Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Міндеті: өсімдіктерді қорғау саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
3) тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын айқындайды;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
4-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәліктерін беруді жүзеге асырады;
6) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
7) пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құрайды;
8) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингті ұйымдастырады;
9) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
10) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
11) фитосанитариялық есептілік түрлерін, оларды ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
13) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
14) фитосанитариялық есепке алу мен есептілік жүргізуді ұйымдастырады;
15) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
16) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне барады;
17) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығарады;
18) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзімде сотқа міндетті түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзімге дара және заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады;
19) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартады;
20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
19. Міндеті: тұқым шаруашылығы саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) селекция, сорттық сынау және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырады;
2) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;
6) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) гендік инженерия негізінде алынған сорттар (гендік түрлендірілген) тұқымының партияларын Қазақстан Республикасына әкелуді келіседі;
8) уәкілетті орган бекіткен сорттарды тіркеу қағидаларына сәйкес сорттардың оригинаторларын тіркейді;
9) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастырады;
11) тиісті куәлікті бере отырып тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды өткізеді;
12)-26) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20. Міндеті: өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) сақтандырушыдан, сақтанушыдан, агенттен және қоғамнан олар өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады;
3) сақтанушылардың міндетті сақтандыру туралы шартты жасасудан жалтаруы туралы және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қоғамның сақтамауы туралы істерді қарайды;
4) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) агенттің, қоғамның қызметіне, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
21. Міндеті: техникалық реттеу саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1)-8) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Міндеті: агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді;
4) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрларды даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
7) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
23. Міндеті: ақпараттандыру саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындайды;
2) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастырады;
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Міндеті: мақта саласын дамыту саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) мақта саласын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды қамтамасыз етеді;
3) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
4) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдайды;
5) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
6)-11) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
13-15) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
25. Міндеті: машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
26. Міндеті: биоотын өндірісі және айналымы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) биоотын өндірісі мониторингін жүргізеді;
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
27. Міндеті: мемлекеттік мүлік саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
2) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
3) республикалық заңды тұлғалардың мүлікті сақтауын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының дамыту жоспарларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
4) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дамыту жоспарларын орындауларын бақылауды және талдауды жүзеге асырады.
28. Міндеті: мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
Функциялары:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
29. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Комитет өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай құқықтар мен міндеттерді:
1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне барады;
2) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамасы бұзылса, анықталған бұзушылықтарды түзету туралы жеке және заңды тұлғаларға нұсқама шығарады;
3) карантиндік объектілер анықталған ерекше жағдайларда көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметін соттың шешімінсіз үш күннен аспайтын уақытқа тоқтатады немесе тыйым салады;
4) реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
5) карантинге жатқызылған өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және қадағалау объектілерін тексеріп қарау, қарап тексеру, фитосанитариялық сараптама жүргізу және қажет болған жағдайда, залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе олар фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртеді;
6) басқа мемлекеттерден әкелінетін, олардың фитосанитариялық жай-күйлері туралы мәліметтер зерттелмеген, сондай-ақ тиісті халықаралық ұйымдардан алынған ақпараттарды қоса алғанда қолда бар ақпараттардың және басқа мемлекеттер қолданатын фитосанитариялық шаралар туралы ақпараттардың негізінде жасалған ғылыми негіздемелері жеткіліксіз болғанда карантинге жатқызылған өнімдерге қатысты уақытша карантиндік шараларды қолданады (енгізеді);
7) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;
8) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімдердің үлгілерін алады;
9) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
Достарыңызбен бөлісу: |