Қазақстандағы табиғатты пайдалануды реттеудің заңды негіздері:
міндеттері мен келешегі
Адамдар арасындағы табиғатты пайдалану процесі нәтижесінде пайда болатын өндірістік қатынастың қиын желесі жас ғылым-табиғатты пайдалану экономикасы зерттейді. Оның міндеттері:
табиғатты ысырапты пайдалану нәтижесіндегі халық шаруашылығына келетін зиянды, оның салдарын жоюға кететін шығындарды анықтау;
табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының нақты мөлшерлі бағасын беру және табиғи қорларды қолдану мен табиғатты қорғау қызметінің көпшілікті шаралар ішінен аса тиімді жолдарын таңдау.
Сонымен, табиғатты пайдалану мен оны тиімді қолдану проблемасы көптеген аспекттен тұрады. Олардың ең маңыздылары денсаулық сақтау, ғылыми-техникалық, тәрбиелік, эстетикалық, қорықтық. Бұлар өзара тығыз байланысты, сондықтан да бұл проблема бірдей аспект, және бір уақытта шешілгенде ғана шешімін табады.
Шынымен де, табиғатты пайдалану сферасында жеткілікті қаржы бөліп материалдық стимулдар қолданбай, яғни экономикалық сұрақтар шешімін таппай кез-келген басқа проблема шешілмейді, ал мейлі қорықтардың құрылуы болсын, не болмаса өндірісте қалдықсыз технологияның пайда болуы болсын. Тіпті табиғатты қорғаудың заңдылықтарын жасау мен тұрғындардың экологиялықтәрбиеленуінің өзі ірі материалдық қорды қажет етеді.
Бірақ бір материалдық қоры аз, себебі қоғамдық өндірісте кәсіпкерге табиғатты қорғағаннан, оны жою тиімдірек болатын жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар, адамдар табиғатқа тек өндіруші болғанда ғана әсер етіп қоймай, күнделікті өмірде, демалыс кезінде де әсер етеді. Осындай жағдайларда табиғатқа сәйкес тәрбиелері қалыптасқан заңдар мен экологиялық саналық көмекке келу керек.
Егер ғылым бізге қауіп төндіретін проблемаларды уақытында көрсетіп, оларды жою жолдарын көрсетпесе, онда экономика мен құқық нені қолдап, нені жазалау керек екенін білмейді. Сонымен, егер жоғары сапалы қорғаныс техникасы (тазартушы құрылғы) жеткілікті мөлшерде жасалмаса, онда ғылыми жасалған қолдау жүйесі мен жазалау да тәжірибеде қолданылмайды. Ғылыми технологиялық процестің экологизациясының маңызды бағыты қоғам мен табиғаттың бірлесіп даму жағын табу болып табылады; қорды үнемдейтін және таусылмайтын қуат көзіне көшу.
Табиғатты пайдаланудағы басқару «жұмсақ» болуы тиіс, яғни оның табиғи реттелу және пайдаланылу механизмін бұзбау керек, «қатты» басқару қажет болған жағдайда, оны ақылға сүйеніп, қауіптің қаншалықты екенін білуі тиіс, яғни ең жақсы қажеттіліктер заңына сүйеніп, әлеуметтік- экономикалық және экологиялық дағдарыстан қашу керек.
Осымен, табиғатты пайдалану – көптеген өзара байланысқан жақтардан тұратын және оның тиімділігі үшін осы арақатынастарды зерттеп, ескеретін коммерциялық жақындауды қажет ететін қиын жүйе.
Табиғатты пайдалану өзінің дамуының кез-келген кезеңінде табиғи жүйе әсер ететін әртүрлі әсер түрін, олардың өзгерісін, яғни оларды басқаруды көрсетеді. Ол «қатты» да, «жұмсақ» та болуы мүмкін. «Қатты» басқарудың мысалына орманды тегіс кесі жатады, ал «жұмсаққа» ағаштарды іріктеп кесу жатады. Бұл кезде орман сақталады.
Көптеген түрлі болжамдар көбінесе сәтсіздікке бітті. ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақтарға сай, ғасыр соңында мырыш, қалай, қорғасын, фтор, цинк және т.б. маңызды минералды таусылуытиіс еді. Көріп отырғандай, олай болмады. Бірақ та бұл қорлар шектеулі және сапалы қолдануды қажет етеді.
Бұл проблемалардың белгісіздігі біріншіден, үнемі пайдалы қазбаларын жаңа орындары ізделініп, әлемде теңіздер мен мұхиттардың биологиялық және минералды байлықтарының қолданылуымен байланысты. Екіншіден, табиғи қорлардың алыну және өңделу технологиясы жетілдірілуде. Осыған сәйкес олардың пайдаланылу қарқынының өсуі өнімнің өндірілу процесінің өсу қарқынынан азаяды. Үшіншіден, өндіріс процесіне бұрын қолданылмаған табиғи қорлар тартылуда (мысал, ядролық отын тек 50 жыл бойы қолданылып келеді, ал мұнай мен алюминий өте ертеден қолданылуда).
Адамның психикалық және физикалық көңіл-күйі, іскерлік қабілеті оның денсаулығы тәуелді. Бірақ, одан айрылған да ғана адам денсаулықтың басқа игіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін басты игілік екенін түсінеді. Қазіргі кезде қоршаған ортаға көптеген антропогендік заттар түсуде.
Олар тек ластаушы емес, сонымен қатар адам мен басқа да тірі ағзаларға зардап әкелетін токсикалық, канцерогенді (ракты және басқа да қатерлі ісік туғызатын), аллергенді (адам ағзасына қышыма, тұмау, тұншығу тудыратын) және мутагенді (мутация, яғни тұқым қуалайтын өзгерістерді туғызатын) заттар. Сондықтан да адамның, тіпті бүкіл биосфераның тіршілігін сақтау үшін даму шарттарын қайта қарау керек.
Бүгінгі таңда және болашақта экология саясаттану мен экономиканың қажеттіліктеріне шешіліп қоймай, жеке ғылым ретінде қарастырылған жөн, әрбір елдің байлығы өндірілген игіліктер көлемімен емес, тұрғындардың саулығы деңгейімен бағалануы тиіс.
Экологиялық және экономикалық мақсаттар арақатынасының тарихи өзгерісі келесі кестеде көрсетілген :
Экономика
|
Технология
|
Ортаны қорғау
|
Ортаны қорғау
|
технологиясы
|
мен экономика
|
(экология)
|
(экология)
|
экологиялық
|
экологиялық
|
технологиялық
|
кедергісіз
|
ұйымдарсыз
|
ұйымдармен
|
ұйымдармен
|
тіршілік үшін
|
|
бірге
|
бірге
|
|
Адам денсаулығына ең қажеттісі ауа сапасы, азық-түлік пен ауыз судың мөлшері мен тазалығы, қалыпты радиациялық фон, қалыпты мөлшерден аспайтын шу мен электромагниттік толқулар деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |