Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Ара отбасының биологиялық және шаруашылық жүйе ретіндегі ерекшеліктері



бет2/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Ара отбасының биологиялық және шаруашылық жүйе ретіндегі ерекшеліктері

Ара отбасы - жоғары бір тұтас биологиялық жүйе және шаруашылық бірлік.


Ол бірнеше ондаған мың жұмысшы аралардан, бірнеше жүз немесе мың аталық аралардан және бір аналықтан тұрады. Аралар отбасының құрамы үздіксіз өздігінен жаңартылып (қысқы кезеңді қоспағанда) және жыл бойы өзгеріп тұрады. Белсенді даму кезеңінде аралардың отбасында ұрпақтар (дамып келе жатқан жұмыртқалар, дернәсіл мен қуыршақтар жиынтығы) болады. Ара отбасының құрамына кіретін отбасы мүшелерінің ешқайсысы отбасыдан бөлек тіршілік ете алмайды, қоректене алмайды және көбейе алмайды, әрқайсысы өз қызметтерін басқа отбасы мүшелерімен тығыз байланыста атқарады.
Жеке дарақтардың өмірі тұтастай алғанда отбасының мүдделеріне толығымен бағынады. Ара отбасының бұл ерекшелігі оның ұзақ эволюциясының нәтижесі болып табылады. Аралардың бірлескен тіршілігі қыста көп мөлшерде азық алу және сақтау, ұрпақ өсіру және жеке дарақтарды сақтау үшін өте тиімді болды.
Қыста аралардың ұзақ өмір сүруі ұзақ уақыты (7 айға дейін) кәрі араларды жастарға ауыстыру мүмкіндігін қажет етпейді. Ал диапауза кезеңінде қоректі тұтыну мөлшері шектеулілігі артқы ішекте нәжістің ұзақ мерзімді жинақталу қабілетімен араларға осы кезеңде ұядан ұшпай-ақ жасауға мүмкіндік береді.
Осы қасиеттердің барлығы, сондай-ақ аралар ұясындағы ауаның температурасын, ылғалдылығын және газ құрамын оңтайлы деңгейде ұстап тұратын биологиялық механизмдердің болуы олардың бүкіл жер шарында дерлік қоныстануына мүмкіндік берді. Алып жатқан аумақтың көлемі бойынша дара тіршілік ететін аралардың бірде - бір түрі бал арасына жақындамайды.
Бірте - бірте эволюция процесінде ара отбасының мүшелерінде белгілі бір анатомиялық және физиологиялық айырмашылықтар дамып, бекіді, бұл бүкіл отбасының жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етті. Отбасы мүшелері арасында әр түрлі қызметтерге бөлініп, бір аналық аралар жұмыртқа салумен айналысса, басқа аналықтар олардан шыққан дернәсілдерді қоректендірумен жұмыстанады. Ұрпақтарына қамқорлық жасау бал араларының негізгі және маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бал аралар отбасының арасында әрқайсы өз жұмыстарын асқан шеберлікпен атқарады.
Биологиялық біртұтас бірлік ретінде ара отбасының бірлігі оның мүшелері арасындағы көпжақты қатынастар кешенімен қамтамасыз етіледі. Жұмысшы аралар әрқашан қоректерді алмастырып отырумен ерекшеленеді. Қорекпен алмасу ара отбасы мүшелерін біртұтас жүйеге біріктіріп және бір – бірімен тығыз байланыстырып отыратын ең маңызды элемент болып табылады. Сонымен қатар ара отбасындағы кейбір дарақтармен ұрпақтарының арасындағы байланыс әртүрлі ферамондар нәтижесінде жүзеге асады. Ферамондардың 30 жуық түрі белгілі, олар әр отбасы мүшілеріне физиологиялық әсер ету арқылы ерекшеленеді.
Аралар шығаратын дыбыс, өз ұяларындағы микроклимат және би деп аталатын арнайы сигналдық қозғалыстар ара отбасының бірлігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Әр ара отбасының өзіндік ерекшеліктері бар: отбасындағы аналық араның тұқымқуалаушылық белгілерін тасымалдаушысы болып табылса, сонымен қатар арнайы спецификалық иіс, ашушаңдық, шірнені жинау және оны өңдеу, қысқа, әр түрлі ауруларға төзімділігі және үйірім құру т.б., бұл қасиеттер тек аналық ара отбасында тіршілік еткен жағдайда ғана сақталып, ара отбасын сақтап отырады. Ара отбасындағы ересек аналық араларды жаңа аналық аралармен алмастырған кезде, ара отбасындағы жеке қасиеттері де өзгереді. Аралардың бұндай эволюциялық ерекшеліктері оларды өсіру және ұстау кезінде ескеріледі.
Отбасындағы ара саны жыл бойына өзгеріп отырады. Негізгі бал жинау науқаны басталған кезде ара отбасындағы аралар 50 - 60 мыңға дейін жетеді. Отбасында бұндай аралар санының көп болуын қорек қорын мол жинау үшін тиімді пайдалана алады. Күз айларында отбасындағы ара саны 20 - 25 мыңға дейін азаяды, бұл отбасы үшін өте пайдалы, себебі; күрт азайып, қыс уақытында қорек шығынын азайтуға өзіндік пайдасы бар.
Аралар санына байланысты ара отбасы күшті, орташа және әлсіз болып 3 түрге бөлінеді. Сонымен қатар жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Күзде және ерте көктемде 20 - 25 мың дарақтан тұрған жағдайда ара отбасы күшті, ал жаз айларында олардың дамуы 3 есеге көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет