Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң



бет2/15
Дата01.07.2016
өлшемі2.73 Mb.
#171117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2-стратегиялық бағыт. Өсімдік және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды, су қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі.

Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстан-2030 Стратегиясында және өзінің барлық Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты басымдықтардың бірі ретінде бөліп көрсетеді, мұның өзі мемлекет аумағын экологиялық сауықтыру жөніндегі жұмыстарды ынталандырып айқындайды.

Сонымен, орман иеленушілер республика бойынша 2012-2014 жылдары 142,4 мың га алқапта ормандарды молықтыру мен орман өсіру жұмыстарын, оның ішінде 92,0 мың га алқапта ағаш отырғызу, республиканың оңтүстік өңірлерінде 95,8 мың га жерге сексеуіл тұқымын себу және 35 мың га алқапта ормандардың табиғи түлеуіне жәрдемдесу тәсілімен жүргізді.

«Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасының шеңберінде 2014 жылы 10,6 мың га алқапқа сексеуіл отырғызу тәсілімен Арал теңізінің құрғап қалған табанын фитомелиорациялау жүргізілді.

Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіруге айырықша көңіл бөлінуде, олардың аумағында ормандарды молықтырудың жыл сайынғы көлемі 7,0 мың гектарға жеткізілді. 1997 жылдан бері «Семей орманы» және «Ертіс орманы» резерваттарының аумағында барлығы 52,8 мың га орман дақылдары құрылды.

Астана қаласының жасыл аймағын құру жұмыстары жалғасуда, олардың көлемі үстіміздегі жылы 5 мың га болды. 1997 жылдан бері барлығы 70 мың га жасыл екпелер құрылды.

2012-2014 жылдардағы ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстарын талдау жалпы алғанда облыстар Әкімдіктерінің жоспарлы көрсеткіштерді толық көлемінде орындағанын көрсетті.

Ағаш отырғызудың жыл сайынғы көлемі 2018 жылға қарай 10,4 мың га құрайды. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (бұдан әрі – МҰТП) және мемлекеттік орман табиғи резерваттары (бұдан әрі – МОТР), Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының (бұдан әрі – ОӨОШ) және «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – РМК) аумағында ормандарды молықтыру көлемі келесі кестеде көрсетілген.




Облыстар және

мекемелер атаулары



Ормандарды молықтыру және орман өсіру, мың га

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

Баянауыл МҰТП

0,128

0,1

0,149

0,034

0,034

0,034

0,034

Іле Алатауы

МҰТП


0,05

0,08

0,09

0,062

0,062

0,062

0,062

Катонқарағай МҰТП

0,245

0,1

0,275

0,075

0,075

0,075

0,075

Қарқаралы МҰТП

0,01

0,01

0,01

0,01

0,01

0,01

0,01

«Көкшетау» МҰТП

0,248

0,04

0,268

0,218

0,218

0,218

0,218

«Семей орманы»

МОТР


3,11

3,1

4,1

4,1

4,1

4,1

4,1

«Epтic орманы»

МОТР


2,638

2,1

2,928

2,828

2,828

2,828

2,828

«Көлсай көлдері»

МҰТП


0,02

0,03

0,02

0,03

0,03

0,03

0,03

Сайрам-Өгем МҰТП

0,09

0,09

0,09

0,038

0,038

0,038

0,038

Жоңғар Алатауы

МҰТП


0,03

0,03

0,03

0,04

0,04

0,04

0,04

Сандықтау ОӨОШ

0,026

0,01

0,026

0,016

0,016

0,016

0,016

«Жасыл аймақ»

РМК


5,0

5,0

5,0

3,1

1,46

2,8

2,5

ЖИЫНЫ:

11,595

10,69

12,986

10,551

8,911

10,251

9,951

Киіктерді, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар тұяқты жануарлар түрлерін қорғауды «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК таулы жерлердің, шөлдердің және далалық аудандардың жолсыз өте қиын жағдайларында автокөлікті пайдаланып, жалпы алаңы 120,0 млн. га 10 әкімшілік облыстың аумағында жүзеге асырады. Қорғауға 220-ға жуық жануарлар дүниесін қорғау инспекторы және өтімділігі жоғары автокөлік құралдарының 114 бірлігі жұмылдырылған.

2014 жылғы көктемгі авиаесеп деректері бойынша киіктердің саны 256,7 мың дараққа жетті, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 еседен астам көбейді. Қорғау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2006 жылмен салыстырғанда арқар, қарақұйрық, құлан, тоғай кермаралы санының көбейгені байқалады.

Киіктердің ауру проблемаларын зерттеу мақсатында қазіргі кезде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ» РМК бірлесе отырып «Экологиялық-эпизоотологиялық мониторинг және киіктердің аса қауіпті ауруларына қарсы өзіндік алдын алу және диагностика құралдарын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған

Көрсетілген ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру 2012-2014 жылдарға жоспарланған.
2005-2014 жылдары таралымдары бойынша киіктер санының үрдісі, мың дарақ

Таралым атауы

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Бетпақдала

9,9

18,6

22,8

32,3

45,2

53,4

78

110,1

155,2

216

Үстірт

19,6

17,8

16,4

10,4

9,2

4,9

6,1

6,5

5,4

1,7

Жайық

10,1

12,9

15,6

18,3

26,6

27,1

17,9

20,9

26,4

39

Барлығы

39,6

49,3

54,8

61,0

81,0

85,5

102

137,5

187

256,7

Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлері санының 2010-2014 жылдардағы үрдісі, дарақ



р/с №

Саны, дарақ

2010

2011

2012

2013

2014

1

Тоғай кермаралы

418

421

451

465

481

2

Қарақұйрық

12150

12200

12397

12888

12994

3

Құлан

2477

2496

2920

3222

3420

4

Арқар

13246

13597

13872

14525

14737

2014 жылы Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті мен ҚР ІІМ ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері киіктердің таралу аймақтарында киіктерді ату, олардың мүйіздерін олжалау, тасымалдау және сатып алудың 68 фактісін тіркеді. Браконьерлер 300-ден астам киікті атқан және тәртіп бұзушылардан 1015 дана киік мүйізі алынды.

Бұл фактілер киік өнімін елден тысқары жерлерге контрабандалық жолмен тасымалдау мүмкін болып отырғанын айғақтайды. Республика ішінде киік мүйіздері нарығының және оларды шет елге контрабандалық жолмен шығарудың жолға қойылған бағытының болуы, ұсталған адамдардың жауапкершіліктен жалтарып кетуі, киіктерді сақтау жөнінде мемлекет қолданып жатқан шаралардың тиімділігін төмендетіп, оларды сақтауға қатер төндіру факторы болып табылады.

2010-2013 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында киіктердің жаппай қырылуы тіркелді. Киіктердің аурулары жеткілікті түрде зерттелмеген және киіктер таралымдарын сақтауға нақты қатер төндіреді.

Киіктердің жаппай өлім-жітімге ұшырауының нақты қатерін басшылыққа ала отырып, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынысы бойынша Білім және ғылым министрлігі 2012 жылдан бері республика аумағында мекендейтін киіктердің жұқпалы ауруларын зерттеу және оларды алдын алу әдістерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруда. 2012-2014 жылдарға есептелген Бағдарламаның орындаушысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (Отар) болып табылады. Бағдарлама шеңберіндегі зерттеулер жұқпалы аурулардың алдын алу әдістерін әзірлеуге бағытталған.

Балық шаруашылығы.

Балық шаруашылығы саласындағы негізгі міндеттердің бірі табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу болып табылады, онда бекіре тұқымдас балықтарды қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

2012 жылы балық шаруашылығы инспекциялары 7 946 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, нәтижесінде сотпен 47 адам қылмыстық және 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 47,6 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды, 41,7 млн. теңге немесе 87,6 % өндіріп алынды. Балық ресурстарына келтірілген зиян үшін 12,9 млн теңгеге талап арыз қойылды, оның 4,1 млн. теңгесі (32 %) өндіріп алынды. Есепті кезеңде құқық бұзушылардан 42,01 тонна балық, 8246 аулау құралы, жүзу құралдарының 418 бірлігі тіркіленді.

2013 жылы балық шаруашылығы инспекциялары 7 639 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, нәтижесінде сотпен 35 адам қылмыстық және 1122 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 53,2 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды, 43,6 млн. теңге немесе 82,0 % өндіріп алынды. Балық ресурстарына келтірілген зиян үшін 20,0 млн теңгеге талап арыз қойылды, оның 6,6 млн. теңгесі (33 %) өндіріп алынды. Есепті кезеңде құқық бұзушылардан 82,5 тонна балық, 6742 аулау құралы, жүзу құралдарының 451 бірлігі тіркіленді.

2014 жылы балық шаруашылығы инспекциялары 6550 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, нәтижесінде сотпен 58 адам қылмыстық және 941 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 49,67 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды, 37,73 млн. теңге немесе 80,0 % өндіріп алынды. Балық ресурстарына келтірілген зиян үшін 16,2 млн теңгеге талап арыз қойылды, оның 6,7 млн. теңгесі (41,4 %) өндіріп алынды. Есепті кезеңде құқық бұзушылардан 39,4 тонна балық, 7426 аулау құралы, жүзу құралдарының 481 бірлігі тіркіленді.

2012 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 368 су қоймасы және (немесе) учаскелерiнiң ішінде 162 пайдаланушыға 294 су қоймасы және (немесе) учаскесі бекітіліп, ал жергілікті маңызы бар су қоймалары бойынша 2601 су қоймасының және (немесе) 972 балық шаруашылығы ұйымдарына 1738 су қоймасы және (немсе) учаскесі бекітілді.

2013 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 344 су қоймасы және (немесе) учаскелерiнiң ішінде 152 пайдаланушыға 292 су қоймасы және (немесе) учаскесі бекітіліп, ал жергілікті маңызы бар су қоймалары бойынша 2 742 су қоймасының 865 балық шаруашылығы ұйымдарына 1536 су қоймасы бекітілді.

2014 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 341 су қоймасы және (немесе) учаскелерiнiң ішінде 168 пайдаланушыға 292 су қоймасы және (немесе) учаскесі бекітіліп, ал жергілікті маңызы бар су қоймалары бойынша 2 725 су қоймасының 872 балық шаруашылығы ұйымдарына 1501 су қоймасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 ақпандағы № 135 қаулысына сәйкес 2013 жылға республика бойынша балық және басқа да су жануарларын аулау лимиті (Каспий теңізіндегі теңіз балықтарының түрлерін есептемегенде) – 60,6 мың. тонна бекітілді, оның ішінде 42,9 мың. тоннасы немесе 70,7 %-ы игерілді. Бұл ретте лимиттер Үкімет қаулысымен алдыңғы жылдың 15 ақпанынан бастап ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін бекітіледі. 2013 жылы жануарлар дүниесін пайдалану үшін түскен төлем 593,1 млн. теңгені құрады.

Балық шаруашылығы саласындағы қызмет бағыттарының бірі балық ресурстарының табиғи және жасанды көбеюіне жағдай жасау болып табылады.

Осыған орай, өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындары 2012 жылдан 2013 жылдары аралығында жыл сайын 158,42 млн. дана балық шабақтарын, оның ішінде 7 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын су қоймаларына жіберді.

2014 жылы өсімін молайту кешенінің 168,42 млн. дана балық шабақтарын, соның ішінде 7 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын су қоймаларына жіберді.
Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі уақытта орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы маңызды проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

1) орман шаруашылығына үлкен залал келтіретін орман өрттері;

2) орман өрттерінің туындауына зор ықпал ететін дала өрттері. Олар сондай-ақ жануарлар дүниесі мен жалпы биологиялық әртүрлілік жағдайын құртады, ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіреді;

3) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің әлсіз материалдық техникалық қамтамасыз етілуі;

4) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіндегі өртке қарсы іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру;

5) тарихи мекендеу орындарына қайта жерсіндіру үшін, гендік қорларды сақтау үшін, аңшылық шаруашылығын дамыту үшін (жануарларды ұстау, карантин, тасымалдау және т.б.) жабайы жануарлардың қоныс аударуы бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар үшін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК құрамында тар мамандандырылған құрылымдық бөлімшелердің болмауы;

6) жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін бұдан әрі конкурстық негізде бекіту мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін қорғау бойынша олардың міндетіне жүктелген перспективалық учаскелерді анықтау үшін резервтік қор аумақтары аңшылық алқаптарының жеткіліксіз зерттелуі;

7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласы жөніндегі шараларды қолдану мақсатында аңшылық шаруашылығындағы жабайы өсіру мәселелері, жыл құстары мен жануарлардың негізгі қоныс аудару жолдарының анықталмауы және зерттелмеуі;

8) жыртқыштардан тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен жабайы фауналарға келтірілетін зияндарды барынша азайту бойынша алдын алу шараларын қабылдау үшін республика аумағында олардың саны мен оңтайлы санын есепке алу мәселелерінің зерттелмеуі;

9) Жабайы тұяқты жануарлардың санын реттеу және тарихи мекендеу орындарына қайта жерсіндіру үшін, олардың гендік қорларын сақтау үшін жануарларды жартылай ұстау және көшіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту, асырау базасының болуы есебінен таралу ареалында олардың (арқар, құлан, жайраң, тоғай маралы, киік) оңтайлы саны мәселелерінің зерттелмеуі

10) Қазақстанда қар барысын (Pantheraunica) және кіші ақбас қазды (Ansererythropus) сақтау бойынша халықаралық шаралар шеңберінде оларды сақтау проблемаларын шешу бойынша қаржыландыру іс-шараларын айқындау.

Балық шаруашылығының неғұрлым маңызды проблемалары:

1) Атырау қаласындағы жұмыс істеп тұрған екі бекіре балық өсіру зауытын реконструкциялау;

2) құнды кәсіптік балық түрлерін табиғи қайта өндіру үшін жағдайды жақсарту мақсатында негізгі трансшекаралық өзендердің сағалық, арналық және алқаптық бөлігінде жер өңдеу (түп тереңдету) жұмыстарын жүргізу қажет;

3) Каспий итбалығы популяциясына кері әсер ететін факторларды зерделеу үшін нысаналы қаржы қаражатын көздеп, балық шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қаржы қаражатының бөлінуін ұлғайту қажет;

4) бұдан басқа, балық шаруашылығы облысаралық бассейндік инспекциялардың инспекторлық құрамы санының жеткіліксіздігі және олардың әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі негізгі проблемалардың бірі болып табылады;

5) қайта өндіру кешеніндегі кәсіпорындардың өндірістік базасының тозуы;

6) балық шаруашылығы облысаралық бассейндік инспекцияларының әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

7) ғылыми зерттеулер жүргізуге қаржының жеткіліксіздігі;

8) жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.


Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі
Ормандарды өрттен және заңсыз кесуден қорғау жұмыстары жалғасуда.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК-да Алматы, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары мен Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумақтарында 8869 мың га құрайтын (республиканың орман қоры аумағының 30%) орман қорын қорғау және сақтау жөніндегі авиациялық жұмыстар жүзеге асырылады.

2012-2014 жылдары өрт қаупі мезгілі ішінде «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қорғалатын аумақта пайда болған өрттердің жалпы санынан 2012 жылы - 74 %, 2013 жылы – 84%, 2014 жылы - 67 % анықталған.

Жалпы 2012-2014 жылдары республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының аумағында ауданы 96,6 мың га 1517 орман өртінің жағдайы болды, оның ішінде орман көмкерген жерлер 69,1 мың га. Орман өртінен келтірілгн залал – 601,3 млн. теңгені құрады. 2014 жылы орман өртінің саны 2012 жылмен салыстырғанда 14%-ға, орман өрттерінің саны 54 %-ға азайған. Орман өртінен келтірілген залал 85 %-ға қысқарған.

Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және мемлекеттік орман қорғау жұмыскерлерімен 2014 жылы 19305 рейд жүргізілген, бұл ретте заңсыз ағаш кесудің 590 фактісі анықталып, көлемі 4922 текше метрді құрады. Орман заңдарын 182 бұзушыларына 3776 мың теңге сомасында айыппұлдар салынған, оның ішінде 126 бұзақылардан 2657 мың теңге өндіріп алынды. 20 бұзақыларға 927 мың теңге сомасы талап етіліп, оның ішінде 16 бұзақылардан 676 мың теңге өндіріп алынды.

Соттарға заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша 168 материал берілді, олардың ішінде соттар 164 әкімшілік және 35 қылмыстық істі қарады. Бұзушылардан 1025 текше метр заңсыз дайындалған сүрек алынды.

Бірақ қолданылған шараларға қарамастан жалпы 2012 жылмен салыстырғанда заңсыз ағаш кесу көлемі 17 %-ға артты.

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың негізгі құралдарының бірі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту болып табылады.

ЕҚТА дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысына бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерінде қаралады.

Бас схемамен 2020 жылға қарай ЕҚТА алаңын республика алқабының 10,7%-на дейін (29,1 млн. га), 2030 жылға қарай республика алқабының 15,3%-на дейін (41,6 млн.га) жеткізу көзделеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңестіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасына сәйкес 13 жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру және 7 ерекше қорғалатын табиғи аумақты кеңейту көзделген.

Алайда, бұл көрсеткішке мынадай проблемаларға байланысты қол жеткізілмеуі мүмкін:



  1. бірқатар облыс әкімдіктерімен ЕҚТА жер беруді келісу бойынша проблемалар туындады (Қызылорда облысы – Арал резерваты және Барсакелмес қорығы, Шығыс Қазақстан облысы – Тарбағатай ұлттық паркі, Алматы облысы – «Іле-Балқаш» резерваты);

  2. ЭБЖМ 2012, 2013 және 2014 жылдары министрліктердің штатын ұлғайтуға мораторий болуына байланысты ЕҚТА құру және кеңейту бойынша ҚОСРМ бюджеттік өтінімдерінен бас тартты.

Осыған байланысты, 2013-2014 жылдары бір де бір жаңа ЕҚТА құрылған жоқ, Елді аумақтық-кеңестіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының және Министрліктің Стратегиялық жоспарының орындалу мерзімі бұзылуда.
Балық шаруашылығы.

Балық шаруашылығының дамуына әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларға мыналар жатады:



  1. жағымсыз антропогендік және техногендік әсер;

  2. табиғи сипаттағы тәуекелдер (су ресурстары тапшылығының артуы, қолайсыз гидрологиялық режим (суы аздық), судың гидрохимиялық құрамының нашарлауы (оттекті режим).

Балық шаруашылығы өндірістің дамуына әлеуетті қоры бар Қазақстанның экономикалық секторларының бірі.

Балық шаруашылығы «жасыл экономиканың» негізгі факторы ретінде халықты ақуызбен толық балансталған, экологиялық таза қорекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар табыс көзі және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету ретінде әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде маңызды мағынаға ие.

Балық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары:

1) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды жүзеге асыру;

2) балық ресурстарын орнықты пайдалануды реттеу;

3) балық ресурстарын молықтыру болып табылады.


Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Су ресурстары.

Қазақстан Республикасындағы экономика салаларын сумен қамту маңызды мәселе болып табылады, оны шешу мемлекеттің жемісті дамуы үшін қажет.

Қазіргі заманғы жағдайда су ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетика мен экономиканың басқа салаларын, қоршаған табиғи ортаның тұрақтылығын айқындайтын басты фактор болып табылады.

Тағы су санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қолдауда басты рөлді атқарады.

Қазақстан Республикасының жер үсті су ресурстары жылдың орташа сулылығы бойынша 99,6 текше метрге (бұдан әрі – км3) бағаланады, оның ішінде 52,2 км3 Қазақстан аумағында құрылады және 47,4 км3 көршілес аумақтардан келеді (Қытай Халықтық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясы).

Қазақстан өзендерін суландыратын негізгі көз мұздықтар болып табылады, олардың алаңы шамамен 2 мың км2 тең, көлемі – 98 км3 аса.

Қазақстан аумағы бойынша 85 мыңға жуық өзен мен уақытша ағын сулар ағып өтеді, оның ішінде 8 мыңнан аса өзендер ұзындығы 10 км-ден асады. Аумақ бойынша өзен желісінің қалыңдығы тең емес. Ол солтүстікте 0,03-тен 0,05 км/км2 дейін, шөлейт аймақтарда азаяды, сондай-ақ жақсы ылғалды аудандарда 0,4-тен 1,8 км/км2 дейін құрайды.

Қазақстан аумағының 1 км-де жылына 40 мың м3 өзен суы бар.

Жерасты суларының жалпы пайдалану қорлары 15,44 км3/жылына немесе болжамды ресурстардан 38%-ға жуық құрайды.

Пайдалану қорларының ішінде тұщы су 13,52 км3/жылына немесе жалпы санынан 88%-ға жуық құрайды. Нысаналы мақсаты бойынша жерасты суларының барланған қорлары былайша бөлінеді, км3/жылына:

шаруашылық-ауыз сумен қамту (ШАҚ) – 5,76;

өндірістік-техникалық сумен қамту (ӨТҚ) – 1,4;

жерлерді суландыру (ЖС) – 8,26; бальнеологиялық мақсаттар (минералды сулар) – 0,014.

Су шаруашылығы есептері бар су ресурстары қазіргі заманғы деңгейде экономика саласының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратындығын көрсетеді.

Жалпы, 2000 жылдан кейін (әсіресе соңғы 3-4 жылда) елімізде экономиканың ауқымды өсуі байқалған, алайда, суды тұтыну көлемінің ауқымды өсімі байқалмаған. Бұл өнеркәсіптік өндірістің технологиялық циклінде суды аса тиімді пайдаланумен және суармалы егіншілікте дағдарыс кезеңінің жалғасуымен байланысты.

2011 жылы су алу Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 21,9 км3 (сыртқы 20,8 км3, жер астылық 1,1 км3) құрады. Оның ішінде 2011 есепті жылы барлығы – 19,2 км3 пайдаланылды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер 0,79 км3, өнеркәсіптік – 5,17 км3, ауыл шаруашылығы барлығы 9,37 км3, балық шаруашылығы 0,23 км3, басқалары 1,24 км3 пайдаланылған.

2012 жылы су алу Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 21,4 км3 (сыртқы 20,3 км3, жер астылық 1,1 км3) құрады. Оның ішінде 2012 есепті жылы барлығы – 18,4 км3 пайдаланылды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер 0,72 км3, өнеркәсіптік – 5,24 км3, ауыл шаруашылығы барлығы 9,14 км3, балық шаруашылығы 0,27 км3, басқалары 1,77 км3 пайдаланылған.

2013 жылы су алу Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 22,5 км3 құрады, лимит бойынша 27,86 км3. Оның ішінде есепті жылы барлығы – 18,4 км3 пайдаланылды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер 0,71 км3, өнеркәсіптік – 5,5 км3, ауыл шаруашылығы барлығы 9,2 км3, балық шаруашылығы 0,1 км3, басқалары 1,70 км3. 2013 жылы барлығы 1,07 км3 жерасты суы алынған.


Негізгі проблемаларды талдау
Ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімдердің болмауы салдарынан Орта Азия аумағының трансшекаралық өзендері бойынша күрделі жағдай туындаған, онда елдер тәуелсіздік қағидаттарына негізделген ұлттық су стратегиясын іске асырады. Тәжікстан Әмудария өзені бассейнінде Рогун ГЭС салу туралы мәселені белсенді түрде қарауда, Қырғызстан Сырдария өзені бассейнінде Қамбарата ГЭС пайдалануға енгізуді жоспарлаған. Өзбекстан белгіленген мемлекетаралық лимиттерден артық Сырдария ағысын 3 км3 жуық өз аумағына жинауды жоспарлаған.

Ертіс, Жайық, Тобыл, Үлкен және Кіші Өзен трансшекаралық өзендері бойынша Қазақстан және Ресей су қатынастарында шешілмеген бірқатар проблемалар бар. Қытай Іле және Қара Ертіс трансшекаралық өзендер бассейндерінде белсенді су шаруашылығы қызметін жүргізуде. Трансшекаралық бассейндерде мемлекетаралық су бөлу саласында Қытай қалыпты түрде қатаң ұстанымды алып отыр.

Су-энергетикалық ресурстарын пайдалану бойынша мемлекетаралық міндеттерді орындау талдамасы 1992 жылдан осы уақытқа дейін бір ретте бірде-бір келісім барлық тараптармен толық көлемде орындалмағанын көрсетті. Оның негізгі себебі су ресурстарын басқару бойынша мемлекетаралық құқықтық базаның жетілдірілмеуі және сулы-жағармай-энергетикалық алмасудың өзара пайдалы және тиімді тетігінің болмауы болып табылады.

Мониторинг көрсеткендей, жалпы тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны қысқаруда. Егер олар 2002 жылы 445,2 мың адам болса, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 68,3 мың адамды құрады, яғни 84,7%-ға қысқарған.

Санитариялық нормаларға жауап бермейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке дейін төмендеді.

Бағдарламаны іске асырудағы нақты жағымды нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы осы уақытқа дейін сақталып отыр.

Орталықтан сумен қамтуға ауылдық елді мекендердің қолжетімділігі 12 %-ға ғана өсті және 41 %-ды құрады.

Су қажеттілігінің жылдам өсуіне байланысты болашақта су тапшылығы күтілуде, осы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі және әлеуметтік дамуы үшін негізгі кедергі болуы мүмкін.


Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Соңғы 50 жылда трансшекаралық суға байланысты әлемде 500-ге жуық даулы жағдайлар туындаған, 200 жуық шарттар талқыланған және қол қойылған.

Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттермен су қатынастары жекелеген Үкіметаралық келісімдер негізінде реттеледі. Үкіметаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес мыналар құрылды және қызмет етеді:

1) Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясы;

2) Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясы;

3) Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану бойынша Қазақстан-Қырғыз комиссиясы;

4) Арал теңізі бассейндері өзендерінің су ресурстарын пайдалану бойынша Мемлекетаралық Үйлестіру Су шаруашылығы комиссиясы (бұдан әрі – МҮСК).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет