабуылдан нашар қорғайды, ұрлыққа бейім емес. Ұяны прополиспен орташа деңгейде өңдейді. Бұл тұқымға жататын аралар ең алдымен балды қондырғыға (магазин) жинап, содан соң ұяларға салады, бұл ұрпақтың өсуін шектейді.
Ара ұясында аналық араларды жоғалтқөан жағдайда, ұзақ уақыт трутовка аралар болмайды. Ара отбасында аналық аралардың тыныш жағдайда алмасуы сирек кездесетін құбылыс.
Басқа ара тұқымына қарағанда Орта орыс тұқымы басқа тұқымдармен салыстырғанда ең жоғарғы төзімділікке ие. Қыстау барысында көмірқышқыл газының концентрациясы 4 пайыз шамасында сақталады. Бұл жағдай аралардың белсенділігін төмендетіп, ұядағы тыныштық жағдайына ықпал етеді. Басқа тұқымдармен салыстырғанда температураның күрт төмендеуіне аз жауап береді.
Қыстақтағы температура 4-5°C дейін көтерілсе де, олар алаңдаушылық білдірмейді.
Басқа тұқымдарға қарағанда көктемгі ара отбасының дамуы кеш басталып, содан кейін даму қарқындылығы артады. Аналық аралар тәулігіне 2 мың жұмыртқа салады.
Орта орыс аралары үйірілім құруға бейім. Омартаның 50 пайыздан астамы үйірілім құрып, одан оларды шығару өте қиын. Орта орыс араларының көбеюге қабілеттілігі, олардың қатал климаттық жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін және таралуы бойынша үлкен ареалды алуы генетикалық деңгейде қалыптасқан.
Бал жинау өнімділігі бойынша бұл тұқым жөке, қарақұмық және де басқа өсімдіктерден қарқынды бал жинау уақытында басқа тұқымдардан асып түседі. Бұл тұқым көп мөлшерде тозаң бөліп, өнімділігі бойынша жоғары, балдың түсі ақ.
Орта орыс ара тұқымы бойынша жүргізіліп жатқан селекция жұмысының мақсаты - үйірілім құруды, ашушаңдығын төмендетіп, өнімділігін жоғарлату болып табылады.
Орта орыс ара тұқымының бірнеше популяциясы шығарылған: олар вологод, орлов, мордов, марий, башкир, татар, киров, перм, кемер, таулы – алтай тұқымдық топтары. Оның үлкен генофонды селекция жұмысын жүргізуге қызығушылық тудырып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет