Әдебиеттер: {6}, {8}, {20}, {21}, {24}
ТАҚЫРЫП 3. ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫ
Лекция жоспары:
Табиғи қорларды экономикалық бағалаудың мәні, түрлері мен функциялары
Экономикалық бағалаудың концепциялары мен теориялары
Экономикалық бағалауда ескерілетін көрсеткіштер мен факторлар
Табиғи қорларды экономикалық бағалаудың мәні, түрлері мен
функциялары
Табиғи қорлардың экономикалық бағасы – олардың халықшаруашылықтық құндылығының ақшалай көрінісі. Ол екі негізгі функцияларды орындайды: есептік (қандай ұлттық байлығының бар екенін және өндірістің дамуында не затқа сеніп, сүйенуге болатынын көрсетеді) және талпындырушы (табиғи қорларды пайдалану үшін төлемдерді енгізуге негіз құрады және оларды ысырапты пайдалану жағдайларында шығындар мен оларды өтеу жолдарын есепке алып отырады).
Табиғи қорларды экономикалық бағалау осы күнге дейін шешілмеген таппаған күрделі ғылыми және тәжірибелік проблема. Дегенмен, кез-келген заттың бағасы оны жасауға кеткен еңбек шығынымен есептелсе, табиғи қорлар адамның емес, табиғаттың өнімдері болып табылады. Сонымен қатар оларды барлауға, іздеуге, игеруге, өндіру мен қорғауға кететін көп шығын негізінде баға пайда болады. Егерде табиғи қорларды бағалауда тек шығын теориясына сүйенсек, онда қиын шарттар жағдайында орналасып, игерілуіне көп қаржы қажет ететін нашар сапалы қорлар тиімді шарттарда орналасқан жоғары сапалы қорлардан қымбатырақ болады. Бірақ табиғи қорлардың халықшаруашылығында олардың өндірілуі мен қорғауына кететін шығындарды ескермей бағалануына сүйене алмаймыз, себебі бір ғана қор, әртүрлі мақсатқа түрлі шығын деңгейімен қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, табиғи қорлардың тиімді пайдалануын, қоршаған орта мен жер қойнауынан шығатын байлықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін табиғи, саасы мен көлемі жайында физикалық мәліметтер ғана емес, құны жайлы мәліметтер де керек.
Әлеуметтік шаруашылық кезінде табиғи қорлардың ақшалай бағалануы мойындалмады. Бұған негіз болғаны, табиғи қорлар әсіресе пайдалы қазбалар
мен биосфера адам еңбегінің нәтижесі емес, алып-сату заты емес, сондықтан да ақшалай бағалау құнына ие емес. Практикада бұл табиғи қорлардың жыртқыштықпен пайдаланылып, қоршаған ортаның ластануына әкеледі.
Қазіргі кезде табиғи қорлардың ақшалай экономикалық бағалануы қажет болып есептеледі.табиғи қорлардың құндық (ақшалай) бағалануы келесілер үшін қажет:
ұлттық байлықтың көзі болып есептелетін табиғи қорлардың көлемі мен сапасын анықтау үшін;
табиғи қорларды игеруге, қабылданатын шешімдер нұсқаларын салыстыруға тиімді пайдалануға, оларды қолдану мен қалпына келтіруге қажетті есептеулер жасау үшін (болжамдық, жоспарлық, жобалық);
табиғи қорларды игеру процесінде келтірілген нұқсанды, оның салдары мен табиғат қорғау шараларының нәтижелігін бағалау;
экономикалық бағалауға шексіз көлемді қорлардан басқа (мысалы, атмосфералық ауа, әлемдік мұхит суы), барлық табиғи қорлар жатады.
Табиғи қорларды экономикалық бағалау олардың қажеттілігінің, бағасының сандық және сапалық өлшемін білдіріп, бұл берілген қордың халықшаруашылықтық құндылығын анықтайды.
Бұл бағалаудың мақсаты кәсіпорындар мен ұйымдарда қорлардың тиімді пайдаланылуы мен қорғалуы үшін стимулдар құру. Бұл мақсат өндіріс тиімділігін өсіру мен дүниежүзілік халықшаруашылық сұраныстарды қанағаттандыру үшін қолданылады.
Табиғи қорларды экономикалық бағалау олардың кең қолданылуымен байланысты болатын түрлі шығындарды ескеріп, өндірістің қоршаған ортаға тигізетін экологиялық салдарын ақшалай бағалауға мүмкіндік береді.
Табиғи қорлардың кадастрлы және болашақты бағалануын ажырата білу керек. Кадастрлы бағалаудың объектісі болып пайдаланып жатқан немесе пайдалануға дайын табиғи қорлар табылады. Мұндай бағалаудың нәтижесі табиғат қорларының кадастрларына енеді, және табиғатты қорғауды ынталандырушы салалар мен аймақтық компоненттерді өркендету мен орналастыру жөнінен нақтылы есептеулер жүргізудің негізі болып есептеледі. Табиғи қорларды экономикалық бағалау ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары сәйкес жоспарлы – жобалы шешімдер дайындығы
кезіндегі пайда болатын сұраныстарда таңдап жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |